Шпаргалкалар ша "Биологияға"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 21:13, шпаргалка

Краткое описание

1.Тіршіліктің жаратылу деңгейі
Тірі табиғат құрылымының жаратылу деңгейі біркелкі қалыппен баспалдақты бейімделу арқылы құрылатын қатармен сипатталады.Жоғарыда аталған деңгейлердің әрқайсысы түрлі құбылыстар ауқымында, жоғарыда және төменде орналасқан деңгейлердің өзара қатынас ерекшеліктеріне, түзіліс және жаратылыс ұстанымдарына байланысты өзіне тән айрықша заңдылықтармен ерекшеленеді.Тірі ағзалар жасушалардан құралады.

Вложенные файлы: 1 файл

БИЛЕТ 1.docx

— 129.47 Кб (Скачать файл)

 

Билет 5

  1. Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологыЭ.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.Реттелу кезеңдері.Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар. Сатылары .Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік клеткаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді. Филогенез алғашқы клеткасыз және тіршіліктің ядросы жоқ формалары пайда болған архей эрасынан бастап (шамамен 3,5 млрд жыл бүрын), біздің уақытымызға дейінгі аралықты қамтиды. Қандайда бір болмасын нақтылы систематикалық топтың кез-келген деңгейінде, бөлімнен бастап түрге дейінгі аральгқта филогенез туралы сөз қозгауға болады.Эволюциялық процестің барысында әртүрлі систематикалық топтар белгілі бір жүйеде пайда болады. Сонымен бірге өсімдіктің жекелеген құрылысының (филоморфогенез) немесе физиологиялық қасиетінің филогенезін зерттеуге болады.Филогенез бен онтогенездің арасында байланыстың болатындығы анықталған. Оны заң түрінде қиыстырып құрастырған (сформулировал) Э.Геккель (1866) болған. Бұл ибиогенетикалық за деп аталынады: онтогенездің барысында бұрынғы ата тектеріне тән, дамудың кейбір фазаларының қайтадан қалпына келуі (қайталануы, қайта берілуі) байқалады. Мысалы, мүктердің онтогенезінде спорадан өскіншенің бастамасының (протонема) пайда болуы. Ол құрылысы жағынан келешегіңде әрбір түрге тән гаметофитке айналатьш жасыл балдырларға ұқсас болады. Мұның өзі мүк төрізділердің арғы тегінің балдыр, оның ішінде шамамен жасыл балдыр болғандығыньщ дәлелі. Көптеген папоротник тәрізділердің алғашқы жапырағы, алғашқы папоротник тәрізділердің жапырақтары секілді дихотомиялы жүйкеленеді. Бал қарағайдың (лиственница) өкілдері алғашқьіда бірнеше жылдар бойы мәңгі жасыл болып келеді. Кейбір цитрустылардың алғашқы жапырақтары күрделі болады да, кейіңдеу пайда болғандары бір ғана жапырақ тақтасынан түрады.Бірақта онтогенезді филогенезді қайталау деп түсінуге болмайды. Онтогенездің барысыңда сыртқы ортаның әсерінен, сонымен бірге будаңдасудың негізінде өсімдіктің құрылысының және физиологиялық қасиеттерінің тұрақталған және ұрпаққа берілетін жаңа белгілері қалыптасадьі. Филогенезде осындай өзгерістердің нөтижесінде өсімдіктердің экологаялық топтары мен әртүрлі өмірлік формалары пайда болады.

3.Венадан цан кету ірі  вена тамырларының зақымдануы  кезінде болады. Жарадан кою қызыл  түсті қан үздіксіз жайлап  ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардьщ  ішіне ауа кетіп қалса, зардап  шегушінің өліміне өкеп соғатын  ауа эмболиясы дамиды. Күретамырдан  қан кету белгілері 
Егер қан қара түсті болса және жарадан ақырын немесе әлсіз тамыр соғулы ағынмен ақса, Сіздің пациентіңізде күретамырдан қан кетуі болған. Ірі күре тамырдан қан кетуі (жамбас, бұғана астыр, бұғау) қанды тез жоғалтудан науқас өміріне қауіп, сондай-ақ ауа эмболиясына келтіреді. Тамырлардың жарақатынан басқа күретамырдан қан кетуі мұрынның шырышты қабыршағында қан тамырларының жарылуынан немесе аяқтың варикоз тамырларының жарылуынан мүмкін. Асперинді ішкеннен және артериалды қысымның жоғарлауынан мұрыннан қан кетуі ұзақ уақыт тоқтамауы мүмкін немесе науқасты ауруханаға жеткізуді талап етеді. Кез-келген күретамыр қан кетулері кезіндегі алғашқы жәрдем басып тұратын таңбаны салуда, суықты және жоғары көтеріп қоюды талап етеді.Күретамырдан қан кету кезіндегі көмек.Басып тұратын таңбаны салу және суықпен әсер ету. Басып тұратын таңбаны жарадан төмен салады, өйткені күретамыр қаны периферия тамырларынан жүрекке қарай көтеріледі. Осындай басып тұратын таңба бірнеше сстерильденген мәрліден немесе ағытылмаған бинттен тұрады, онда жгут немесе эластикалық бинт салынады. Күретамыр жгутын дұрыс салу туралы қан тоқтауы, бірақ басқан орыннан төмен тамыр соғуы куәландырады. Бинттен жоғары қан ағу көзіне мұз оралған киімді немесе сумен толтырыған грелканы салу қажет. 30-40 минуттан кейін суықты 10 минутқа алып тастауды ұмытпаңыз, өйткені осы аймақтағы жалпы қан айналымын қалпына келтіру қжает. Егер қан кетуі аяқ-қолдан болса, онда оны жоғары көтеру қажет.Мұрыннан қан кеткен кезде оның ортасынан қысу керек, алдын ала мұрын қуысына сутек тотығымен 3 % малынған мақтаны салу қажет. Мұрын қырына немесе желкеге 3-4 минутқа арасында 3-4 минут үзіліспен қан тоқтағанша дейін суық басыңыз. Басты артқа қоюдың қажеті жоқ, сондықтан қан өңештің атрқы қабырғасынан ағады.


