Трансгендик агзалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:25, реферат

Краткое описание

2002 жылы трансгендiк сорттарды егудiң жалпы көлемi бiр жылға 105% жылдамдығымен алты жыл қатар өсiп келе жатты. 2002 жылы ол 58,7 млн.га құрады және осы бизнеспен 6 млн. жуық адам айналысты. Бұл Ұлыбритания жерiнiң көлемiнен екi есе артық немесе Ресей Федерациясының бүкiл егiстiгiнiң 50% астам, онда әзiрше бiр де бiр коммерциялық трансгендiк дақылдар өсiрiлмеген. Әлемде 2001-2002 жылдары бойынша гендiк модификацияланған (ГМ) өсiмдiктердi егу көлемi 12%, ал 1996 - 2002 жылдар бойынша - 35 есеге өстi. Өндiрiске енгiзудiң мұндай жоғары қарқыны ауыл шаруашылығының бүкiл тарихында кез келген басқа технологиямен салыстырғанда теңдесi жоқ. Соңғы жетi жылда трансгендiк дақылдарды өсiретiн елдер саны екi еседен астам артты және он алтыға жеттi.

Вложенные файлы: 1 файл

Трансгендiк ағзалар.doc

— 55.00 Кб (Скачать файл)

                             Трансгендiк ағзалар

        2002 жылы трансгендiк сорттарды егудiң жалпы көлемi бiр жылға 105% жылдамдығымен алты жыл қатар өсiп келе жатты. 2002 жылы ол 58,7 млн.га құрады және осы бизнеспен 6 млн. жуық адам айналысты. Бұл Ұлыбритания жерiнiң көлемiнен екi есе артық немесе Ресей Федерациясының бүкiл егiстiгiнiң 50% астам, онда әзiрше бiр де бiр коммерциялық трансгендiк дақылдар өсiрiлмеген. Әлемде 2001-2002 жылдары бойынша гендiк модификацияланған (ГМ) өсiмдiктердi егу көлемi 12%, ал 1996 - 2002 жылдар бойынша - 35 есеге өстi. Өндiрiске енгiзудiң мұндай жоғары қарқыны ауыл шаруашылығының бүкiл тарихында кез келген басқа технологиямен салыстырғанда теңдесi жоқ. Соңғы жетi жылда трансгендiк дақылдарды өсiретiн елдер саны екi еседен астам артты және он алтыға жеттi. 
      2002 жылы трансгендiк дақылдардың басым болғаны қытай бұршақ, екiншi орында жүгерi, үшiншi орында - қоза және содан кейiн күздiк рапс.  

Жекелеген дақылдар егiлген аудандар және олардың 
                2002 жылы өзгеруi 
                                                2-кесте

Дақыл

ауданы, млн.га

жалпы ауданда  трансгендік дақылдардың үлесі, %

Өсім, %

Қытай бұршақ

36,5

62

+10

Жүгері

12,4

21

+27

Қоза

6,8

12

-

Күздік рапс

3

5

+11

Кәді

<0,1

<1

-

Папайя

<0,1

<1

-

Барлығы

58,7

100

+19


 

                                                                                                                                                                           Трансгендік қытай бұршақтың жалпы көлемі өткен жылы 3,2 млн. га өсті және оның үлесі осы дақылдың жалпы әлемдік егістерінің 50% артқан. Қытай бұршақ сортының барлық ГМ - гербицид-тұрақты. 2002 жылы 7 елде: АҚШ, Аргентина, Канада, Мексика, Румыния, Уругвай және Оңтүстiк Африкада өнеркәсiптiк қолдану үшiн өсiрілген. Аргентинада ГМ қытай бұршақ егiстерiнiң көлемi осы жылы 1,7 млн. га өстi және елде дақылдармен егiлген 12,8 млн.гектардан 99% жеткен. 
      International Service for the Acquisition of Agri-biotech (ISААА) кезектi жыл сайынғы есебiнде 140 млн.га ГМ жүгерi сорттары егiлген егiстер 600 млн.тонна астық бергенi туралы айтылған. ГМ сорттарын пайдаланатын 200 млн. фермерлердiң арасында ең көп тараған гибридтер танымал және дәндердiң тек 20% сақталады.

Трансгендiк  жануарлар 
Трансгендiк жануарларды жасау     

 Қазiргi таңда осы саладағы зерттеулер бiрнеше бағыттар бойынша дамуда: 
      кейбiр құрамдас бөлiктерi жоғары өнiм беретiн жаңа мал шаруашылығы тұқымдарын жасау (мысалы, Ұлыбританияда сүтi чеддер iрiмшiгiн дайындау үшiн сүтi әбден жарамды сиырлардың табыны бар); 
      олардың түрлерiне тән емес белоктарды шығара алатын жануарларды жасау (мысалы, адамның интерферонын шығаруға қабiлеттi шошқаларды алуға бағытталған әзiрлемелер туралы хабарланды); 
      адамға органдарды трансплантациялау кезiнде донор болып табылатын трансгендiк жануарларды жасау. 
      Трансгендiк тышқандар, үйқояндар және маймылдар генетикалық аурулар моделдерiн жасау және генотерапия тәсiлдерiн сынауға мүмкiндiк беретiн зертханалық құрал болып табылады. Бұл "жаңғыртылған" жануарлар зерттеу ресурсы ретiнде канцерогенез табиғатын түсiнудi жылдамдатуы тиiс. 
      Трансгеноздың перспективтi бағыттарының бiрi сүтке дәрi-дәрмек заттарды секреттей алатын сүтқоректi жануарлар - "биореакторларды" жасау болып табылады. 
      Трансгендiк жануарларды алу стратегиясын генерациялық және соматикалық деп екi топқа бөлуге болады. Генерациялық трансгендiк жануарлар гаметаларды қоса барлық тiндерде трансгендi енгiзедi. Соматикалық гендердi көшiру әдiстерi генерациялық клеткалардың генетикалық ақпаратын қозғамайды, бұл ұрпаққа трансгендердi беру мүмкiндiгiн жояды. 
      Қазiргi кезде мал шаруашылығында трансгенездi iс жүзiнде қолданудың мынадай перспективтi мүмкiндiктерi қаралуда: ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасын жақсарту, ауруларға тұрақтылық, сүтте және басқа да биологиялық сұйықтарда рекомбинанттық белоктарды алу, ксенотрансплантация үшiн шошқалардың генетикалық модификациясы, жануарлар моделдерiн жасау. Гендiк терапия және биоөндiрiс үшiн соматикалық трансгенездi қолдану талқылануда. 
      Трансгендiк жануарларды жасау адамзат тарихының барлық ұзақтығында қақтығысқан көптеген мәселелердi шешуге әсерiн тигiзедi. Бұл ең алдымен азық-түлiк мәселесi және дәрi-дәрмек препараттарын жасау және оларды жеткiлiктi көлемде алу мәселесi.

