Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2015 в 14:04, реферат
Популяция туралы түсінік Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ №3
Тақырыбы: «Эволюциялық эволюцияның мағынасы»
Орындаған: Султаева Н.Н. (магистрант,
МБЛ-409 Биология)
Тексерген: Смагулов А.К. (б.ғ.п.)
Семей 2015 жыл
Изоляция және деизоляция - адамдарды күнделікті рутиналық қалыпты өмірден түрмелер, приюттар, ауруханаларға, қарулы күштер мен мектепинтернаттарға ұзақ мерзімге бөлу. Ұзақ мерзімді изоляция институционализация мәселелеріне әкелуі мүмкін, мысалы, тұтқындар немесе пациенттер. Деизоляция әдетте психикалық ауруханалар сияқты мекемелерден адамдардың босатылу саясатын білдіреді.[1]
Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор.
Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Эмпедокл, т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындығын, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды. Қайта өркендеу дәуірінде (15 – 16 ғасыр) жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты түрлі тұжырымдар қалыптасты. Мысалы, креационистік тұжырым – тіршілікті жаратушы құдіретті күш бар деп есептесе, трансфоризмдік тұжырым – тірі организмдердің өзгеретіндігін мойындағанымен, олардың тарихи дамуын дұрыс түсіндіре алмады. Мұндай көзқарасты жақтаушылар: Д.Дидро, И.В. Гете,Р.Гук, Ж.Бюффон, Эразм Дарвин, Ж.Сент-Илер, т.б. болды. Эволюциялық ілімнің пайда болуына үлкен әсер еткен К.Линнейдің тірі организмдерді жеке жүйелік топтарға жіктеуі болды (қ. Бинарлық номенклатура). Ең алғашқы эволюция ғылым көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген Ж.Б. Ламарк болды. Ол 1809 жылы “Зоология философиясы” атты еңбегінде эволюцияның ұзақ уақытқа созылатын тарихи процесс екендігін атап көрсетті. Тіршіліктің қарапайым түрлерінің біртіндеп күрделілене түсетінін мойындап, тірі организмдерді күрделілену сатысына сәйкес орналастырды. Ол эволюция процесінің негізгі факторы тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атап көрсетіп, өз жүйелеуінде туыстық белгілеріне байланысты жіктеуге айрықша көңіл бөлді. 19 ғасырдың алғашқы жартысында Эволюциялық ілімнің дамуына жаратылыстану ғылымдарының дамуы мен қоғамның әлеуметтік-экономика жағдайларының өркендеуі де әсер етті. Бұл кезде микроскоптың шығуы мен жасуша теориясының ашылуы тірі организмдердің шыққан тегінің бір екендігін дәлелдеп берді. Палеонтология, салыстырмалы анатомия және салыстырмалы эмбриология ғылымдарының жетістіктері, сондай-ақ ағылшын геологы Ч.Лайелльдің (1797 – 1875) Жер ғаламшарының қалыптасуы туралы теориясы да Эволюциялық ілімнің дамуына ықпал жасады. 1859 жылы Ч.Дарвиннің эволюция теорияны қалыптастыруы Эволюциялық ілімнің ғылым негізін салды. Ол организмдер эволюциясының қозғаушы күшін ашты, яғни эволюция тұқым қуалаушылық өзгергіштіктің негізінде, тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асатынын атап көрсетті. Осының нәтижесінде дарвиндік теория қалыптасты (қ. Дарвиншілдік). Эволюция теорияны Э.