Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:29, реферат
Көпжасушалы ағзалар денесі көптеген әртүрлі типті жасушалардан тұратыны белгілі, мысалы, ересек адам ағзасында 200-дей типке топтасған 3 миллиардтай жасушалар кездеседі. Олардың әрқайсысы, біріншіден , өздеріне ғана тән қызметтерді атқарады, екіншіден, ұлпа ерекшеліктерін қалыптастырады, үшіншіден, біртұтас ағза деңгейінде, құбылмалы ішкі және сыртқы орта факторларына шынайы бейімделушіліктерін қалыптастырып, ұзақ уақыи қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
I. Кіріспе
II. Жасушааралық сигналдық заттар
III. Сигналдың жасушаішілік берілу жолдары
IV. Циклдық АМФ, цГМФ сигналдың берілу жолдары
V. Циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ) қатынасуымен сигналдың берілу жолы
VI. Липидтердің (ИТФ, ДАГ) және Са2+ иондарының қатынасуымен сигналдың берілу жолдары
VII. Пайдаланылған әдебиеттер
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА | |
МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА КАФЕДРАСЫ ОӘК |
Тақырыбы: Жасушаға сигналдың берілу кезеңдері және
реттелу ерекшеліктері
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Жасушааралық сигналдық заттар
III. Сигналдың жасушаішілік берілу жолдары
IV. Циклдық АМФ, цГМФ сигналдың берілу жолдары
V. Циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ) қатынасуымен сигналдың берілу жолы
VI. Липидтердің (ИТФ, ДАГ) және Са2+ иондарының қатынасуымен сигналдың берілу жолдары
VII. Пайдаланылған әдебиеттер
Көпжасушалы ағзалар денесі көптеген әртүрлі типті жасушалардан тұратыны белгілі, мысалы, ересек адам ағзасында 200-дей типке топтасған 3 миллиардтай жасушалар кездеседі. Олардың әрқайсысы, біріншіден , өздеріне ғана тән қызметтерді атқарады, екіншіден, ұлпа ерекшеліктерін қалыптастырады, үшіншіден, біртұтас ағза деңгейінде, құбылмалы ішкі және сыртқы орта факторларына шынайы бейімделушіліктерін қалыптастырып, ұзақ уақыи қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
Жасушааралық сигнализация дегеніміз – ағза жасушаларының өзара түрліше ақпараттармен алмасуы және оларға тиесілі жауап қайтаруы болып табылады. Сүтқоректілер жасушаларында ақпараттарды қабылдаудың және оларды өңдеудің көптеген жолдары белгілі.
Соңғы уақытқа дейін жасушааралық сигналдық заттар тізімі ірі эндокриндік (ішкі сереция) бездерінің гормондарымен және бірнеше нейромедиаторлармен ғана шектелініп келген. Бірақ кейінірек төмендегілер белгілі болды:
а) біршама жекелеген эндокриндік жасушалардың (асқорыту және тыныс алу арналарының эпиителиінде) болатындығы және олардың түрліше гормондарды секрециялатындығы анықталады;
б) нейромедиаторлар санының біршама көп болатындығы;
в) «кәдімгі» (эндокриндік емес) жасушалардың да көршілес жасушаларға ісер ететін көптеген биологиялық белсенді заттарды (гистогормондарды)бөліп шығаратындығы анықталады.
Жасуша нысанада осыншама көп сигналдық молекулаларға арналған жоғары спецификалық рецепторлар болады. Олар не плазмолемма беттерінде (полярлық заттар үшін) не цитоплазмада немесе жасуша ядросында (полярлы емес молекулалар үшін) орналасқан.
Бұл аз болғандай, әрбір кезде, сигналдық заттарға арналған бір емес бірнеше рецепторлар болады және олар бір сигналға түрліше жауап қайтарады.
Жасушааралық сигнализацияның
ең кұрделі құбылыстары – бұл
сигналдық молекуланың
Сонымен, жасушааралық сигнализация құбылысымен үстіртін шолудың өзі, оның өте күрделі,кең ауқымды және өте маңызды құбылыс екенін байқатады.
