Су тапшылыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 18:09, реферат

Краткое описание

Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты міндет жүктеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті.docx

— 22.37 Кб (Скачать файл)

       Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. 
Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты міндет жүктеді. 
Қазіргі кезде су қоры көптеген бағыттарда жылдан-жылға мол мөлшерде пайдаланылуда. Ғалымдардың анықтауынша, дүние жүзінде тек өткен XX ғасырда халық саны 4 есе өссе, пайдаланылған су мөлшері 15 есе артып, 400 текше шақырымнан 6000 текше шақырымға жеткен. Осыған орай көптеген елдерде тұщы су тапшылығы үлкен проблемаға айналуда. 
ЮНЕСКО-ның кейінгі кездегі болжамы бойынша, 2030 жылға дейін әлем халықтарының жартысына жуығы тұщы су тапшылығына ұшырайтын болады. Қазірдің өзінде 900 миллион адам ауыз суға зәру болып отыр. Осындай қиындықты ескере келе БҰҰ ХХI ғасырды тұщы су дәуірі деп жариялады. Елбасы суды пайдаланудағы жетістіктер мен кемшіліктерге талдау жасай келе, сонда да болса республикамызда «…елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озық технологияларын енгізу қажеттігін» көрсете отырып, өзі жариялап отырған Стратегиясында «2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиісті» деген оң шешімге келді. Президентіміздің осы аса бағалы шешіміне біз сенеміз және қолдаймыз. Оны болашақта еліміздің жан-жақты дамуында мәні зор аса жауапты міндет деп түсінеміз. 
«Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген мерзімдерде қажетті су қоры (көбінесе жер қойнауында) жеткілікті, оны пайдалану мүмкіндіктері де бар. Қазіргі жетіспейтіні – соларды дер кезінде тиісті мөлшерде іске асыра алатындай білгір ғылыми-өндірістік мамандар, заманауи технологияны меңгеретін кадрлар мен керекті сапалы аспаптар, құрал-жабдықтар. Сондықтан, бұл жетіспеушілікті кешіктірмей жою шараларын іске асыру қажет. Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз.  
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын мен “нәзік ресурс” деп айтар едім. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр.

ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. Осы күннің өзінде кейбір қыс болмайтын, экватордың маңайындағы елдерді су тапшылығы экономикалық жағынан титықтатып, кедейшілікке, саяси тұрақсыздыққа итермелеп отыр. Осындай себептерден келіп, бұрыннан тату отырған көршілес мемлекеттердің бір-біріне көз алартулары шығады.

Созақ жерінде сонау жетпісінші жылдардан бері уран өндіріледі. Уранды жер қойнауынан алу үшін алдымен, қышқылды сумен араластырып ерітіп барып, уранды жоғарыға сорып шығарады, Отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан уран өндірісінде талай апаттар болды. Жұмыс барысында техникалар істен шығады немесе уранды тасымалдау кезінде әр түрлі ақаулар шығуы мүмкін. Кейде уран қосылған сұйық ерітінділер жер асты суларына қосылады да, ауыз судың құрамы уранмен уланады.

Аудан аумағында малмен күндерін көріп отырған қазақтар радиоактивті су ішіп отыр. Салыстырып қарасақ, олардың жағдайы Семей полигоны маңайында тұратындардан да жаман. Мемлекеттің бірінші байлығы – халық, не істелсе де, не нәрсе өндірілсе де, адамның, халықтың игілігі үшін істелуге тиіс. Сондықтан, алдымен Созақтағы 5 мың халықты экологиясы бүлінбеген басқа аймаққа көшіріп барып, уран байытуды әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.

Қазақстанның жер асты су қоры мол. Біз елдегі ауыз су проблемасын өзіміз жасап отырмыз. Гидрогеологтарымыз республика бойынша, тәулігіне 17 мың текше метр су беруге мүмкіндігі бар, 494 жер асты су көздерін баяғыда тауып қойған. Мәселе сол суды жер бетіне шығарып, халыққа жеткізуде. Мысалы, Қызылорда облысында су тапшы дейміз, қате пікір. Жер асты суын 120-150 метржерден шығаруға болады. Суы да жақсы, жері де жұмсақ, Алматының тас араласқан жерін бұрғылаудан Қызылорданың құмын бұрғылау 5 есеге оңайға түседі. Тек қаржы керек.

Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 5 миллион адам ауыз сумен тарайтын әр түрлі аурулардан көз жұмады екен. Бұл әлемнің шартарабында болып жатқан соғыстар мен қақтығыстарда қаза болғандардың санынан 10 есе көп, сондықтан ауыз су мәселесіне ат үсті қарауға болмайды. Республикамызға гидрологиямен тікелей айналысатын, оның жұмыстарын үйлестіріп, жүйелі түрде жұмыс істейтін мемлекеттік құрылым керек.

Су, әсiресе шалағай, алуан түрлі көп микроорганизмдерден тұрады, оның ішінде қауіпті инфекциялық аурулар қоздырғыштарыда болуы да мүмкін. Суды зарасыздандыру әр түрлi тәсiлдермен жасауға болады: мықты тотықтырғыштарға жататын – хлор, озон, хлор диоксиді мен және де физикалық тәсілдерменді, яғни ультрокүлгін сәулесін пайдалануға болады.  

 

Хлорлаудың негізі артықшылығы осы тәсілдің су құбырларының қалыпты санитарлық күйінде сақтап қалатыны болып табылады. Суды озондау және ультрокүлгін сәулесін түсіру тәсілі мұндай ұзақ әсерге (әрекет) ие емес. Сол үшін осы тәсілді жеке үйлерге немесе су құбырлар тараптарының аз созылымдығы бар елді мекендерде берілетін зарасыздандырылған суларға тиімді қолдануға болады. 

 

Көптеген сарапшылардың, түсінігімен  суды хлорлау – бұл адамдарға үлкен пайда әкелген ХХ ғасырдағы профилактикалық гигиенадағы үлкен ең үлкен медицинадағы жаңалық.. Әсірісе суды хлорлау, антибиотиктер табылмай тұрғанда инсулинді немесе жүректі ауыстырғанда, көпшіліктің өмірін сақтап қалды. 

 

ХХ ғасырдың басында суды хлорлау суды зарасыздандыруда қолданыла басталды. Ең алғаш рет хлорды суды зарасыздандыру үшін Лондонда 1870 жылы хлора эпидемиясынан кейін қолдана бастады. 

 

Одан кейінгі жылдары суды хлорлау бүкіл әлемге тез қорқынышын инфекциялық ауырулардан тиімді күресу. Жабдықтары ретінде тарала бастады және де қазіргі уақытта мұндай суларды көптеген миллион адамдар қолданады. Бүкіл әлемде 90% (пайыз) аса су құбырлар станциялар суды хлорлар бар заттармен зарасыздандырады. Әлемнің барлық ірі қаларында ұзақ және су құбырлар желісін, мысалы, Париж, Лондон, Нью-йорк, Мадрид, Токио, Йоханнесбург, Мәскеуде – суды зарасыздандыру хлорды көмегімен болады.  

 

Әлемде суды дайындау станцияларынан шығарда ауыз суда хлордың болуын анықтайтын нормативтер болады. Олар сондай әдіспен есептелген, өйткені адам денсаулығына әсерін тигізбей, суды толық дезинфекциялауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қазақстан бұл норматив Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымынының кепілдемесінде көрсетілгеннен бірнеше ретке аз. 

 


Информация о работе Су тапшылыгы