Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 15:15, реферат
Биотикалық фактор – бір организмге басқа организмдердің тигізетін ықпалы. Табиғатта өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бір-бірімен алшақ тіршілік етпей, әрқашан да өзара тығыз қарым-қатынаста тіршілік етеді. Биоценоздағы мұндай қарым-қатынастар өсімдіктердің жануарлармен және өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынасынан қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қарым-қатынастары. Өсімдіктер мен жануарлардың қарым-қатынасы өте қүрделі. Жануарлар өсімдіктерге әр түрлі әсер етеді, бірақ ол өсімдіктер үшін қолайлы және қолайсыз болуы мүмкін.
Организмге басқа организмдердің тигізетін ықпалы.
Өсімдіктер мен жануарлардың қарым-қатынасы.
2.1 Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерлері.
2.2 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлері.
3. Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастары.
4. Жануарлардың жануарлармен қарым-қатынастары.
Жоспары
2.1 Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерлері.
2.2 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлері.
3. Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастары.
4. Жануарлардың жануарлармен қарым-қатынастары.
Биотикалық фактордың биогеографиялық маңызы
Биотикалық фактор – бір организмге басқа организмдердің тигізетін ықпалы. Табиғатта өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бір-бірімен алшақ тіршілік етпей, әрқашан да өзара тығыз қарым-қатынаста тіршілік етеді. Биоценоздағы мұндай қарым-қатынастар өсімдіктердің жануарлармен және өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынасынан қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қарым-қатынастары. Өсімдіктер мен жануарлардың қарым-қатынасы өте қүрделі. Жануарлар өсімдіктерге әр түрлі әсер етеді, бірақ ол өсімдіктер үшін қолайлы және қолайсыз болуы мүмкін.
Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерлері:
1) Жануарлар өсімдіктердің тұқымы мен жемісінің таралуына жағдай туғызады. Жануарлар арқылы таралатын өсімдіктердің тұқымы мен жемістерінің жануарлар арқылы таралуға бейімделген: түктері, ілмектері, қылтанақтары болады. Осындай өсімдіктер арқылы олар жануарлардың жүніне, жылқылардың жал-құйрығына жабысып, бір жерден екінші жерге, кейде тіпті қашық ландшафтарға таралуына мүмкіндік алады. Шырынды жеміс-жидектермен және сүйікті жемістермен жануарлар, әсіресе құстар жиірек қоректенеді. Сол сияқты кейбір ағаш өсімдіктерінің тұқымы мен жемісінің сыртындағы етті өсінділерінді майлы заттары болады. Осы өскінділер құмырсқалардың қорегі, сондықтан құмырсқалар оларды илеулеріне тасып, жер бетінде таралуына себепші болады. Ал кейбір өсімдіктердің жемістері мен тұқымыныңсыртына, олар пісіп жетілген кезде желім тәрізді шырыш бөлінетіні белгілі. Егер осы кезде жануарлар ондай өсімдіктерге жанап өтсе-ақ болғаны, денесіне жабысады. Сөйтіп олар жануарлардың денесінен түскен жерде өніп өсе береді.
2) Жануарлар өсімдіктердің тозаңдануына үлкен роль атқарады. Гүлді өсімдіктің көптеген түрлері тек қана жәндіктер арқылы тозаңданады. Өсімдіктерді тозаңдандыруда жәндіктердің ішінде аралардың, шыбындар мен көбелектердің маңызы өте үлкен. Жәндіктер арқылы тозаңданатын әртүрлі өсімдіктердің гүлдері әр қилы бейімделген. Көптеген тропиктік ағаштар көбелектер арқылы тозаңдануға бейімделген. Сондықтан ондай ағаштардың гүлі жуан бұтақтарында немесе дініде пайда болады. Кейде ондай гүлдердің гүл сағағы болмай, ағаш діңінде желімдеп қойған сияқты болып көрінеді. Бұл құбылысты каулифлория деп атайды. Каулифлория құбылысы экваторлық Оңтүстік Америка ормандарының эндемигі – шоколад ағашынан айқын байқалады. Нигерияда түйме ағашы өседі, өйткені оның дінінде пайда болатын диаметрі 25 см-ге, қалыңдығы 10 см-ге жететін жемісі түймеге ұқсас шырыны болады. Кейбір тропиктік ағаштар: баобаб, бегония, мимоза, тышқандар арқылы тозаңдануға бейімделген, сондықтан олар түнде гүлдейді. Тынық мұхит аралдарында өсетін өрмелегіш панданус егеуқұйрық арқылы тозаңданады. Кейбір тропиктік ағаштар құмырсқалармен селбесіп тіршілік етеді. Ондай ағаштарда тіршілік ететін құмырсқалар оларды жұлдыз құрттар, орман зиянкес қоңыздардың дернәсілдері, жапырақ жемір құмырсқалары сияқты алуан түрлі зиянкестердің барлығынан қорғайды. Құмырсқалар мен ағаштардың бірлігі үш түрлі жолмен жүзеге асатыны белгілі. Біріншіден, ағаштардың бұтағының іші қуыс болады да, онда құмырсқалар мекендеуіне мүмкіндік туады. Мысалы, тропиктік Америкадағы цекропия немесе түтікті ағаш. Екіншіден, кейбір қарағандардың қосалқы жапырақтары іші қуыс тікенге айналады да, олардың ішін құмырсқалар мекендейді. Цейлон мен Үндідегі бұршақ тұқымдасына жататын гимболтия, Малаядағы макоранга ааштары. Үшіншіден, құмырсқалар кейбір ағаштардың жапырағының беткі және астыңғы жабындыларының арасын мекендейді. Кейде ондай ағаштардың жапырағының жиегін қайырып, оларды өзара желімдеп, соның ішін мекендейді.
Теңіздер
мен мұхиттардың тасып-
Комменсализмнің барынша күрделі мысалына көптеген губкалардың, маржан полибтерінің, теңіздік жалпақ құрттардың ұлпаларында сақталатын сары немесе жасыл өсімдіктердің болу құбылысын жатқызуға болады. Жануарлар осы өсімдіктерде жүретін фотосинтез құбылысының өнімдерін, ал өсімдіктер жануарлардың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын өнімдерді пайдаланады. Маржан полиптері мен полиптердің барлығы дерлік бір жасушалы жасыл балдырлармен селбесіп тіршілік етеді. Ондай балдырлар олардың ұлпаларында, әсіресе ауыз тесігінің айналасында және қармалағыштарында орналасады. Егер қорек жеткіліксіз болса, онда полиптер балдырлардың жасушаларын аузына түсіріп, сонымен қоректенеді.
Жануарлардың
өсімдіктерге қолайсыз
Өсімдіктердің ішінде жануарлармен қоректенетін түрлері де болады. Олар жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер. Солтүстік жарты шардың шымтезекті саздарында шағын шықшылдық деген өсімдік өседі. Оның биіктігі 10-15 см болады, дөңгелек немесе сүйірлеу жапырақтарының жиегінде көптеген түктері бар, әр түктің ұшы қызыл түсті және үстінде мөлдір тамшылар шығып тұрады. Ол ертеңгі шық сияқты мөлдірлеп тұрғасын бұл өсімдікті шықшылдық деп атап кеткен. Жәндіктерді еліктіретін де осы мөлдір тамшылар. Жәндік жапыраққа қонысымен, осы түптер иіліп, жәндікті жапырақ тақтасына қысып, жапырақ тақтасы жабылып қалады. Сөйтіп, жәндік көп түктермен қоршалады. Содан кейін бұл өсімдік құрамында адам мен жануарлардың қарын сөлінде болатын пепсин ферментіне ұқсас ферменті бар сөл бөліп шығара бастайды. Осы фермент жәндік денесінің қорытылуына себепші болады да, қорытылған органикалық затты жапырақ бойына сіңіреді, одан соң жапырақ тақтасы бұрынғы қалпына қайтадан келеді. Қорытылмай қалған хитинді қабық, қанат, аяқ сияқты қалдық заттарды жапырақ ашылғанда жел ұшырып алып кетеді. Шықшылдықтың бездері жануарлардың қармалағыштары тәрізді болады да, тітіркендіргіштерге әрқашан жауап қайтарады. Сөлдің құрамында ферментпен қатар жәндіктің өлексесін шірітіп, бактериялардан сақтайтын қышқыл да болады.
Өсімдіктердің
өсімдіктермен қарым-
Жоғары сатылы өсімдіктермен саңырауқұлақтардың араларында симбиоздық қарым-қатынастың көп тараған түрі – микориза. Микоризалар эндотрофты және экзотрофты болып бөлінеді.
Өсімдіктердің
физиологиялық байланыссыз бір-
Пайдаланған әдебиеттер:
Информация о работе Жануарлардың жануарлармен қарым-қатынастары