Экологиянын даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 20:39, реферат

Краткое описание

Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы екенімді мақтан тұтамын.
Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.

Вложенные файлы: 1 файл

Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген.doc

— 28.50 Кб (Скачать файл)

Алтын күмбезді көгімде қыран құсты  байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны  асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас  Ұланы екенімді мақтан тұтамын.

 

Телегей теңіз  жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм  соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр  саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.

 

         Қазақ елі қайсарлы да батыл,  айбатты да асқақ елдердің  бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

 

Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі  өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды  тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға  жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес.

 

Бүгінде республикамыздың әр өңірінде Елбасымыздың бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің үшінші толқынына мектебіміздің түрлі интеллектуалдық байқаулар мен спорт бәйгелерінің жеңімпаздары, сынып көшбасшыларынан 72 оқу озаты, 48 оқу екпіндісі салтанатты түрде қабылданып, ұйымның мүшесі атандық.

 

Салтанатты шарада біз ертеңгі  еліміздің жарқын болашағы – білім  көгіне қанат сермей жүріп мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымының жетекшісі Жумиева Сандуғаш Садуоқасқызының алдында Ұлан басшысы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант қабылдау рәсіміне дайындығы жөнінде баянат қабылданғаннан кейін, «туған жеріміз бен елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға» ант бердік. «Нұр Отан» ХДП-ның Орал қалалық филиалының кеңесшісі Нұралы Ажар Алтынбайқызы, Батыс Қазақстан облыстық «Ауыл жастары Одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы, білім шаңырағымыздың ардагер ұстаздары Арыстанова Назым, Бакирова Батима Гилимқызы, Кереев Мұхит Махметұлы, мектебіміздің басшысы Асқарова Бәтима Жұмабекқызы қатысып, жүрекжарды лебіздерін арнап, кемел келешектің кілтін ұстар «Жас Ұландықтарға» еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін деген ниетпен ұйымның төсбелгісін тағып, галстугын байлады.

 

Бүгінде ұйымымыздың жетекшісі  Сандуғаш Садуоқасқызының ұйымдастырумен өтетін мектепішілік түрлі шараларға, сенбіліктер мен кездесулерге, қайырымдылық акцияларына белсене қатысамыз. Жұдырықтай жүрегіміздің түбіндегі Отанымызға деген асқақ сүйіспеншілік бізді алға жетелеп, дәйім «Өз еліңнің – патриотты ұланы бол!» деп дем беріп келеді. Арына жанын садаға еткен, «атамыз алаш, керегіміз ағаш» болған өр қазақтың намысты ұрпағы екенімізді ұмытпай, айбынды бабалардың рухын өшірмей, даңқты тарихымызды сақтайық!

 

Елге деген ыстық сезімімді  жетесіне жеткізген, бодандықта бор болған төзімділікті қыл көпірден өткізген, өз елім, өз жерім деп өзек өртеп, өршіл рух сыйлаған, санамызды улаған сансыз «ертегіден» есті жинаған, қасқайып қазақ атын мың қайталап жүрек отын тұтатқан, бойында күш-жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің еңселі байрағын ұшы қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қырандай қарыштаған - Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

 

 

 

Мүсілім Ақмаржан

 

Орал қалалық №40 ОЖББМ-тің

 

11-сынып оқушысы, 

 

 «Жас Ұлан» балалар мен   жасөспірімдер

 

 ұйымының мүшесі

 

3

 

Пікірді

қалдыру

 Құрметті  оқырмандар!

 Пікір  жазғанда жеке адамның ар-намысын  қорлайтын, кемсітетін, ұлт араздығын  тудыратын сөздерді қолданбауыңызды  сұраймыз 

 Аты: E-mail:


Информация о работе Экологиянын даму тарихы