Дүниежүзінің табиғат ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 10:39, реферат

Краткое описание

Дүниежүзінің табиғат ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Дүниежүзінің табиғат ресурстары.doc

— 86.00 Кб (Скачать файл)

Дүниежүзінің табиғат  ресурстары

Дүниежүзінің табиғат  ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестіғі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілген. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. ХЫХ ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байкалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын корлары бірінші кезекте көмір корьшан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ьша дейін), мүнай мен газдан (шамамен 27%) түрады (2-косарбеттегі картаны караңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс баскадай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артык. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корыньщ 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ коры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі (косымшадағы 14-кестені караңдар). Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т жонө 23 трлн м3-ге жеткен (косымшаны карандар).

 

 
Мұнай өндірудің анықталған қоры казіргі  кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды күрайды. Сонымен қатар аса ірі ендіргіш елдерде керсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында шамамен 80 жыл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде 100 жылдан астам және т.б. Көмірдің сапалық кұрамы айтарлықтай маңызға ие, оньщ ітттінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германпяда. Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялык проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты кемірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда. Дүниежүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3,5 млрд т деңгейінде. Соңғы жылдары біркатар өндіріс жағдайы нашар және ендірілетін кемірдің айтарлықтай белігінің күкірттілігі жоғары елдерде таскөмір өндірісі күшті дағдарыска ұшырады, соның нөтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатьш алуға кешті. Көмір экспорттаушы аса ірі елдер катарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшішгі дамыған елдерде шоғьгрланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы (тек қана ашық әдіспен), онын төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы ввжфуге мүмкіндік береді. Тас- көмір өндірісімен салыстырғанда қоңыр көмір өндіруде дағдарыс байқалған жоқ. Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Энергетикалык ресурстардың шектеулі монополиялы сипат алуы ХХ ғасырдың 70-жылдары энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, ш рілуіне, соньщ салдарыная әлемдік жүзілік экономика дамуыньщ каркыалы өзін-өзі жоғалтты. Энергетикалық қорларының есімінен асып түсті, төмендей бастады. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі де айтарлықтай деңгейге жетті. Дәл осы кезде алғашкы өлемдік ресурстардың саркылуы жөнінде қоркынышты болжамдар өмірге келді. "Ресурстық жомарттьщ" дәуірінен әнергияны тиімді пайдалану дәуіріне өту басталды. Минералдық ресурстар. Минералдық ресурстарға металдар, металл емес, пайдалы қазбалар, техникалык, кұрылыс материалдары жатады (10-сызба- нұсқаны жөне косымшаны карандар).Пайдалы казбалардың ішінде темір кені үлкен маңызға ие. Оның жер кыртысындағы қоры 600 млрд т мөлшерінде бағаланып отыр. Дамыған елдерде соңғы жылдары темір кенін өндіру қысқарған. Бұл болат балқытудың азаюына және металл сынықтарын кайта ендеуге байланысты. Сонымен қатар болатты езге материалдармен алмастыруға да болады. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар). Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табыл- ған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында. Батыс аймақтарда мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған. Кен орындары өзге де пайдалы казбаларға бай. Алайда кеннен пайдалы өнім алу дөрежесі темен (темір 25—50%, мыс 0,3—0,6%, никель 1,3%, селен 0,1— 0,2%). Өнім өндіру барысында аса көп мөлшерде үйіндіге айналатын қалдықтар пайда болады. Сондықтан табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мынадай болуға тиіс:

толық алу; кешенді ендіру; қайта  пайдалану; үнемді пайдалану

Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек етеді: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.

Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте  түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек  сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

«Табиғи ресустар» деген  терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.

Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.

Ресустардың орналасуы  және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.

Табиғи ресустардың  планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы  климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық  дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.

Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.

Дүние жүзінде белгілі  бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. Өйткені  қай елдің болсын ұлттық байлығы  оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.

Мысалы, экономикада үздік  жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.

Табиғатты пайдалану  процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.

Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты  болды. Алайда олардың сан алуан  экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.

Табиғи ресурстар . Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:

  • пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;
  • бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу;
  • пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;
  •  
    қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;
  • тау –кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т.б.

Қоршаған ортаны қорғаудың  негізгі факторларының схемасы 
Табиғи ресурстар  бұл адамдарға адамзат қоғамының өмір сүруі мен тіршілігі үшін қажетті табиғи денелер мен табиғат құбылыс тары.  
 
Басқаша айтсақ, табиғи ресурстар дегеніміз өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес өндіру және тұтыну құралдары ретінде пайдаланатын табиғи компоненттер, табиғи ресурстардың классификациясы оларды олардың таусылуы және қалпына келтірілуіе сипаттайтын көрсеткіштер мен белгілер тобы бойынша бөлінуін, экономика салаларында пайдаланудың шегін білдіреді.  
 
Таусылатын табиғи ресурстар қорлары өндіру әрекетінің нәтижесінде таусылуы мүмкін табиғи ресурстар түрлерін қамтиды. 
Таусылатын табиғи ресурстар үш түрге бөлінеді: 
1)Қалпына келтірілмейтін жердегі ұзақ эволюция процесінің нәтижесінде қалыптасқан рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар, минералды шикізат ресурстары 
2)Салыстырмалы түрде қалпына келтірілетін – қалпына келуі үшін ұзақ уақыт аралығы қажет ресурастар: оларға сондай –ақ жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер популяцияларын қалпына келтірудің шектеулі мүмкіндіктері кіреді  
3)Қалпына келтірілетін ресурстарға тірі табиғат элементтері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, минералдық шикізаттың жекелеген түрлері кіреді 
Таусылмайтын ресурстар жерге қатысты алғанда сыртқы болып есептелетін табиғи процестермен байланысты табиғи ресурстар  
түрлерін қамтиды. 
 
Таусылмайтын ресурстар үш түрге бөлінеді: 
Климаттық ресурстар - жер мен күннің өзара қарым – қатынасына байланысты: күннің энергиясы, жел энергиясы, атмосфералық ауа.

  1. Су ресурстары – дүниежүзілік мұхит сулары
  2. Космостық ресурстар – жердегі тау жыныстары, космостық сәулелер мен метеоиттер энергиясын қамтиды

 


Информация о работе Дүниежүзінің табиғат ресурстары