Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 17:57, реферат
Иммундық статус дегеніміз клиникалық, лабораториялық көрсеткіштердің жинағымен анықталатын жеке дараның иммундық деңгейінің құрылымдық және функционалдық жағдайы.
Сонымен иммундық статус белгілі уақытта организмнің белгілі бір антигенге иммундық жауап беру қабілеті. Иммундық жүйе болуының өзі организмның иммунды жауап беруге мүмкіншілігін көрсетеді, бірақ ол жауаптың бір антиген түріне берілген кернеуі, дәрежесі, антидене түзілуі әрбір жеке дарада неше түрлі және кең ауқымды болуы мүмкін. Бір адамда антигенге қарсы түзілсе, екінші адамда гиперсезімталдық пайда болады, ал үшіншіде иммунологиялық толеранттық дамуы мүмкін.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Иммунды статус
Комплемент жүиесі
Фагацитоз
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Биохимия,биология және микробиология кафедрасы
Тақырыбы: Иммундық статусты бағалау. Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары. Компламент жүйесі. Фагоцитоз.
Орындаған: Патшахан П
Қабылдаған:
Шымкент 2013
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Иммундық статус дегеніміз клиникалық, лабораториялық көрсеткіштердің жинағымен анықталатын жеке дараның иммундық деңгейінің құрылымдық және функционалдық жағдайы.
Сонымен иммундық статус белгілі уақытта организмнің белгілі бір антигенге иммундық жауап беру қабілеті. Иммундық жүйе болуының өзі организмның иммунды жауап беруге мүмкіншілігін көрсетеді, бірақ ол жауаптың бір антиген түріне берілген кернеуі, дәрежесі, антидене түзілуі әрбір жеке дарада неше түрлі және кең ауқымды болуы мүмкін. Бір адамда антигенге қарсы түзілсе, екінші адамда гиперсезімталдық пайда болады, ал үшіншіде иммунологиялық толеранттық дамуы мүмкін.
Иммунды реактивтің айтылған көрсеткіштері тек қана дара арасында өзгеше болмай, әр бір дараның өмір сүру кезеңдеріне қарай әр түрлі болады. Ересек адамға қарағанда, жаңа туған перзенттің , немесе оның бір жасқа дейінгі кезеңдегі иммундық статусының айырмашылығы болады. Мысалы, балаларда иммунологиялық толераттық шапшаң түзілсе, иммунизациялаудан кейінгі пайда болатын антиденелердің титрі төмен болып келеді. Жасөспірім мен егде тартқан адамдардың да иммундық статусы әр түрлі. Оның көп жағдайлары тимустың іс атқару бабына байланысты. Жас ұлғайған сайын тимус солып функциясы баяулай бастайды, сондықтан қартаң адамдар қатерлі ісікке жиі душар болады. Жас қосылған сайын ағзада аутоантиденелердің концентрациясы жоғарылайды. Соның себебінен қартаюдың негізінде созылмалы жүретін аутоигрессия деп есептейтін көзқарас бар.
Иммундық статус тәулік бойымен де өзгеріп отырады. Оның себебі көп. Сонымен иммундық статусты анықтағанда жоғарыда келтірілген көріністер әр уақытта есте болуы керек. Иммундық статустың қалыпты жағдайда тұрақсыздығына қарамастан оның деңгейін зертханалық сынамалар кешенімен анықтауға болады. Органлар мен тіндер ауыстырғанда, аутоиммундық сырқаттарды, аллергияда, иммундық тапшылық ауруларынла тапшылық ауруларында иммундық статусты анықтау емдеу нәтижесін білу үшін өте қажет.
Зертхана мүмкіншілігіне қарай иммундық статусты анықтау төмендегідей көрсеткіштерге негізделген:
Жалпы клиникалық тексеру;
Табиғи резистенттік факторларының жағдайы;
Гуморальдық иммунитет;
Жасушалық иммунитет;
Қосымша сынақтар.
Жалпы клиникалық тексеру кезінде аурудың шағымымен, анамнезінен, аурудың клиникалық көрінісін тағы басқаларды ескереді. Табиғи иммунитетті анықтау үшін фагоцитоз, комплемент, интерферон көрсеткішін пайдаланады. Гуморальдық иммунитет антиденелердің әрбір сыныбының қан сарысуындағы деңгей мөлшерін зерттейді. Сонымен қатар В-лимфоциттердің санөсапасына сантүрлі тәсілдермен есептейді. Қосымша көрсеткіш ретінде қанның бактерициттік қасиетін, комплементтің кейбір құрамын, қандағы С-реактивті ақуызды, аутоантиденелерді тексеруге болады.