Геккельдің белгілі бір жақын түрлердің тарихи дамуын анықтауда үштік параллелизм әдісін (палеонтология, салыстырмалы анатология және салыстырмалы эмбриология) қолдануы толықтыра түсті. Эволюциялық ілімнің дамуына биогенетикалық заңның ашылуы зор әсер етті. 20 ғасырдың басында Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары ашылғаннан кейін Дарвиннің Эволюциялық ілімне сын айтулар көбейді. Бұл кезеңде түрдің пайда болуы біртіндеп емес, кейде секірмелі түрде жүретіндігі туралы болжамдар айтыла басталды. Дарвиннен кейін молекула биология мен генетиканың жетістіктеріне байланысты жаңа деректер Эволюциялық ілімге ұштасып, барлық органика дүние туыстас деген пікір айқындала түсіп, жаңаша талдаулар жасала бастады. Мысалы, орыс ғалымы С.Четвериков (1880 – 1954) популяцияда мутантты гендер (гетерозиготалы) көп болады, бұл тұқым қуатын өзгергіштікті жинақтайды, осыған байланысты жеке белгілер бейімдеуші болуы мүмкін деген пікір айтып, ғылымға “Тіршілік толқыны” деген ұғым енгізді. Ал америкалық ғалым С.Райт (1889 – 1959) гендердің дрейфі деген ұғымға ерекше мән берді. 20 ғасырдың 30-жылдарында микро- және макроэволюция туралы қалыптасқан кешенді көзқарастар – эволюцияның жасанды теориясы деп аталды. Оның негізгі қағидалары: тұқым қуалаушылық өзгергіштіктің бірден-бір көзі болып саналатын – мутация эволюцияның материалы болады; эволюция факторлар – тіршілік толқыны, оқшаулану, гендердің дрейфі кездейсоқтық және бағытталмаған сипатта болады; эволюцияның қозғаушы күші – табиғи сұрыпталу; жүйелік топтардың эволюциясы биология прогресс және биология регресс жолдарымен жүруі мүмкін; биология прогресс арогенез, идиоадаптация арқылы өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады; эволюция ұзақ уақыт арқылы бағытталмаған әрі алдын ала ойламаған сипатта болады.
Маркс айтқан адамның қалыптасуға ұмтылуының абсолюттігі, яғни шексіз, шетсіз дами беруі, тек даму үшін даму адамзатқа ақырғы, ең биік құндылық бола алмайтын сияқты. Даму да қандай және қалай болатынына қарай өзін ақтай алады, өзін өзі емес. Мысалы, өзін қоршаған дүниені тек тұтыну мен пайдагерліктің тұрғысынан көріп, сөған шексіз үстемдікке, жебірлікке ғана ұмтылып, сол жолда ғана дами берсе, ол ерте ме, кеш пе адамзатты үлкен апаттарға дұшар етуі сөзсіз. Адамзаттың сыңаржақты тек техникалық жағынан дамуы осының нәтижесі. Қалыптасуға ұмтылудың абсолюттігі Батыс адамының даму үлгісіне көбірек үқсайды. Ол қазір, әрине, шығыста да өріс алып келеді. Адамдардың жеке бір мұқтаждығын алға шығарып, тек соның шеңберінде дами беру жеке адамды болсын, жалпы тұтас бір халықты болсын шын мәніндегі даму жолына әкелмейді. Біздіңше жалпы рухани даму, соның ішкі өзегі – адамгершілік, ізгілік жолындағы даму ғана оны шын мәніндегі даму етеді. Себебі, тек ізгілік қана адамдарды өзімшілдіктен жалпы адамзаттық ауқымда, онан әрі жалпы әлемдік ауқымда үйлесімдікке жетелейді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. А.В. Яблоков, А.Г. Юсуфов. Эволюционное учение. М. 2006
2. Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. –5-е изд.- М.: «Академия»,2007.
3. Биология /Викторова, Т.В. - 2013
4. Дополнительная литература
5. И.И. Шмальгаузен. Факторы эволюции. – М. – 2000
6. К.М. Завадский. Вид и видообразование. – Л. – 2001
7. Красная книга Казахстана 1. Позвоночные животные. Алматы,1996.
8. Биологический энциклопедический словарь / Гл.ред.М.С.Гиляров – 2-е
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ №4
Тақырыбы: «Табиғи сұрыптаудың рөлі»
Орындаған: Султаева Н.Н. (магистрант,
МБЛ-409 Биология)
Тексерген: Смагулов А.К. (б.ғ.п.)
Семей 2015 жыл
ТАБИҒИ сұрыптау жолымен органикалық эволюция теориясын дүниеге келтіруші Чарлз Дарвин 1809 жылдың 12 ақпанында (дәл сол күні Авраам Линкольн да туған) Англияның Шрусбери қаласында туған. Ол он алты жасында Эдинбург университетіне оқуға түсіп, медицинаны оқып-үйрене бастайды, алайда ол үшін медицина мен анатомия адам жалықтыратын дәрістер болып көрінеді де, көп ұзамай өмірін дін саласына бағыштамақ боп Кембридж университетіне ауысады. Кембриджде ол салт атқа мініп қыдыру мен ату өнері оқудан гөрі жанына жақынырақ екенін ұғады. Сонымен бірге ол ондағы бір профессорге қатты ұнайды да оған британдық «Бигль» әскери корветіне табиғат танушы болып орналасу туралы ұсыныс жасайды. Әкесі бұл ұсынысты баласының дұрыс жол тандауына кесірін тигізетін іс деп ұғып, оған қарсы шығады. Әйтеуір, бақытына орай, әкесі бұл сапарға қарсы болмайды, өйткені дәл сол кезде бұл сапар бүкіл батыс ғылымы тарихындағы дүниені айналып шығудағы ең бір табысты экспедиция болады деген болжамдар жиі айтылып жүрген болатын.
Дарвин «Бигльдің» бортына көтерілгенде, ол жиырма екі жаста еді. «Бигль» сонан кейінгі бес жыл ішінде дүниені айналып шығып, аспай-саспай Оңтүстік Американың жағалауына тұмсық тіреді. Ол Галапагосс архипелагының, Тынық және Үнді мұхиттарының, Оңтүстік Атлантика аралдарын аралап шықты. Дарвин осы бір ұзаққа созылған теңіз сапары кезінде көптеген таңғажайып табиғат құбылыстарымен танысты, жабайы тайпалар арасында болды, көптеген көне тас ескерткіштер тапты, аса мол өсімдік түрлері мен жан-жануарлар дүниесін көрді. Дарвин ол көргендерінің Ол жол жазбалар кейіннен болашақ ғылыми жұмыстарының негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге олардан өзінің басты идеялары мен дәйек-дәлелдемелерін алды, теорияларының іргетасын мызғылмастай етіп бекітуге пайдаланды.
1836 жылы Дарвин үйіне
оралып, жиырма жыл ішінде оны
Англия биологтарының жетекші
тобына қосып жіберген
Ол өзінің бұл теориясының негіздерін тек 1842 жылы ғана жарыққа шығарды. Ал 1844 жылы осы проблема жөнінде арнайы кітап жазып шықты. Алайда 1858 жылдың маусымында, өзінің бұл ұлы еңбегін толықтыру мен өңдеуден өткізіп жатқан тұста, эволюция теориясы жасақталған Алфред Уоллестің (сол кезде Вест-Үндіде тұрып жатқан ағылшын табиғат танушысының) қолжазбасын қолға түсірді. Уоллес теориясының көптеген тұстары Дарвиннің теориясымен дәл болып шықты. Уоллес өзінің теориясын ешкімнің ықпалынсыз өзінше жасақтап шыққан болатын, ол өзінің қолжазбасын Дарвинге жіберген себебі, оны сол кездегі ең беделді биолог ретінде бағалай отырып, оның пікірін білмек еді. Ақыр соңы айтыс-тартысқа созылып кететіндей ыңғайсыз-ақ жағдай туды. Бірақ, құдай ондап, олай бола қойған жоқ. Уоллестің қолжазбасы мен Дарвиннің жүйеленген кітабы келесі айда-ақ біртұтас құжат ретінде жұртшылықтың назарына ұсынылды.
