Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 12:16, реферат
Саңырауқұлақтар - эукариотты өсімдік тектес микроорганизмдерге жатады. Қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер. Саңырауқұлақтың көбісі сыртқы ортадағы табиғи субстраттарда бос өмір сүруі мүмкін. Кейбіреулері адамда инфекциялық қоздырғыш ретінде шығады. Осындай саңырауқұлақтар тудыратын ауруларды микоздар деп атайды. Қазіргі кезде медицинадағы өзекті мәселелердің бірі осы саңырауқұлақ арқылы таралатын ауруларға алдын алу шараларын кеңінен қолданып , тиімді емдеу әдістерін ойлап табу болып табылады.
1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім: а) Саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттері және морфологиялық ерекшеліктері.
ә) Саңырауқұлақтардың жіктелуі.
б) Микоздар қоздырғыштары: беткейлік микоздар(кератомикоз, эпидермомикоз, трихомикоз), жүйелік (терең) микоздар( кокцидиоидоз, бластомикоз, гистоплазмоз), теріастылық микоздар (споротрихоз, хромомикоз), оппортунистік микоздар( кандидоз).
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.
Болжамы: жақсы.
Профилактикасы: дер кезінде табылған және емделген микроспория,
жабайы мысықтарды және иттерді аулау,
үй жануарларын жүйелі тексерту.
Трихофития.
Trichophyton тұқымдастығының әртүрімен шақырылатын,
терінің кез келген бөлігін және тырнақты
зақымдайтын ауру. Клиникалық екі түрі
бар: беткей және инфильтративті-іріңді
трихофития.
Беткей трихофития: антропофильді саңырауқұлақтармен шақырылады.
Өте жұқпалы ауру. Тегіс теріде беткей
трихофития анық айқындалған дөңгелек
немесе сопақша ісікті зақымдаулармен,
шетке қарай өсу тенденциясы бар. Ошақты
шеткері жерінде ұсақ көпіршіктерден
қабыршақтардан құралған борбгор орналасқан,
ортасында аздаған қабыршақтар орналасқан.
Бастың шашты бөлігінде локализацияланған
процессінде көптеген ұсақ, жайылған нохат
дәнінен тырнаққа дейінгі көлемде, ақ-сұр
қабыршақтар орналасқан. Тері беткейінен
2-3 мм биіктікте шаш сынған, майысқан және
әлсізденген.
Бала кезінде пайда болған беткей трихофития
үлкендердің созылмалы трихофитиясына
айналуы мүмкін. Көбіне әйелдер ауырады.
Желке және самай бөлікте ұсақ ошақты
құрғақ себорея типіндегі диффузды қабыршақтану
көрінеді. Осы ошақтарда ұсақ атрофиялық
тыртықтарды және қара нүктелі шаш түбірлерін
де көруге болады, олар фолликул саңылауында
сынған. Тегіс теріде қызыл-көкшіл, аз
қабыршақтанатын айқын шекарасыз ошақтар
бар. Ең жиі кездесетін локализациясы
бөксе, сан, алақан, саусақтардың ішкі
беті.
Инфильтративті-іріңді трихофития – зоофильді саңырауқұлақтармен шақырылады және фолликулит, перифолликулит және тері асты түйіндермен іріңді интенсивті қабыну процесстерімен көрінеді. Ауру үй жануарларынан беріледі ( ат, қара мал және т.б.).
Үлкендерде процесс жиі сақал, мұрт аймағында
кездеседі және паразитарлы сткоз деп
аталады, ал балаларда басында – Цельс
керионы деп аталады.
Дамыған ошақ анық шектелген, дөңгелек,
тегіс немесе төмпешікті беткейлі, зақымдалмаған
теріден көтеріңкі, қоңыр түсті ісік тәрізді,
импетигиозды қабыршақпен жабылған, фолликул
саңылауы жоқ, басқанда немесе өздігінен
ағатын іріңі бар. Зақымдалған ошақтың
көп бөлігі түсіп қалады. Ошақтан ащы жағымсыз
иіс шығады. Жедел іріңді фолликулиттердің
және перифолликулиттердің дамуымен,
ауру шаштар және ірің эляминацияланады,
терең трихофитиялар өздігінен жазылуға
бейім. Жазылу ұзақтығы қабыну процесінің
жеделдігіне байланысты. Көбіне процесс
2-3 айға созылады, тыртықпен шаштың жартылай
өлуімен аяқталады.
Диагноз: клиникалық мәліметтер,
микологиялық зерттеулер, қоректік орталарға
егу.
Дифференциальды
диагноз: бастың шашты бөлігінің және терінің
микроспориясы, фавус, вульгарлы сикоз,
ақшыл-қызыл теміреткі, себореялы экзема.
