Инфекция дегеніміз-микроорганизмдердің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 00:20, реферат

Краткое описание

Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Басқа сөзбен айтқанда, бір клеткалы ядросыз организмдер пайда болғанға дейін 1 млрд жылдай үзіліс болған. Пайда болған алғашқы мұхит органикалық қосылыстардың химиялық реакциялары жүретін және тіршіліктің химиялық эволюциясы үшін қажетті тамаша орта болды. Оның үстіне, бос оттегі мен озон қабаты болмағандықтан Күннің ультракүлгін сәулелері құрлық пен мұхит беттеріне жақсы түсті.

Вложенные файлы: 1 файл

микроб2.docx

— 189.97 Кб (Скачать файл)

Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Басқа сөзбен айтқанда, бір клеткалы ядросыз организмдер пайда болғанға дейін 1 млрд жылдай үзіліс болған. Пайда болған алғашқы мұхит органикалық қосылыстардың химиялық реакциялары жүретін және тіршіліктің химиялық эволюциясы үшін қажетті тамаша орта болды. Оның үстіне, бос оттегі мен озон қабаты болмағандықтан Күннің ультракүлгін сәулелері құрлық пен мұхит беттеріне жақсы түсті. Бұл сәулелер мен найзағай жарқылдарынан алғашқы атмогидросферада аминқышқылдарының түзілуіне қажетті энергия бөлінді, ал үздіксіз түзілген аминқышқылдары алғашқы мұхитты "сорпаға”айналдырды. Түзілген амин қышқылдарының молекулалары бір-бірімен соғылысып, қосылып белок молекулаларын, ал олар одан да күрделі көмірсутектерді түзді. Дәл осылай химиялық эволюция биохимиялық эволюцияға ұласты деп жорамалдануда.Жаңа айтып кеткендей, тіршілік негізінен микроорганизммен бастап пайда болған дедік. Яғни, тіршілік эволюциясы – бұл микроорганизмдер эволюциясы. Онда ең алдымен, микроб дегеніміз не? деген сұраққа жауап берейік. Микроб дегеніміз -  арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін көзге көрінбейтін организмдер. Микроптарсыз өмір сүру мүмкін емес, себебі олар тіршіліктің негізі, яғни табиғатта зат айналымын қамтамасыз етеді.

Микробты зерттеу ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қолға алынды. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы әсер етті. Микроскоп алғаш рет 1619 жылы Голландияда жасалып шығарылды. Бұл аспапты одан әрі жетілдірген Афанасий Кирхер болды. Бұл әрине, құрылысы жөнінен өте қарапайым аспап еді. Солай бола тұрса да А.Кирхер сасыған етті, шарап сіркесін, сүтті қарап, олардан түрлі организмдерді көрген. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, одан ерекще «құртты« көрді.

Адам ағзасымен микробтар арасындағы қарым-қатынастар, биологялық заңдылықтарға сәйкес симбоз (грек Symbiosis-ортақ тұрушы) деп атайды.

Инфекция дегеніміз-микроорганизмдердің микроорганизмдер ағзасына еніп көбеюі, соның нәтижесінде инфекциялық кезеңінің басталуын айтады. Ол қарым-қатынасы екеуара ыңғайлас қарым-қатынас «мутуализм» бір-біріне кедергі келтірмейтін қатынас «комменсализм», бөгде ағза басқа организм арқылы қоректеніп зиянын тигізуді «паразитизм» деп аталады.

Медициналық микробиология үшін «паразитизм» ең қауіптісі. Себебі:осы паразитизм арқасында инфекциялық аурулар кеңінен таралған.

Паразитизм (грек. Parasites-арамтамақ) ағза бөгде ағзаның денесінде тіршілік етіп оған зиянын тигізеді. Паразиттерге-вирустар, приондар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, құрттар-гельминті.

Адамда және жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдер (грек. Ppathos-қайғы, қасірет, genos-туылу) ал олардыңауру туғызуы-патагендік деп аталады. Адамға қауіпті 2500 инфекциялық аурулар түрлері белгілі.