Таңқаларлығы сол, бұл еңбектің тұсау кесері тұсында ешқандай да айтыс-тартыс бола қойған жоқ. Солай бола тұра келесі жылы шыққан Дарвиннің кітабы оқырмандар арасында үлкен сілкініс тудырды. Сол уақытқа дейін жарық көрген кітаптардың бірде бірі «Табиғи сұрыптау жолымен пайда болатын жан-жануарлар мен өсімдіктер түрлері» мен «Өмір үшін күресте тектердің сақталып қалуындай» ғалымдар тарапынан да, қарапайым оқырмандар тарапынан да кең түрде талқы-таразыға түскен емес еді. Фактның аты факт. 1871 жылы Дарвин өзінің «Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыптау» кітабын жариялаған кезде де, әлгі кітаптардың айналасындағы айтыс-тартыс басыла қойған жоқ болатын. Адам маймыл тектілерден жаратылған деген идеяны алға тартқан бұл кітап онсыз да қызып тұрған айтыс-тартыстың отына май құйғанмен бірдей болды.
Дарвиннің өзі бүл айтыс-тартыстардың қай-қайсынан да өзін сырт ұстады. Оның себебі «Бигль» саяхатынан кейін оның денсаулығы сыр беріп қалған еді (ол Оңтүстік Америкада құрт-құмырсқалардың шаққанынан тропикалық ауруға шалдыққан болатын). Сонымен бірге эволюция теориясының қорғаушылары қайтпас қайсар тартыс шебері, әрі Дарвин теориясын жақтаушы Томас Г.Хакслиді алға шығарды. 1882 жылы Дарвин өлгенге дейін-ақ ғалымдардың көбісі, онын теориясының дұрыстығын мойындаған болатын.
Дарвинді жан-жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы идеясынын жалғыз атасы деуге болмайды; оған дейін де бұл теорияны француз натуралисі Жан Ламарк пен өзінің атасы Эразм Дарвиндер алға тартқан. Алайда ол болжамдарды ғылым әлемі құптап қабылдай қойған жоқ, өйткені оны алға тартушылар ол құбылыстын неден пайда болатынын түсіндіріп бере алмады. Дарвиннің ұлылығы сонда, ол мұндай эволюцияның механизмін қолға ұстатқандай етіп көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге өзінін болжамдарын бұлжымайтын көптеген дәлел-дәйектемелермен бекітіп те берді.
Дарвин теориясынын әлдеқандай бір генетикалық теорияға сілтеме жамасай-ақ жасақталғаны ешқандай күмән тудырмаса керек. Онда тіпті ондай теориямен таныс болғаны туралы куә де жоқ. Дарвиннің заманында жекелей ерекшеліктердін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысатынын ешкім зерттемеген болатын. Тіпті Дарвин өзінің дәуірлік манызы бар кітаптарын жазып, баспалардан шығарып жатқан кездін, өзінде-ақ Грегор Мендель тұқым қуалаушылық зандылықтарын жасақтаған болатын. Дарвин жаңалықтарын толықтыра түсетін Мендель еңбектері 1900 жылға дейін көзге ілінбей келді. Ал бұл кезде Даврин есімін жұрттың бәрі мойындап болған еді. Ал бүгінде генетикалық тұқым қуалаушылық пен табиғи сұрыптауды өзіне сіңіріп алған біздің түсінігіміздегі эволюция Дарвин ашқан жаңалықтан гөрі де анағұрлым толыққанды болып шықты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. А.В. Яблоков, А.Г. Юсуфов. Эволюционное учение. М. 2006
2. Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. –5-е изд.- М.: «Академия»,2007.
3. Биология /Викторова, Т.В. - 2013
4. Дополнительная литература
5. И.И. Шмальгаузен. Факторы эволюции. – М. – 2000
6. К.М. Завадский. Вид и видообразование. – Л. – 2001
7. Красная книга Казахстана 1. Позвоночные животные. Алматы,1996.
8. Биологический энциклопедический словарь / Гл.ред.М.С.Гиляров – 2-е
Информация о работе Популяцияның генетикалық популяциясының үдерістері