Емі: терінің тегіс бөлігінің
зақымдалуында 2-5% йод тұнбасымен және
кешке 5-10%күкіртті-салицил мазін жағу.
Бастың шашты бөлігінің зақымдануында
аптасына 1 рет шашты алады, 2-5% йодтың спиртті
ерітіндісімен, түнде 5%күкіртті-салицил
немесе 5-10% күкіртті-дегтярлы мазь жағу.
Осыларға қоса антимикотикалық препараттар
тағайындайды ( низорал, орунгал, ламизил
және т.б.).
Инфильтративті-іріңді трихофитияның емін қабыршақты тазалаудан бастайды, 2%салицил вазелині жағылған таңғышымен орайды, одан кейін шашты алады, содан ылғалды кептіргіш таңғыштар тағайындайды, қабыну кеткеннен кейін 10-15% күкіртті-дегтярлы, 10%күкіртті-салицил мазін жағады.
Жүйелік (терең)
микоздар: кокцидиоидоз, бластомикоз,
гистоплазмоз.
Histoplasma capsulatum ретикулоэндотелиальді жүйені бұза отырып, гистоплазмозды тудырады: түйіндер түзе отырып өкпені, мұрын-жұтқыншақты, көмейді, АІТ, теріні зақымдайды.
АҚШ- та, Орталық және Оңтүстік Америкада, топырақта кездеседі, әсіресе құстарға жарқанаттарға эксперимент жүргізгенде; құстардың ұясында және үңгірлерде кездеседі; жарқанат мекендейтін елдерде шаңды спораларымен демалған кезде зақымдалады. Науқас адам қоршаған ортаға зиянды емес.
H. capsulatum – диморфты саңырауқұлақ; макрофагтарда, гистиоциттерде, тіндерде ащытқы тәрізді түрін түзеді; Сабуро ортасында 20-25°С мицелиальді түрі, ал 37°С қанды агарда ащытқы тәрізді түрі өседі. Атауына қарамастан капсуласы болмайды.
|
|
In vitro. Колониялар септирленген бұтақты диаметрі
5 мкм-ге дейінгі гифтерден тұрады. Макрокондиилер
ірі дөңгелек немесе алмұрт тәрізді (d=
10-25 мкм). Микроконидии тамшы тәрізді, мөлшері
2-6 мкм. Сонымен қатар хламидоспоралар
түзеді.
In vivo. Тіндік фаза: тіндерде домалақ, кішкентай
диаметрі 2-5 мкм болатын жасушалар пайда
болады, бұлар жасушаның тар жағынан бастап,бүршіктеніп
көбейеді. Микробиологиялық диагностикасы.
Зерттеуге алынатын материал – ірің, қақырық,
жарадан қырынды, ликвор, зәр және т.б.
Препараттарды Грам, Шифф, Гомори, Циль-Нильсен,
Романовский-Гимзе әдістерімен бояйды.
Микроскопиялау кезінде жасуша ішілік
( жиі гистоциттерде) және жасушадан тыс
ұсақ аймақтар екі жақты пішінді сопақша
ащытқы тәрізді бір бүйректі жасушалар
анықталады. H. capsulatum Сабуро ортасында,
сарысулы немесе қанды агарларда ақшыл-қоңыр
түсті мамықталған колониялар өседі.
Серологиялық зерттеу барысында КБР,
ИФР, РП антиденелерді анықтайды.
Тері-аллергиялық сынамасын саңырауқұлақтардың
гифтерінен алынған гистоплаз-минмен
қояды.
Blastomyces dermatitidis бластомикоз
(солтүстік америкалық бластомикоз, Гилкрист
ауруы) – созылмалы гранулематозды ауру:
висцералді түрі өкпе каверналарында
инфиль-траттардың дамуымен , сүйек, бауыр
және көкбауырды зақымдауымен сипатталады.
Топырақта және өсімдік қалдықтарында
болады, спораларымен демалған кезде зақымда-лады.
Ауру АҚШ, Канада, Африкада кездеседі,
ал қалған елдерде сирек кездеседі.
B. dermatitidis – диморфты саңырауқұлақ; тіндерде
ащытқы тәрізді түрін түзеді; қоректік
орталарда 20-25°С мицелиальді түрі, ал 37°С
– ащытқы тәрізді түрі өседі.
|
|
In vitro. Колониялар септирленген гифтерден
диаметрі 1-3 мкм шеттері дөңгелек алмұрт
тәрізді (d= 3-5 мкм) конидиялардан тұрады.
Дақыл ескірген кезде диаметрі 7-18 мкм
болатын хламидоспоралар түзіледі.
In vivo. Тіндік фазасы: тіндерде
диаметрі 8-15 мкм болатын екі қабаттан
тұратын домалақ және сопақшалы жасушалар
пайда болады. Бүршіктену арқылы көбейеді.
Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге алынатын материал – ірің,
қақырық, биоптат, жарадан қырынды, ликвор,
зәр және т.б.
Клиникалық материалды микроскопиялау
барысында ірі ащытқы тәрізді жасушалар
қалың екі жақты пішінді қабаттар анықталады.
Таза дақылын Сабуро ортасынан және т.б.
орталардан сарғыш-сұр түсті үлпілдек
колониялар алады.
Серологиялық зерттеу
Тері-аллергиялық сынамасын саңырауқұлақ
жасушасының экстрактісінен алынған бластомицинмен
қояды.
Coccidioides immitis
Кокцидоидоз (кокцидиоидомикоз) – контагиозды
емес микоз (науқас қоршаған ортаға қауіпті
емес) біріншілік өкпе инфекциясы түрінде,
грипп тәрізді, кейде түйінді немесе көп
формалы эритемалар дамиды, тері, буын
және ішкі мүшелердің зақымдалуымен сипатталады.
Өкпеде жұқа қабырғалы каверналар дамиды,
тыртықтанғаннан кейін созылмалы процеспен
жүреді.
C.immitis Топырақта АҚШ және Латын америкасының
оңтүстік-батысында мекендейтін елдерде
кездеседі. Артроспоралармен демалған
кезде зақымдалады.
C. immitis – диморфты саңырауқұлақ, оларда
болады:
|
|
In vitro. 25°С өскен колониялар септирленген
гифтерден және артроспоралардан тұрады
(мицелярлы фазасы).
In vivo. Тіндік фаза: қақырықта,
мүшелерде сферулалар пайда болады ( диаметрі12-200
мкм ), эндоспоралары бар (диаметрі 2-5 мкм).
Эндоспоралар сферулалардан шығады, өсіп,
қайтадан сферулаларға айналады.
Микробиологиялық диагностикасы.
C.immitis вирулентті саңырауқұлақ, сондықтан
олармен арнайы мамандандырылған зертханаларда
жұмыс жасайды. Зерттеуге алынатын материал
– ірің, қақырық, қан, ликвор, зәр және
т.б
Клиникалық материалды микроскопиялау барысында сферула және эндоспоралар табылады.
Таза дақылын Сабуро және қарапайым
орталарда 25°С бір аптадан кейін
өскен сұр түсті үлпілдек колониялар
алады. Колониялар гифтерден және артроспоралардан
тұрады (мицелярлы фаза).
Серологиялық зерттеу барысында КБР,
ИФР, РП антиденелерді анықтайды.
Тері-аллергиялық сынамасын саңырауқұлақ
мицелярлы фазадан және тіндік фазадан
алаынған сферулинмен кокцидиоидтік аллергенмен
қояды.
Биологиялық сынама: саңырауқұлақтардың
типті сферулаларын трансформациялау
үшін ақ тышқандарды интратестикулярное
заражение белых мышей мицелиалді қоспалармен
( дақылдық) интратестикулярлы зақымдайды.
Теріастылық микоздар : споротрихоз, хромомикоз
Споротрихоз.
Бұл ауру Шенк ауруы деп аталадаы. Оның қоздырғышы диморфты саңырауқұлақ Sprpthrix schenckii. Көбінесе топырақпен, гүл өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық жұмыскерлер ауырады.
Морфологиясы: Споротрихтың таза дақылының микроскопиялық сипаты өсу жағдайы мен сатысына байланысты. Мицелиялық сатыда гифалары түссіз жалпақтау, септаланған және бұтақталған. Конидия ұстаушылары жіңішке, гифадан тура бұрышты бағытта пайда болады. Конидиялары екі типті: түссіз, конидия ұстаушыда топтасып орналасады және қалың қабырғалы қоңыр түсті, тікелей гифалыларда орналасады.
Дақылдық қасиеті: S. schenckii диморфты саңырауқұлақ. Тығыз орталарда (Сабуро, картофельді орта) өсіп өнудің екі сатысы өтеді: мицелиялық және ашытқылық.
Мицелиялық сатысы кезінде колониялары алғашқыда қоңырлау түсті, 1-2 аптадан кейін қоңыр қара түсті: беткеі жұқа, қатпарланған, ылғалды. Біріншілік себіндіде ауалы мицелиялар болмайды. Ашытқылы сатысында жүрек ми тіндерінен дайындалған 5%-ды қанды агарда колонияларының беткейі ақ немесе ақшыл қоңырлау түсті болады.
