Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 23:25, реферат
Көбеюге қабілеттілік- тірі организмге тән негізгі қасиеттердің бірі. Көбеюге байланысты генетикалық, материалдық ата- аналарынан ұрпақтарына берілетіні айтылды. Бұл кезде сол түр особьтарына тән белгілер ғана емес, сондай- ақ ата- аналарының өздеріне тән айқын белгілері де жарыққа шығады. Көбеюдің үлкен биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір организм түрінің ұрпақ алмастыруын жүзеге асырумен қатар ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, тіршілікті үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Тірі табиғатта көбеюдің негізгі екі әдісін ажыратады: жыныссыз және жыныстық.
Көбею
Көбеюдің әдістерімен формалары
Көбеюге қабілеттілік- тірі организмге тән негізгі қасиеттердің бірі. Көбеюге байланысты генетикалық, материалдық ата- аналарынан ұрпақтарына берілетіні айтылды. Бұл кезде сол түр особьтарына тән белгілер ғана емес, сондай- ақ ата- аналарының өздеріне тән айқын белгілері де жарыққа шығады. Көбеюдің үлкен биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір организм түрінің ұрпақ алмастыруын жүзеге асырумен қатар ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, тіршілікті үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Тірі табиғатта көбеюдің негізгі екі әдісін ажыратады: жыныссыз және жыныстық.
Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею кезінде ұрпақ тек бір особьтың бір немесе бірнеше соматикалық клеткаларынан дамып жетіледі. Мұның нәтижесінде бір- біріне айна- қатесіз ұқсас біркелкі особьтар түзіледі. Оларды клон деп атайды. Кездейсоқ мутациялардың әсерінен бәр клондағы особьтар әр түрлі генетикалық озгерістерге ие болуы мүмкін. Мұндай өзгерістерді бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалауы түрдің өзгергіштігіне және эволюцияға себеп болды. Жыныссыз көбею табиғатта кең таралған құбылыс. Мұның бірнеше формалары бар.
Жай бөліну- бір клеткалы организмдерге тән көбею формасы. Түрлі қарапайымдар не көлденеңінен, не ұзыннан екіге бөлініп өзара ұқсас екі жас клетка түзіледі. Бұл кезде клетканың құрылысының компоненттері де теңдей екіге ажырайды немесе алдын ала олардың екі еселенуі жүреді.
Көптік бөліну немесе шизогония. Мұнда ядро бірнешеге бөлініп артынша цитоплазмада да бірнешеге ажырап, көптеген майда клеткалар түзіледі. Мысалы, безгек плазмодиі адамның бауыр және қан клеткаларында осылай көбейеді. Ол организмдердің көптік бөлінуге қабілетті стадиясын шизонт деп, ал процестің өзі шизогония деп атайды. Мұндай бөліну бірнеше қайтара жүруі мүмкін.
Спора түзілуі- арнайы клеткалар- споралар арқылы жүретін формасы. Спора- көбеюді қамтамасыз ететін сыртынан тін қабықпен қапталған тіршілік циклы стадиялардың бірі. Қарапайымдар типіндегі споралыларда, бірқатар төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерде спора түзіледі. Бактериялардың спорасы көбеюді емес тек қолайсыз орта жағдайларында тіршілігін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Бүршіктену- бактерияларда, ашытқы саңырауқұлағында және қатар төменгі сатыдағы көп клеткалыларда: губкалар, ішекқуыстылар, кейбір құрттарда байқалатын көбею формасы. Өлі клеткалы организмнің денесінен өсіп шыққан клеткалары ұлғайып жетіле келе аналық организмнен бөлініп өтеді де өз алдына жеке тіршілігін бастайды. Кей жағдайда ондай бүршіктер бөлінбей жалғасқан күйде қалып колонияларды түзейді.
Фрагментация- кезінде особь екіге немесе бірнеше бөліктерге ажырап, әр бөліктен жаңа особь дамып жетіледі. Бұл құбылыс теңіз жұлдыздарында, гидрада, жауын құртында т.б. кездеседі. Көпклеткалы жануарларда байқалатын бүршіктену мен фрагментацияны жалпы атпен вегатативті көбею деп те аталады. Вегатативті көбеюдің ерекше формасы ретінде жануарлар жүйесінде кездесетін полиэмбриония қарастырылады. Дамуының бастапқы кезеңінде ұрық бірнешеге бөлініп, әр жеке бөліктен алдына организм дамып жетіледі. Мұны соналардан, кейбір сүтқоректілерден байқауға болады. Сондай- ақ, адамда бір жұмыртқалық егіздердің дүниеге келуі полиэмбрионияның мысалы болып табылады.
Жыныстық көбею. Жыныстық көбеюдің ерекшелігі сол, бұл процесс гаплоидты хромосома жиынтықтары бар арнайы құрылысты аталық және аналық жыныс клеткаларының қатысумен жүреді. Ұрықтану нәтижесінде жыныс клеткалары немесе гаметалар қосылып диплоидты жиынтығы бар зигота түзіледі. Зиготадан дамып жетілетін организм әдетте өз ата- аналарынан біршама ерекше белгілерімен ажыратылады. Өйткені гаметалардағы хромосомалар мен гендердің жаңа үйлесімдері ұрпақтарында белгілердің жаңа үйлесімдерін жарыққа шығарады. Мұның өзі бір түр особьтарының алуани түрлілігіне себеп болып, тіршілік үшін күресте сұрыптауға мол материал даярлайды. Олай болса, жыныстық көбеюдің биологиялық мәні тек өзін- өзі ұдайы өндіруде ғана емес, сонымен қатар, түрлердің тарихи дамуы қамтамасыз етуінде. Жыныстық көбею бірклеткалылар көпклеткалыларда түрліше бағытта жүреді.
Коньюгация- бактерияларға, қарапайымдар типінен инфузориялар класының өкілдеріне тән ерекше көбею формасы. Коньюгация кезінде екі особь өздерінің тұқым қуалау материалы бар ядроларымен алмасады. Особьтар санында еш өзгеріс болмайды, бірақ ара қарай жүретін жыныссыз көбею нтижесінде ата- аналарынан өзгеше жаңа особьтар түзіледі. Өйткені алмасқан ядродағы гендер арқылы белгілер мен қасиеттердің жаңа үйлесімдері пайда болады. Коньюгация құбылысы бактерияларда да байқайлады. Екі бактериялды клеткалардың арасыында протоплазмалық көпіршік түзіліп, бір клеткадан екіншіге ДНҚ жіпшесінің кесіндісіне ауысады. Ендеше, бұл жағдай комбинативтік өзгергіштіктің бірден- бір себебі.
Копуляция- бір клеткалы организмдерге тән жынысты көбею әдісі. Бұл организмдердің бір- бірінен біршама айырмашылықтары бар аталық және аналық особьтары жыныс клеткалары ретінде, өзара қосылып, нәтижесінде зигота түзіледі. Жыныстық көбею эволюциясының алғашқы кезеңдерінде гаметаларда айтарлықтай айырмашылық байқалмаған. Эволюция процесінің ең соңында аналық гамета ұлғайып,өсіп қозғалмайтын жұмыртқа клеткасына дейін күрделеніп, аталық гамета қозғалуға қабілетті, өте майда сперматозоидтарға айналады. Бұл ерекшелік овогамия деген атпен белгілі. Көп клеткалы организмдердің жыныс клеткалары жыныс бездерінің гонадаларда дамып жетіледі. Жыныс клеткалардың екі типін ажыратады: аталық сперматозоид және аналық жұмыртқа клеткасы. Сперматозоидтар аталық жыныс бездерінде, жұмыртқа клеткасы аналық жыныс бездерінде дамып жетіледі. Жыныс клеткаларының гаметалардың жұмыртқа клеткасы мен сперматозоидтарға сай особьтардың аналық және аталық болып жіктелуі жыныстық диморфизмді көрсетеді. Ендеше, жыныстық диморфизм дара жынысты организмдерде байқалады. Олардың аталықтары мен аналықтары сыртқы түрі және басқа көптеген белгілері арқылы ажыратылады.
Жыныстық диморфизм жұмыр құрттарға, буынаяқтыларға және көпшілік омыртқалы жануарларға тән жағдай. Аналықтары әдетте мөлшерімен, пішіндерімен, боялу ерекшеліктерімен оңай ажыратылады. Адамда да жыныстық диморфизм айқын байқалады. Дененің салмағы, бойдың биіктігі, қаңқа сүйекткрінің мөлшері, бұлшық еттердің орналасуы, т.б. көптеген белгілер әйел және еркек жыныстарында түрліше дамып жетіледі. Егер осы екі гаметалар аталық және аналық жыныс бездері бір организмде қалыптасып жетілсе, оларды гермафродиттер немесе қос жыныстылар деп атайды, мұндай құбылыс гермафродитизм делінеді. Гермафродиттердің қатарына қарапайымдар, ішекқуыстылар, жалпақ құрттар т.б. және кейбір кесіртелер жатады. Гермафродитизм жыныстық көбеюдің ең қарапайым формасы. Бұл жағдай организмдердің паразиттік тіршілік етуге, отырықшы не жартылай отырықшы жағдайға бейімделуі болып табылады. Гермафродитизмнің бір артықшылығы қолайсыз орта жағдайларында байланыссыз организмнің өздігінен ұрықтануына мүмкіндік туады. Эмбриогенездің бұзылуына байланысты адамда гермафродитизм байқалады. Бұл , әрине, патологиялық жағдай. Кейбір гермофродит адамдарда сонымен қатар жыныс хромосомалары бойынша мозаицизмді кездестіруге болады. Сондай адамның бірқатар сомалық клеткаларында XX- жұптары, екінші бір клеткаларында XY- жұп хромосомалары кездеседі.
Ұрықтану.Ұрықтану деп- сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылып, нәтижесінде зигота түзілумен аяқталатын процесті айтады. Ұрықтанудан соң жүретін екі жағдайды атап өту қажет: біріншісі- жұмыртқа клеткасының активненуі, екіншісі- синкариогамияның жүруі. Бұл гаплоидты аталық және аналық ядролардың қосылуынан диплоидты ядросы бар түзілуі. Бұдан кейін бөлшектену басталады.
Партеногенез. Организмдердің ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан дамып жетілуін- партеногенез деп атайды. Түзілген жаңа особь өзінің дамып жетілуі үшін жұмыртқа клеткасындағы генетикалық материал мен қорек заттарын пайдаланады. Табиғатта бұл құбылыс паразиттік тіршілік ететін жалпақ құрттарда, төменгі сатыдағы шаян тәрізділерде, бірқатар насекомдарда және кесірткелер мен жыландардың кейбір түрлерінде байқалады.
Ұрпақтардың алмасуы. Әдетте жыныссыз жолмен көбейген организмдердің басым көпшілігі жынысты көбеюге қабілетті келеді. Бұл кезде жыныссыз көбеюі жүретін ұрпақ гамета жынысты көбейе алатын ұрпақпен алмасады. Жынысты көбею нәтижесінде түзілген жас ұрпақ ары қарай қайтадан жыныссыз көбеюге кіріседі. Ұрпақтардың осылай кезектесіп алмасуы организм түрлерінде қатаң түрде арнайы кезеңдерде жүрсе, біреулерінде орта жағдайларында ретсіз, түрлі мерзімде өтуі мүмкін. Табиғатта бірінші реттік және екінші реттік ұрпақ алмасу байқалады. Бірінші реттік ұрпақ алмасу жыныссыз көбею спора түзілумен жалғасады. Мысалы, қарапайымдар типіндегі споралылар мен талшықтылардың бірқатар өкілдері және кейбір өсімдіктерде кездеседі. Екінші реттік ұрпақ алмасудың ерекшелігі жынысты жолмен көбейетін бірқатар организмдер тіршілік циклының кейбір кезеңдерінде жыныссыз көбеюге немесе партеногенезге ауысады. Бұл құбылыс ішекқуыстыларда, буынаяқтылырда байқалады. Көпшілік жағдайда жыныссыз көбеюдің жынысты көбеюімен алмасу комбинативтік өзгергіштікке себеп бола отырып, ұрпақтардың генетикалық әркелкілігін қамтамасыз етіп, эволюциялық жаңа топтардың шығуына жол ашады.
Жоспар: