Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2013 в 09:10, реферат
Елді мекендерді көріктендіру – қалалардың, қ.т. поселкелердің, ауылдар мен селолордың курорттар мен көпшілік дем алатың жерлердің территорияларында халық денсаулығына ыңғайлы, таза, мәдени жағдай туғызу үшін жүргізілетін жұмыстар мен шаралар жиынтығы.[1] Елді мекендерді көріктендіру территорияның инженерлік жабдықталуына, ауа бассейндерінің, бөгендері мен топырағының санитарлық-гигиеналық дәрежесіне байланысты
Елді мекендерді көріктендіру – қалалардың, қ.т. поселкелердің, ауылдар мен селолордың курорттар мен көпшілік дем алатың жерлердің территорияларында халық денсаулығына ыңғайлы, таза, мәдени жағдай туғызу үшін жүргізілетін жұмыстар мен шаралар жиынтығы.[1] Елді мекендерді көріктендіру территорияның инженерлік жабдықталуына, ауа бассейндерінің, бөгендері мен топырағының санитарлық-гигиеналық дәрежесіне байланысты
КӨГАЛДАНДЫРУ – қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал 65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, тағы басқа жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады.
ындығын, жол салу, қала транспорты дамыту, бас ғимарат құрылыстары мен коммуналдық сумен жабдықтау жүйесін, канализация жүргізу, энергиямен жабдықтау т.б. жұмыстарын, көгалдандыру, климатты жақсарту, ауа бассейнін, ашық бөгендер мен топырақты таза сақтау, санитарлық тазалық, қала шуын азайту сияқты шараларды қамтиды.Жаңа қалалар мен ескі қаланың тұрғын аудандарын салуда территорияны қала құрылысының негізгі талаптарына қарай таңдап алудың маңызы үлкен. Қаланы реконструкциялау кезінде қаладағы тоғандар мен өзен жағлауларын нығайту, жағалау жолдарын, транспорт жолдары мен жер атсы өкілдерін, жол жабындыларын жетілдіру, жер асты коммуникацияларын салу жөніндегі жұмыстар қаланы көріктендіру шараларына жатады. Сыртқы ортаны тазарту мақсатында өнеркәсіп орындарын тұрғын аудандардан біртіндеп көшіру, олардың технологиялық процестерін өзгерту, аппаратураны герметиздеу, тиімді тазалағыш қондырғылар енгізу, жылыту орындарын түтіні аз газға көшіру, түтінді тез сейілдіретін биік трубалар орнату т.б. сияқты ұйымдастыру жұмыстары ескерілді.Жаңа өнеркәсіп орындарын, темір жол станциялары мен тораптарды, жылу электр орталықтарын қазіргі санитарлық нормалар негізінде тұрғын аудандардан тиісті қашықтыққа салады. Сонымен қатар ауаны және тоғандарды барынша таза сақтау қарастырылады. Өнеркәсіп орындары территорияларын көгалдандырудың, қоғамдық және жеке меншіктік транспорттар қоятын орындар жүйесін ұйымдастырудың т.б. маңызы зор.
Қазақстанда көріктендірудің жоғары мәдениеті сақталған,
мәдени-тұрмыс орындары ескерілген, жаяу
адам жолдары, транспорт жолдары мен жер
асты өкілдері, спорт алаңдары т.б. жасалған, көшелері ағашқа, мәдени өсімдіктерге толы қалалар мен поселкелер де көп. Қала да транспорт
қозғалысының өсуімен байланысты көшелерді
көріктендіру, оның жабындысын жақсарту,
жер асты өткелдерін жасау, көшелерді,
саябақтарды, жағалауларды, бау-бақшаны,
скверлерді жарықтандыру жұмыстарының
да көлемі өседі. Жылу, электр, газ жүйелерін, коммуналдық қазандарды,
газ зауыдын тиімді ұйымдастыру – елді
мекендерді көріктендіру дәрежесін арттыру
және санитарлық жағдайын жақсарту жолындағы
елеулі факторлардың бірі. Электр энергиясын
жылытуға және тамақ дайындауға пайдлану
қаланы көріктендірудегі перспективалық
бағыт болып отыр. Көк өсімдіктер жүйесі
жергілікті жердің микроклиматын жақсартады,
қала шуын азайтады, желден, қардан қорғайды,
топырақты нығайтады. Қала маңын, халықтың
жаппай дем алатын аймақтарын көгалдандырудың
да адамды қоршаған ортаны санитарлық
жақсартуда маңызы өте зор.