Бұл құбылыстың жалпы сызбанұсқасы төмендегі 5 кезеңдерді қамтиды:
Осы кезеңдердің кез келгенінде
сигналдың берілуі бұзылуы
II. Жасушааралық сигналдық заттар
Барлық жасушааралық сигналдық заттарды 3 топқа топтастыруға болады:
Барлық гормон өндіруші құрылымдарды 4 топқа бөледі:
Гормондар – өздерінің химиялыө табиғаты жағынан негізінен: ақуыздар не пептидтер, аминқышқылдарының өнімдері; стероидтар болуы мүмкін
Ал полярлығы жағынан гормондарды 2 топқа топтастыруға болады;
Екі топ гормондарының жасуша – нысанаға әсер етуінің екі түрлі тектері белгілі:
а) Гидрофильдік гормондар плазмолемма арқылы өте алмайды, сондықтан да сигналды қабылдап алатын және оны эффекторлық құрылымдарға өткізетін арнайы тетіктер (механизм) болуы қажет.
б) Гидрофобтық гормондар жасуша мембранасы арқылы өтіп, цитоплазмада не ядрода орналасқан арнайы рецепторлық ақуыздар көмегімен, тікелей реттелуші объектте, әдетте хромосамалардың белгілі бір аймағына, жеткізіледі.
Гидрофильдік гормондардың әрекет ету тектері (механизмі)
Жасуша-нысана беттерінде әрбір гидрофильдік гормондарға арналған ақуыз – рецепторлар (R) болады. Гормон әсерінен активтенген рецептор (R) жасушада белгілі бір жасушаішілік медиатор (Х) концентрациясының өзгеруіне алып келеді. Мұндай медиатор (екінші мессинджер) болып – цАМФ (циклдық аденозинмонофосфат), цГМФ , азот оксиді (NO), Ras-ақуыз, т.б. табылады.
Екінші медиатор концентрациясы, оны пайда ететін (Е1) және активтендіретін (Е2) ферменттердің, салыстырмалы белсенділігі арқылы анықталады. Сондықтан да рецептордың қозуы осы екі ферменттің біреуінің активтенуіне әкеледі. Әдетте бұл, сигналды рецептордан ферменттерге өткізетін арнайы мембраналық ақуыз – трансмиттер көмегімен жүзеге асады.
Жасушаішілік медиатор (Х) белгілі бір протеинкиназа (ПК) белсенділігіне әсер етеді. Мысалы циклдық аденозинмонофосфат протеин киназа-А, (цАМФ)-ПК-А, циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ)-протеинкиназа – G (ПК-G) типті протеинкиназаларды активтендіреді.
Протеинкиназалар (ПК) – белгілі бір ақуыздарды нақтылы аминқышқылы қалдықтары бойынша – серин, треонин не тирозин, АТФ-тың фосфат тобы есебінен фосфарлауға қабілетті арнайы реттеуші ферменттер болып табылады.
Кері қайтатын фосфаттық байланыстардың пайд болуы (фосфорлану) және ыдырауы (фосфорсыздану)- тірі ағзаларда жүретін маңызды химиялық реакциялардың бірі болып табылады. Фосфорлану – генетикалық материалдың (геном) қалыптасуында, ақуыз трансляциясында, биологиялық мембраналардың құрылуында және көптеген басқа да жасушаішілік үрдістерде өте маңызды рөл атқарады.
Фосфорлану және фосфорсыздану – сигналдың жасушаішілік берілуінің негізгі тектері (механизмі) болып саналады. Сигналдың берілу үдерісінде фосфорлану екі маңызы қызметтер атқарады: біріншіден-фосфорлану нәтижесінде ақуыздар корформация өзгереді және ферменттер активтенеді, ал олар өз кезегінде, әрі қарай киназалық қызмет атқаруы мүмкін. Екіншіден – фосфорлану әсіресе, тирозиннің фосфорлануы, ақуыз молекуласында жаңа байланыстырушы учаскелердің пайда болуына алып келеді. Осындай учаскелер пайда болғаннан кейін, жаңа ақуыздар сигналдың берілу жолының активтенген элементтермен әрекеттесіп, уақытша жасушаішілік сигнал өткізуші құрылымдар түзіледі.
