Цитология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 14:14, реферат

Краткое описание

Цитология – клетка туралы ғылым. Цитологияның пәні болып көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ, құрамына бактериялар, қарапайымдылар және бір клеткалы балдырлар кіретін жалғыз клеткалы ағзалар табылады. Цитология клеткалардың құрылысын, олардың химиялық құрамын, жасуша ішіндегі құрылымдардың атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының жасушаларының қызметтерін зерттейді.
Цитология – биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек қана клетканың құрылымын зерттеп қоймай, оның ішінде жүретін физикалық және химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы биологияның негізі бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, цитоэкология сияқты және тағы да басқа салаларының жетілуіне себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Гистология СРС 201.doc

— 156.50 Кб (Скачать файл)

Интерфаза 3 кезеңнен тұрады:        1)G1-присинтетикалық (синтез алдыдында 2n2с)      2) S-синтез кезеңі (2n2с)          3)G2 постсинтетикалық кезең (синтезден кейін)

G1 кезеңінде қарқынды түрде биосинтез процесі жүреді. Жасуша органоидтары  түзіліп, ядрошықта рРНҚ, аРНҚ, тРНҚ синтезделеді. Жасушада қажетті мөлшерде құрлымдық нәруыздар және функционалдық нәруыздар синтезделіп,жасуша үлкейеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 9-12 сағат.

S- синтезделу  кезеңінде ДНҚ молекуласы екі  еселенеді.ДНҚ репликациясы жартылай  консервативті әдіс бойынша жүреді. ДНҚ тізбектері бір-бірімен ажырап әрқайсысының жанына комплементарлы жаңа тізбек түзіледі.Синтездік кезең соңында жасущадағы тұқым қуалау материалы мөлшері 2 есе артады. Бұл кезең жүру ұзақтығы 6-10 сағат.

G2 кезеңінде ДНҚ синтезі тоқтап, АТФ қарқынды түрде жинақтала бастайды. РНҚ және нәруыз синтезі жалғаса береді. Центроильдер екі еселеніп ахроматин жіпшелері қалыптаса бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 4-5 сағат.

Митоздың негізгі жүру жолдары.


Көбеюдің негізі ДНҚ-да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау болғандықтан, митоздың ең басты сипаты — ДНҚ-ның орналасатын жері хромосомалардың күйіне байланысты.

Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады: 
1. Профаза. 
2. Метафаза. 
3. Анафаза. 
4. Телофаза.

Профаза

Профаза

Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл — метафазаның басталғанын білдіреді.

\
Метафаза

Метафазада  хромосомалардың ширатылуы күшті  жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қыскарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың  центромерлі бөліктері белгілі  тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер аймағында ғана байланыскан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл процес анафазаның басталғанының белгісі.

Анафаза

Анафазада центромерлер бөлінелі де, осы кезеңнен бастап ахроматин  жіпшелеріне бекінген хроматидтер  бір-бірінея ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы.

Телофаза

Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық  құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны цитокинез  деп атайды. Олардың әрбіреуінде бір диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық жасуша екі жаңа ұрпак жасушаларына бөлінеді.

Өсімдіктердегі митоз.


Өсімдіктер  жасушасында цитоплазмалық мембрана  жасушаның ортасында пайда болып, шет жағына қарай таралып, жасушаны тең екіге бөледі. Көлденең цитоплазмалық мембрана түзілгеннен кейін, өсімдік жасушаларында целлюлозалық  қабырға пайда болады. Жасушаның тіршілік циклі митоз — салыстырмалы түрде қысқа кезең, ол, әдетте, 0,5—3 сағ-қа созылады. Зиготаның алғашқы митоздық бөлінуінен бастап, соңында түзілген барлық жаңа ұрпақ жасушаларында хромосома жиынтығы мен гендер бірдей болады. Сондықтан митоз — бұл жаңа ұрпақ жасушалары арасында генетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасушаның бөліну әдісі. Митоз нәтижесінде екі жаңа ұрпак жасушаларында диплоидті хромосомалар жиынтығы пайда болады.

Митоздың биологиялық маңыз.


Митоздың биологиялық  маңызы зор. Көп жасушалы ағзаларда  генетикалық материал сақталмаса, мүшелер  мен ұлпалардың құрылыстары мен  қызметі тұрақты болмас еді. Митоз  тіршілік үшін қажетті мынадай құбылыстарды қамтамасыз етеді: эмбриондық даму, өсу, зақымданғаннан кейінгі органоидтер мен ұлпаларды қайта қалпына келтіру, ұлпалардың қызметі кезінде тіршілігін жойып отыратын жасушалардың орнын толықтыру (тіршілігін жойған эритроциттердің, түлеген тері, ішек эпителиі жасушаларының орнын алмастыру).

Митоз жолымен  дене жасушалары бөлініп, саны көбейеді. Үздіксіз жүретін митоздық бөлінуде төрт фаза анықталады. Митозлын маңызы жаңа пайда болған екі жасушаға (сіңлілі) бірдей генетикалық ықпалы бар ДНК  молекуласын өткізуі.

Тіршілік дамуының негізгі қасиеті — көбею. Көбею тіршіліктің маңызды қасиеті ретінде ағзалардың құрылымдық-қызметтік ерекшеліктерінің ұрпақтарға берілуі мен өмір бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Көбеюдің басты маңызы — ДНК молекуласында нуклеотидтер реттілігі түрінде жазылған генетикалық акпараттың сақталуы, іске асырылуы және ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдануы.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Астана медицина Университеті»

 

Кафедра:        

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:Цитология.Жасушалардың сыртқы зақымдаушыға әсері.

 

Орындаған:Әшірбек Ж.Б.

Топ: 219 ЖМ

Тексерген:Өтеуова  І.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2013

 

Жоспар.

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

а)Цитология.

б)Жасуша апоптозы туралы түсінік.

в)Некроз.

г) Жасушаны зерттеу  әдістері.

3.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Цитология биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек қана клетканың құрылымын зерттеп қоймай, оның ішінде жүретін физикалық және химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы биологияның негізі бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, цитоэкология сияқты және тағы да басқа салаларының жетілуіне себеп болды. Клетка (жасуша) – біздің планетамыздағы тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының негізін құраушы бірлігі. Көп уақыттар бойы биология жануарлар мен өсімдіктердің құрылыстарының қасиеттерін, олардың көзге көрінетін макроскопиялық құрылысының негізінде зерттеп келді. Ағзалардың жасушалық құрылысын ашқаннан соң, клетканы тірі ағзалардың құрылымдық және функциональді бірлігі ретінде қарастырғаннан бастап, биология ағзалардың құрылысы мен қызметін неғұрлым терең зерттеді.  Жасуша теориясының негізгі қағидалары олар: 1) жасуша — барлық, тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі; 2) әр түрлі ағза жасушаларынын қүрылысы, химиялық кұрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас; 3) жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

1.Абилаев А.С   «Молекулалық  биология жәнегенетика», 2008ж.

2.Ажаев С.А       «Гистология»,2010ж.

3. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/229-biologia/1561-sitologia-negizderi.html

4.http://ru.wikipedia.org/wiki

5. http://kk.wikipedia.org/wiki


Информация о работе Цитология