Силлабус по визуальной диагностике КГМУ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 12:34, реферат

Краткое описание

Жақсы сөзді жарым ырысқа балайтын қазақ «жаман ауру» деп атын атаудан ат-тонын ала қашатын дертке дауа табылғанымен, әзірге ол оған тосқауыл бола алмай тұр. Дертке қарсы күрес күшейген сайын оның да құрығы ұзарып барады. Қазіргі қатерлі ісіктің беталысы «әкең өлгенді жасырасың, көмгенде қайтесің» дегенге сайып тұр. Бұдан біраз бұрын ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 2030 жылға қарай жаман аурудың шеңгеліне іліккендердің үлесі 75 пайызға өсетінін жалпақ жұртқа жайып салды. Ал ол үлестің қомақты бөлігі дамушы елдердің пешенесіне бұйырады деп болжамын және айтыпты. Соған қарағанда, әлем ғалымдары басын тауға да, тасқа да соғып, дәруін іздеген дерттің әзірге айылын жияр түрі жоқ. Онысымен қоймай, бұл қараң батқыр жаман ауру «жасарып» барады деген пікірлер де айтылып жүр.

Вложенные файлы: 1 файл

сүт безі ауруы 2.docx

— 34.90 Кб (Скачать файл)

Жақсы сөзді жарым ырысқа балайтын қазақ «жаман ауру» деп атын атаудан ат-тонын ала қашатын дертке дауа табылғанымен, әзірге ол оған тосқауыл бола алмай тұр. Дертке қарсы күрес күшейген сайын оның да құрығы ұзарып барады. Қазіргі қатерлі ісіктің беталысы «әкең өлгенді жасырасың, көмгенде қайтесің» дегенге сайып тұр. Бұдан біраз бұрын ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 2030 жылға қарай жаман аурудың шеңгеліне іліккендердің үлесі 75 пайызға өсетінін жалпақ жұртқа жайып салды. Ал ол үлестің қомақты бөлігі дамушы елдердің пешенесіне бұйырады деп болжамын және айтыпты. Соған қарағанда, әлем ғалымдары басын тауға да, тасқа да соғып, дәруін іздеген дерттің әзірге айылын жияр түрі жоқ. Онысымен қоймай, бұл қараң батқыр жаман ауру «жасарып» барады деген пікірлер де айтылып жүр. 
 
Сонымен, мысық табандап келіп, тарпа бас салатын бұл – елімізде өлім-жітімді көбейтіп тұрған екінші сырқат. Өзі аз ғана халықтың көсегесін көгертпейтін дертке елімізде бүгінде 30 мың адам шалдыққаны анықталған. Қазіргі тіркеуде тұрғандардың саны 140 мыңнан асқан. Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің кесірінен 17 мың адам көз жұмады. Оның 45 пайызы – еңбекке қабілетті азаматтар. Қолда бар деректерге сүйенсек, кейінгі бес жыл ішінде қатерлі ісікке ұшырағандар саны артқан. Мәселен, 2006 жылы аталған дертке шалдыққандар саны 28 мың 573 болса, 2011 жылдың соңында 30 мың 299 адамға жетіпті. Зерттеушілер аталған көрсеткіштің жыл сайын 5 пайызға өскенін айтып, зар илейді. Ал Қарағанды облысында облыстық онкологиялық диспансердің тізімінде тұрғандардың саны – 18 325 адам. Еліміз бойынша – 5,6- орында. Биыл қатерлі ісіктің өсуі индустриялы өңірде 0,5 пайызды көрсетіпті. Соның ішінде қатерлі ісіктің асқынған стадиясы Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Приозерск қалаларында көрініс табуда. Ал төрткіл дүниеде аталмыш дертке жыл сайын Жаратқанның 10 млн жұмырбасты пендесі шалдығып, оның 8 миллионы бақилық болады екен. Бұл – әлемдегі адам өлім-жітімінің 13 пайызы.  
 
Сәбиде нең бар, сұрқия-сырқат! 
 
