Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 20:52, реферат
Жылан уы – улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Оның құрамы ферменттердің (ең негізгісі – гидролиз), улы полипептидтердің, бейорганик. қосылыстардың (фосфолипаза, гиалуронидаза, амин қышқылдарының, т.б.) және басқа да биологиялық активті заттардың кешенді қосылыстарынан тұрады. Жылан уының қасиеті жылан түріне байланысты.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А)Улы жыландар
Б)Жылан уы- жыланның сілекей безінен шығатын улы зат
В)Гемолиттік әсері
III.Қорытынды
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А)Улы
жыландар
Б)Жылан уы- жыланның сілекей безінен шығатын улы зат
В)Гемолиттік әсері
III.Қорытынды
Жылан (ophicia) – бауырмен жорғалаушылардың бір отряд тармағы. Дене пішіні ұзын, жіңішке, көптеген түрінің аяғы жоқ, кейбіреулерінде (айдаһар) рудимент түрінде болады. 200-450 омыртқасы бар, сондықтан денесін жақсы иіп, бүгіп қозғалады. Денесі қабыршақты. Төменгі жақ сүйектері сіңір арқылы жалғасқандықтан өзінен едәуір үлкен жемісін жұта алады. Тілі жіңішке, ұзын, ұшы екі айырымды және ол сезім мүшесі. Улы жыланның көзінің арт жағында және астында құрамында альбумин, глобулин, фермент, су, тұз т.б. заттар болатын сарғылт немесе жасылдау улы зат түзетін арнайы безі болады. Уы осы безден «улы» тісі түбіне келеді. Жылан шаққанда уы тіс бойымен ағады. Улы жыландар –бауырымен жорғалаушыларға жатады. Жетісу өңірінде улы жыландардың 4 түрі кездеседі. Олар — оқ жылан,дала сұр жыланы,кәдімгі сұр жылан, кәдімгі боз жылан. Бұл жыландардың бәрі далалы, шөл-шөлейтті жерлерді мекендейді. Ұсак кеміргіштерге, жануарларға уы қауіпті, ал адамға зияны жоқ .Улы жыландардың адам тіршілігіне пайдасы да мол. Олардан алынатын удан медицинада шипалы дәрі-дәрмек жасалады.
Жылан уы – улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Оның құрамы ферменттердің (ең негізгісі – гидролиз), улы полипептидтердің, бейорганик. қосылыстардың (фосфолипаза, гиалуронидаза, амин қышқылдарының, т.б.) және басқа да биологиялық активті заттардың кешенді қосылыстарынан тұрады. Жылан уының қасиеті жылан түріне байланысты. Мыс., аспидтер мен теңіз жыландары уының құрамында жүйке-бұлшық ет қызметін бұзатын, қаңқа және тыныс алу бұлшық етін жансыздандыратын нейротоксиндер бар. . Аш жыланның уының көлемі көп болады. Улы сұр жыландардың уында протеолитикалық ферменттер болады. Бұл қанның ұюының бұзылуына әкеліп, соның нәтижесінде геморрагиялық ісіктер пайда болады. Соңғы жылдары жылан уының геморрагиялық әсерін әлсірететін белокты факторлар кеміргіштерден табылды. Жылан шаққанда адамға әр түрлі әсер етеді. Ең алдымен жылан уы бауыр мен бүйрекке қауіпті. Жыланның уы денеге тез жайылады. Сондықтан жылан шаққан адамға дереу алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек. Ол үшін уланған адамды көлеңкеге жатқызып, қан айналысының бұзылуын азайту үшін басын дене деңгейінен төмен ұстау керек. Содан соң уақыт оздырмай жарақаттанған жерден уды сорып алып, (кем дегенде 5 – 7 мин бойы) түкіріп тастау керек. Содан кейін ауызды пергамент ерітіндісімен не сумен шаяды. Егер ауыз қуысында жара не кариесі бар тістер болса, онда ауызбен у соруға болмайды. Ал ісіктің алғашқы белгілері байқалысымен соруды тоқтатып, шаққан жерді антисептиктермен өңдеп, стерилді таңғышпен орайды. Удың лимфатикалық жүйемен өтуін азайту үшін жарақаттанған мүшенің қозғалыссыз болуы керек. Жылан шаққан жердің екі жағын қатты таңып, бұғаулауға үзілді-кесілді болмайды. Ең бастысы уланған адамды тезірек мед. мекемеге жеткізу шарт. Жылан шаққан адамға сұйықты көп ішкізу керек. Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге оған марганец қышқылды калий жіберуге, ішімдік беруге болмайды жылан уынан медицинада түрлі препараттар Мысалы: Випратокс (Vіpratox), Випросал (Vіprosalum), т.б. майлары, Випералгин (Vіperalgіn), Випраксин (Vіpraxіnum pro іnjectіonіbus), Наяксин (Najaxіnum), инъекцияға арналған сұйық дәрілер] жасайды. Жылан уынан дайындалған препараттар невралгия ауруларын, ауруды басатын және қабынуға қарсы зат ретінде, артралгия, миалгия, радикулит, артрит, миозит және периартрит ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жылан уын туберкулез, бүйрек, бауыр, диабет, т.б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.
Жылан уы – дертке дауа
Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен қатерлі ісікті, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Жылан уының пайдасы мұнымен де шектелмейді. Мамандардың сөзіне сенсек, өндіріс салаларының ішінде жылан уын жинау – ең пайданы көп әкелетін, алтын қазудан кем түспейтін жұмыс. Себебі жылан уының бір грамы 2,5-5 мың доллар аралығында тұрады екен.Жалпы жылан уының емдік қасиеті XII ғасырда белгілі болған. Мұны алғаш болып итальяндық ғалым Франческо Реди анықтаған деген дерек бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген.
Бүгінгі медициналық символ – стаканға уын төгіп тұрған жылан ХVI ғасырдан бастап қолданысқа енген.
Жыланның уы қазіргі медицина төлтаңбасында
(эмблемасында) тостағанды денесімен
орай көтерілген жыланның бейнесі бар.
Ал бұл қайдан шыққан? Ежелгі гректер
өсімдіктердің шипалы қасиетін жыландар
ғана біледі деп есептеген. Ал ол «құпияны»
білу үшін адам ең алдымен жыланға айналуы
шарт. Көне аңыздарда Асклепий атты гректің
жылан кейпіне енетін сиқырды үйреніп,
тәуіпшілдіктің тамаша тәсілдерін меңгергендігі
баяндалады. Жылан кейпіндегі Асклепий
тостағанға құйылған дәрмек сұйықтың
шипалық қасиетін тексеріптұр.
Қорытынды:
Қорыта келгенде жылан уы – улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Оның құрамы ферменттердің (ең негізгісі – гидролиз), улы полипептидтердің, бейорганикалық қосылыстардың (фосфолипаза, гиалуронидаза, амин қышқылдарының, т.б.) және басқа да биол. активті заттардың кешенді қосылыстарынан тұрады. Жыланның уының қасиеті жылан түріне байланысты. . Жыланның уы денеге тез жайылады. . Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге, оған марганец қышқылды калий жіберуге, ішімдік беруге болмайды. Жылан уынан медицинада түрлі препараттар жасалады. Жылан уынан дайындалған препараттар невралогия ауруларын, ауруды басатын және қабынуға қарсы зат ретінде, артралгия, миалгия, радикулит, артрит, миозит және периартрит ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жылан уын туберкулез, бүйрек, бауыр, диабет, т.б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды. Жыланның уы өте күшті - жүйкені жансыздандырып қана қоймайды, сонымен бірге қанды бұзады. У әсерінен дене құрысып, тыныс жолдары жансызданып қалады.
Пайдаланылған әдебиет: