Инфекция. Инфекциялық процесс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:02, доклад

Краткое описание

“Инфекция” термині макроорганизмге патогенді микроорганиздердің енуі нәтижесінде пайда болған биологиялық процесстердің бірлігі. Инфекцияның нәтижесінде, яғни патогенді микроорганизмнің макроорганизмге енуі, онда көбеюі, метаболизм өнімдерінің бөлінуі мен олардың макроорганизмге әсерінен қалыпты физиологиялық процестер, ішкі ортаның тұрақтылығы – гомеостазы бұзылады.

Вложенные файлы: 1 файл

perizat srs 7 N 8.doc

— 35.50 Кб (Скачать файл)

«Астана Медицина Университеті»  АҚ

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

 

 

Тақырыбы:“Инфекция. Инфекциялық

процесс”

 

 

 

            Орындаған: Бейсенова П.М. 216 О.М.

                                        Тексерген:  Акимбекова Г.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2012

 

 

    “Инфекция” термині макроорганизмге  патогенді микроорганиздердің енуі нәтижесінде пайда болған биологиялық процесстердің бірлігі. Инфекцияның нәтижесінде, яғни патогенді микроорганизмнің макроорганизмге енуі, онда көбеюі, метаболизм өнімдерінің бөлінуі мен олардың макроорганизмге әсерінен қалыпты физиологиялық процестер, ішкі ортаның тұрақтылығы – гомеостазы бұзылады.

    Макроорганизм өзіне тән бейспецификалық және спецификалық қорғаныс механизмдерін жинақтап, қоздырғыштың патогенді әсерін төмендетуге немесе толығымен жоюға, бұзылған гомеостазды қалпына келтіруге тырысады. Көптеген жағдайда гомеостазды қалпына келтіру ағзаның жаңа сапа – иммунитетінің пайда болуымен жүреді.

    Инфекциялық процесс – соңғы нәтижесі инфекциялық ауруларға алып келетін сезімтал адам организмі мен белгілі бір жағдайы бар ортадағы патогенді микроорганизмдер қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған процесс. Биологиялық тұрғыдан инфекциялық процесс паразитизмнің әр түрлілігімен ерекшеленеді: өмір сүру жағдайының әртүрлі деңгейіне бейімделген екі тірі организм күреске түседі.

    Инфекциялық аурулар биологиялық және социалды  факторлардан тұратын құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, инфекциялық аурулардың таралуы,олардың ауырлылығы, адам өмірінің әлеуметтік жағдайына байланысты. Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігі  оларды тірі қоздырғыштар тудырады.

    Генетиканың дамуына байланысты инфекциялық ауру туралы түсінік кеңейді. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болып

табылды: вирустар, приондар, бактериялар , саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельмиттер. Олардың барлығы паразиттер болып келеді.  Паразитизм – әртүрлі екі организм өзара қарам-қатынас түрі, паразит деп аталатын олардың бірі басқасын қоректену көзі, тұрақты және уақытша мекендеу орны түрінде қолданады. Паразитизм қасиеті түрге генетикалық

бекітілген  және тұқым қуалау арқылы беріледі. Паразиттерге адам ауруының  жұқпалы (өсімдік жемінен) және инвазиялық (жануарлар жемі) барлық қоздырғыштары жатады.

    Патогенді микроорганизмдер сапрофиттерден шықты деп болжалынады, олар эволюция процесінде жануар ағзасының әртүрлі тіндері мен мүшесінде паразиттік қоректену типіне бейімделген.

    Патогендік – түрлік белгі , ол паразиттің эволюция процесінде  микроорганизмнің геномына бекітіліп,  тұқымқуалау арқылы тасымалданады, яғни генотиптік белгі , ол микроорганизмнің макроорганизмге енуінің потенциялды мүмкіншілігін көрсетеді, онда көбейеді, ауруда пайда болатын  патологиялық процестердің  жиынтығын тудыртады.

    Патогенді микроорганизмдердің фенотиптік белгісі  вируленттік болып табылады, яғни белгілі бір жағдайларда көрінетін штамның

қасиеті. Вируленттілікті  жоғарылатуға , төмендетуге ,өлшеуге  болады, яғни   бұл патогендіктің  шамасы болып келеді.

    Вируленттіктің сандық көрсеткіші DLM (минимальды летальды доза) болып белгіленеді. Мұндай жағдайда жануарлардың түрі, жынысы, дене салмағы, зақымдау тәсілі, өлу мерзімі есепке алынады.

    Инфекция жағдайындағы адам немесе жануарлар ағзаларын инфекцияланған, ал қоздырғыш түскен қоршаған ортадағы  заттарды ластанған немесе полтаминацияланған деп атайды.

    Инфекция жағдайындағы  адам немесе жануар ағзаларын  инфекцияланған, ал қоздырғыш түскен  қоршаған ортадағы заттарды ластанған  немесе контаминацияланған деп  атайды.

    Жұқпалы аурулар белгілі даму кезеңдерімен сипатталады:

  • Инкубациялық (жасырын) кезең – зақымданған мерзімнен аурудың клиникалық белгісі басталғанға дейін өтетін уақыт. Қоздырғыштың қасиетіне, макроорганизмнің иммундық статусына, макро- және микроорганизмнің өзара қарым-қатынас сипатына байланысты инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бірнеше айға, тіпті жылға дейін өзгеріп отырады;
  • Продормальды кезең – осы ауруға бейспецификалық жалпы сипатты алғашқы клиникалық симптомдардың пайда болу уақыты, мысалы, әлсіздік, тез шаршағыштық, тәбеттің  болмауы т.б.;
  • Аурудың жедел көрініс кезеңі – аурудың өршуі. Бұл уақытта аурудың өзіне тән симптомдар пайда болады: температуралық сызба, бөртпелер, жергілікті зақымданулар және т.б.;
  • Реконвалесценция кезеңі – типті симптомдар басылу және жоғалу кезеңі және клиникалық жазылу.

    Микро- және макроорганизмнің қарым-қатынасы қорғаныштық бейспецификалық факторларының басылуына әкелуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инфекция. Инфекциялық процесс