Түйе шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:39, реферат

Краткое описание

Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, Монғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 411.53 Кб (Скачать файл)

             Түйе шаруашылығы

 

Жалпы түйе туралы түсінік

Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, Монғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

 

 

 

Түйе санағы, 2003

 

Жасында жақсы бағылып, күтілген түйе қыстық азығын денесі мен өркешіне жияды. Қыста ұзақ шөп жемей, су ішпеген  кездерінде сол бойындағы жинаған  майымен күнелтетін де қасиеті бар. Күші жағынан ол ат пен өгізден  әлдеқайда мықты. Қос өркешті  түйе (інген) бірінші қантардан сәуірге  дейін шағылысатын болса, нар  түйе (мая) қантардың бірінен мамырға  дейін шағылысады. Бураның күйі келен  кезінде, бір айға дейін от оттап, су ішпей қагып, жарап алады. Ол әбден  бабына келген соң аузынан ақ көбігін  шашып, шайырланған желкесін иығына соғып, артқы екі санының арасын құйрығымен ерсілі-қарсылы сабалап, тыныш таппайды. Мұндай бура кісіге қарай айбат шегеді. Ол кездері  өте хауіпті болады. Осындай кісі алатын бура жарамастан он күн бұрын  аузына темірден құрсау салып, байлап қойылады. Бұл салынған құрсау бураның  шабыты қайтқан кезінде барып, аузынан  алынып, байлауынан босатылып жіберіледі.

 

Жақсы нар бурасы отыз түйеге дейін шегетін болса, қос өркешті  түйенің бурасы жиырма түйеге дейін  қайытады (шығарады). Қайылған қос өркештінің інгені он төрт айда боталайтын болса, нардың маясы он үш айда боталайды. Боталы түйе күніне он екі рет сауылады. Түйенің сүтінен шұбат ашытылады. Ол адамның денсаулығына бірден-бір  пайдалы. Түйе жүні сәуір, мамыр айларында күзеледі.  Түйе ботасын он бес, он сегіз ай емізеді. Екі жылда бірақ рет боталайды. Асыл тұқымды тұйе отыз-қырық жасқа дейін жасайды.

Түйе ежелден шөлді-тұзды  аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке  бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей  типінің басқаларынан тірілей салмағы  мен жүн өнімділігі 5 – 10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді  бір-бірімен будандастырудан алынған  будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі  бойынша таза тұқымды Түйеден  айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей  салмағы бойынша артықшылығы 20 – 25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін  нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.

 

 

 

 

 

 

Бір өркешті түйе, Camelus dromedarius

 

 

 

 

 

 

Айыр өркешті  түйе, Camelus bactrianus

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар

Жамағаты: Хордалылар

Табы: Сүтқоректілер

Сабы: Жұптұяқтылар

Тұқымдасы: Camelidae

Тегі: Camelus

Linnaeus, 1758

Түрлері:

Camelus bactrianus

Camelus dromedarius

 Camelus gigas (қазба)

 Camelus hesternus (қазба)

 Camelus sivalensis (қазба)

 

Түйе шаруашылығы

Түйе шаруашылығы, түйе өсіру[1] – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

 Елімізде Түйе шаруашылығы  объективті және субъективті  жағдайларға байланысты түрліше  қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді.

Түйе түлігі негізінен  жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы  азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды  аса қажет етпейтіндіктен, басқа  ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда  тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге  дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

 Түйе сүтінен дайындалатын  шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық  қасиеттері ертеден-ақ белгілі  болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі  98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ  заттың үлесі 14,5 – 15,5%-ға, май  – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 –  4,5%-ға, сүт қанты – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес  келеді. Қос өркешті інгеннен  тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын  4 – 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса,  дара өркешті таза тұқымды  аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда 3500 л  сүт сауылады. Қос өркешті және  дара өркешті түйелердің будандарынан  бір маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын  3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті  сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік  қасиеті жоғары болғандықтан  ұзақ мерзімге сақталады (30°С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.

