Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 14:09, статья
Денсаулық – адам организмі дамуының өте маңызды факторы. Қазіргі уақытта денсаулық ұғымын аурудың, физикалық ақаудың болмауы ретінде ғана емес, сонымен қатар, толық әлеуметтік, физикалық және психикалық қолайлылығы деп түсінеміз.
Қоршаған орта факторлары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсуіне және дамуына кешенді қолайсыз әсерін тигізуде.
Компьютердің адам организміне әсері.
Курманбаев Р.Х., Қожаметова Д.Ж.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Денсаулық – адам организмі дамуының өте маңызды факторы. Қазіргі уақытта денсаулық ұғымын аурудың, физикалық ақаудың болмауы ретінде ғана емес, сонымен қатар, толық әлеуметтік, физикалық және психикалық қолайлылығы деп түсінеміз.
Қоршаған орта факторлары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсуіне және дамуына кешенді қолайсыз әсерін тигізуде.
Оқушылардың аурушаңдығына әсер ететін бірнеше факторлардың бірі – компьютер немесе персоналды электронды-есептеу машиналары (ПЭЕМ).
Денсаулық жағдайының қалыптан ауытқуы баланың өсу мен даму кезеңіндегі анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне тәуелді, сондықтан сыртқы әсерлерге сезімтал болып келеді.
Осы жағдайды ескерсек, компьютердің оқушы организміне тигізетін әсерін зерттеу-өзекті мәселе болып табылады.
Монитор экраны сәулелендіретін электромагнитттік өрісі екі құрамнан тұрады: электрлік және магниттік.
Компьютерде күніне жарты сағаттан көп емес жұмыс жасау - ПЭЕМ электромагниттік сәулелендіруінің қалыпты деңгейі. Егер де комьютер алдында бірнеше сағат отыратын болса, онда баланың көру қабілетінің тез нашарлауымен қатар, әртүрлі жүйке жүйесінің бұзылыстары пайда болады.[1]
Мектеп оқу үдерісінің компьютерлендірілуі, информатика сабақтарымен шектелмей, басқада пәндерге ығысты. Барлық пәндердің электронды оқулықтарының нұсқалары ойлап шығарылды және компьютерлер оқу процесінің ажырамас бір бөлігі болып табылды.
ПЭЕМ қолданушылардың стрестік кезеңін зерттеушілері, адамның компьютерлендірілген қызмет барысындағы қолайсыз реакцияларына басты көңіл аударады. Олар компьютер қолданушыларда байқалатын физиологиялық өзгерістерді атап көрсеткен: терілік-гальваникалық реакциялар, жүрек жиырылу жиілігі және артериялық қысым өзгерісі, мазасыздық, ашуланшақтық, көңіл-күйдің болмауы, тез шаршағыштығы, ұйқының бұзылуы. Бұл негативтік көріністер компьютерлік қызметтің сыртқы факторларымен байланысты, олар: ойлау жүктемесінің артуы, компьютердің жұмыс барысында істен шығуы, т.б.[2]
Отандық және шетел әдебиеттерінің мәліметтеріне сәйкес, барлық бейне дисплей терминалдары (БДТ) – электромагниттік, рентгендік, ультрафиолеттік, инфрақызыл және көзге көрінетін сәулелену бөліп шығарады, электростатикалық өріс көзі құрылғылары қатарына жатады. БДТ жұмыс аумағында ауа температурасының жоғарылауы және шу болуы мүмкін, ауыр иондардың саны артады, баланың қол аумағында электростатикалық кернеу өседі. Дисплеймен жұмыс жасау көп жағдайда жүйкелік-эмоциональдық санатқа жатады. Көптеген шетелдік авторлар қызметкерлердің басым бөлігінде жүйкелік стресс байқалғанын айтады. Жұмыс ерекшелігі операторлардан аз қимылдау және ұзақ уақыт бойы денені мәжбүрлі қалыпта болуын талап етеді.[3,4]
Дисплеймен жұмыс істеу көру мүшелеріне көп жүктеме түсіреді. Оператор жарық деңгейі жоғары жарқыраған экранға қарауы керек, ал ол көзге күшті тітіркендіргіш болып табылады. Экрандағы кескіннің анық еместігі және дірілі, әртүрлі жарық өрістердің болуы, оператордың дисплей экранына тым жақын немесе тым алыс отыруы көзге күш түсіреді.[5]
Бастың ауыруы, ұйқының бұзылуы БДТ операторларының көзге күш түсуінің екіншілік симптомдары болуы мүмкін немесе стресстік жағдайға немесе бұлшық еттік дискомфортқа байланысты пайда болуы мүмкін.