Иммундық статусты бағалау үшін қолданылатын сынамалар
1-дәрежелі сынамалар |
2-дәрежелі сынамалар |
1. Қан айналымындағы Т
және В-лимфоциттердің санын |
1. Лимфоидтық органдардың гистохимиялық талданылуы |
2. Кластерлік талдау, немесе
ЕАС-розетка-ны құруды |
2. Мононуклеалдық антиденелер
арқылы мононуклеарлық |
3. Қан сарысуының M, G, A, D, E иммундыглобулиндердің анықтау. |
3. В және Т-лимфоцеттердің бластрансформациясы |
4. Лейкоциттердің фагоцитарлық активтілігін анықтау. |
4.Цитотоксикалық анықтау |
5. Тері-аллергиялық сынамалар. |
5. Иммунды тапшылықпен
байланысты ферменттің |
6. Клиникалық көріністерге
тәуелді лимфоидтық |
6. Цитотоксиндердің секрециясын және шығарылуын анықтау. |
7. Тимустың гормондарын анықтау | |
8. Фагоциттардың респераторлық күйреуін талдау. | |
9. Комплементтің құрамдық бөлшектерін анықтау. | |
10. Аралас жасушалар дақылын талдау. |
Организмнің бейспецификалық қорғаныш факторлары
Механикалық факторлар.Тері мен шырышты қабат организімге микроорганизімдер мен басқа антигендердің енуіне механикалық кедергі жасайды. Антигендер организмге аурулар мен тері жарақаты кезінде (жарақат,күйік, қабыну аурулары, жәндіктер, жануарлар тістеуі т.б.), ал кейбір жағдайларда жасуша арасына ене отырып қалыпты тері мен шырышты қабат арқылы немесе жасуша эпителиі арқылы (мысалы, вирустар) түсуі мүмкін . Механикалық қорғанышты жоғарғы тыныс жолдарының кірпікшелі эпителилері атқарады, өйткені кірпікшелердің қозғалысы шырышты тыныс жолдарына түскен бөтен бөлшектермен және микроорганизімдермен бірге тұрақты түрде шығарып отырады.
Физико-химиялық факторлар. Антимикробты қасиетке терінің тер және май бездері бөлетін сірке ,сүт, құмырсқа және басқа қышқылдар, асқазан сөлінің тұз қышқылы , сондай-ақ организімнің сұйықтықтары мен тіндерінде кездесетін перотеолитикалық және басқа ферменттер ие. Антимикробты әсердегі ерекше рольді ферменті алады. Бұл протеолитикалық ферментті 1909 жылы П.Л.Лащенко ашты және 1922 жылы А.Флеминг бөліп алды,оны "мурамидаза"деп атады, себебі ол бактериялар мен басқа жасушалардың жасуша қабырғасын бұза отырып оларды жояды және фагоцитозға әсер етеді. Лизоцимді макрофагтор мен нейтрофильдер түзеді. Ол организімдегі барлық сөлдерде, сұйықтықтарда және тіндерде (қан, сілекей, көз жасы, ана сүті, ішек шырышы, ми т.б.)көп мөлшерде болады.Фермент деңгейінің төмендеуі жұқпалы және қабыну ауруларына әкеп соқтырады. Фермент деңгейінің төмендеуі жұқпалыжәне қабыну ауруларына әкеп соқтырады. Қазіргі уақытта лизоцим химиялық синтез жолымен алынған, және де ол қабыну ауруларын емдеу үшін медициналық препарат ретінде қолданылады.
Иммундыбиалогиялық факторлар. Эволюция процесінде организімге түскен бөтен заттар мен бөлшектерді жоюға бағытталған бейспецификалық тұақтылықтың гуморальды және жасушалық факторларының жинағы құрастырылды. Бейспецификалық тұрақтылықтың гуморальды факторлары ағзаның қан мен сұйықтығына болатын әртүрлі ақуыздардан тұрады. Оларға комплемент жүйесінің ақуыздары, интерферон, трансферрин, Β-лизиндер,пропердин ақуызы, фибронектин т.б.жатады. Бейспецификалық тұрақтылықта фагацитозға қабілетті және цитоксикалық белсенділігі бар табиғи киллерлер немесе NK-жасушалар маңызды роль атқарады.NK- жасушалар лимфоцит тәрізді жасушалардың ( құрамында гранулаларды бар үлкен лимфоциттер) ерекше популяциясы болып табылады, олар бөтен жасушаларға (қатерлі ісік, қарапайымдылар және вирустармен зақымданған жасушалар) қарсы цитоксикалық әсерге ие. NK-жасушалар организімде ісікке қарсы қадағалау қызметін атқарады деп болжайды. Организмнің тұрақтылығын сақтау үшін организімнің қалыпты микрофлорасының маңызы зор.