Белі бесіктен шықпай жатып-ақ қатерлі ісік қармағына түсірген сәбилеріміздің саны елімізде 1289 екен. Олар қан жүйесі, сүйектер мен жұмсақ тіндері, орталық жүйке жүйесі ісік ауруларынан жапа шегуде. 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті күшейту бағдарламасында елімізде жыл сайын жасы 15-ке толмаған 350-400 бала қатерлі ісікке шалдығатындығы айтылған. Қатерлі ісік деген диагнозбен Оңтүстік Қазақстан облысында – 208 бала, Алматы облысында – 142, Қызылордада– 107, Қарағандыда – 96, Шығыс Қазақстан облысында – 98, Алматыда – 111, Астана қаласында 80 бала тіркеуде тұрғандығы туралы дерек те бар. Қарағанды аймағында қатерлі ісікпен тіркелген балалардың көпшілігінде бұл дерті туа біткенін айтады, яғни ананың құрсағында жатқан эмбрион кезінде-ақ дене құрылысында кететін қателіктер салдарынан пайда болады. Биылдың өзінде жарық дүние есігін ашқан екі сәбиде қатерлі ісік анықталған. Тағы бір себеп – тұқымқуалаушылық. Бұл күні облыстық онкологиялық диспансерде тізімде тұрған балалардың 70 пайызына бүйрек қатерлі ісігі деген диагноз қойылған. «Егер баланың сырқатын ерте анықтаса, оның құлантаза айығып кетуіне де үміт зор», – дейді онколог-дәрігерлер. Бұл – ұлтымыз ұлы құндылықтардың бірі санайтын балалардың жағдайы. Ал олардың аналарының халі нешік? Мәліметтер «мәз емес» дейді.  
 
Сүт безі ісігі де «жасарып» келе ме? 
 
Деректер әйелдер арасында сүт бездері ісігінің де көп тарап және жасарып бара жатқанын көлденең тартады. Дәлірек айтсақ, әйелдер арасында орын алған қатерлі ісік аурының ішінде сүт бездерінің ісігі елімізде 21,4 пайызды қамтып отыр. Қатерлі сырқаттың салдарынан ауруға шалдыққан 3 мың әйелдің 1 мыңнан астамы жарық дүниемен қоштасатын көрінеді. Одан кейінгі орынды тері ісігі иемденген. Ол пайызға шаққанда – 11,6. Жатыр мойнының ісігі де осал емес 8,8 пайызды құрапты. Сондықтан дәрігерлер қазіргі таңда қатерлі ісіктің алдын алу үішн 40 жасқа дейінгі қыз-келіншектерді ультрадыбыстық тексеруден өткізуде.  
 
Өйткені, мамандардың айтуынша, бұл дертке шалдыққандар алғашқы кезде өзінің сырқат екенін сезбеуі мүмкін. Себебі ол адамды бірден әбігерге салып ауыртпайды, сыр білдірмейді. Сөйтіп жүргенде, ауруды асқындырып алуы әбден мүмкін. Дәрігерлер сырқат неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым оны емдеу мүмкіндігі де молая түсетінін айтып бағуда. 2007 жылы ДДСҰ 1,5 млн нәзік жанды қатерлі ісікке шалдыққан деген деректі мәлім еткен. Сонымен бірге бұл ұйым егер тиісті көлемде қатерлі ісіктің алдын алып, оған ден қоймаса, 2005-2015 жылдар кезеңінде бұл дерттен 84 млн адам көз жұмады дейді. 
 
Демек, ерте анықтау оған жасар емнің шипасын арттыра түспек. Әйткенмен, әлгі бір анекдотта «неміс «ауырайын деп тұрмын», орыс «ауырып тұрмын», қазақ «ауырған едім» деп айтылғандай біздің жұрттың жайбасарлығы да сорына сор жамап тұр.  
 
Мұратхан ЖҰМАҚАСОВ, медицина ғылымының кандидаты, жоғары дәрежелі дәрігер, Қарағанды облыстық онкологиялық диспансердің директоры:  
 
– Қатерлі ісік ауруы жасарып келеді деген дерек бізде жоқ. Біздің аймақта бұл өзгеріссіз. Өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Айталық, қатерлі ісік биыл 100 мың адамға 115,1-115,5 адамнан болып отыр. Сәбилер арасында да – сондай. Көрсеткіш қалыпты. Тіркеуде – 96 бала. Олардың көпшілігінде қатерлі ісік туа пайда болуда. Баланың сырқаты ерте анықталса, сәбидің жазылып кету мүмкіндігі де жоғары. Жүйелі түрде ем алса, балалар аурудан сауығып кетеді.  
 
