Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 19:04, реферат
Интроскопия (intro лат. — ішкі, және skopeo лат.– көру) оптикалық күңгірт денелер мен орталарда сол сияқты нашар көріну жағдайында объектілерді, құбылыстарды және үрдістерді көру арқылы бақылау.
Интроскопияның негізгі мақсаты бұйымдардағы, денелердегі және ортадағы негізгі қасиеттердің әртүрлі ауытқушылықтарын табу мен бір жүйеге келтіру, жартылай мөлдір және бұлыңғыр орталарда өтетін құбылыстар мен үрдістерді зерттеу.
Қазақстан-Ресей Медицина Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Интроскопияның медицинада қолданылуы
Тексерген:Нурбекова А.Ж
Орындаған:Торебаева З.Н
Интроскопия (intro лат. — ішкі, және skopeo лат.– көру) оптикалық күңгірт денелер мен орталарда сол сияқты нашар көріну жағдайында объектілерді, құбылыстарды және үрдістерді көру арқылы бақылау.
Интроскопияның негізгі мақсаты бұйымдардағы, денелердегі және ортадағы негізгі қасиеттердің әртүрлі ауытқушылықтарын табу мен бір жүйеге келтіру, жартылай мөлдір және бұлыңғыр орталарда өтетін құбылыстар мен үрдістерді зерттеу.
Инфрақызыл интроскопия көптеген заттардың химиялық құрамына, молекулалардың құрылымы мен заттың агрегаттық күйіне байланысты олардың инфрақызыл сәулелерді жұтуы мен шағылдыру қасиетіне негізделген. Инфрақызыл сәлелердің таралуы жарықтың оптикалық заңдарына бағынады; оптикалық құралдардың көмегімен көрінбейтін инфрақызыл бейнелер қалыптастырады, содан кейін оларды көрінетін бейнеге түрлендіреді. Өрістердің таралуын тікелей бақылау әдістері, мысалға магниттік немесе электрлік, магнитооптикалық құбылыстарға негізделген. Интроскопия ультрадыбыстардың металдардан, пластмассалардан, тірі ұлпалардан, көптеген құрылыс материалдары мен оптикалық мөлдір емес сұйықтардан өте алатын қасиетіне сүйенеді.
Радиоинтроскопияда өтімді сәулелер ретінде ұзындығы мм-дің аз ғана бөлігінен бірнеше м-ге дейінгі электромагниттік толқындар пайдаланылады. Аса ұсақ объектілердің бейнелерін алу үшін көбінесе милиметрлік және сантиметрлік диапазондағы радиотолқындар қолданылады.
Интроскопиялық әдістердің негізгі үш түрін бөліп көрсетеді:
Проекциялық әдісте денені бірнеше қырынан зондтайды (сәулелендіреді) және оның көлеңкелік бейнесін (проекциясын) алады. Зондтаушы сәуле ретінде көбінесе рентген сәулелерін пайдаланады (рентгенография).
Томографиялық әдістер үшін сәйкес келетін тәсілдерді келесі түрде көрсетуге болады:
Назарларыңызға рахмет!