Клондау     

 Сонымен  қатар, соматикалық клетканың  ядросы осы организм туралы  толық генетикалық ақпаратқа  ие екендiгi белгiлi, егер бұл  ақпаратты iске асыру үшiн барлық  жағдайлар жасалса, онда жекелеген  тұқымның генетикалық көшiрмелерiнiң (клондарының) шексiз санын алуға болады. Көп соматикалық клеткалар ядролары дифференцияланған қалыпта болғандықтан, алғашқы кезеңде бұл мәселенi олардың дифференциясы өтпеген ұрық дамуының белгiлi бiр стадиясында эмбрионалдық клеткаларды пайдалана отырып шешкен. Ядроларды (бластомерлердi) толған ооциттерге көшiру ондай мүмкiндiктi бередi, өйткенi ооциттердiң цитоплазмасы көшiрiлген ядроны қайта бағдарламалап, жаңа эмбрион дамуының бағдарламасын жiберуге қабiлеттi өзiндiк факторларды құрайды.

Энуклеирленген  аналық клеткаларға эмбриондық клеткалардың ядроларын көшiру жолымен эмбриондарды клондау     

 Эмбриондық  клеткалардың ядроларын энуклеирленген  аналық клеткаларға көшiргеннен  кейiн ядро қайта бағдарланады  да жаңа эмбрион дами бастайды. Теориялық түрде донордың эмбрионынан барлық бластомерлерi бiр генетикалық негiзде және бiрдей тұқымдардың дамуын қамтамасыз етуге қабiлеттi болады. Ядроларды көшiргеннен кейiн дамыған эмбриондар өз кезегiнде ядролардың донорлары ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Бiрнеше генерациялардан кейiн жүздеген және мыңдаған бiрдей эмбриондарды алу мүмкiн туады.Энуклеирленген аналық клеткаларға соматикалық клеткалардың ядроларын көшiру жолымен жануарларды клондау. Тотипотенттiк клеткалардың ядроларын эмбрионнан энуклеирленген аналық клеткаларға көшiру жолымен эмбриондарды клондаудан жинақталған тәжiрибе соматикалық клеткалардың ядроларын энуклеирленген аналық клеткаларға көшiру жолымен жануарларды клондау әдiсiн әзiрлеу үшiн негiз болған. Эмбриондық клеткалардың ядроларын көшiру жолымен клондаудың қағидаттық айырмашылығы тек өзара бiрдей жануарларды алуды ғана емес, сондай генотип бойынша донор жануармен ұқсас соматикалық клеткаларды алуды қамтамасыз етуiнде. Бұл генетикалық ұқсас ұрпақтардың бiрiншi буында шексiз санын алуға мүмкiндiк ашады. 
      Трансгендiк жануарлар маңызды биохимиялық және морфологиялық қасиеттерi бойынша өзгерудiң жоғары деңгейiмен сипатталады, бұл кейiннен қалаған жануар түрiн iрiктеу қызметiн арттырады, ал бұл дегенiңiз селекцияның мақсаты болып табылады. 
      Дүние жүзiнде уақыттың азғана аралығында трансгендiк сиыр, ешкi, шошқа, қой және үйқояндарының шамамен 20 жуық түрi жасалды. Олар тiндiк плазминогендiк белсендiргiш, моноклондық антиденелер, эритропоэтин, инсулинтектес өсiм факторы, интерлейкин, антитрипсин және басқалар сияқты бағалы фармацевтикалық заттарды өндiрген. 
      Соңғы жылдары трансгендiк жануарларды алуда жаңа бағыт пайда болған. Арнайы векторларды пайдалану өзге гендiк конструкцияны гендi зигота пронуклеусқа енгiзген кездегiдей барлық клеткаларға емес, организмнiң жекелеген клеткалық популяцияларға ықпалдасуына мүмкiндiк бередi. Ондай жануарлар (сиырлар, ешкiлер, шошқалар) Бүкiлресейлiк мал шаруашылығы институтының биотехнология бөлiмiнде шығарылған. 
      Ресей Федерациясында биотехнологияны дамытудың тағы бiр өзектi бағыты клеткалардың және органдардың ксенотрансплантациясы үшiн жануарларды шығару болып табылады. Осы тақырып бойынша жұмыстар Г.Брем (ГФР) профессорының тобымен бiрлесе жүргiзiлуде және алдын ала алынған нәтижелер биотехнологияның осы бағытының келешегi зор екенiн растады.


Информация о работе Трансгендик агзалар