Догель Валентин Александрович

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 21:08, реферат

Краткое описание

Валентин Александрович Догель отандық биологтардың ішіндегі жарқын мүшесі деп айтсақ та болады. Өткен және кейінгі ұрпақтардың қайсы біріне болса да осы ұлы ғалымның зоология, эмбриология, салыстырмалы омыртқасыздар анатомиясы және паразитология салаларына байланысты негізгі еңбектері белгілі. Жазып қалдырған монографиялар мен қоулықтар қазіргі кезде дейін өз құнын жоғалтпаған. Сонымен қатар Валентин Александрович біздің мемлекетімізбен қатар, басқа да мемлекеттерге белгілі ғылыми мектеп ашып кеткен.

Содержание

∙ Биографиясы
∙ Еңбек жолы
∙ Еңбектері
∙ Мадақтамалары

Вложенные файлы: 1 файл

паразитология реферат.docx

— 62.65 Кб (Скачать файл)

                  Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                        Биология және Биотехнология  факультеті

 

 

 

 

 

 

   РЕФЕРАТ

  

                            Догель Валентин Александрович

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Орындығын: Бекен Б.

                                                                      Тобы: ББ12-02қ

                                                                      Тексерген: Дәуітбаева К.

 

                                                     2014 жыл

Жоспар

∙ Биографиясы

∙ Еңбек жолы

∙ Еңбектері

∙ Мадақтамалары

Қолданылған әдебиеттер

 

   Валентин Александрович Догель  отандық биологтардың ішіндегі жарқын мүшесі деп айтсақ та болады. Өткен және кейінгі ұрпақтардың қайсы біріне болса да осы ұлы ғалымның зоология, эмбриология, салыстырмалы омыртқасыздар анатомиясы және паразитология салаларына байланысты негізгі еңбектері белгілі. Жазып қалдырған монографиялар мен қоулықтар қазіргі кезде дейін өз құнын жоғалтпаған. Сонымен қатар Валентин Александрович біздің мемлекетімізбен қатар, басқа да мемлекеттерге белгілі ғылыми мектеп ашып кеткен.

Атақты зоолог, профессор (1913), АН СССР корресподнет-мүшесі(1939), Қазақ ССР ғылымының еңбек сіңірген ғалымы(1944) Валентин Александрович Догель 1882 жылы 10 наурызда Казань қаласында дүниеге келген.

  1900 жылы Петербург университетінің физико-математикалық факультетінің жаратылыстану бөліміне оқуға түсіп, оны 1904 жылы сәтті аяқтайды. Студенттік жылдарының өзінде ол зоология саласында жұмыс жасауды ойластырады. Өзінің ғылыми жұмыстарын 1902 жылдан бастайды. Догельдің зоолог ретінде қалыптасуына үлкен үлесін қосқан оның көрнекті ұстаздары –орыстың  зоолог – ғалымдары, Петербург университетінің профессорлары В. М. Шимкеевич, В. Т. Шевяков болатын.  Әсіресе, өзінің ұстазы В. Т. Шевяковтың демеуімен ол қарапайымдыларды зерттей бастайды.

  Университетті аяқтаған соң профессорлық жолға дайындалу үшін зоология кафедрасында қалдырылады. Және сол уақытта кафедра меңгерушісі өз ұстазы болады.

  1906 жылы алғаш рет паразитологияға байланысты жас ғалымның басылымды жұмыстары жарыққа шығады. 1909 жылы Петербург университетінде оқытушылық жолы басталады: омыртқасыздар зоологиясы кафедрасында ассистент болып жұмыс атқарады. Оқытушылық жұмыспен қатар, магист деңгейінде диссертациясын қорғап, бітіреді. 1910 сол университетте зоолог магистр ғылыми деңгейнде болып жұмыс атқарады. Догель диссертациясы «Саtеnаtа. Нарlоzооn туысының  және соған ұқсас формалардың жиыны» тақырыбында болған. Ол Англия мен Норвегияның биологиялық станцияларында жасаған жұмыстарының нәтижесі болатын. Ол жұмыстарында ерекше паразиттік талшықтылар түрлерін зерттеген.