 

Билет 6

  1. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары .Ч.Дарвин дүниежүзілік саяхаты кезінде сыртқы орта жағдайларының әсерінен жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштігін байқаған соң, олардың жасанды және табиғи жағдайдағы өзгерулеріне қатысты деректерді жинауға кіріседі. Өсімдіктердің іріктемелері мен үй хайуанаттарының қолтұқымдарының алуан түрлілігіне ерекше назар аударады. Соның нәтижесінде табиғаттың дамуы табиғи заңдарға ғана байланысты екенін және адамның іріктемелер мен қолтұқымдарды тұқым қуалайтын өзгергіштік пен қолдан сұрыптау арқылы шығаратындығын дәлелдеді. Ч.Дарвин табиғатта жаңа түрлердің қалай пайда болатынына ерекше көңіл бөлді. Ол организмдердің табиғи жағдайда қалай көбейетіндігіне де назар аударды. Барлық организмдер артына ұрпақ қалдыру үшін өте қарқынды көбейетіндігіне көптеген мысалдар келтіріп,өсімдіктер мен жануарлардың кез келген түрлері табиғатта геометриялық прогрессиямен көбеюге қабілеттілігін дәлелдеді. Әрбір организм өте көп ұрпақ бергенімен, олардың жыныстық жетілуге дейін өмір сүретіндері аз болатындығын байқады. Дегенмен көбею кезіндегі ұрпақтардың басым көпшілігі әр түрлі әсерлерден (қоректің жетіспеуі, қоршаған орта жағдайларының қолайсыздығы, т.б.) көптеп қырылады. Табиғатта ұдайы тіршілік үшін күрес жүретіндігін айта келе, Дарвин бір даралардың көбейіп артына ұрпақ қалдырып, екінші даралардың жойылып отыратындығы табиғи сұрыпталудың әсерінен болатынын дәлелдеді.Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның Табиғи сүрыпталудың нәтижесінде, тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқ дараларды жойып отырады деген кортындыға келеді. 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік,тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыпталу.

  1. Табиғи сұрыпталу 
    1. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді 
    2. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді. 
    3. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады. 
    4. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ. 
    5. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды. 
    6. Қоршаған орта мен популяцияда тепе - теңдік сақталады. 
    7. Жаңа түрлер пайда болады.Табиғи сұрыпталу — белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін сақтап бейімделуі.Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта ұдайы (үздіксіз) тіршілік үшін күрес жүреді. Егер арыстан шиебөрінің қорегін тартып алса, қорек үшін күрес жүреді; шөлді жердің шетінде өскен өсімдік құрғақшылыққа қарсы күреседі. Жыртқыш аңның (жолбарыс, арыстан) қорегі — шөпқоректі жануар, оны ұстап қорек етеді, ұстай алмаса аштықтан өзі өледі. Шөпқоректі жануарлар тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдіктермен қоректеніп, мыңдаған өсімдіктерді жояды. Одан басқа жәндіктер (насекомдар) мен жалаңаш шырыштар да өсімдікпен қоректенеді, бұлар құстарға жем болады. Майда құстармен жыртқыштар қоректенеді. Осындай күрделі өзара байланысты Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес деп атады.Тіршілік үшін күрес — қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым - қатынастың жиынтығы.Тіршілік үшін күрестің түрлері. Ч. Дарвин тіршілік үшін күрестің 3 түрін анықтады.1. Түраралык күрес 2.Түрішілік күрес.3. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы күрес.Түраралық күрес — бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес: 
    а) жыртқыштың жағдайдағы бәсекелестік — қасқыр мен түлкінің аулайтыны қоян болғандықтан, қасқыр мен түлкінің арасында қорек үшін бәсекелестік туады. Қасқыр мен қоян, түлкі мен қоянның арасында тіршілік үшін күрес жүреді. Әрбір жыртқыш басқа жануардың арқасында тіршілік етеді. Бірі — жыртқыш тісімен, екіншісі — ұзын тырнағымен, үшіншісі — уымен жемтігін өлтіреді. Әр "түрге жататын өсімдіктер жарық, ылғал, қорек үшін бәсекелеседі. Топырақты жарып өніп шыққан өскіннің бәсекелестікте жеңгені ғана дамиды. Ол ересек өсімдікке айналып, көбею кезеңіне жетіп ұрпақ береді; 
    ә) паразиттік жағдайдағы бәсекелестік. Мысалдары ағаштары қалың болып өсетін ормандарда басқа өсімдіктерге оралып, сүйеніп өсетін өрмелегіш өсімдіктер (лианалар) .Өрмелегіш сабақтары ұзын, жіңішке, әлсіз болғандықтан ағаштардың діңіне жылан тәрізді оралып, жыл сайын ұзарып өсе береді. Ең ұшына жеткенде қасындағы екінші ағашқа жабысып, өрмекшінің торындай айналасындағы ағаштарға шырмала береді. Ағашқа оралған сабақтар тұншықтырып, сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуын тежейді. Ағаш қурап қалады. Өрмелегіш лианалар тіршілігін жалғастыра береді. Мұндай лианалар, әсіресе тропиктегі ормандарда өседі.Екінші мысал: 1918 жылы Еуропа табиғат зерттеушісі Жозеф Арнольди тропикте өсетін дүние жүзіндегі ең үлкен гүл (диаметрі — 1м, салмағы — 14 кг) Раффлезия гүлін тапқан .Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы жіпшеге айналған, сондықтан гүлі ағаштың түбінде жатады. Ағаш шырынымен қоректеніп, ағашты зақымдап, өсірмей тастайды. Иісі шіріген еттің иісіндей болғандықтан шыбын, шіркей, қоңыздар арқылы тозаңданады.


  1. Тағамнан  улану көздерінің көптен бір тараған  түрі біршама микроптар бар, өте  күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус  таяқшасы. Улану консервіленген тағам  өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі  әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк  токсиналарынан болады. Бұл бактериялар  әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).Алғашқы  жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын  шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған  ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны  бірнеше рет қайталайды. Асқазан  тазартылғаннан кейін ыстық шай  береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.

Билет 7

Жалғанаяқтылар – көпшілігі  теңізде, тұщы суда, кейбіреуі топырақта, мүк арасында тіршілік ететін, белгілі  дене дене пішіні сақталмайтын біржасушалы  жәндіктер. Бұлардың денесін плазманелла  деп аталатын қарапайым цитоплазмалы жарғақша қаптайды. Жалғанаяқтылар класында 11000-нан астам түр бар деп  есептеледі. АМЕБАЛАР. ҚАРАПАЙЫМ АМЕБАЛАР.Тұщы суда, батпақты жердегі мүктер арасында тіршілік ететін амебалар жалаңаш амеба және бақалшақты амеба түрінде кездеседі. Амебалардың түрлері өте көп, тек теңізде ғана тіршілік ететін, қайырылған теңіз түбіндегі қалдықтар мен жыныстар арасынан бақалшақтары құрылысқа пайдаланылатын, диаметрі 0,1 мм-ден 20 сантиметрге дейін жететін ерекше бақалшақты шұрықденелілерді кездестіруге болады. Жалаңаш амебалар, бақалшақьы амебалар және теңіз тамыраяқтылар класына жатқызылады. Бұлардың дене пішіні, құрылысы, тіршілік әрекетінде өзгерістер болғанмен, негізгі белгілері ортақ болғандықтан, жалғанаяқтылар класына топтастырылады. Біз осы кластың өкілі, кез келген тоқтау суларда кездесетін қарапайым амебамен танысамыз. Қарапайым амебаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Бұл – жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның дене мөлшері мм-дің 1/5-3/4 бөлігіндей болады. Қарапайым амебаның негізгі мекені – су өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен органикалық заттары мол суқойма түбіндегі тұнба. Оның тұрақты пішіні болмайды, денесі қоймалжың цитоплазмадан және кішкене ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі шырыштан құралады. Денесінің мөлшері өте кішкене болғандықтан, қарапайым амебаның құрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді. Біржасушаның ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалу әсерінен амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда болып, ол бірте-бірте созылады да, жалғанаяққа айналады. Амеба жалғанаяқтары арқылы бір жерден екінші жерге жайлап қозғала алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің тамыры тәрізді болғандықтан, амебаша қозғала алатын біржасушалы жәндіктерді кейде тамыраяқтылар деп те атайды. «Амеба» гректің сөзі, қазақша баламасы – «өзгергіш» деген мағына береді. Жалғанаяқтар дененің әр жерінен пайда болып, қайтадан жойылып тұратындықтан, амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп отырады. (ұсақ балдырлар, бактериялар) де қармайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма өсінділері оны екі жағынан орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық тамшылары – асқорыту сөлі бөлініп, қоректің түйірі орналасқан жерде вакуоль пайда болады. Вакольдің ішіндегі асқорыту сөлі қоректі ерітіп, денеге сіңіреді де, оның қорытылмай қалған бөлігі дененің кез келген жерінен сыртқа шығарылады. Сол кезде асқорыту вакуолі жойылып кетеді.Тыныс алуы. Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Цитоплазмаға сіңген оттегі ондағы қоректік заттарды өте қарапайым заттарға айырып,  тотықтырады да, суға амеба денесіндегі көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Амеба денесіндегі тотығу нәтижесінде ағзаға қажетті, оның тіршілік әрекетіне қажетті энергия бөлінеді. Денедегі заттардың тотығуы да жануға ұқсас, бірақ одан айырмашылығы: жылу мен жарықты жалын ретінде бөлмейді.Зәр шығаруы. Зат алмасу туралы ұғым. Амебаның арнаулы зәр шығару мүшесі жоқ. Тіршілік әрекеті кезінде цитоплазмада әр түрлі зиянды заттар да ериді. Ол зиянды заттар амебаның бүкіл денесі арқылы сумен бірге цитоплазмаға түседі. Зиянды заттар ерітіндісінен цитоплазмада көпіршік – жиырылғыш вакуоль пайда болады. Микроскоп арқылы зер сала қарасаңдар, жиырылғыш вакуольдің 1-5 минут сайын бірде үлкейіп, бірде кішірейіп тұрғанын байқайсыңдар. Амеба вакуольге жиналған зиянды ерітіндісін көпіршікті жиыру арқылы мезгілімен сыртқа шығарып отырады. Сөйтіп жиырылғыш вакуоль амебаның денесіндегі суды, сонымен бірге ерімей қалған қоректік зиянды заттарды дененің кез келген жерінен сыртқа шығарып, цитоплазманы уланудан сақтайды, яғни зәр шығарады. Суда еріген оттегінің амеба денесінде тотығуы, оттегінің зиянды заттарға дейін қоректі тотықтыруы химиялық өзгеріс болып табылады. Ағзадағы барлық зат атаулылардың және энергияның өзгеруі, яғни химиялық реакцияның жиынтығы зат алмасу деп аталады. Табиғаттағы кез келген тіршілік иесі өз денесінде және айналадағы ортада зат алмасу құбылысы тежелсе, одан әрі тіршілік ете алмайды. Зат алмасу арқылы қоректік заттар ыдырап, энергияға айналады да, бейорганикалық заттардың қосылыстары жинақталған кезде басқа заттар түзілу арқылы жасушаның әрекеті күшейе түседі.