Дауасыз дерттің шипасы бар... ма? 
 
Ғаламторға жүгінсеңіз, «қатерлі ісікке қарсы анадай дәрі, мынадай дәрмек табылды» деген дақпырт аз емес. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік – ол бір Аллаға ғана аян. Дегенмен қарағандылық ғалымдар ойлап тапқан «Арглабин» препаратының қатерлі ісікті емдеуде тиімділігін әлем мойындағанын атап өткен жөн. «Арглабин» – Арқадағы жусаннан жасалатын дәрі. Жусанның 1000 түрі болса, тек соның біреуінің ғана қатерлі ісікке қарсы тұрар қуаты бар екен.  
 
«Арглабиннің» тиімділігін Н.Блохин атындағы Ресейдің онкологиялық ғылыми орталығы да айғақтауда. Сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 20 адамға жүргізілген емханалық сынақ дәрінің ісік өршуін 20 пайызға төмендететінін көрсетіпті.  
 
Жалпы, 2000-2010 жылдар аралығында «Арглабиннің» арқасында 3 мыңнан аса онкологиялық науқас дертіне дәру тапқан. Теңдесі жоқ дәрінің тиімділігі 76 пайызды құрайды. Бүгінде «Арглабин» алу тәсілі шетелдің 11 елінде патенттелген. Қатерлі ісікке қарсы құрал ретінде Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Грузияда ресми тіркелген. Еліміздің барлық онкологиялық ауруханасында қолданылатын дәріні азуын айға білеген АҚШ та емдік терапиясына енгізіпті. Германия, Ресей, Грузия, Қырғызстанда бауыр, аналық безі, жатыр мойыны, өкпе және сүт безі қатерлі ісіктерін монотерапияда, басқа да химиотерапевтикалық құралдармен емдеуде және сәулелі емдеу терапиясында кең қолданылып отыр. Бір! Екіншіден, әйел адамдарда болатын жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алуға арналған вакцинация бар. Ол 12 жастан бастап, үш рет салынады екен. Сонда аталған вакцинация жатыр мойны ісігін екі есе төмендетеді дейді мамандар. Бұл – 20 жылдық зерттеудің тоқ етер түйіндісі. Бірақ ол ақылы. Әйткенмен денсаулықтан асқан байлық жоқ екенін ескерсек, аянып қалу қисынсыз. 
 
Ауырмайтын жол іздеген абзал-ды 
 
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, қатерлі ісік ауруы алғашқы сатыларында-ақ анықталғанда дерттен 100 пайыз айығуға болады. Тек денсаулыққа немкетті көзқарастан арылу қажет. Қазақ «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Айталық, өкпе қатерлі ісігінің 35 пайызы темекі шегуден пайда болады екен. Темекі шегетін 100 адамның 95-інде өкпе рагы пайда болуы мүмкін. Темекінің салдары сонымен қатар қуық қатерлі ісігін де тудырады. Тамақты өте ыстық күйінде ішу де ісіктің пайда болуына ықпал етсе, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтардың ақыры да асқазандағы жаман ауруға «құнарлы топырақ» секілді. Бұл – көп себептің бірсыпырасы ғана. Мұндай себептермен ауруға шалдығушылар өте аз: бір-төрт пайызды ғана қамтуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, негізінде урбанизация, ауыр металмен жұмыс істеу сынды өмірлік факторлар түрткі болуда. Ендеше, «сақтансаң, сақтаймын» деген нақылдың парқы да осында болса керек. Мұны көкейге мықтап тоқу қажет сияқты.

1.2222«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді қазақ. Осы сөздің түбіне терең бойлай білсек, ауру атаулыға дес бермес едік-ау. Ел естімеген аурулар көбейді. Қатерлі ісік деген тажал жер шары тұрғындарын жалмап барады. Ең сорақысы, бұл ауру көбіне адам өлімімен аяқталуда. Басты мәселе де – осы. Бірақ мамандар дер кезінде алдын алсаң, бұл қатерді де жеңуге болатынын айтады.

