Гуморальды және жасушалық иммунитеттің даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 17:58, реферат

Краткое описание

Иммунитет — организмнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Иммунитеттің негізгі қызметі – организмнің ішкі тұрақтылығын бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т.б) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою.

Вложенные файлы: 1 файл

СӨЖ. Иммунитет.pptx

— 669.77 Кб (Скачать файл)

                СӨЖ  
Тақырыбы: Гуморальды және жасушалық иммунитеттің даму ерекшеліктері.

 

Тексерген: Джумабаева С.М.

Орындаған: Сапарова А.Б.

Факультет: Фармация

Группа: ТФП-002-01

 

Алматы, 2015

 Иммунитет

 

    Иммунитет — организмнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Иммунитеттің негізгі қызметі – организмнің ішкі тұрақтылығын бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т.б) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою.

                  Иммундық жүйе

 

    • Иммундық жүйе - организмнің генетикалық дамуында қалыптасқан клеткалық және гуморалдық иммунитет құрамының тұрақтылығын сапалы қадағалайтын жүйе.
    • Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі. Гуморальдық иммунитетте қорғаныштық қызметін жасушалар емес, қан плазмасында орналасқан молекулалар атқарса, жасушалық иммунитетте қорғаныштық қызмет иммундық жүйенің жасушаларымен тығыз байланысты. Жасушалық иммундық жүйеде Т-лимфоциттер, ал гуморальдықта В-лимфоциттер болады.

  
 

    • Жасушалық факторларға жататындар - қандағы барлық лейкоциттер. Бұл клеткалардың бәрінің өзіне тән морфологиялық және цитохимиялық ерекшеліктері бар.
    • Гуморалдық факторға жататындар: -  Гамма - глобулиндер антиденелердің (Jg A, М, G,  E, D) қызметін атқарады
    • Жасушалық иммунитет — не антиденелер, не комплемент жүйесі қатыспайтын иммундық жауап қайтару түрі. Жасушалық иммунитет барысында макрофагтар, табиғи киллерлер, антиген тәрізді цитотоксикалық Т-лимфоциттер және антигенге жауап ретінде цитокиндер бөлінеді.
    • Жасушалық иммунитеттің әсерлері трансплантация кезінде, аутоиммунды және созылмалы аурулардың барысында байқалынса, гуморальдік иммунитет организмнің жіті өтетін инфекцияларға қарсы қорғанысының негізін құрайды. 
       
       
    • Бөгде антигендерге қарсы қорғаныс фагоцитоз жасушаларының макрофагтар мен полиморфты ядролы лейкоциттердің әрекеттерімен басталады. Антиген фагоцитоздың көмегімен жойылып кетсе, иммундік жауап пайда болмайды, ал егер ол толық залалсыздандырылмаса иммундік жүйе оған қарсы бағытталған антиденелерді (иммуноглобулиндерді) немесе сенсибилизденген лимфоциттерді түзей бастайды. Иммуноглобулиндер гуморальдік иммунитеттің, ал сенсибилизденген лимфоциттер жасушалық иммунитеттің негізін құрайды.
    • Гуморальдік және жасушалық иммунитеттің қалыптасуы нәтижесінде лимфоциттердің «жады жасушалары» деп аталатын ерекше субпопуляциясы пайда болады. Осы еске сақтағыш лимфоциттердің арқасында организм екінші рет кездескен антигеніне шапшаң және күшейтілген иммунды жауап қайтара алады.  
       
    • Кейде антиген организмнің иммунологиялық толеранттылық (бейтараптылық) деп аталатын ареактивті күйін де тудыра алады. Иммунитеттің бұл феномені иммундік жүйенің өз антигендеріне қарсы жауабының өрістеуіне жол бермейді. Ал организмнің өз антигендеріне бейтараптылығының жоғалуы аутоиммунды аурулардың пайда болуына әкеледі. Антиденелер мен сенсибилизденген лимфоциттер кейбір жағдайларда белгілі бір антигенмен екінші рет кездескенде өте жоғары сезімталдықты – аллергияны тудыру мүмкін. 

Жасушалық иммунитет неден қорғайды?  

 

    • Жасушалық иммунитет, әрине, басқа жасушаларды жоятын және фагоциттерде тірі қалатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған. Жасушалық иммунитет вирустармен инфекцияланған жасушаларға қарсы тиімді болып келеді. Сонымен қатар, бұл иммунитеттің түрі әртүрлі саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, жасуша ішіндегі бактериялар мен ісік жасушаларынан қорғануға ат салысады.

Жасушалық иммундық жүйе жұмысы  

 

    • Фагоциттік қасиеті бар Т-лимфоциттер антигенді таниды;
    • ангтигенді өзіне қарай тартады;
    • антиген жасушаға енеді ;
    • жасушадағы ыдырату қасиеті бар лизосома ангигенді жояды;
    • антиген қорытылады.

