Солақай адамдар туралы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 21:06, реферат

Краткое описание

Солақай – қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты. Солақайдың туа және жүре пайда болатын түрлері кездеседі. Жүре пайда болатын түрі түрлі жарақат, қолдың дертке шалдығуы, салдану, тағы басқа жағдайларға байланысты. Туа пайда болатыны көп жағдайда тұқым қуалайды. Мұның жасырын, яғни бірден байқалмайтын түрі де бар, яғни баланы жасынан дұрыс дағдыландырса, бұл кейін білінбей кетеді. Туа пайда болған Солақайды ажырату үшін баланың көзін байлап, бір бағытта түзу жүргізгенде Солақай бала көбіне оңға, оңқай солға қарай бұрылады. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Солақайлар.docx

— 37.80 Кб (Скачать файл)

Солақай адамдар  туралы мағлұмат

 

  Солақай – қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты. Солақайдың туа және жүре пайда болатын түрлері кездеседі. Жүре пайда болатын түрі түрлі жарақат, қолдың дертке шалдығуы, салдану, тағы басқа жағдайларға байланысты. Туа пайда болатыны көп жағдайда  тұқым қуалайды. Мұның жасырын, яғни бірден байқалмайтын түрі де бар, яғни баланы жасынан дұрыс дағдыландырса, бұл кейін білінбей кетеді. Туа пайда болған Солақайды ажырату үшін баланың көзін байлап, бір бағытта түзу жүргізгенде Солақай бала көбіне оңға, оңқай солға қарай бұрылады. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды. Ондай балалар қорыққаннан қыли көз, тұтықпа, мінез-құлқы өзгеріп, ашуланшақ, ызақор болуы мүмкін.

  Солақайлық - әдетте туғаннан болатын, әрекет жасауда сол қолдың оң қолдан басым болу сипаты. Анық байқалатын  солақайлықпен бірге, бала кезден оң қолды пайдалануға үйретілген адамның әдеттегі жағдайларда не аффекті жағдайында сол қолды да пайдаланатын жағдайы, жасырын солақайлық та (амбидекстрия) болады. Солақайлық әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Бірақ, солақайлар да нәзік моториканы игереді (жазу, сурет салу), психикалық және дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтеді және толыққанды тұлға болып қалыптасады. Солақайлық қайта оң қолды пайдалануға үйрету қажетсіз және зиянды. Ол психикалық жарақат пен неврозға, тіл кемшіліктеріне, соның ішінде кекештенуге соқтырады.

  Алдымен «солақай» деген сөзді естігенде әрбір көзіқарақты оқырманның ойына кешегі Кеңес үкіметінің солақай саясаты елестейді. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені, сол солақай саясат қаншама алаш арыстарын қудалады. Дарға асты, атты-шапты. Сол дәуірдегі құйтырқы саясат адамзат жаратылысына әртүрлі қиянат жасады. Атап айтсақ, осы «жазаның» тізіміне солақай жасөспірімдер ілікті. Кеңес одағы тұсында солақай жандарды жаппай оң қолға үйрету науқаны жасалғандығын біреу білсе, біреу білмейді. Аталған сарындағы бастамалар жалпақ жұртты жақсылыққа апарып соқтырған емес. Солақайлықпен күрес біреудің жаратылысына жақты, ал кейбіреулерінің табиғатына керісінше, зардап әкелді. Кеңестік жүйе солақайлықты кемістік, керек десеңіз, кесапат деп таныды. Бір өкініштісі, мұндай әрекеттер тайға таңба басқандай айқын емес, жымысқы әрекетпен жүзеге асырылды. Құзырлы орындарда отырған «көкелер» ұстаздар қауымына солақайлықпен күресудің ашық алаңы мектеп екендігін жиі ескертіп отырды. Сәбидің бұл үшін жүйке немесе басқа да ауруларға ұшырайтындығын дәрігерлер саясаткерлерге ескерткенмен оған ешкім құлақ аспады. Тіпті, солақай жандардың оң қолмен тамақ жегенде ішіп отырған асының дәм-тұзын тұшына алмайтындарын ғылыми түрде ғалымдар дәлелдеген. Бұл мәселенің сол кезде екінші жағы қаперге ілінбеді. Ғаламтордан  тақырыпқа қатысты деректер іздегенімізде мәселенің ушыққандығын аңғардық. Мектеп қабырғасындағы «кішкентай солақайлар» мұғалімнің қатаң талабына шыдай алмапты. Сондай балалардың көбісі ауруға шалдыққандығын әрі оқуын жалғастыра алмағандығы мәлім болды. Ұстазының қатулы қабағынан жасқанып, сыныптастарының «солақай» атты мазағына қалған жаны жаралы жасөспірім бейнесін көз алдыңызға елестетіп көрсеңіз адам жаны түршігеді. Оларға сол кезеңде жасалған  қиянатқа кім кінәлі? Әрине - билік. Билікті басқарған басшылар жазықты.