Фогицитоз-опсонин- аитиденелерімен
күшейеді, өйткені рецепторлар-дың болуына
байланысты аитигеннің фагицит бетінде
сіңірілуі жеңіл жүреді. Фагоцитоздың
опсонизацияланған антигендердің фагоцитозын
— иммунды деп атайды. Фагоцитоз белсенділігін
сипаттау үшін фагоциторлық көрсеткіш
енгізілген. Оны анықтау үшін микроскоп
астындағы бір фагоцитпен жүтылған бактерия
санын санайды. Сонымен қатар, опсонофагоциторлы
индекс қолданылады. Бүл иммундық және
иммундық емес сары сулардан алынған фагоциторлық
көрсеткіштердің қатынасы. Фагоциторлы
көрсеткіш пен опсонофагоциторлы көрсеткішін
клиникалық иммунологияда иммуднық статус
пен иммунитетжағдайын бақылау үшін қолданады.
Фагоцитоз ағзаның бөгде заттарға резистенггілігін
сақтауда үлкен роль атқарады.
Комплемент. Комплемент табиғаты.
Әсер ету механизмі жөне функциялары.
Комплементтің әртүрлі қызметі бар. Сонымен
қоса ол иммунды жүйенің басты компонентерінің
бірі болып табылады. Орғанизмде комнлемент
белсенсіз жағдайда болады және негізінен
аитиген-антидене комнлексі пайда болған
кезде активтенеді. Активтеиғеннен кейін
оның өсер етуі каскадты болады жжәне
көптеген протеолитикалық реакциялардаи
турады. Бүл реакциялар иммунды клеткалық
реакциялардың күшеюіне жөне антиденелердің
антигендерді ысырып шығаруының жогарлауына
өсерін тигізеді. Комплементтің активациялануының
екі жолы бар-: 1)классикалық, 2)альтернативтік
Классикалық жол. Антиденелердің қатысуымен
отеді жөне 9.5 суретте бейнеленген. Бүл
өдісте антиген-антидене (АГ+АД) комплексіне
бірінші комплементтің Сікомпоненті (3
суббірлігі С1д,С1ч, С1) жалғасады, содан
кейін пайда болған АГ+АД+СІ комплексіне
бірнші комлементтің "ерте" С4,С2,СЗ
компонентері жалгасады. Бүл "ерте"
компонештер ферменттер көмегімен С5 компонентін
белсендіреді. Осы кезде реакция АГ+АД
комплексі ІШтысуынсыз жүреді. С5 компоненті
клетка мембранасына бекиді де, сол жерде
"кеш" С5в,С6,С7,С8 компоненттерінен
литикалық комплекс пайда болады. Бүл
литикалық комилекс клетка лизисін шағаратын
болғандықгаң мембрапа бүзушы деп аталады.
Альтернативтік жол. Антиденелердің қатысуынсыз
жүреді және организмде антиденелердің
пайда болуыиа дейін жүреді. Бүл жол С5
компонентінің белсенуімен және мембрана
бүзушы комплекстің пайда болуымен аяқталады.
Бірақрі,С2,С4 комноненттерінің қатысуынсыз
жүреді. Процесс тікелей антигеннің. өсер
етунен СЗ компонентінің белсенуінен
басталады. (Мысалы, микробты юіетканың
полисахариді әсерінен). Белсенген компонеит
комилемент жүйесінің В жөне Р факторларымен
(ферменттерімен) жәпе иропердин белогымен
(Р) өсерлеседі. Пайда болған комлекс күрамына
С5 компоненті кіреді. Онда комплементіің
белсенуінің классикалық жолындагыпдай
мембрана бүзүшы комплекс пайда болды.
Осылайша, классикалық та, альтеріщтивті
де комплементтің белсенуінің жолдары
мембрана бүзүніы комнлекс пайда болуымен
ақталады. Бүл комплекстің юіеткаға әсері
әлі толық зертелмеген. Бірақ бұл комплекс
клетка мембранасына еиіп, қабырғасының
бүтіндігін бұзып, воронкасын түзеді.