 

Түйе шаруашылығының тиімділігі

 Түйе шаруашылығының  тиімділігі ет өндіру жұмыстарын  ұтымды ұйымдастыруға тікелей  байланысты. Қоңды түйелер етінің құрамында 17 – 22% белок, 12% май ұлпалары болады. Тағамдық қасиеті және құнарлылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес. Өзіндік құны арзан әрі сапалы түйе етін өндірудің басты жолы түйені жайып-семірту екендігі ғыл.-өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде дәлелденді. Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы Т. ш-н ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Ет өндіретін Т. ш-тарында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түрікмен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80 – 120 кг-ға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51,7 – 52,5%-ға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55 – 58%-ға жетеді. Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым – шілде, ал жас буыршындарды қараша – желтоқсан айларында етке өткізген орынды. Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті Т-лер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар, таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15 – 20%-ға басым болады. Қазір елімізде қос өркешті қазақ түйелері 20 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта, оның ішінде Атырау обл-ның “Бірінші май” және “Жаңа таң” ААҚ-лары мен “Жарсуат” ӨК-нде, Батыс Қазақстан обл-ның “Хан ордасы” ЖШС-да, Қызылорда обл-ның “Құланды” ААҚ-да, Маңғыстау обл-ның “Таушық” ЖАҚ-да және Оңт. Қазақстан обл-ның “Қара құр” ӨК-нде, т.б. өсіріледі. Түйеден алынатын бағалы өнімнің бірі – жүн. Ол технол. қасиеті бойынша тоқыма өнеркәсібі үшін құнды шикізат болып табылады. Түрікмен Республикасында және еліміздің оңт. облыстарында түйе жүні кілем тоқуға пайдаланылады. Түйе жүнінен дайындалған бұйымдар жеңіл, жылы, сонымен қатар берік, созылғыш келеді. Ел арасында белі ауырған адамдарға шудадан жалпақ белбеу тағу, сарысу жиналған дене мүшесіне ыстық суға батырылған шуда басу секілді халық медицинасы әдістері кең тараған. Ұзын талшықты түйе жүнінен тоқылған маталар көбіне көрпе жасауға пайдаланылады. Шудадан машина жасау өндірісінде бұрғылау қондырғыларының белдіктері (ременьдері) дайындалады. Ғарышкерлердің ішкі жеңіл киімдерінің бір тіні түйе жүнінен тоқылатыны да бұл шикізаттың жоғары қасиетін көрсетеді. Т. ш-н келешекте ойдағыдай дамыту – түйе сауу, жүндеу, тоғыту секілді қол күшін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруды талап етеді. Алматы обл-ның Мыңбаев атынд. тәжірибе ш-нда түйені жықпай, арнайы қондырғыда жүндеу әдісі игеріліп, оннан аса шарушылықтарға енгізілді. Бұл жүндеу уақытын қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және ең бастысы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қондырғыны түйе саууға, бонитировкалауға (малды асылдандыру мақсатында жан-жақты бағалау) пайдалануға болады. Т. ш-н ойдағыдай дамытып, өнім өндіруді арттыру үшін малдың тұқымдық-өнімділік қасиеттерін үзбей жетілдіру, тауарлы шаруашылықтарда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан алынған тұқым-жақсартушы бураларды кеңінен қолдану басты назарда болуы тиіс. Бұл сала бойынша еліміздің 26 тұқымдық мал ш-нда 9,0 мың басқа жуық түйе өсіріледі. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы бойынша (7%) түйе түлігі басқа а. ш. малдарынан (1,2 – 5,3%) 2 есеге жуық басым. Елімізде Т. ш. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған.