Дүйсенбіде облыстық онкология орталығында мамандар дөңгелек үстел басына жиналды. Дүниежүзіндегі сияқты аймағымызда да 14 мамырда “Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау және алдын алу” айлығы басталды. Мамандар шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы адам денсаулығына қатысты басым бағыттарды назарға алды. Статистикалық мәліметке жүгінсек, елімізде жыл сайын 29 мыңдай адам қатерлі ісікпен ауырып, оның 17 мыңға жуығы қайтыс болады екен. Ал Қызылорда облысы адам өлімі бойынша ІІ орынға шығып отыр. Бұған негізінен өмір салты мен қоршаған орта факторлары – темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, ауаның ластануы мен физикалық белсенділіктің төмендігі әсер етеді. Сала мамандары аурудың алдын алуға, белсенді профилактикалық тексеру арқылы ерте анықтауға, тіпті болмаса, медициналық көмек арқылы адам өмірінің сапасын жақсартуға толық мүмкіндік барын айтады. Осы мақсатта денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларды анықтау үшін арнайы қаражат бөліп, сүт безі, жатыр мойны және тік, тоқ ішектерін тексерістен өткізу шараларын қолға алды. Жағымды жаңалық, алдағы уақытта облыс аумағынан 175 орындық онкологиялық орталық бой көтермек. Жалпы сметалық құны шығарылған, құрылыс 2013 жылы басталады. Оған қоса, кешен жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылатын болады.

Әрбір азамат өз денсаулығына жауапты. Олай болса, аурудың алдын аламын деушілер тиімді тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытылы тексеруден өтуі тиіс.

1.3333333

Қазақстанда сүт безінің қатерлі ісігі жылына мың жарым әйелдің өмірін қияды

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2007 жылы әлемде қатерлі ісікпен ауыратын әйелдердің саны бір жарым миллионға  жеткен. Қазақстанда қатерлі ісік аурулардың ішінде сүт безінің ісігі  бірінші орынға шығып отыр. Елде жыл сайын 3000-нан астам әйел осы  ауруға шалдықса, дерт салдарынан 1500-ге жуық адам көз жұмады. Мамандар бұл  дерттің асқынуына негізгі себеп - әйелдердің дәрігерге кеш қаралуы  дейді.

Мәтін көлемі

Нәйла СҰЛТАНЖарияланған уақыты: 23.06.2008

Алматыдан 50 шақырым жердегі ауылда тұратын 30 жасар Гүлбаршын өзінің сүт безінің қатерлі ісік ауруына шалдыққанын байқамай жүре бергенін айтады. Емханадағы дәрігерлік тексеруде оның бойындағы асқынып бара жатқан дерттікездейсоқ анықтаған маммолог Гүлбаршынды дереу операцияға жіберіпті.  
 
- Сүт безі қатерлі ісігінің кеудеме шыққанына біраз уақыт болыпты. Нақты қай уақытта екенін білмеймін. Мен осыған дейін арнайы тексерістен өткенім жоқ, - дейді Гүлбаршын. 
 
Мамандар сүт безінің қатерлі ісігі ауруы жас талғамайтынын, дерттің алдын-алу үшін дәрігерге жиі қаралып тұру қажеттігін ескертеді. Егер дертті дер кезінде анықтағанда бүгінгідей халге ұшырамас едім дейді Гүлбаршын: 
 
- Сүт безіне суық тиіпті де, кеудемде зақым (киста) пайда болыпты. Бойжеткендер, келіншектер кеудесін жиі тексертіп тұрғаны абзал. Дертті асқындырып алмай, дәрігерге бастапқы сатысында келген дұрыс екен. 
 
Қатерлі дертке шалдыққандардың тағы бірі Майра да ауруы асқынған кезде дәрігерге жүгініпті. Ол тұрмыс жағдайының төмендігінен дер кезінде ем алуға мүмкіндігі болмағанын айтып, өкінішімен бөлісті: 
 
- Сүт безі қатерлі ісігінің пайда болғанына 1 ай болған кезде дәрігерге келдім. Маммолог мамандар тексеріп, мендегі дерттің өте қатерлі түрін анықтап, дереу операция жасамаса, басқа ағзаларға өтіп кетеді деді. Операция сәтті аяқталды, қазіргі жағдайым жақсы. 
 