  

 

 

Гуморальдық иммунитетті бағалау

 

    • Гуморальдық иммундық жауапты бағалау үшін лабораторияда иммунорамманы аурудың жасына байланысты салыстырады.  
    • Қанын тексеру морфологиялық зерттеумен толық жүруі керек.  
    • Сарысу иммуноглобулиндерін тексеру гуморальдық иммундық тапшылық диагнозын қоюға жеткіліксіз.  
    • Балалардың антиденелер өндіру қабілетін бағалауға сарысу изогемагглютининдерінің титрін қайталап тексеру өте маңызды.
    • Бұл тестті баланың 4-6 айлық жасынан бастап жүргізеді.  
    • Гуморальдық иммунитет тапшылық диагнозын қою үшін вакцинация жүргізгенде арнайы антиденелер шығуын (еккенге дейін және одан кейін) тексерудің маңызы зор.  
    • Сарысудағы барлық иммуноглобулин G–ның  деңгейін анықтайды. 
       

Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау

 

 

    •  Жасушалық иммунитеттің ілкілік тапшылығының клиникасы бала туғаннан соң тақау арада немесе бірінші жылда көрінеді.
    • Кейде бұдан да кеш білінуі мүмкін.  
    • Иммундық тапшылығының дамуы баланың жынысына, жасына және тірі вакцина қолдануға, жұқпалы аурулармен жиі ауруына байланысты.  
    • Жасушалық иммундық тапшылығының жалпы клиникалық көрінісіне ауыр рецидивті оппортунистік инфекциялар, вирусты аурулар және микоздар жатады.  
    • Анамнезінде отбасында осындай аурумен еркектердің ауруы болады.  
    • Жасушалық иммунитетінің тапшылығы бар науқастарда физикалық және ақыл-ой дамуы жетімсіздігі, дене салмағы азайғаны, лимфа бездері үлкейген немесе жоқ, органомегалия, дерматиттер, петехиялар, бас сүйегінің бет жағының дамуы бұзылғаны, жүрегі ақаулы, ауыз қуысының кандидозы, бойы қысқа, саусақтарының ақырғы фалангасы жуантық, атаксия, телеангиоэктазия және апатия байқалады.  
       

Гуморальдық иммун тапшылығын емдеу ұсыныстары

 

    • Арнайы гуморальдық иммунитет жауабы, оның ішінде IgG өнімі бұзылғандарға көктамырға кемшіліктің орнын толтыратын ем, иммуноглобулин беріледі.
    • Науқаста әр түрлі ауруы болғанымен гуморальдық иммунитет қалыпты болса, иммуноглобулин тағайындалмайды.  
    • Иммуноглобулин дозасы 200-400 мг/кг дене салмағына, 3-4 аптада  1 рет.
    • Гуморальдық иммунитет тапшылығында иммуноглобулиннің орнын қалпына келтіретін ем ұзақ уақыт жүргізіледі.  
    • Иммуноглобулинді көктамырға жіберіп емдеуде қосымша жүйелі антибиотикотерапия тағайындалады.  
    • Сарысу иммуноглобулиндері тым аз науқастарға тірі вакцинаны егуге болмайды.  
       

Жасушалық иммундық тапшылығының арнайы диагностикасы

 

    • Лимфоциттердің жалпы саны және морфологиялық тексерумен берілген толық қан анализі  жүргізіледі.  
    • Жасушалық иммунитеттің кемшілігін табуға міндетті түрде гиперсезімталдықтың баяу түрінің тері сынамасы (тазарған туберкулин, candida albicans, стрептококк, протей т.б.) қойылады.  
    • Жасушалық иммунитеттің көрсеткіштерін әр науқастың жасына байланысты салыстырады.  
    • Иммундық жүйенің жасушыларын моноклональдық антиденелермен санайды.
    • Т-лимфоциттердің қызметін анықтау үшін митогендердің (антиген және аллогенді клеткалар) қатысуымен лимфоциттердің көбею реакциясын қояды.  
    • Иммундық тапшылығы бар науқастарды (жасушалық және гуморальдық тапшылығы) АИВ/ЖИТС инфекциясына тексереді.  
       

  Жасушалық иммундық тапшылығы бар науқастарды емдейтін қазіргі заманның әдістері:

 

    • Сиблингтерден алынған HLA-сы бірдей сүйек миының трансплантациясы;  
    • Туыстарынан алынған HLA гаплосәйкесті сүйек миының трансплантациясы;
    •  Т-жасушалары жоқ сүйек миының трансплантациясы;  
    • Жетіспейтін ферменттермен емдеу, мысалы, аденозиндезаминидаза тапшылығында;  
    • Туыстығы жоқ HLA  - дәл келген сүйек миының трансплантациясы;  
    • Плацента қанынан алынған дің клеткаларын құю;  
    • Жетіспеген генді беру терапиясы
    • Егерде емге тек Т-лимфоциттерді ғана қолданса иммуноглобулиндерді қоса береді.
    • Торшалық иммундық тапшылығы бар науқастарға басқа емдермен бірге антибиотиктерде тағайындалады. 
       

Назарларыңызға        рахмет !!!


Информация о работе Гуморальды және жасушалық иммунитеттің даму ерекшеліктері