Көбеюі. Амебалардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді.Жыныссыз көбею амеба денесінің тең бөлінуі арқылы өтеді. Бұл кезде алдымен амебаның ядросы екіге бөлініп, денесі созылады да, жаңа пайда болған бір-бір ядромен екі жаққа ажырайды. Пайда болған екі жасушаның – екі жас амебаның біреуінде ғана бұрынғы жиырылғыш вакуоль сақталады, екіншісінде ондай вакуоль жаңадан түзіледі. Сөйтіп, амеба бөліну арқылы көбейеді.Циста түзуі. «Циста» грекше «кистис», яғни «қаптама» дегенді білдіретін сөз. Қолайсыз жағдайға тап болған кезде амебаның денесі жұмырланып, сыртын қалың тығыз қабат қаптайды да, қоректенуін тоқтатады. Осындай тығыз қабықша циста деп аталады. Цисталанған амеба суқойманың суы суалса да, айналадағы температура күрт өзгерсе де төзеді. Цистадағы амеба жел арқылы басқа  суқоймаларға оңай таралады.ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бр ғана жасушадан тұрады.Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, жалған аяқтар түзеді. Амебалар осы жалған аяқтарымен жүреді және қорегін аулайды.Кейбір жалғанаяқтылардың әктен түзілген ішкі қаңқасы, сондай-ақ денесін қаптайтын бақалшақтары болады.Жалғанаяқтылар бактериялармен, балдырлармен және әр түрлі қарапайым жәндіктермен қоректенеді. Оларда асқорыту және зәр шығару вакуольдері болады. Жалғанаяқтылар тыныс алады, тітіркенеді және бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді.ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ. БОДО – БІРЖАСУШАЛЫ, ТАЛШЫҚТЫ ЖӘНДІ. Бодо – талшықты ағзалар типінің өкілі. Бұл – талшықтарының жәрдемімен қозғалатын біржасушалы жәндік. Талшықты жәндіктердің бірнеше отрядтары бар .Сендер біржасушалы өсімдік – хламидомонаданы оқып-таныстың дар. Оның құрылысын еске түсіріп көріңдерші: ол – бодо пішінді, екі талшықты, бір жасушалы балдыр. Хламидомонада өсімдікше қоректенеді, денесінде фотосинтез жүретін органоиды – жасыл түсті хроматофоры бар. Сондықтан оның түсі жасыл. Ал бодо даяр ағзалық заттарды – бактерияларды, ұсақ ағзаларды қорегіне жаратады. Бодо көмірқышқыл газ, су және минералды тұздарды синтездей алмайды. Сондықтан онда хлоропластар болмайды. Сөйтіп бұлар тірі табиғаттың екі түрлі дүниесіне жатады. Хламидомонада – өсімдіктер дүниесінің, бодо – жануарлар дүниесінің өкілі Бодоның мекен ету ортасы, құрылысы, қозғалуы және тіршілік әрекеті. Өте ластанған суда өзге ұсақ ағзалармен бірге, тұрқы 1020мкм, қарапайым жәндік – бодо да тіршілік етеді. Өте ұсақ болғандықтан, бодоны микроскоп арқылы көре аламыз. Бодоның ішкі құрылысын электронды микроскоп пен зерттейді. Оның денесін плазмалы жарғақша қаптайды. Жарғақша цитоплазманы қаптайтын икемді пелликуламен астарланады. Сондықтан бодо пішінін әр түрлі қалыпқа өзгерте алады. Дене пішінінің өзгеруіне жарғақша мен пелликуладағы тілкемшелер, талшықтар және цитоплазмадағы жиырылғыш талшықтар әсер етеді. Бодоның ядросы бар. Ядро цитоплазмадан қабықшасы арқылы бөлініп тұрады. Бодо денесінің құрылымын, өзге де түрлі жағдаяттарды ядро реттейді. Бодо цитоплазмасында денені қуатпен қамтамасыз ететін органоид – митохондрия бар. Митохондрия атауын 1897 ж неміс ғалымы Карл Бендос ұсынған.Бодо денесінің алдыңғы жағынан бірі ұзын, бірі қысқа екі талшық көрінеді). Алға созылған талшық тез ширатылып бұралған кезде бодоның денесі өз осінен айналады. Сөйтіп талшықтар суға бұрғыша бұралып, бодоны алға тартады. Бодо талшық қимылының жәрдемімен жайлап қозғалады. Артқа қараған талшық бодоның алға қозғалуына бұлқын (руль) тәрізді бағыт береді. Талшықтар қозғалысының әсерінен судағы ұсақ ағзалар бодоның аузына қарай ағылады. Бодоның аузы талшықтар түбінде орналасады. Ауыздың төңірегінде ас қорытатын вакуоль түзіледі. Вакуольге түскен қорек асқорыту сөлінің әсерінен қорытылып, цитоплазмаға өтеді. Қорек цитоплазмада зат алмасу кезінде бодо денесін құрастыруға жұмсалады. Қорытылмай қалған қажетсіз заттар бодоның аузы арқылы сыртқа шығарылады. Қажетсіз заттардың бөлінуіне дененің алдыңғы жағындағы жиырылғыш вакуоль қатысады.Бодо суда еріген оттегімен тыныс алады. Оттегінің денеге таралуы бодоның бүкіл денесі арқылы осмостық жолмен реттеледі. Бодо денесіндегі цитоплазма оттегінің әсеріне күрделі заттарды қарапайым заттарға ыдыратады. Соның нәтижесінде бодоның тіршілік әрекетіне қажетті энергия түзіледі.Бодо денесінің алдыңғы жағында бір ядро болады. Қолайлы жағдай болғанда ядро бөліне бастайды. Бұл – жыныссыз көбеюдің бастамасы. Жасуша ядросында тұқым қуалау қасиетін анықтайтын хромосомалар (грекше «хромо» – түс + «сома» – дене) болады. «Хромосома» терминін 1888 ж неміс ғалымы Вильгельм Вальдейер ұсынды. Бодо жыныссыз жолмен көбейген кезде ядродағы хромосомалар саны екі еселенеді. Сөйтіп бөлінген әрбір ядрода хромосоманың бастапқы саны сақталады. Бодо жасушасы ұзынынан бойлай екіге бөлінеді. Бөліну барысында ядро және жасушадағы барлық тірі заттар жаңадан түзілетін жасушаларға тең бөлініп таралады. Бұл үрдіс күрделі бөліну – «митоз» (грекше «митос» – жіп) деп аталады. Сөйтіп күрделі бөліну – жасушалар мен біржасушалылардың маңызды қасиеті. Күрделі бөлінуде аналық жасуша мен біржасушалы ағзаның хромосома заттары пайда болатын екі жасушаларға бірдей бөлініп таралады.ЖАСЫЛ ЭВГЛЕНА - ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ..Ботаниктер балдырлар бөліміне, ал зоологтар қарапайым жәндіктерге жатқызатын, өсімдік пен жануарлардың туыстығына айқын дәлел бола алатын біржасушалы жәндік - жасыл эвглена. Бұлардың 900-ге тарта түрі белгілі, бұрынғы КСРО-да 430 түрі мекендейді. Кейбір түрлері осмостық қысым және фототәсілмен қоректенетіндіктен, жасыл эвглена қарапайымдар класына жатады. Жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Дене тұрқы 4-500 микро миллмметрден аспайтын жасыл эвгленаны органикалық заттары мол тұщы суқоймалардан, жағаға жақын су түбінен жиі кездестіруге болады. Эвгленаның пішіні сүйір жапыраққа ұқсас, денесінің алдыңғы жағы доғалдау, артқы жағы сүйірлеу келеді. Амеба тәрізді эвгленаның денесінде де нақтылы қабыршақ болмайды, дегенмен цитоплазмасы дене пішінін сақтайтын тығыздау келген сыртқы қабатпен қапталады. Сондықтан эвгленаның дене пішіні өзгермейді. Біржасушалы эвглена денесінің алдыңғы жағынан ойыс байқалады. Бұл – эвгленаның жұтқыншағы. Жұтқыншақта жіп тәрізді талшық орналасады. Талшық – цитоплазманың созындысы, эвгленаның қозғалу мүшесі. Эвгленаның алдыңғы жағындағы талшық ширатылып, тарқалғанда және толқындана иілген кезде жәндік доғал жағымен алға қарай жылжиды.Қоректенуі. Микроскоппен қарағанда эвгленаның жасушасынан көптеген жасыл тақташаларды – хлоропластарды көруге болады. Бұл 20 шақты тақташаларда хлорофилл болғандықтан, эвглена өсімдіктер тәрізді жарықта денесіне органикалық заттарды фотосинтез тәсілімен жинақтайды. Цитоплазмаға жинақталған кенеулі заттарды эвглена ашыққан кезде қорегіне пайдаланады. Бұл – эвгленаның жасыл өсімдіктер тәрізді қоректенуі. Ал денесінде жасыл тақташалар болмаған кезде (әсіресе қараңғы кезде) эвгленалар жануарлар тәрізді қоректенеді, яғңи органикалық заттарды денесіне сіңіреді. Бұл кезде эвгленаға судағы шіріген органикалық заттардың ерітіндісі қорек болады. Денесінде болатын жасыл тақташалар эвгленаны жасыл етіп көрсетеді, сондықтан жәндік жасыл эвглена деп аталады.Жасыл эвглена судағы шіріген органикалық заттардың ерітіндісімен қоректенетіндіктен, су тазартқыш жәндік болып табылады.Тыныс алуы және зәр шығаруы. Жасыл эвглена амеба тәрізді тыныс алып, зәр шығарады. Зиянды заттар ерітіндісі дененің алдыңғы жағындағы жиырылғыш вакуольге жиналып, кейін сыртқа шығарылады.Жарықты сезуі. Жасыл эвглена жарық әсерін сезе алады. Оның жарық сезу қызметін атқаратын қызыл көзшесі дененің алдыңғы жағында, жиырылғыш вакуольдің қасында, талшықтың түбін ала жатады. Жасыл эвгленалар әрқашан жарығы мол жаққа көбірек жиналады.Көбеюі. Жасыл эвглена жыныссыз жолмен, бөліну арқылы көбейеді. Ең алдымен денесінің артқы жағына қарай орналасқан ядросы бунақталып, болашақтағы жас эвгленаның алдыңғы бөлігінде жаңадан талшық пайда болады.. Бұдан соң эвгленада екі жұтқыншақ түзіліп, жиырылғыш вакуольдің екі ажырағаны және ядро пайда болғаны байқалады. Эвглена басқы бөлігінен дененің соңғы жағына қарай біртіндеп екіге ажырап, денені ұзынынан бойлай екіге бөлінеді. Көбею кезінде эвгленаның денесіндегі жасыл тақташалар да екі еселенеді. Сөйтіп, алғашқы бір эвгленадан жаңа екі жас эвгленалар айда болады.Циста түзуі. Басқа қарапайым жәндіктер тәрізді, эвглена да температура кенет өзгергенде, ылғал жетіспей қалған кезде, жалпы қолайсыз жағдайларда тыныштық сатысына көшіп, денесінің алдыңғы жағындағы талшығын түсіреді де, тығыз қорғаныш қабықшаға оралып, домаланады. Сөйтіп, эвглена қолайсыз жағдайды осы күйінде циста ішінде өткізеді. Қолайлы жағдай болған кезде эвгленалар қайтадан тіршілігін бастап, цистадан шығады.ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтары болады және денесі бір ғана жасушадан тұрады.Талшықтылардың денесі көпіршік тәрізді бір ядросы бар цитоплазмадан құралады. Цитоплазманың сыртқы қабаты мөлдір және тығыз, сондықтан талшықтылардың дене пішіні өзгермей, тұрақты болады. Цитоплазманың ішкі қабаты кенеулі заттардан түзілген түйіршіктерге және жасыл тақташаларға толып тұрады.Талшықтылар фотосинтез тәсілімен, қысым арқылы жәнепаразиттік жолмен өсімдік тәрізді және жануар тәрізді тәсілмен қоректенеді.Талшықтылар жарықты сезеді, арнаулы көзшесі болады. Жыныссыз жолмен бөліну арқылы көбейеді. Талшығы арқылы қозғалады, амеба тәрізді тыныс алып, зәр шығарады, циста түзеді.Талшықтылардың топтасып тіршілік ететін түрлері (домаланғы) де бар.КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ.Дене пішіні алуан түрлі, тұщы немесе тұзды суларда мекендейтін, денесінде кірпікшелер болатын, мөлшері 10 микромиллиметрден 3 миллиметрге дейін жететін едәуір күрделі құрылысты бір жасушалы қарапайым жәндіктер кірпікшелілер класына жатқызылады. Бұлар еркін де қозғалады, кейбіреуі «отырықшылықпен» тіршілік етеді. Кірпікшелі жәндіктердің 1100-ден астам түрі бар деп есептелінеді.КІРПІКШЕЛІ КЕБІСШЕ. Кірпікшелі кебісшенің тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Көптеген кірпікшелі жәндіктер еркін жүзетіндіктен, сүйір денелі болып келеді. Солардың бірі – кірпікшелі кебісше. Кебісшенің пішіні расында да кебіске өте ұқсас. Оның бүкіл денесін жіңішке түк тәрізді өскін – кірпікшелер қаптап жатады. Бір ғана кебісшенің денесінде 10-15 мың кірпікше болады, осы кірпікшелердің әрқайсысы ескекше қимылдап, кебісше үздіксіз шапшаң қозғалады.Кірпікшелі кебісшенің амеба немесе жасыл эвгленадан айырмашылығы: денесін жұқа, тығыз қабықша қаптайды. Қабықша майысқақ, иілімді болғандықтан, кебісше денесін еркін қозғап, әр түрлі қалыпқа келтіре алады. Кірпікшелілер тоқтау суларда, тоғанда, батпақты жердегі суларда кездеседі. Кірпікшелі кебісшенің денесі өте күрделі бір жасушадан тұрады. Денесінің негізгі бөлігін цитоплазма толтырады да цитоплазманың ішінде бір үлкен және бір кішкене – екі ядро болады. Цитоплазманың сыртқы қабаты – тығыз қабықша, онда өте көп кірпікше өседі, ал ішкі қабаты сұйықтықтан тұрады. Кебісшенің алдыңғы жағы доғал, ал артқы жағы жалпақтау келіп, сүйірленеді. Оның қозғалып жүзуі де көңіл аударалық: кірпікшелер арқылы алға қарай жылжиды да бүкіл денесімен өз кіндігінен оңға қарай айналады.Қоректенуі. Кірпікшелілердің негізі қорегі – бактериялар мен ұсақ ағзалар. Кебісшенің алдыңғы жағынан анықтап қараса, сопақшалау келген ойыс байқалады. Бұл - кебісшенің ауыз ойысы. Ауыз ойысы цитоплазмадан тар шұқырақ тәрізденген жұтқыншаққа жалғасады. Ауыз ойысындағы кірпікшелердің қимылымен судағы ұсақ тірі ағзалар және бактериялар кебісшенің жұтқыншағына қарай жылжиды. Қоректік зат цитоплазмаға түсісімен төңірегінде көпіршік түзіледі де асқорыту вакуоліне айналып, қоректі өзгеріске ұшыратады. Асқорыту сөліне оралған қорек түйірлері қорытылып, цитоплазмамен жайлап жылжиды да, қорытылмаған бөлігі денедегі тесік – қылаулатқыш арқылы сыртқа шығады.Тыныс алуы және зәр шығаруы. Кірпікшелі кебісшенің тыныс алатын ерекше мүшесі жоқ, сондықтан бір ғана жасушадан тұратын денесіндегі жұқа қабықша арқылы өз айналасындағы суда еріген оттегін бүкіл денесіне сіңіріп, газ алмастырады, тыныс алады.Кірпікшелі кебісшенің денесінде жиырылғыш, жұздызша тәрізді екі вакуоль айқын көрініп тұрады. Бұл вакуольдерге денедегі артық мөлшердегі сұйықтық жиналады. Вакуольдердің біреуі кебісше денесінің алдыңғы бөлігінде, екіншісі артқы жағында орналасады. Олардың мөлшері жинақталған сұйықтыққа байланысты, сондықтан көпіршіктің кейде пайда болып, кейде жойылып кетуі мүмкін. Кірпікшелі кебісшенің осы жиырылғыш вакуольдері зәр шығару қызметін атқарады.Тітіркенгіштігі. Басқа біржасушалы жәндіктер тәрізді кірпікшелілер де сыртқы тітіркендірулерді қабылдап, оған тиісті жауап қайтарады. Олардың сезім мүшесінің қызметін кірпікшелері атқарады. Кірпікшелілер тітіркендіруге қимылын баяулату немесе тездету, сондай-ақ қимыл бағытын өзгерту арқылы әр түрлі әрекеттер жасайды. Кірпікшелілер бөгде заттың жанасуына, ортадағы химиялық әсерге өте сезімтал, бірақ жарықты сезетін арнаулы органелласы болмайды.Көбеюі. Кірпікшелілер қорегі мол болса, жазда көбеюге кіріседі. Көбею кезінде кірпікшелінің екі ядросы да біраз созылып, ортасынан қынала бастайды. Осы кезде кірпікшелі жәндік қоректенуін тоқтатады. Ядролар біртіндеп екі жартыға бөлінеді де, екі жаққа қарай таралады, сөйтіп жаңадан екі жасуша пайда болады. Әрбір жаңа жасушада жеке кірпікшенің жетімсіз мүшелері – жиырылғыш вакуоль, ауыз қуысы және басқалар түзіледі. Қолайлы жағдайда кірпікшелілер бірнеше жас ұрпақтар бере бөлініп көбейеді.Циста түзуі. Суқоймалардың суы тартылған кезде кірпікшелілер де денесіне тығыс қабық түзіп, ұзақ уақыт қимылсыз жатады, бұл құбылыс кірпікшелілердің циста түзуі деп аталады. Цистада жатқан кірпікшеліні жел ұшырып, басқа суқоймаға түсіруі немесе бұрынғы орнына су толуы мүмкін, сондай кезеңде жәндік цистадан шығып, тіршілігін одан әрі жалғастырады. БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады.Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама бақалшақты біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды десеңдерші. Геологтар ондай шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры болатынын анықтады. Біржасушалылардың топырақ түзуде де рөлі бар.Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі – дизентерия амебасы Дизентерия амебасы (грекше: «дис» – бұзу, «ектерон» – ішек) адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайды. Осы жарадан шыққан қанды ірің нәжіске араласып, адамның ішін жүргізіп, ыстығын көтеріп, қатты ауыртады. Бұл ауру қантышқақ деп аталады. Ауру адамның ішегінде амеба тез көбейіп, нәжіспен араласқандары бірден цистаға айналады. Тәулігіне нәжіспен бірге 300 млн-дай амеба цистасы сыртқа шығады. Олар суды, түрлі көкөністерді және тағы басқа азық-түліктерді (цисталардың қалай таралатынын еске түсіріңдер) ластайды. Дизентерия амебасының цисталары лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс-жидекті жумай жегеннен сау адамға жұғады. Дер кезінде емделмесе, бұл ауруды ажалға душар етуі мүмкін Безгек паразиті адамның қанына безгек масасының сілекейімен түседі де, қанда бөліну жолымен көбейеді. Олардың көбеюінен қанға улы заттар бөлінеді. Безгек ауруын қоздыратын паразитті 1880 жылы француз дәрігері А. Лаверан ашқан. Бұл паразит негізінен қанның қызыл түйіршіктерінде тіршілік етеді. Безгек паразиті қанның бір қызыл түйіршігінен екіншісіне ауысқан кезде ауру ұстайды. Олар түйіршіктің ішінде болған кезде адам тәуірленіп, жұмысын одан әрі жалғастырады. 3-4 күн ішінде паразиттер орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіреді де, оның қабығын жарып, келесі түйіршікке ауысады. Дәл осы сәтте безгек қайта ұстайды.1960 жылдары безгек ауруын емдейтін хинин, акрихин дәрілері жасалды. Одан соң осы ауруды тарататын безгек масаларын құрту шаралары жүргізілді. Олар қыстайтын жерлерге, гексахлоран сияқты улы химикаттарды шашу, масалар тіршілік ететін батпақтарды құрғату, шағын бөгеттерде маса дернәсілдерімен (личинка) қоректенетін гамбузия балықтарын өсіру сияқты шаралардың арқасында елімізде безгек ауруының өріс алуына кедергі жасалуда.Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі – <span class="Normal_0020_


Информация о работе Шпаргалкалар ша "Биологияға"