Бұл жағдай клетка цитоплазмасының төмен
молекулалы компоненттерінің және белоктардың
шығуына, клетка ішіне судың еніп, ақыры
өлуіне әкеледі. Жоғарыда аталғаңдай,
комплементтің активация процесі каскадты
ферментативті реакциядан турады. Бұл
реакцияға протеаза жөне эстераза қатысып,
нәтижесінде С4,С2,СЗ,С5 компоненттерінің
протеолизі өнімдері С4в, С2в,СЗв,С5в және
СЗа,С5а фрагменттері пайда болады. С4в,С2в,СЗв,С5в
фрагменттері комплемент жүйесінің активациясына
катысса, СЗа,С5а фрагменттері ерекше биологиялық
белсенділікке ие. Олар бұлтты клеткалардаң
гистаминді бөліп шығарады, тегіс бұлшық
еттің жиырлуын шакырады, яғни, анафилактикалық
реакцияның туындауына өсер тигізеді.
Сондықтан олар анофилотоксиндер деп
аталады. Коилемент жүйесі арқылы жүреді:
а) Мембрана бұзушы комплекс пайда болуынан
нысана-клеткаларға антиденелердің цитолитикалық
және цитотоксикалық әсер етуі;
б) Иммунды комплекстермен байланысуының
нәтижесінде фагоцитозды белсендіру жөне
оларды макрофаг рецеторларымен адсорбциялау;
в) Макрофагтардыц аитигендерді өкелу
процесін қамтамасыз етуі арқылы иммунды
жауаптың индукциясына қатысу;
г) Анафилаксия реакцияларына қатысу,
сонымен қоса комплементтің кейбір фрагменттерінің
хемотаксистік белсенділік қасиетін байланысты
қабыну процестеріне қатысуы.
Солайша, комплемент арқылы иммунологиялық
активтілік көрсетеді. Организмның микроорганизмдер
мен басқа антигендерден босатылуында,
ісік клеткаларың жоюға, траисилантаттарды
қабылдамауға, тканьдердің аллергиялық
зақымдалуына иммунды жауаптың индукциясына
қатысады.
Интерферон күрамы бойынша гетерегенен,
молекулалық массасы 15-тен 70-КД ддейін.
1957 жылы вирус интерференциясын зерттеу
кезінде А.Айзеке мен Ж.Лиңцеман ашқан.
Интерферондар түқымдастыгына физикалық
және химиялық қасиетгері бойынша ажырайтын
20 белок кіреді.
Олар шыгу тегіне байланысты 4 топқа бөлінеді:
а,b, w және ү.
а-интерфероп р-лимфоциттер бөліп шығарады;
оны қан лейкоциттерінен алады, сондықтан
лейкоцитарлы деп аталады. (3-интерферонды
адамның фибробласт культурасыиа вирус
жүқтырғанда алынатын болғандықтан фибробластты
деп аталады. у-интерферон антигендермен
, сенсибилизацияланған Т-лимфоциттерден
алынады және иммунды деп аталады. w-интерферон
жақында ашылды және аз зерттелген. Интерферондарға
түрлі ерекшелік төн, яғни, адам интерферондары
жануарларға аз әсер етеді және керісінше.
Қорытынды
Иммунитет пайда
болуда сыртқы орта жағдайлары көп
әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау
немесе организмнің аса шаршауы
қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады.
Сонымен бірге иммунитттің
Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет—адамдар
және жануарлардың белгілі бір түріне
тән. Ол тұқым қуалайды. Бұдан мүйізді
ірі қара малдың — жылқының маңқасымен,
жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен
шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады.
Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше
зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.
Жасанды иммунитет адам мен жануарларда
жұқпалы аурулардың әсерінен пайда болады
және оны табиғи -жағдайда қабылдаған
иммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер
организмге түрлі биологиялық препараттарды
енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгізу)
пайда болса, оны жасанды жолмен түзілген
иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі
түзілген иммунитет зиянды микробтың
бір ғана түріне арналады.
Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше
үзақ болады. Ал кейбір ауруларға қарсы
түзілген иммунитет организмде бүкіл
тіршілік барысында сақталып қалады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. 1998г.
2.Покровский В. И. Медицинская микробиология // С-Петербург: Специальная литература 1998г. 1184с.
3.Поздеев А.В. Медицинская микробиология //М.Медицина, 2004
4.Ярилин А.А. Основы иммунологии.- М.: Медицина, 1999.
5.www.google.ru