Субстраттардың фосфорлануынан кейін олардың фосфорсыздануы орын алады. Кейбір жағдайларда фосфат тобының алынып тасталуы жай « өшірілуі » нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін. Бірақ. Көптеген жағдайларда фосфат тобы сигнал берілу жолының активтенуінен кейін алынып тасталынады. Ол арнайы фермент – протеинфосфотазалардың қатынасуымен жүзеге асады. Олардың екі түрі белгілі - тирозинфосфотаза және трионинфосфотазалар.
Реттелу тізбегінде әдетте, бірнеше протеинкиназалар (ПК) болуы мүмкін, олар бірін- бірі кезектесіп фосфорлайды. Олардың ең соңғысы реттелуші объектіге әсер етеді.
Реттелуші объект – метоболизмнің маңызды ферменттері, құрылымдық ақуыздар (Е), транскрипция факторлары (ТҒ) болуы мүмкін.
Осы ақуыздардың фосфорлануы не фосфорсыздануы гормондық сигналдың ақырғы эффектін пайда етеді, яғни :
III. Сигналдың жасушаішілік берілу жолдары
Жоғарыда сипатталғандай, сигналдық молекулалар рецепторлармен байланысұаннан кейін, сигналдың жасушаішілік берілу жолы басталады.
Ал, ол екінші мессенджерлердің қатынасуымен жүзеге асады.
Екінші мессенджерлер дегеніміз – рецепторлардың активтенуіне жауап
Ретінде жасушада тез және көп мөлшерде синтезделетін және молекулалық сигналды күшейтетін кіші молекулалық заттар. Олар, әдетте, өте қысқа мерзімде әрекет етеді және әртүрлі тетіктер арқылы активтенеді. Қазіргі кезде, жасушааралық сигналдың берілуінде маңызды рөл атқаратын, 6 - 7 түрлі екінші мессенджерлер белгілі, олар :
Екінші мессенджерлердің
қатысуымен сигналдардың берілуі маңызы
физиологиялық құбылыстардың
IV. Циклдық АМФ, цГМФ сигналдың берілу жолдары
Сигналдың берілуінің мұндай жолында ерекше мембраналық ақуыз – трансмиттер болады және оның рөлін G- ақузы атқарады. G- ақузы 3 субъединицадан – α, β, γ тұрады және гормондық сигнал болмаған жағдайда оның барлық субъединицалары өзара байланысып тример түзеді. Оның α - субъединицасы ГДФ мен де байланысқан болады.
α- субъединицаның екі түрі белгілі : стимулдаушы – α s және ингибиторлық әсер етуші – α i
а) алғаш
α-субъединица ГДФ-мен
б) ГТФ-мен байланысқан α- субъединица;
- β және
γ- субъединицадан тұратын
- плазмолемманың ішкі бетімен бүйір бағытында диффузияланады;
- мембранамен
байланысқан аденилатциклаза (
в) сонымен қоса, α - субъединицада болатын азды- көпті ГТЯ-азалық белсенділік арасында ГТФ ГДФ-ға гидролизденеді;
г) нәтижесінде
α - субъединица конформация
- α - субъединица
аденилатциклазадан
- α - субъединица
бүйір бағытында кері
- G- ақуыздың β және γ субъединицаларымен байланысады.
Егер рецептор қозбаған күйде болса ол β және γ субъединицалармен бірге G- ақуыздың құрамында қалады, ал егер рецептор әлі де қозған күйде болса, онда ол ГДФ-ны ГТФ-ға алмастырып жаңа циклды бастайды.
ц –АМФ – мононуклеотид, кәдімгі нуклеотидтерден айырмашылығы, оның фосфат қалдығы рибозаның 5және 3ұштарымен бірдей байланысқан.
Информация о работе Жасушаға сигналдың берілу кезеңдері және реттелу ерекшеліктері