  Және бір дерек. Психологтар солақай жандардың шығармашылық жұмысқа аса қабілетті болатындығын айтады. Бұл арада адам жан дүниесінің білгірімен келіспеске шара жоқ. Тарихқа аздап шегініс жасасақ, есімдері жалпақ әлемге танымал мынадай жайсаңдар тіл ұшына оралады. Олар әйгілі солақайлар Аристотель, Юлий Цезарь, Наполен, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Марк Твен, Елизавета патшайым, сондай-ақ Американың үш президенті Рональд Рейган, Джордж Буш (үлкені), Билл Клинтон, әлемнің ең бай адамының бірі Билл Гейс, киножұлдыздар Мерилин Монро, Джулия Робертс, Пол Маккартни, Сильвестр Сталоне, Том Круз, Николь Кидман тағы басқалар... Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің домбыра тартқанда буынсыз бишіге ұқсайтындығы баршаға мәлім. Осыны байқаған биші ұстаздар Нұрғиса ағаны консерваторияда оқып жүргенде би факультетіне алып кеткен. Арада біраз уақыт өткенде халқымыздың тұңғыш музыкатанушысы Ахмет Жұбанов Нұрғиса Тілендиевті қолынан жетектеп, домбыра класына қайта әкелгенін қазіргі жұрт аңыз қылып айтып жүр. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш спорт журналшысы болған Сейдахмет Бердіқұловтың «спорт деген бір сиқыр» атты сөз тіркесі бүгінгі таңда мақал-мәтелге айналып кетті. Ол ағамыз да осы солақайлар қатарынан. Және одан қалды қазақтың танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова Ресейде оқып жүргенде сол қолымен сурет салудан ұялып жүргенде, оның жанына келген ұстазы «сен ұялма, қай қолыңмен сурет салған ыңғайлы сала бер» деп әлемнің әйгілі суретшісі  Леонардо да Винчидің де сол қолмен сурет салғанын айтқан. Кеңес үкіметі демекші, кеңестік дәуірдегі әккі саясаткерлер арасында «ақ түлкі» деген лақап атқа ие болған Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе де солақай екен.

  Мамандар жер бетіне шыр етіп дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Осыдан-ақ, солақайлардың сирек жаратылыс иесі екендігін мойындамасқа амалымыз жоқ. Әсіресе, бокс пен тенниске ебіңіз болса, бағыңыз жанды дей беріңіз. Бұған да айтар уәж табылады. Мәселен, кубалық боксшылардың барлығы солақай болып келеді. Және олар еңбекқор. Сондықтан да олар әлемдік додаларда алдарына жан салмай жүр. Осыны байқаған еліміздің танымал боксшысы Ермахан Ибраимов өзі оңқай болса да, солақай боксшыларша кейіп танытып, сол жақпен қырындап, оң қолын алға жұмсап жүріп-ақ Сиднейде алтын медаль олжалады. Мұның сырын кейін сұрап білдік. Бұл Ермаханның қарсыластарына көрсеткен қулығы екен. Кезінде әлемге әйгілі теннисші болған американдық Пит Сампрастың да солақай екендігін спорт сүйер қауым жақсы біледі.

  Күнен-күнге қарыштап дамып келе жатқан ғылым құрсақта жатқан жас сәбидің солақай немесе оңқай екененін небары 10-11 аптада анықтайтын дәрежеге жетіп отыр. Оны білу аса қиындық тудырмайды. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса-оңқай, сол қолының бармағын сорса-солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Ғалымдар сондай бір сәбиді ер жеткенше бақылағанда қателеспепті. Сонымен, ғылым солақай жандарды мынадай төрт топқа бөледі. Біріншісі, тұқым қуалайды. Яғни, қан мен тек арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Осындай алғашқы топтың санатына жататындардың саны 10 пайызға ғана жуық. Екінші, әйелдердің кеш босануына байланысты. Карьера қуып, көк етіктіні менсінбей уақыт создырып алған әйелдер құрсағынан жаралған сәби дүниеге келерде ауыр қиналысқа түседі. Соның салдарынан оң қолдың қызметіне жауап беретін мидың клеткалары зақымдануға ұшырайды. Жыл өткен сайын солақайлықтың осы түрімен дүниеге келетін сәбилердің саны артып келеді. Елімізде жұмысбасты бойдақтардың саны 2 жарым миллионға жетіп отыр. Үшіншісі, мәжбүрліктен орын алады. Мысалы, сәби қолын күйдіріп алған жағдайда сол қолдың көмегіне тәуелді болады. Төртіншісі, саналы түрде өзін-өзі күштеп үйретуден. Осы топтың арасында екі қолымен де тамақ ішетін, қос қолымен жазу жаза алатындар да кездеседі. Адамзат баласының қолынан небір таңғажайыптар келетіндігін, ниеттенсе адам кез келген істі үйренбей қоймайтындығын осы төртінші топтағылар тағы дәлелдей түскендей.

  Солақайлықтан қашудың қажеті жоқ. Солақайлық кемшілік емес, әр адамның басына қона бермейтін ерекше қабілет деп қабылдауымыз керек. 

Солақайлар туралы кейбір қызықты фактілер:

• Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.

• Халықаралық "Солақайлар күні" реми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданған.

• Солақайлық әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдаған.

• Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин солақай адамдар болған.

• 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады.


• Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды  s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.

• Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.

• Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.

• Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.

• Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді.

• Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.

• Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.

• Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында  Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен , Прокофьев, Гете, Кафка секілді планета мақтаныштары бар.


 

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

1. Қазақ энциклопедиясы 7 том


Информация о работе Солақай адамдар туралы мағлұмат