  1911 жылы приват – доценттен өзіндік курс оқи бастайды. Паразитологиядан бөлек, осы жылдары аз зерттелген көп клеткалы теңіз өрмекшілерін зерттей бастайды. Бұл зерттеудің нәтижесі ретінде үлкен еңбегі «Раntороdа даму тарихы бойынша материалдар» (1913) жарыққа шығады.  Бұл монографияны Догель докторлық диссертация ретінде қорғайды.

  Диссертациясын сәтті қорғаған соң сол жылы оған зоология ғылымының докторы атағы беріледі. Ұстазы В. Т. Шевяковтың  Петербург университетінен кетуіне байланысты, Догельге омыртқасыздар зоологиясы кафедрасының меңгерушісі болуды және омыртқасыздар зоологиясы курсы бойынша негізгі оқытуды тапсырады.

  1914 жылы Валентин Алесандровия Догель профессор И. И. Соколовпен бірге Шығыс Африка мен Арабияға ғылыми мақсатпен саяхат жасайды. Осы саяхат барысында үлкен ғылыми материалдар жиналады. Арине, олардың көбісі қарапайымдылар болатын.  Бұл саяхат «Натуралист в Восточной Африке» и «Полгода в тропиках» (1924) атты кітаптарында қызықтарымен қоса жазылған болатын.

  Он жыл аралықта (1908-1918жж) Догель Қыздар педогогикалық  Институтында сабақ берумен айналысады, 1930 жылға дейін Ленинград педогогикалық институтында зоология кафедрасының меңгерушісі болып жасайды. 1926 – 1930 жылдарда Догель тәжірибелік агрономия Мемлекеттік институтынды топырақ протитологиясының лабораториясында меңгеруші болып жұмыс жасайды. 1930 жылдан бастап  ауысымсыз өмірінің соңына дейін көл және өзен балық шаруашылығының Жалпысоюздық ғылыми-зерттеу институтының балық аурулары лабораторясының меңгерушісі жұмысын атқарады.  Догель сондай-ақ Петергофтық табиғи – тарихи институтының ұйымының белсенді мүшесі болады.

  1933 жылы В. А. Догель СССР ғылыми академиясының корреспондент мүшесі болып танылады.

  Ұлы Отна соғысы кездерінде В. А. Догель Қазақстанда Алма –Ата қаласында жұмыс жасайды. 1941 -1943 жылдарда С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің кафедра профессоры, биология факультетінің деканы болады. 1943 -1946 жылдары АН СССР - нің филиалы Қазақстан зоология Институтының бірінші директоры болады.

  Тарихта Валентин Александровия  Догель әрдайым өз ісіне ұқыпты, өз оқушылары мен қызметкерлеріне мейірімді әрі адал ғалым, адам ретінде қалған. Оның ондай қасиеттері өзінің отбасына тән қасиеттері болағн, әсіресе әкесі Алесадр Станисловавичке. Ол атақты гистолог, бүкіл әлемге танымал атақты нейрогистологтар мектебін құрушы болып табылады. 1879 жылы Казань университетін бітірген соң дәрігерлік практикалық жұмысты ғылыми жұмыспен ұштастыра алып істеген Воронежлік губерниядағы ауылдық емханаға келеді.  Жалпы Ресей үшін маңызды ашылулардың бірі 1888 жылғы Томскілік университеттің ашылуы болған.  Сол университеттің ректоры Н. Ф. Кащенконың шақыруы бойынша, Валентин Александровичтің әкесі отбасымен Томскіге көшіп барады. Сол жерде гистология кафедрасының меңгерушісі болып, Ресейдегі ең ірі гистологиялық лабораторияны ұйымдастырады. Сол кезде гимназияда оқып жүріп Валентин Александрович Догель зоологияға қызғушылық танытады. Ол табиғаттағы жануарлардың тіршілігін бақылауда ғана экскурсиялау емес, сондай-ақ омыртқасыздардың көптеген коллекциясын жинайды. Сол кездің өзінде ол сол омыртқасыздардың суретін нақты бояулармен бояп, көрсететін.

