Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 17:23, доклад
Ноосферa (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосферa (гр. νόος – сана
және σφαῖρα – орта,
шар) немесе Антропосфера (
Ноосфера – ақыл-ой
сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымд
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны
материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара
қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің
жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген
адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның
ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық за
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалы
1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.
Ноосфера кезінде бүкіл
адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғы
Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады
Ноосфера ұғымы. Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар:
1) ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте);
2) адамзат пен табиғаттың ақыл-ой арқылы қарым-қатынас жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский)
Біз ноосфераны осы екінші түсінік бойынша қарастырамыз.
Теяр де Шарденнің анықтамасы бойынша, ноосфера дегеніміз — планета эволюциясының болашағының бағыттарын бақылап отыра-тын коллективті саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады.
В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады.
Ал ноосфера терминін 1927 жылы француз ғалымдары мен философтары Э.Леруа мен П.Теяр де Шарден ұсынған болатын.
Вернадскийдің биосфералық ілімі бойынша тірі заттар Жер планетасының жоғарғы қабатын өзгертеді. Адамның осындай іс-әрекеті біртіндеп ұлғая түседі де, ол негізгі планетарлық геологиялық күшке айнала бастайды. Сондықтан да адамдар ғаламшар болашағы мен эволюциясы үшін өзінің жауапкершілігін түсіне білуі керек,
Өзінің ноосфера туралы концепцияларына Вернадский мынандай алғы шарттарды ұсынады:
1) Адамзат біртутас бүтін қоғам. Кез келген құрылық бөлігндегі болып жатқан жағдайлар барлық жерге ортақ;
2) Байланыс пен ақпарат таратудағы жаңалықтар. Олардь жер шарының кез келген түкпіріне таратады;
3) Адамзаттың тең өмір сүруі - ноосфера үшін қажетті жағдай;
4) Адамзаттың өмір сүру деңгейінің көтерілуі, халық массасының мемлекеттік және қоғамдық істерге араласу мүмкіндігі;
5) Энергетикалық дамуы, энергияның жаңа көздері мен түрлерінің ашылуы;
6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы.
Вернадскийдің ноосфера туралы концепциясы ғылыми орталарда қазіргі кезде жан-жақты талқылануда. Ол экологиялық мәселелерді шешу мен адамзат қоғамын сақтап қалу жөніндегі идеялар мен теорияларға негіз болып саналады.
Вернадский Владимир Иванович
(12.03.1863 – 6.01.1945)
Кеңес минералогы,
кристаллограф, геохимик, биогеохимик,
радиогеолог, СССР ҒА академигi (1912
жылдан), УССР ҒА академигi (1919 жылдан),
оның алғашқы президентi (1919-1921). Петербургте
туылған. Петербург университетiн
бiтiрдi (1885). Ф.Ульяновпен бiрге студенттiк
халықтық үйiрмесiне қатысты. 1886-1888
жылдары Петербург
Вернадскийдiң ғылыми қызығушылығы жан-жақты. Геохимияның негiзiн қалаушы бола отырып, Жердiң құрамы мен құрылысының заңдылықтарына алғаш зерттеулер жүргiздi (Жер қыртысы, гидросфера және атмосфера). Жер қыртысындағы химиялық элементтердiң миграциясын және оның эволюциясындағы радиоактивтi элементтердiң алатын орнын зерттедi. Геохимиялық процестердегi тiрi заттардың алатын рөлi туралы теорияны жасады (1923). Оның жұмыстары қазiргi геологияның, минералогияның, гидрогеологияның дамуының негiзгi бағыттарын анықтады.
Биология саласында негiзгi зерттеулер жүргiздi. Өмiрiнiң соңғы 20 жылын жануар және өсiмдiк организiмiнiң химиялық құрамын зерттеуге арнады. Тау жыныстарының желдену процесiндегi микроорганизмдердiң алатын орнын, кейбiр организмдердегi бiрнеше элементтердiң концентрациялану құбылысын және олардың пайдалы қазбалар орындарының түзiлуiне қатысуын айтып өттi. Биосфераға анықтама бердi (1926). Биосферадағы тiрi организмдер жиынтығын тiрi зат деп атады.
К.А. Тимирязевтың күн сәулесiнiң өзгеруiнде өсiмдiктiң ролi туралы жұмыстарына сүйене отырып, тiрi зат күн сәулесiн трансформациялап, биорганикалық материяны үздiксiз алмасуға қатыстыруын көрсететiн iлiм жасады. Биосфера iлiмiнiң негiзiн қалаушы, биогеохимияның негiзiн қалаушылардың бiрi. Көп еңбектерi жаратылыстану және ғылым тарихының философиялық мәселелерiне арнады. Кеңес геохимиктерiнiң мектебiн жасады.
Чехославакия (1926) және Париж (1928-ж.бастап) ҒА-ның мүшесi, Югославия ғылыми академиясының және өнерiнiң және де көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесi (1928 ж.бастап).
СССР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1943). СССР ҒА Президиумы сыйлықтар және В.И. Вернадский атындағы (1963) Алтын медалiн тағайындады. Оның атымен (1947) СССР ҒА геохимия және аналитикалық химия институты аталған.
Информация о работе Ноосфера биосфераның жоғарғы сатысы ретінде.В.И.Вернедский ілімі