Инфекциялық сөзі лат. «infectio» -жұғу, жұқтыру деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде адам организмдерімен потагенді микробтар арасындағы қарым-қатынасты 3түрлі терминдермен қарастырады:инфекция, инфекциялық процесс, инфекциялық ауру.

Инфекция термині эволюциялық процесс кезінде адам ағзасы-микроорганизм және қоздырушы микроорганизм арасындағы биологиялық қарым-қатынасты атайды. Инфекциялық процесс термині микроорганизмдегі потагенді микробтарға қойылатын қарсы әрекетін білдіреді. Инфекциялық ауру-инфекциялық процестің клиникалық өзгешелігі, әр түрлі симптомдар және признактармен көрінеді.

Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік     дәрежесіне   қарай    барлық


үш топқа бөледі:


 

патогенді                  сапрофитті                    шартты-патогенділер.

        1.Патогенділер – бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтардың адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта микроорганизмнен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан макроорганизмде тіршілік етуі микробтың биологиялық түр ретінде сақталуына қажетті шарт болып табылады.

2.Сапрофиттер немесе патогенсіздер – бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар.

3.Шартты – патогенділер – бұл микроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде ауру туғызушылық әсер ететін микробтар.

Патогенді микробтардың бірқатар қасиеттері соның ішінде ең алдымен патогенділігі  болуы керек. Жалпы, патогенділік дегенге анықтамасын айтатын болсақ.

Патогенділік – ол микробтардың инфекциялық процесс қоздырушы патенциалдық қабілеттілігі. Патогенділікті ие микроорганизміне микробтың бейімделу функциясы деп қарастыру ұсынылған, оның негізінде жаңа жағдайда адекватты тіршілік ету үшін микроб метаболизмінің қайтадан икемделуі жатыр.

Патогенді микробтар микроорганизмге сынақшы немесе инфицирлеуші дозада енуі керек. Егер инфицирлеуші доза аз болса, микроб организмге түскен кезде қорғаныс факторлардың әсерінен қырылады.

Патогенділік факторлар – ол микробтардың инфекциялық қоздыру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Патогенділік факторларды зерделеу патогенді микробтардың патогенсіздерден және қабылдағыш микроорганизмнің қабылдамайтыннан қандай айырмашылықтары бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.  Сапрофиттерге қарағанда, патогенді микробтар макроорганизмнің табиғи тосқауылдарын жеңуі және сол организмде тіпшілік етуі үшін адгезиялық, колозациялық және инвазиялық қасиетке ие болу керек.

Патогенді микробтар макроорганизмге улық әсер етуі керек.  Микробтардың адгезиялық және колонизиялық факторлары жұқпалы аурулар патогенезінің ең алғашқы басталу сатыларында шешуші рөл атқарады, оны ауруларға қарсы профилактикалық препараттар жасау кезінде ескеру қажет.

Микробтардың жасушаішілік және жасушадан тыс тіршілік етуге бейімделуі қатал эволюциялық даму барысында макроорганизмнің иммундық жүйесінің дуалистік қалыптасуына және оның жұмысына әсер етеді. Ол макроорганизмді бірінші кезекте жасушаішілік паразитерден қорғайтын Т-жүйеден және жасушадан тыс орналасқан В-жүйеден тұрады.

Патогенді микробтарға нозологиялық спецификалық және органотроптылық тән:

Нозологиялық тәнділік – ол қабылдаушы организмнің қайсееысына түскеніне қарамастан патогенді микробтардың әрбір түрі тек қана соған сәйкес инфекциялық процесс және де патологиялық реакциялардың кешенді симптомдардың қоздыру қабілеттілігі.

 Органотроптылық – ол биохимиялық қасиеттері бойынша микробтардың тіршілігі үшін ең қолайлы жасушаларда, тіндерде және ағзаларда қоныстану және оны зақымдау қабілеттілігі.