  Жоғары айтып өткендей, Валентин Александровия кабинете отыра беретін оқытушы болмаған. Жан дүниесі бойынша – натуралист, лабораторялық жұмыстарды экспедициялармен жақсы байланыстырған. Соколовпен саяхатынан кейін, Арал (1930), Каспий (1931-1932) теңіздерінде, ал 1937 жылы Япон теңізінің омыртқасыздар фаунасын зерттеді. Өзі қатысқан осы және басқа да экспедицияларының барлығы негізінен, зоологиялық, оның ішінде паразитологиялық материалдарды жинаумен байланысты болған.

 

        Африкаға экспедициясында

  Догель сондай-ақ теңіз биостанцияларында да жұмыс істеген. Сонымен, 1904 жылы өз ұстаздарының демеуімен, Мурман биостанциясының омыртқасыздар жануарларының жиынтығын жасайды. Одан кейін осы жұмысын Нееаполитан зоологиялық станциясында жалғастырады. Стнация директоры А. Дорнмен жақсы қарым – қатынаста болуы, Догельдің салыстырмалы анатомия, эмбриологиядағы, омыртқасыздар филогениясына деген қызығушылығын арттырады.

  1950 жылдардың соңында  өмірінің соңғы уақыттарында университете зоологиядан сабақ беру бойынша методика туралы курс лекциясын оқиды. Өкінішке орай, ол лекциядағы жазбалар басылымға шықпаған. Ол жазбалардың көбісі РАН Архивінде (Санкт-Петербургте) сақталған. Осы қысқа ғана лекцияда, ол бүкіл өмірлік оқытушылық тәжірибесін айта алған. Догельдің ғылыми еңбектерін талдай отырып, ол заманға сай негізгі идеяны – талпынысты, шабытты,  оқуға деге бағытты идеясын өз өмірінде жүзеге асыра алды.

  Протистология(протозоология), экологиялық паразитология, салыстырмалы анатомиясы – міне осылардың арасында, Догель жалпы проблемаларды, оларды анықтауды, зерттеуді ғана емес, сонымен қатар, өзінің ғылыми көздемесіне қарай, солардың негізінде кешенді бағытты жіне дисциплинаны тұрғыза алып, маңызды теориялық шешімдерге келді.

  Догельдің орта мектептердегі жұмысы өмірінде аса маңызды орында болмағанымен, осы салада көптеген маңызды әрі пайдалы істерді жасап ктекен. Ол Экология мен Жануарлардың құрылымы бойынша мақалалар жазып кеткен (жануарлардың паразиттерден өзіндік тазаруы. // метептегі жаратылыстану, 1946, № 4, с. 21–28. Жануарлардың асқазанындағы инфузория метептегі зерттеу объектісі ретінде // Тірі табиғат, 1930, № 3, с. 81–84. Ескі Петергорфка энтомологиялық экскурсиялар // Мектептегі жаратылыстану, 1925, т. VIII,  № 3, с. 57–68.).

 

Еңбектері

Догель В.А. Натуралист в Восточной Африке. – Пгт., 1916. – 112 с.

Догель В.А. Курс общей паразитологии. – Л.: Учпедгиз, 1947. – 372 с.

Догель В.А. Общая протистология. – М.: Советская наука, 1951. – 604 с.

Догель В.А. Олигомеризация гомологичных органов как один из главных путей эволюции животных. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1954. – 368 с.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. / Под ред. Ю.И. Полянского. – М.: Высшая школа, 1975. – 560 с.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 


Информация о работе Догель Валентин Александрович