 

 

 

Түйе қолтұқымдары

Жалғыз өркешті  түйе (Нар)

Бұрын мал өсіріп, сол  өсірген түліктерінің өсімдері мен  беретін құнды өнімдерін пайдаланған  шаруалар баққан малының қамы үшін шөбі шүйгін, суы мол жерлерге көшіп-қонып  жүретін. Сол көшкенде негізгі күш  көлігінің бірі жалғыз өркешті нар  түйе болған. Мұның бурасын «лөк» деп атайды. Шаруалар осы айтылған нар түйелерді төмендегідей атаған:

Аруана (араб, парсы тілінде—арбана дейді). Нар түйенің ұрғашысы. Мұның денесі ірі, аяқтары жіңішке, жүні тықыр, бұйра болып келеді. Суыққа төзімсіз болғанымен, шыбынға шыдамды келеді, бақырып, жын төгуді білмейді. Салалы емшегі өте сүтті болады. Иық жүндері ұзын, бойы биік келеді. Құйрық ұшының жүні шашақты. Мұны қазақ «шал құйрық» деп атайды.

Бекбатша нар. Қос өркешті түйенің бурасы аруанаға шағылысуынан пайда болған түйе. Бұл қоңыр, бұйра тығыз жүнді келеді. Әрі сүтті, әрі күшті болады. Ыстық пен суыққа шыдамды, бақырып, жын төгуді білмейді. Сирақтары жуан, әлді келіп, өркеші шудалы болады.

Қолбатша нар. Бұл атау да ежелден бері түйе түлігіне қолданылып келеді. Біріншіден, кісі арқылы шағылысуын, екіншіден, түліктің таза қанды тегі (атасы) деген ұғымды білдіреді. Нар түйенің бурасы (лөк) қос өркешті түйенің інгеніне шөгерілуінен пайда болған түйе. Мұндай түйе тұқымы күшті, қызыл бұйра боп біткен жүиі өте тығыз болады. Суық пен ыстыққа бекем болып, аштыққа шыдамды келеді. Сүті әрі көп, әрі қою. Олардың сирақтары әлді, табаны лайлы жерден таймайды. Бекбатша нардан мұның айырмашылығы: кісіге аздап жын төгеді, бірақ бакырмайды. Сырт түріне қарағанда бекбатша нарға қолбатша нары ұқсас келеді.

Жамбоз нар. Бекбатша нардың бурасы қолбатша нардың ұрғашысына шөгуінен пайда болған түйе. Бұл нардың ең жақсысы. Саны жуан, денесі жатаған болып келген, әрі сүтті, әрі күшті. Суық пен ыстыққа шыдамды, ешуақытта бақырып, жын төкпейді. Оның өркештері биік болмайды. Кеуде тұсының екі жағында екі тұлымы (айдары) болады. Жүні тығыз, бұйра, түсі боз болады.

Жөнек нар. Бекбатша мен қолбатша нар бурасы аруанаға не жамбозға шөгіп кетуінен пайда болатын түйе тұқымы. Мұны Бұхарда «кең қолтық» деп атайды. Бұл нарға ұқсас болғанымен, сұлу емес.

Қалбағай нар. Жөнек жардың бір тұқымы. Бұл шаруаға қолайсыз, суық пен ыстыққа шыдамсыз: жүні ешкі жүндес келеді. Шудасы болмайды. Оның сүті аздау келеді. Өзі бақырауық, құсаған, өңі жұқа, мойны қысқа.

Қылағай нар. Аруананы жөнектің бурасына пе жөнек нардың ұрғашысын нардың бурасына (лөкке) қайытқанынан пайда болған түйе. Мұның түсі бозғылт, денесі жіңішке сида, сирек жүнді келеді. Сирақтары әлсіз, жіңішке, аяқтары маймақ келіп, ауыр жүк көтере алмайды. Сүті аз, шалыс өркешті болады. Туа салысымен тез аяқтанбайды. Суық пен ыстыққа шыдамсыз. Бақырауық, өзі өте құсаған. Ал, бурасының бойы аласалау, өңі жұқа болады. Бұл қыстың суығы болмай-ақ күздің, көктемнің қара суықтарында ықтырманың түбінен табылады. Сондықтан, бұл түлік нардың ең нашар түрі болып есептеледі.

 

Оқбақ (соқбақ) нар. Қырысты қоспақты қылағай нар мен қоспақты қылағай нардың бурасын шағылыстырудан туған түйе. Мұның жүні селдір, шудасы аздау. Сирақтары әлсіз, жіңішке. Жон арқасы дөңдеу, бірақ қомы болмайды. Түсі бозғылт. Өзі бақырауық, құсаған. Бойы биік, сымбатсыз. Екі иығының үстінде айдары (зулюф) бар, бурасы кісі алады.

Ләйлік нар. Нар түйенің бурасы лөк пен қос өркештің бурасы аруанаға немесе інгенге шағылысудан барып туған түйе. Түйенің бүл түрі сүтсіз, қылшық жүнді. Емшегі қысқа болады. Ұзақ жолға жарамсыз, әлсіз сирақты, бақырауық, құсаған. Өркеші артына таман бітіп, жалғыз өркеші ат арқалы келеді. Жіңішке денелі, шудасыз, суық пен ыстыққа шыдамсыз болады. Бурасы кісі алады (кісіге қарай шабады, жүгіреді, айбат қылады. Қейде бауырына басып өлтіреді, жарақаттайды).

Әле нар. Нар бурасының (лөктің) таза қандысын таза қанды аруанаға шөгеруден пайда болған түйе. Нардың бұл түрінің шудасы тығыз емес, екі иығында екі айдары (зулюф) бар. Бүркіт тегеурінді, сирақтары әлді, аяқтары орнықты, табаны саздан таймайтын ете күшті, өркеші қомды болады. Бақырып, құсуды білмейді. Емшегі жұмсақ, өте сүтті, өзінен бір көнек сүт шығады. Бурасы кісі алмайды.

Желмая. Нар түйенің таза қанды бурасы (лөктің) әле нардың таза қанды ұрғашысына шағылыстыруынан туған түйе. Бұл өте жүйрік. Жеті күн, жеті түн от оттап, су ішпеуге шыдайды. Бәйге аттарға жеткізбейді. Жүрісіне тұяқ біткен шыдамайды. Шудасыз, тықыр бұйра жүнді. Өмірі бақырып, құсу дегенді білмейді. Саны үлкен, аяқтары жуан, әлді. Ұрғашылары сүтті.

Ләкір нар. Қос өркешті түйенің бурасы аруанаға шағылысуынан пайда болған түйе. Нәзік денесіне лайық өзі күшсіз, сиықсыз, жүні тықыр, ат арқалы келеді. Шудасы болмайды, сүті әрі аз, әрі құнарсыз. Ыстық пен суыққа шыдамсыз. Бақырауық, құсаған.

Қисық төс нар. Буыршынның інгенге не буыршынның аруанаға немесе лектің інгенге шағылысуынан пайда болған түйе. Бұл лақ жүнді, шудасыз болады. Сирақтары сида, әлсіз, май табанды келіп, табаны мөрсіз, тайғақ болады. Бақырауық, жатып алғыш, кісіге жын төккіш. Ыстық пен суыкқа шыдамсыз. Бурасының мінезі шадыр.

Бір туар нар. Таза қанды нар түйенің бурасы (лөк) таза қанды қос өркешті түйенің інгеніне, немесе таза қанды қос өркештінің бурасы та- за қанды аруанаға шағылысуынан пайда болған түйе. Мұның бойы өте биік, екі саны мен сирақтары жуан, өте күшті келіп, жүндерінің ұшы бүйраланып, шудасы қысқа, қомды келген, жалғыз өркешінің үстіндегі өркеш шудасы ұзын болады. Мұны «ұзын шуда» деп атамай, «биік дулығалы» деп атайды. Бір туар нар сүт жағынан аруанадан төмендеу, жүкті көп көтеретіндігіне қарағаида, бұдан артық түйе тұқымы болмайды.Үстіне артылған жүгі орнықты келіп, аумайды. Үстіне дұрыс артылмаған жүктің бір жағына қарай шамалы ауған жүгін еркіне жібермей, өркеші берік ұстап тұрады да, сол қисайған түрінде жүгін тарта береді. Өзі ыстық пен суыққа сондай төзімді. Бұрын қазақ халқы бірінен-бірі жақсы аттай көріп қалап алатыны — осы бір туар нар. Әрі жүрісі де ете жылдам келеді.

Информация о работе Түйе шаруашылығы