Клиникалық көріністері: Аурудың кең таралған түріне созылмалы терілік немесе жарақаттанған жерде біріншілік зақымдану ошағы пайда болатын тері астылық микоз жатады. Зақымдалған жерлер қатайған, ауырмайды, қатайған жерлер ашық жараға айналуы мүмкін.
Хромобластомикоз.
Хромобластомикоз ( хромомикоз, веррукозды дерматит) терінің және тері асты шелмайының созылмалы грануломатозды микозы.
Қоздырғыштары- Fonsecaea pedrosoi және Fonsecaea compacta.
Морфологиясы: F. pedrosoi саңырауқұлағы ең жиі бөлініп алынатын қоздырғыш. Гифалары қоңыр түсті, септаланған. Ашытқылық сатысы болмайды. Конидия ұстаушының ұшында алдымен «2» тісшелер біріншілік споралар, ал олардан қосымша екіншілік споралар пайда болады, нәтижесінде күрделі кондиялық басы түзіледі.
Дақылдық қасиеті: Картофельдік агарда, Сабуро ортасында колониялары баяу өседі. 5-10 тәулікте майда сұрлау колониялар пайда болады: 10-15 тәулікте олар көкшіл –сұр түсті үлпілденген колонияға айналады. Жетілген колониялары –қара-қоңыр немесе қара түсті. Колониялар асты –қара пигменттелген.
Клиникалық көріністері: Әдетте аяқ-қол терілері зақымданады. Бірақ зақымдану ошақтары бетте, кеудеде, қарында, ішкі ағзаларда болуы мүмкін. Хромобластомикоздың 5 клиникалық түрлерін ажыратады: түйіндік, ісіктік, веррукозды дерматит, таңдақтық және тыртықтық.
Оппортунистік микоздар: кандидоз
Кандидамикоз қоздырғышы Candida туысына жататын, ашытқыға ұқсас микроскоптық саңырауқұлақ. Candida albicansжоғарғы жетілмеген саңырауқұлаққа жатады. Бұл жануарлардың кілегей қабаттарында өне бойы мекендейтін, кандидамикоз ауруын тудыратын, ас қорыту және әр түрлі органдардың кілегейлі қабаттарының тканьдерін зақымдайтын факультативті паразит. Candida albicansнегізінен құстарды, сирек торай, бұзау, қозы, күшіктерді ауруға шалдықтырады. Мұндай малдар организмінің резисттенттілігі төмендейді
Патологиялық материал
ретінде ауыз қуысы, өңеш, жемсауының
(бөтегесінің) кілегейі, сиыр сүті, т.б.
алынады. Диагнозды микроскопия
және таза өсінділерді бөліп алу негізінде қояды. Патологиялық материалдың
микроскопиясын боялмаған және Грам, Циль-Нильсон,
Романовский-Гимзе тәсілдерімен боялған
препараттарда жүргізеді. Боялмаған жағындыларда
саңырауқұлақ ортасында перделері бар
псевдомицели жіпшелері түссіз болып,
2-4-ке бөлініп жатқан жасушалары көрінеді
(25-сурет). Таза өсінді алу үшін материалды
2%-ды глюкозасы бар Сабуро, Сусло-агар,
ЕПА-ға себеді. Сусло-агарда C.albicans дөңгел
Candida albicans глюкоза мен мальтозаны қышқыл мен газға, сахарозаны қышқылға дейін ферменттейді, ал лактозаны ферменттемейді.
Кандидомикоз қоздырғышының патогенділігін анықтау үшін өсінді споралары мен мицелилерінің суспензиясын қоян, теңіз шошқасы және ақ тышқандардың қан тамырларына жұқтырады. Нәтиже оң болған жағдайда саңырауқұлақтар жануарлардың барлық органдарында дамиды.
Қорытынды.
Саңырауқұлақтар тірі табиғаттың ерекше тобы. Көптеген саңырауқұлақтар адамның, малдың терісіне түсіп, әсіресе шаш өсетін теріні зақымдайды. Ал пайдалы жақтары, түрлі ашытқылар, жемістен алынғаншырындарды түссіздендіру, мал жемінің сапасын арттыру, қағаз қалдықтарын ыдырату т.б.пайдалы жерлерде пайдаланылады. Саңырауқұлақтан дәріде өндіріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер бетінде әрбір 5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады. Саңырауқұлақтар тудыратын аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демікпесін асқындыруы да мүмкін. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқкиім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді. Сондықтан да, біз аурудың алдын алу үшін бірнеше қарапайым еоежелерге сүйенуіміз қажет: