Энтеровирусты және нейровирустық инфекциялардың қоздырғыштары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 11:10, реферат

Краткое описание

Энтеровирустар – құрамында РНҚ вирустары бар, Picomaviras (латынның рісо - өлшемі кіші, ma - РНҚ дегенінен) тұқымдасына, Ehteroviras туысына жатқызылатын вирустар. Полиомиелит вирустары, Коксаки, ECHO, 68-71 түрдегі энтеровирустары осы туыстың өкілдері болып табылады. Энтеровирустар - сфера түріндегі, біржіпті желілі плюс-жіпті РНҚ-дан және капсидтен тұратын ең кіші және барынша қарапайым түрде ұйымдасқан вирустар. Капсид симметриясы текше түрі бойынша орналасқан 60 ақуыздық суббірліктерден кұралған. Вируотардык сыртқы суперкапсиді жоқ. Олардың құрамында кемірсулар мен липидтер жоқ, сондықтан олар эфирдің жөне басқа да май еріткіштердің әсерін сезімтал емес.

Содержание

Энтеровирустар
Тогавирустар
Рабдовирустар
Коксаки, ECHO вирустар және 68-71 типті энтеровирустар
5.Ротавирустар
6.Құтыру вирусы
Қолданылған әдебиет тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Энтеровирустар.doc

— 126.00 Кб (Скачать файл)

энтеровирустардың ішінде аралық орынды алады.

 

 Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалдары нәжіс, мұрынжұткыншақ шайындысы, қан, ми-жұлын сұйықтығы болып табылады. Вирустарды жасуша дақьшы мен жаңа туылған тышқандар арқылы бөледі. Бөлінген вирусты сәйкесінше биологиялық нысаналарда I БР, КБР, ИФТ, сонымен қатар ГАТР (гемагглютинациялық белсенділікке ие энтеровирустар үшін) көмегімен идентификациялайды. Серологиялық 71 әдіс: қанның сарысуында антидене титрінің артуын БР, КБР, ИФТ, ГАТР I    арқылы анықтайды.

Арнайы сақтандыру және емдеу. Ресей ғалымдары энтеровирустын

71 серологиялық типіне қарсы инактивацияланған вакцинаны ұсынған. Басқа энтеровирустарға қатысты вакцина жоқ. Емдеуі белгілеріне     байланысты.

 

5.Ротавирустар

 

Ротавирустар - адамның жедел гастроэнтеритін тудыратын қоздырғыштар, 1973 жылы табылған.

 

Таксономиясы, морфологиясы, химиялық кұрамы. Ротавирустар Reoviridae түқымдасына, Rotaviras туысына жатады. Вирус сфералық пішінді, екі жіпті бөлшектен РНҚ-нан түрады. Ерекшелігі екі капсидке ие -сыртқы және ішкі. Вирустың аталуы капсидтің ерекшелігіне байланысты (латын тілінен rota - дөнгелек). Сыртқы липопротеидті қабығы жоқ.

 

Эпидемиологиясы. Ротавирусты гастроэнтериттер барлық жерде таралған, кебінесе 6 айдан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды зақымдайды (балалардың іш өту ауруының 40-60% құрайды). Ерекшелігі қысқы айларында көтеріледі. Су, тағам, жан-ұялар, аурухана ішілік инфекциялар түрінде    тіркеледі.    Инфекцияның    көзі    -    аурулар    мен    вирусты тасымалдаушылар. Таралу механизмдері - фекалды-оралды.

Иммунитеті,    клиникасы,    зертханалык    диагностикасы    барлық энтеровирустарға тән.

 

6.Құтыру вирусы

 

Құтыру (синонимдері: rabies, lyssa, hydrophobia - судан сескену) -адам мен жылы қанды жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, зақымдалған жануарлармен қатынас (тістеу, микрожаралардың сілекейленуі) кезінде таралады, ОЖЖ зақымдануымен . және өліммен аяқталуымен сипатталады.

Құтырудың    вирустық    этиологиясын    1903    жылы    П.Ремленже

дәлелдеді.

 

Таксономиясы. Құтыру вирусы - РНҚ-құрамды вирус, Rhabdoviridae түкымдасына (грек сөзі rhabdos - шыбық), Lyssavirus туыстығына жатады.

 

Морфологиясы  және химиялық құрамы. Вириондарының пішіні оқ тәрізді, гликопротеидті табиғатты тікенегі бар липопротеидті қабыкшамен қоршалған жүрекшеден тұрады. РНҚ - минус жене бір жіпшелі.

Дақылды өсіру. Құтыру вирусын ақ тышкандардың, сириялык аламандардың, орқояндардың, егеуқүйрық, теңіз шошқасы, қойлардың милык тінінде өсіреді. Жүқтырылған жануарлардың аяқтарында сал дамиды, кейін олар өледі. Құтыру вирусы алғашқы және ауыспалы жасуша дакыддары мен тауық эмбрионында бейімделуі мүмкін. Вируспен зақымдалған жануарлардын бас миының жасуша цитоплазмасында немесе тіндік дақылдарында спецификалық қосындылар пайда болады, оларды алғаш В.Бабеш (1892) пен А.Негри (1903) анықтаған, сондықтан Бабеш-Негри денешіктері деп аталады. Қосынды сфералық немесе сопақша пішінді, қышқыл бояулармен жақсы боялады, қүрамында диагностикалық маңызы бар вирустық антиген орналасады.

 

Антигендік кұрылымы. Құтыру вирусының құрамында жүрекшелік және беткейлі антигендер анықталған. Гликопротеидті антиген (тікенді ақуыз) көрнекті иммуіюгсндік қасиетке ие. Құтырудың антигендік касиеті ұқсас екі вирусы бар: жануарлардың арасында таралған, адамға патогенді жабайы вирус және орқояндардың миы арқылы жабайы вирусты ұзақ уақыт зертханалық жағдайда пассаждау жолымен Л. Пастермен бекітілген    вирус    (virus    fixe).    Бекітілген    вирустың    адам вирулентгілігін    жоғалтуына    байланысты    Л.Пастер    осы    в антирабиялық вакцина түрінде қолданды.

 

Резистентгілігі.  Құтыру вирусы қоршаған ортада тұрақсыз: сәулесі    мен    УК-сәулелердің,    дезинфекциялык    ерітінділер    ( хлорамин, формалин) әсеріиен жылдам жойылады, майеріткіштер сілтілі ерітінділерге сезімтал. Темен температурада ұзак сақталады.

 

Эпидемнологиясы. Құтыру ауруы көне заманнан белгілі, жер беті кеңінен тараған зоонозды инфекция. Құтырумен барлык жылық— жанауарлар ауруы мүмкін. Дегенмен, таралу механизімінің ерекшелгі (тістеу арқылы) байланысты табиғатта вирустың айналуын жабайы және етқоректі үй жануарлары,  соның ішінде ит, қасқыр,  түлкі, шие" мысықтар т.б. қамтамасыз етеді. Қүтырудың табиғи ошақтары барлық жерде орналасқан. Адам эпидемиялық урдістің кездейсоқ тобы болып келеді, сондықтан табиғатта вирустың айналымына қатыспайды.

Құтыру вирусы сілекей бездерінде жинақталып ауру кезінде және жасырын кезеңнің соңғы кундерінде бөлінеді. Қоздырғыштың таралу механизмі - тікелей қатынасты, негізінен тістеген кезде, сирек зақымдалған терінің сілекейленуінде. Инфекция кезі ретінде ауру адамның ролі өте төмен, дегенмен құтыру вирусы онын сілекейінде болады. Адамнан адамға жұғу тек бірңеше жағдайда кездескен.

 

Патогенез және клиникалык белгілері. Құтыру вирусы көрнекті нейротроптық қасиетке ие. Енген жерінен вирус перифериялык жүйке талшықтары арқылы ОЖЖгға түседі, онда көбейеді, осы талшықтар аркылы барлық жүйке жүйесін, біркатар безді мүшелердің жүйқе түйіндерін, әсіресе сілекей бездерді зақымдай отырып төмен таралады. Жүйке түйінінде вирус көбейіп сілекей арқылы қоршаған ортаға түседі.

Құтыру кезінде адамдағы жасырын кезеңі қоздырғыштын вируленттілік қасиетіне, зақымданудың орналасуы мен сипатына байланысты 7 күннен 1 жылға дейін өзгеріп отырады. Аңағұрлым қысқа жасырын кезең бастың көлецці тістеуі кезінде байқалады.

Адам кұтыруының клиникалық белгілері келесі кезеңдерден тұрады: алғашқы белгілері (продромды), қозу және сал болу. Ауру корқу сезімінің пайда болуымен, алаңдау, ашулану, ұйқысыздық, жалпы сырқаттану, тістеген жерінде қабыну реакциясымен басталады. Аурудың екінші кезеңінде рефлекторлық қозу курт жоғарылайды, гидрофобия (судан сескену), тыныс алуды қиындататын жұтқыншақтық және тыныс бұлшық еттерінің спазмалык жиырылуы пайда болады; сілекей белінуі күшейеді, аурулар қозу күйінде, кейде агрессиялық қасиетгері пайда болады. Бірнеше күннен кейін қол-аяҚты, беттін, тыныс алу бұлшық еттерінің салы дамиды. Аурудың ұзақтығы 3-7 күн. Өлім-жітімдік 100%.

 

Иммунитеті. Табиғи жүре пайда болған иммунитеті зерттелмеген, себебі ауру еліммен аяқталады. Жасанды жүре пайда болған иммунитет құтырған жануарлар тістеген адамдарға егулер жүргізгеннен кейін қальштасады. Иммунитет антиденелердің түзілуімен, интерферонның және жасушалық факторлардың пайда болуымен қамтамасыз етіледі.

 

Микробиологиялық            диагностикасы.           

Постморталды диагностикасы: Бабеш-Негри денешіктерін ми жасушалары жағындыларынан анықтау (Романовский-Гимзе, Ман, Туревич, Муромцев бояу әдісімен); вирусты мидан жөне жақ асты сілекей бездерінен жаңа туған ақ тышқанқарды ми арқыпы (интрацеребралды) зақымдау жолымен бөліп алу. Вирусты антирабиялық иммуноглобулин арқылы ИФТ, вирусты бейтараптау реакциясында анықтайды (тышкандарда). Ауырган кездегі диагностикасы: 1) вирусты ИФР көмегімен мүйізді қабаттан таңбасынан, тері биоптаттарынан бөлу; 2) вирусты сілекейден, жұлын және кез жас сұйығынан жаңа туған ақ тышқанқарды ми арқылы (интрацеребралды) зақымдау жолымен бөліп алу; 3) КБР, ИФТ, БР, ПГАР көмегімен антиденелерді анықтау.

 

Арнайы  сақтандыру. Құтыруға қарсы вакцинаны алғаш рет Л.Пастер жасап, енгізді. Зақымдалған жануарлар кояндар, қойлардың миынан алынған УК - немесе гамма сөулелермен инактивацияланған концентрациялы дақылдық антирабиялық вакцинамен жүргізіледі: 1) шартты егу курсы - вакцинаның 2-4 инъекциясы (тістеген жануарға 10 күн бақылау жасай отырып); 2) шартсыз егу курсы - ережеге сай. Құрамында G вирусты гликопротеині бар гендік инженерия вакцинасы еңделуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет тізімі

 

1.Агабалян А.С  - Биолог Армения 1973 ж.

2. В.Д. Тимаков, B.C. Левашев, Л.Б.Борисов -Микробиология

3. Микробиология  және вирусология -Артыкбаева, К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенва, Ә. Ө. Байдүйсенова, Н.Б. Рахметова, Г.Д. Асемова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚ «Астана Медициналық Университеті»

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Энтеровирусты және нейровирустық инфекциялардың қоздырғыштары

 

 

 

 

               

           

Орындаған:  _______________

                                                           Тексерген: _______________

 

 

 

 

Астана 2011 жыл.


Информация о работе Энтеровирусты және нейровирустық инфекциялардың қоздырғыштары