   Адамда  және  жануарларда  ауру  туғызатын  микроорганизмдер  (грек.  Ppathos-қайғы,  қасірет,  genos-туылу)  ал  олардың ауру  туғызуы-патагендік  деп  аталады.  Адамға  қауіпті  2500  инфекциялық  аурулар  түрлері  белгілі.

      

 

        Микроорганизмдердің инфекциялық  процесстегі рөлі

Инфекцияның дамуында 3түрлі факторлар өзара әрекеттеседі: патогендік микроорганизмдер, ауруға шалдыққыш микроорганизм және сыртқы орта, өзара әрекеттесуі болады. Ауруды туғызу үшін микроорганизмдер патогендік және вируленттік қасиетті оларды ауру қоздырушы ретінде көрсетеді.

Патогендік-эволюциялық әрекетін арқасында микроорганизмдердің генитекалық белгілері арқылы ауру туғызатын айтады. Патогендік микроорганизмде микроорганизм тіршілік ету үшін көптеген генитикалық ферменттермен структуралармен айқындалады. Газды гангрена қоздырғышы адам ішегінде тіршілік етеді, жарақаттанған, әсіресе язвалық жарақатқа түссе өлімге алып келеді. Патогендік тек кейбір микроорганизм мен адам ағзасы арасында немесе микроорганизм және белгілі бір иесі арасында болады.

Вируленттік-микроорганизмдер патогенді өзінің негізгі иесінде мөлшері. Вируленттік жеке микроорганизм ішіндегі ауыспалы штамы. Әр түрлі аурулар туғызу қасиеттілігі бар. Патогендік және вируленттік микроорганизмдері сыртқы ортаға тіршілік ету барысында улы токсиндер, ферменттер бөледі, клетканың мембраналық қабығын бұзып, ұлпаларға өтіп, клетканың структурасын бұзады.

Патогенді микробтар вируленттігі ауытқып отырады. Ағзадан бөлініп алған вирулентті микроб, жасанды ортада лабараторияда өсіргендігіне қарағанда қауіпті.

Инфекциялық процесс әр түрлі клиникалық түрде отеді. Оларды арнайы терминдермен атайды.

Сепсис-инфекцияның генералдық формасы. Қоздырғыштардың қанда көбейіп иммунитетті төмендетеді.

Инфекциялық аурулардың патогенез кезеңі бактериемия және вирусемия деп аталады. Олардың сепсистен айырмашылығы қанның тікелей ішінде көбеймей, қан тек басқа органдарға жеткізушісі болып табылады. Микроорганизмдердің бір түрмен тудырған инфекциялық ауру-аралас инфекция деп аталады. Аралас инфекция екі еселенген инфекция ерекшеленеді, ал алғашқы инфекция басқа бөлек инфекцияның келіп қосылуын айтады.

Реинфекция-алғашқы қоздырғышты қайта жұқтыру. Ауру сауыққанға дейін қайталанса суперинфекция деп аталады.

Органотропностік-көптеген микроорганизмдерге тән инфекциялық ауру қоздырғыштарына ішек микробтары тек белгілі бөлікті зақымдайды

           Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені “паразит” деп аталатын біреуі, “ие” деп аталатын екіншісі қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір-бірімен қарама-қарсы жағдайда болады.

Паразитизм үш категорияға бөлінеді: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.

Облигатты (нағыз) паразиттер – популяциялық циклдің барлық сатысында ие организмімен тығыз байланысты. Оларға паразиттік тіршілік ету фазасы ғана тән, олар сыртқы ортаға түспейді. Олар трансмиссивті, транспланцентарлы және жанасу-жыныстық жолымен беріледі. Егерде паразиттің екі иесі болса , онда оның популяциясы кез-келген уақытта екі бөліктен тұрады: гостальдық және векторлық.

Факультативті паразиттер табиғи айналым кезінде ие организммен қатар сыртқы ортаны да пайдалана алады, бірақ олар үшін паразиттік фазаның маңызы басым. Мұндай микроорганизмдер жоғарыда аталған жұғу жолдарынан басқа да жолдармен беріле алады. Бұл категориядағы паразиттер көбінесе біркелкі болмайды, олардың популяциясы үш бөлімнен (гостальдыы, векторлы, сапрофитті-организмнен тыс) немесе екі бөлімнен (гостальды және организмнен тыс) тұрады.

Кездейсоқ паразиттерге автономды түрде тіршілік етуге сыртқы орта (су, топырақ, өсімдіктер және басқа да органикалық субстраттар) қалыпты орта болып табылатын паразиттер жатады. Олар сапрофиттік типімен қоректену қабілеттігі сақталады. Сонымен, олардың организммен байланыс тығыздығы облигатты паразитпен кездейсоқ паразиттерге қарай азая бастайды, соңғылар үшін ті Патогендік-эволюциялық әрекетін арқасында микроорганизмдердің генитекалық белгілері арқылы ауру туғызатын айтады. Патогендік микроорганизмде микроорганизм тіршілік ету үшін көптеген генитикалық ферменттермен структуралармен айқындалады. Газды гангрена қоздырғышы адам ішегінде тіршілік етеді, жарақаттанған, әсіресе язвалық жарақатқа түссе өлімге алып келеді. Патогендік тек кейбір микроорганизм мен адам ағзасы арасында немесе микроорганизм және белгілі бір иесі арасында болады.

         

 

  Қорытынды

 Қазақстанда аса қатерлі  инфекциялардан және паразитарлық  аурулардан сақтану шаралары  “Территорияны санитарлық қорғау Ережесі” бойынша атқарылады. Бұл ережеде шетелдерден аса қауіпті инфекцияның еніп кетпеуіне және оның республика аумағына таралып кетуіне жол бермеуге, індет анықталған жағдайда оны шектеуге және жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік шаралар жүйесі қарастырылған. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Сондай-ақ қазіргі таңда ауруды зерттеуде ең күрделісі — патогенез мәселесі. Табиғаты инфекциялық көптеген аурулардың себептері белгілі болғанымен, алайда жекелеген патогенді агенттердің организмге әсер ету механизмі жеткілікті анықталмаған немесе мүлде белгісіз. Сондықтан ауру патогенезін қарастырған кезде мынадай мәселелер туындайды: 
а) аурудың дамуында этиологиялық фактордың ролі; 
б) аурудың пайда болуында және барысында организм реактивтілігінің маңызы; 
в) жалпы және жекелей өзгерістердің мәні және олардың өзара байланысы; 
г) патогенездің негізгі буыкдары және себеп-салдар байланыстары; 
д) функционалдық және морфологиялык өзгерістердің мәні және ауру кезінде олардың өзара байланысы; 
е) аурудың дамуы үшін нерв жүйесі фуккциясының мәні;

Қазіргі кезде кейбір аурулар патогенезінің кортико-висцералды теориясы қолданылып жүр. Ол Сеченовтың, Павловтың, Введенскийдің, Быковтың және басқа да ғалымдардың рефлекторлық теориясына негізделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                             

 

Пайданылған әдебиеттер:

 

  1. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚҰМУ-нің шығарған                оқулығы                                                               

Алматы  2005жыл

    «Жалпы микробиология»

2. Ү.Т. Арықпаева, Г.Д. Асемова, К.Х. Алмағамбетов,

Н.М. Бисенова, С.К. Бисембаева. Н.Б. Рахметова,

Қ.Б. Қойшебаева, Н.В.Калина, Ғ.М. Сейтғалиев.

«Микробиология  және  вирусология»

3. Б.А. Рамазанова және  Қ. Құдайбергенұлы

« Медициналық микробиология»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Жоспар

 

І. Кіріспе

  Микроорганизмдер эволюциясы

ІІ. Негізгі бөлім

Информация о работе Инфекция дегеніміз-микроорганизмдердің