Совет Одағында елді мекендерді дамытумен қатар оларды көріктендіру
ісіне аса көңіл бөлінген. КПСС бағдарламасында былай деп көрсетілген: «Алдағы дәуірдің
ішінде коммуналдық құрылыстың және барлық
қалалар мен жұмысшы поселкелерін көркейтудің
кең бағдарламасы жүзеге асырылады, мұның
өзі оларды электрлендіруді, қажетті дәрежеде
оларға газ беру ісін, телефондыруда аяқтауды,
коммуналдық транспортпен және су құбырларымен,
канализациямен қамтамасыз етуді талап
етеді, қалалардағы және басқа да елді
мекендерді тұрмыс жағдайларын онан әрі
жақсарту шараларын, оның ішінде ол қалалар
мен елді мекендерді көгалдандыру, суландыру
ісін жүзеге асыруды, ауаның топырақ пен
судың ластануына қарсы батыл күрес жүргізуді
талап етеді» (КПСС, ХХІІ съезінің материалдары
Ішкі бөлмелерді көгалдандыру пәтердің өмір сүруге қолайлы элементі болып табылады. Бөлмелерде өсімдіктердің болуы адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді. Дегенмен бөлмелердің жобасы мен аумағы өсімдіктерді интерьерде пайдаланады. Мүмкіндігін шектейді. Ең тиімді және қолайлы көгалдандыру ампелдік және өрмелеуші өсімдіктер арқылы вертикальды көгалдандыру ампелдік және өрмелеуші өсімдіктер; плющ, тразесканция, өрмелегіш филодендрон, эпипрендум, т.б. Сонымен қатар циссус немесе бөлме жүзімі кеңінен қолданылады. Өсімдіктерді өсіруге қолайлы жер терезе алды. Мұнда күн сәулесі көп түседі және температуралық режимді қалыптастыруға мүмкіндік мол. Оңтүстікке қарайтын терезеде жарықсүйгіш өсімдіктер отырғызылады. Терезе алдарында аласа әсемдік өсімдіктерді орналастырған қолайлы. Мысалы: бегония, индиана, фиалка, т.б. Қыста терезе алдында маусымдық гүлді өсімдіктерді орналасқан қолайлы. Олар гипеаструм, цикломен, ценерария, хрезентема. Бөлмелерде ірі солитерлік әсемдік өсімдіктерді өсіруге жағдай шектеулі болып келеді. Кез келген бөлмеде каучукті немесе лира тәрізді фикус, кофе ағашы, монстера, пальма, пандамус, юкка, дроцена сияқты өсімдіктердің бірін өсіруге болады. Қонақ бөлмелерді көгалдандыруда сукленттер, папоротник, басқа тропиктік өсімдіктерінен композиция жасауға болады. Үлкен бөлмелерде ірі солтүстікті өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік мол. Бөлмелерді көгалдандыруда пәтерде үйлесімді, қолайлы жағдай қалыптасатындай болуы шарт.
Ішкі көгалдандыруға арналған өсімдіктер Интерьерді көгалдандыру үшін 3000 астам өсімдік түрі қолданылады. Олардың көбі субтропиктік белдеуден әкелінген. Бөлме өсімдіктерінің 19% Оңтүстік Америкадан әкелінген тропиктік өсімдіктерден құралады. Олар: бегония, монстера, юкка, пастифлора. Өсімдіктердің 17,6% Оңтүстік Африкадан шыққан түрлер құрайды. Олар пеларгония, хлорафитум, Орталық Америка, Мексика, Вест-Индия, бөлме өсімдіктерінің 13,8% берді. Олар ;кактус, пуансеттия, кейбір суккулентті өсімдіктер. Барлық өсімдіктердің 13,5% тропиктік Азиядан(Үндістан, Үндіқытай). Олар: патша бегониясы, каучукті фикус, кодеум, архидея. Жерорта теңізі маңынан шыққан өсімдіктер 9,8%-ды құрайды. Олар: гранат, қоңыраубас, лавр,хамеропс пальмасы, т.б. Оңтүстік Американың субтропиктік белдеуі 5,8%-ды құрайды. Солтүстік Мексика 5,5% құрайды: традесканция, руэллия. Африканың тропиктік өсімдіктері 5,1%-құрайды: кофе ағашы, драцена, сансевирия. Шығыс Азиядан таралған 3,2%-ды құрайды: адалия, аспидистрия, аукуба, камелия, фатсия. Австрия мен Жаңа Зеландия 3,1%-ды құрайды: араукария, корделина. Орта Азия мен Канар аралдары 3,6%-құрайды: фикус немесе инжир, канар құрмасы. Бөлме өсімдіктерін таңдауда: 1) Барлық жағдайға тез бейімделетін өсімдіктер. 2) Гүлдері, жапырағы әсем болып келетін өсімдіктер. 3) Хош иісті, фитанцит бөлетін өсімдіктер алынады. Барлық өсімдіктерморфологиялық, экологиялық ерекшеліктеріне байланысты мына топтарға бөлінеді: 1) Гүлдері әсем өсімдіктер. Мұндай өсімдіктердің гүлдеуі ұзақ уақыт немесе қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ уақыт гүлдейтін өсімдіктер: архидея, пеларгония, синполия. Қысқа мерзімді: гиппеаструм, кренум, кливия. Өсімдіктердің гүлдеу уақыты да әртүрлі. Қыста гүлдейтін өсімдіктер: хрезентема, цикломен, пуансеттия, камелия. Көктемде және жазда гүлдейтін өсімдіктер: азалия, пелоргония, глоксиния, ахименес. 2) Лианалар дұрыс өсу үшін тірек керек. лианалар көбінесе вертикальды көгалдандыру үшін решеткалар құрылады немесе шпагат жіптер тартылады. Лианалар түрлері: аспарагус, циссус, филодендрон, плющ. 3) Ампельдік өсімдіктер дегеніміз – төмен қарай салақтап өсетін өсімдіктер. Оларды корзина мен кампаларға салып іліп өсіреді. Ампельдік өсімдіктер: традесканция, сеткреазия, нефралепис, офиопогон, хлорофитум. Ампельдік өсімдіктер қысқы бақтарда өсіру өте қолайлы. 4) Эпифиттер ағаш бұтақтары мен діңіне жабысып өсетін өсімдіктер. Эпифиттерді көбінесе қысқы бақтарда өсіріледі. Оларға бромелия, платицериум, асплениум жатады. 5) Субклениттер – өз бойына нәр жинайтын өсімдіктер тобы. Олар ылғал қорын бұтақтары мен жапырақтарында жинайды. Түрлері: кактус, агава, алоэ, тольстянка, очиток, гастерма, сүттіген.
Информация о работе Елді мекендер мен бөлмелерді көгалдандыру