Маммолог мамандардың айтуынша, дертке шалдыққан әйелдердің жартысынан астамы ауру асқынған кезінде, яғни, 3-і және 4-ші сатысында ғана ем алуға келеді екен. 
 
- Әйелдер сүт безінің қатерлі ісігіне шалдықпас үшін ай сайын маммолог мамандарға тексеріліп отыруы қажет. Әрбір әйел күнде айнаның алдында қолымен кеудесін сипалай отырып, омырауында қандай да бір өзгерістің бар-жоғын бақылауы керек. Егер қандай да бір өзгерістерді байқап, сезіктенсе, дереу мамандарға жүгінгені дұрыс, - дейді Алматы қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Байжан Дүйсенғалиев. 
 
Ол қазіргі кезде Қазақстанда ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдердің 80 пайызға жуығы сүт безі ісігіне шалдығып отырғанын айтты: 
 
- Ісіктің өзі қатерлі және қатерсіз болып екіге бөлінеді. Бұл дерттің 90 пайызы қатерсіз ісіктер. Оның асқынған, асқынбағанын тек функция жасап, оны цитологиядан өткізу арқылы анықтап білеміз. Егер цитология қатерлі ісік деп тапса, онда ол адамды дереу есепке алып, мәлімдеме жасаймыз. Ол ауру мемлекеттік бақылауға алынғаннан кейін, оны диспансерге емделуге жібереміз. 
 
Маммолог мамандардың айтуынша, сүт безінің қатерлі ісік ауруының кеудеде пайда болғанын әйелдер айлап, жылдап сезінбейтін көрінеді. Басқа ісік ауруларына қарағанда ол жанға батып ауырмайды екен. 
 
Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін «Шипалы Азия» қоғамдық қорының вице-президенті Аршагүл Тойбаеваның айтуынша, қатерлі аурулардың ішінде сүт безінің ісігі бірінші орынға шығып отыр. Дерттің бұлайша тарауына басты себеп - елдің экологиялық ахуалы. Оған қоса ауруды уақытында анықтауға кадр тапшылығы да қолбайлау болып тұр екен. 
 
- Қазақстанда жылына осы дертпен 3 мың әйел ауыратын болса, оның тең жарымынан астамы осы дерттен көз жұмып отырады. Бұл өте қатерлі, қорқынышты көрсеткіш. Оны түзету үшін аурудың алдын алу керек. Қазақстан бойынша небары 44 маммолог кадр ғана бар. Ол мамандар қалада тапшы болып тұрғанда, ауылдағы әйелдердің жағдайы не болмақ? – дейді А.Тойбаева.

1.444Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі алғашқы орында

Елімізде онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі  бірінші орында тұр. Омырау обырымен тіркелген 3 мың әйелдің 1 мыңнан астамы жарық дүниемен қоштасқан. 
 
Қыз-келіншектердің көбісі омырау обырына шалдыққандарын кездейсоқ біліп жатады. Белгілері бірден байқалмағасын кейбірі жылдар бойы қатерлі ісікпен жүріп қалады. Мамандардың айтуынша, кеселдің пайда болуына көп жағдайда шылым шегу, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ себеп. Елімізде бұл ауру алғашқы сатысынан бастап күрделісіне дейін тегін емделеді. 
 
Жасы алпыстан асқан Гүлайым апа қатерлі ісікке шалдыққанын біле тұра, істің насырға шаппауын қадағаламапты. Дәрігерлер оған диагнозды осыдан 2 жыл бұрын қойған. Емделуді күнделікті күйбің тірлікпен кейінге қалдырған ол, ақыр соңында бір омырауын алдыртып тастауға мәжбүр болған. 
 
Мамандардың айтуынша, бұрын бұл ауруға жасы егде тартқан әйелдер көп шалдыққан. Ал қазіргі таңда бұл кесел 30-40 жастағылардың арасында белең алып кеткен.

 


Информация о работе Силлабус по визуальной диагностике КГМУ