Компьютермен жұмыс істеу кезінде адамға шу әсер етеді. Шудың әсері қимыл-қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылысына, вегетативті функциялардың өзгерістеріне, реакция уақытының ұзаруына, назар аударудың өзгерісіне әкеп соқтыруы мүмкін. Шудың әсерінен болатын астеновегетативті синдромда елеңдеушілік эмоциональды лабильділік, назар аударудың төмендеуі байқалады.[6]
IBM РС 286 қойылған дисплей
класындағы электромагниттік
Электромагниттік өрістердің әсерінен қанның физико-химиялық сипаттамасы өзгереді, жүрек-қан тамыр ауруларының, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі ауруларының өршу ықтималдығы жоғарылайды, жыныстық белсенділік төмендейді. Тіпті әлсіз электромагниттік сәулеленудің тұрақты түрде әсер етуі адам организмі реакцияларының шапшаңдығын азайтады, ойлау қабілетін төментедеті, психологиялық жайсыздықты күшейтеді.[7]
1998 жылы американдық зерттеушілер, видеотерминал алдында аптасына 20 сағаттан аз емес уақыт өткізген әйелдер арасында түсік тастау жиілігі 80% - ға артқандығын мәлімдеген. Бұл фактілерді компьютердің тікелей әсері емес, эмоциональды стресстің әсерінен деп түсіндіруге асықты. Бірақ, 1992 жылы скандинавиялық ғалымдар өздерінің зерттеу нәтижелерін жариялады. Зерттеу қорытындысы бойынша әлсіз магниттік өріс сәулелендіретін видеотерминалдармен жұмыс істейтін әйелдерге қарағанда, төменгі жиілік аралығында күшті магниттік өріс сәулелендіретін видеотерминалдармен жұмыс істейтін әйелдер түсік тастау қаупі 3,5 есе көп болған. Жануарларға жүргізілген тәжірибелер бойынша, әлсіз ауыспалы магниттік өрістер ұрықтың дамуына кері әсерін тигізетіндігі анықталған. Персональды компьютер операторларының, программистердің көру қабілетінің нашарлағандығы және катаракта дамығандығы жайлы хабарламалар пайда болды. Педагогтар, психологтар және дәрігерлер, компьютерде ойнайтын және көп жағдайда жеңіске жете бермейтін балалар мен жасөспірімдерде тез шаршағыштық пен жүйке жүйесінің өзгерістері жиі байқалатынын атап көрсетті. Мектеп оқушыларының шаршау деңгейі, жай сабақтарға қарағанда, дисплей қолданып өтетін сабақтарда жоғары болады деген қорытындыға келген.[7]
1988 жылы жарияланған Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесінде (1987-1993) компьютер видеотерминалдарының иондалмайтын сәулелендірумен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаған адамның денсаулығына қандай да бір қауіп төндірмейтінін атап көрсетілген. Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде электромагниттік толқындардың (ЭМТ) адам организміне тигізетін әсері жайлы мәліметтер бар. Радиожиілікті диапазондағы ЭМТ айқын биологиялық әсерге ие екендігі анықталған. Сәулеленудің қарқыны жоғары болғанда биологиялық объектілерге жылулық әсері байқалады. ЭМТ-ң радиожиілік диапазонындағы арнайы биологиялық әсері тікелей клеткалық деңгейде, сондай-ақ, рефлекторлы түрде орталық жүйке жүйесі және нейроэндокриндік жүйе арқылы жүзеге асады.
ПЭЕМ адам организміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі, клиникалық көрінісінде жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр және басқа да жүйелердің функциональдық бұзылыстарымен қатар, эндокриндік өзгерістер байқалатын аурудың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Организмге ең көп патогенді әсер ететін - СВЧ радиотолқындары. Биологиялық әсер ету қарқынының күшеюі электромагниттік өрістердің қуаты мен ұзақтығына тікелей байланысты.
Мектептерде жүргізілген гигиеналық зерттеулер, компьютермен сабақ өту шаршауға, көру жайсыздығына-көздің шаршауы, ауыруы, қышуы, қосарлану және басқа шағымдар пайда болғанын көрсетті. Көбінесе, көруінде ақауы бар оқушыларда осындай шағымдар болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың организмі қарқынды өсу жағдайында болғандықтан, әртүрлі факторлардың әсеріне өте сезімтал болып келеді. Әсіресе, 5-6 жаста көздің қалыпты рефракциясы қалыптасады, алыстан көру физиологиялық рефракциясы қалыптыға немесе жақын көруге өтеді, егер оған генетикалық бейімділігі бар болса немесе гигиеналық талаптарға сәйкес болмаса (жарық деңгейінің төмен болуы, өте жақын қашықтықта ұзақ отыру, түсініксіз басылған мәтін және суреттер, ыңғайсыз қалып және басқалар).
Компьютерлер орнатылған бөлмеде, сыныптарда арнайы жағдай қалыптасады: ылғалдық азаяды, ауыр иондардың саны көбейеді, балалардың қолының электростатикалық кернеуі өседі және полимерлік материалдармен әрлегенде электростатикалық өрістің кернеуі күшейеді.[8]
7-10 жастағы балаларды әсіресе компьютерлік ойындар шаршатады. Уақыт межеленген бақылаулар көрсеткендей, мұндайда уақыттың 88%-н дисплеймен тікелей жұмыс жасау алады екен. Ал бағдарламалау сабақтарында бұл жұмыс уақыттың 66-67%-н құрады.
Компьютер алдында отырудың жоғары тығыздығы ғана шаршатпайды, оны сонымен бірге ойын ойнаушының аса көңіл бөліп, тез жауап қатуды талап етушілігімен де түсіндіруге болады. Бұл үдерістің ОЖЖ функционалдық жайы мен бейімделу жүйесіне жоғары талаптардың қойылатыны айтпай-ақ түсінікті.
Организм өз бетінше өсіп даму (онтогенез) жоспарында компьютерлендіру әсерінен болған өзгерістер негізінде тұлғалық дамудың жай-күйі де қарастырылады. Жағымды тұлғалық өзгерістерге мыналар жатады: компьютерлену шарттары бойынша орындалған тапсырмаларды күрделендіру арқылы тұлғаның зияткерлігін күшейту, жобалау, логикалық және жедел ойлау қабілетін алдымен компьютерге арналған тапсырманы ойластырып, сосын логикалық тұрғыдан қарастырып, оның ойша алгоритмін құрап, шешімін тауып, содан соң барып компьютерде орындауды жүзеге асыру арқылы ой-өрісті дамыту. Оң өзгерістерге бұдан басқа тұтынушының танымдық үдерістерге бейімделудің төмендегідей даму түрлерін жатқызуға болады – компьютердегі қызметтік тапсырмалар, оның ішінде лауазымдық, мәртебелік, экономикалық және соған ұқсас іскерлік мақамды бекітетін себептерді тудыруға мүмкіндік беруге арналған ойлау, есте сақтау, қалыптастыру, түсінік орнату секілді қасиеттерді дамыту.
Жағымсыз жеке тұлғалық өзгерістерге төмендегілер жатады: компьютер көмегімен орындалатын тапсырмалардың шешімін жеңілдету арқылы тұлғаның зияткерлік қабілетінің төмендеуі, оның мағыналық жағын түсіну, шешім жолдарын қарапайым логикалық компоненттерге ұқсату. Компьютермен үздіксіз әрі кең көлемдегі жұмыстарды орындау нәтижесінде танымдық ақпараттарды шамадан тыс қабылдау икемділігі төмендейді. Осыған байланысты бастапқыда қалыптасқан оң өзгерістер, мысалы, дәлдік пен ұқыптылық компьютермен жұмыс істеу уақытысының ұзаруы мен жұмыс түрінің ауырлығының әсерінен әріпшілдік, аса мұқияттылық, ойлау ебедейсіздігі секілді жағымсыз жақтар қалыптасуы әбден мүмкін. Компьютерде тым қиын тапсырмаларды орындау барысында психикалық тұрғыдан аса ден қойып жұмыс істеу тұлғаның невроздық жақтарын асқындыруы мүмкін. Мұндай көрсетілген тұрақсыздық жағдайы адамды ауру халге итермелейді.
Осы аталған тұлғалық қасиеттердің өзгеру заңдылықтарының бәрі компьютерлендіру әсерінен болатын онтогенездіқ дамудың күрделі қисынсыз мінезін тудырады. Сондай-ақ адамның өз жұмысын, кейде тіпті өмірдегі қадамдарын компьютерлендіруге деген тәуелділікті туғызады.
Компьютерге танымдық әрекеттерді бағыттау арқылы компьютерге арналған бағдарламаларды құру кезінде адам ең маңызды рөл атқарады. Ал, келесі кезеңде компьютерлік қызметтің функционалдық жағын орындаушы ретінде адам бағынушы да, басқарушы да рөлін атқара алады. Немесе онымен ұзақ жұмыс істеу барысында орындардың реті өзгеріп отыруы да мүмкін.
Осылайша, компьютерлену тек жағымды, ілгері өзгерістерге ғана емес, сонымен бірге жағымсыз, мәселен, адамның танымдық белсенділігінің төмендеуі, шығармашылық қабілеттің әлсіреуі, бірсарындылыққа бейімделудің күшеюі секілді өзгерістерге әкеледі. Сондықтанда онтогенездің күрделі сатысы – ОЖЖ-де ішкі жүйелік қатынастардың қалыптасу кезеңінде компьютерде жұмыс істеудің әсерін одан әрі терең, жан-жақты зерттеу өте маңызды болып табылады.
Әдебиеттер
, дамуы үшін, қоршаған
орта факторларын гигиеналық
нормаландырудың теориялық
Бірақ, қандай да бір факторды, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды.
Іс жүзінде осы құралдардың бәрінде негізі «жұмысң қондырғысы ретінде бейне дисплей терминалдары (БДТ) пайдаланылады.
Мектеп оқушылары ПЭЕМ жұмыс істеген кезде көбінесе физикалық факторлармен және информатика мен электрлі-есептеу кабинеттерінің ауа құрамының әртүрлі факторларымен кездеседі.
Компьютерлік сыныптардағы мектеп оқушыларының организміне әсер ететін негізгі физикалық факторлар: электростатикалық өріс; 50Гц-электромагниттік өріс; радиожиіліктегі электромагниттік өріс.