Смейе мемлекеттік
медицина университеті
эпидемиология және гигиена кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Эпидемиялық
процестің әртүрлі халық топтары
арасындағы көрінуінің қазіргі
кездегі сипаттамасы.
Орындаған: Болгамбаева
С.
310-топ ЖМФ
Семей 2009
Жоспар:
1.Эпидемиялық процесс туралы түсінік
2.Ілімнің пайда болуы
3.Даму механизмі
4.Эпидемиялогиялық процестің халық арасында
көрінуі
5.Қорытынды бөлім
Эпидемиялық процесс - әлеуметтік экологиялық жүйе,яғни паразиттік
микроорганизмдердің халық арасында өмір
сүруін, өсіп өнуін және таралуын қамтамасыз
ететін көп деңгейлік бүтін күрделі жүйе.
”Эпидемиялық процесс”
туралы ілімінің негізін қалаған Л.В.Громашевский болып саналады. Ол бірінші
болып эпидемиологияның негізгі заңдарын
жете зерттеп, құрастырды, инфекцияның
берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық
процестің қозғаушы күштерін анықтады.Эпидемиологиялық
процесс деген терминді де бірінші рет
енгізген Громашевский болды. “Эпидемия”
деген ұғымды тар мағынада “эпидемия”
деп ,кең мағынада “эпидемиялық процесс”
деп екіге бөлді.
Әр түрлі жұқпалы
аурулар эпидемияларының пайда
болу себептерін талдау кезінде
Л.В.Громашевский үш жағдайға
көңіл аударды. Эпидемия пайда
болу үшін бірінші, ең қажет
жағдай, инфекция қоздырғышының
көзі болуы қажет. Инфекция көзі
болмаса, ешқандай эпидемия да, тіпті,
жеке ауру да пайда болуы
мүмкін емес.
Эпидемиялық процесс
туралы ілімнің өзіндік тарихи
түп негізі бар. Жұқпалы аурулардың
кең көлемде пайда болуы,қоғамда
таралуы, азаюы мен жоғалып кету
себептері туралы мәселелер әр
уақытта зерттеушілердің алдында
тұрады.Адамдардың жұқпалы ауруларымен
паразиттер түрлерінің арасындағы
байланысты білмей тұрып –
ақ ертеректе, алдымен аурулардың
жұқпалығы туралы түсініктер
пайда болғаны белгілі.
Эпидемия және эпидемиялық
процесс туралы бірқатар теориялық көзқарастар
көптеген орыс ғалымдарынығ белгілі еңбектерінде
орын алды (Д.Н.Заболотный, В.А.Башенин,
М.Н.Соловьев, Н.А.Семашко, В.Н.Беклемишев,
В.М.Жданов, И.И.Елкин).Әсіресе солардың
ішінде осы салаға Е.Н.Павловский, Л.В.Громашевский
,ал соңғы жылдары В.Д.Беляков, В.И.Покровский,
Б.Л.Черкаский, Ю.В.Литвин, Э.Н.Шляхов көп
үлес қосты. Осы бағытта Қазақстан ғалымдары
да(С.Әміреев, Ж.Темірбеков, И.Шуратов,
А.Исмағұлов) көп еңбектеніп,өз еңбектерін
қосты.
Бірақ эпидемиялық
процестің пайда болуы үшін, егер
осы процеске сыртқы орта қатыспаса,
тек инфекция қоздырғышының көзінің
болуы жеткіліксіз. Осы себептен
эпидемиялық процестің пайда
болуы үшін міндетті түрде
екінші бір қажетті жағдай
керек болады.
Ол сыртқы ортадағы
азды - көпті өзіндік факторлар
арқылы қоздырғыштың үзілмей
берілу мүмкіншілігінің болуы
болып табылады. Бұл процесс эволюциялық
дамуы кезінде қоздырғыштың жұққан
организмнен қабылдаушыға жылжу
әдісі арқылы іске асады.
Эпидемиялық процестің
пайда болуы үшін үшінші міндетті
шарт осы аурудың қоздырғышын
қабылдаушы халықтың болуы қажет.
Атап айтқанда, дәл
осы түсініктер қазіргі эпидемия
және эпидемиялық процесс туралы
ұғымдардың қалыптасуындағы алғашқы
қадам деп есептеуге болады. Гносеологиялық
және этимологиялық тұрғыдан
қарағанда , бұл түсініктер бір
– біріне ұқсас келеді.Дегенменде,
эпидемия деген түсінік қоғамдағы
инфекцияның таралуының бір көрінісі
ғана, ал эпидемиялық процесске
келсек , ол әлдеқайда кең және
күрделі түсінік.
Оның түпкі мақсаты
тірі организмдерде немесе қоршаған
орта объектілерінде табиғи өмір
сүретін және әр түрлі берілу
механизмдерінің көмегімен инфекция
қоздырғыштарының организмдерге
енуі арқылы болатын ауруды
жұқтыру заңдылықтарының көрінісің,
соның салдарынан инфекциялық
және эпидемиялық процестерінің
дамуын зерттеу болып табылады.
Эпидемиялық процесс
туралы ілім қоғамдағы әр түрлі
жұқпалы аурулар эпидемиясын
пайда болуын және таралуын
эмприкалық бақылау негізінде
бірте – бірте қалыптаса бастады.
Сонымен жұқпалы аурулардың жаппай
таралу заңдылықтарын зерттеп, дәлелдеу
үшін үш топтан тұратын себептер
талданып, зерттелді.
Ол топтарға жататындар:
1. қоздырғыштын ерекшелігі;
2. халықтың қабылдағыштығы;
3. қоздырғыштың берілу жағдайының өзгерісі;
Осы бағытта Сталлибрастың көптеген
эпидемиялардың шығу факторларын зерттеудегі
жасаған тұжырымдамасының орны ерекше.Ол
факторларға мыналар жатады:
1.вирустың вируленттілігінің және инфективтілігінің
өзгерушілігі;
2.берілу механизмінің өтімділігі;
3.халықтың қабылдағыштығы.
Оның пікірінше осы үш бастапқы факторлар
инфекцияның халық арасында таралуының
басты себепкері болып саналады.
- Белгілі бір науқастың немесе эпидемиялық процестің аумақта таралуын нозоареал деп атайды. Эпидемиялық процестің аумақтық көрінуі әлемдік және аймақтық нозоареал болып бөлінеді.
- Әлемдік нозоареал деп науқастың бүкіл дүние жүзінде таралуын айтады. Мысалы, туберкулез, бруцеллез, дизентерия, грипп, вирусты гепатиттер және т.б. жер шараының барлық жерінде кездеседі. Дегенмен де олардың таралу деңгейі қоздырғыштың кейбір ерекшелігіне, халықтың әлеуметтік тұрмысына, табиғат құбылыстарының ерекшеліктеріне байланысты болады.
- Мысалы, вирусты гепатиттің А, Е түрлері негізінен лас су арқылы таралатындықтан, осы аурулармен сырқаттанушылық әлуметтік тұрмыс жағдайы төмен елдерде жиі кездеседі. Гепатиттің Е түрі Азия мемлекеттерінің аумақтарында көп таралған.
- Аймақтық нозоареал дегеніміз аурудың кейбір шетелген аумақтарда тарлуы. Мұндай жағдай табиғи- ошақтықзоонозды инфекцияларға тән. Дегенмен, кейбір антропоноздардың таралуы белгілі бір аумақпен шектеледі. Мысалы, тырысқақ ошақтары оңтүстік Азия ошақтарымен шектеледі, өйткені осы жерлерде тиісті әлеуметтік- табиғи жағдай тырсқақ қоздырғышының өніп- өсіп таралуына ыңғайлы болып саналады.
- Бірақ тырысқақ пандемияларының тарихында қощздырғыштың екінші (әкелінген) тұрақты ошақтары қалыптасты. Сондықтан тырысқақ ауруы тек сырттанәкелінеді деген ұғым қазіргі жағдайда дұрыс емес. Осыған байланысты жергіліктітұрақты ошақтардың көзін жою мәселесі мен аурудың алдын алу шараларын іске асыру қажеттіліг туады.
- Эпидемиялық процестің көрінуін зерттеуде халықтың қандай топтарында сырқаттанушылықтың жиі немесе сирек кездесетінін анықтаудың маңызы зор. Бір аумақтың ішінде белгілі бір аурумен сырқаттанушылық әртүрлі топтардаәрқалай болып келеді. Оның себептерін анықтау, қарсы шараларды алдын ала атқару үшін қажет.
- Сырқаттанушылықтың әртүрлі топтардағы мөлшерін анықта укезінде оларды жасына, кәсібіне, ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған топтарға жататынына, халықтың тығыздығына, санитарлық жағдайына, иммундығына, алдын ала жұқпаларға қарсы егілуіне баса көңіл бөлінеді.
- Осы топтардың әрқайсысында эпидемиялық процестің даму механизмі және оның көрінісі ерекше болады. Оның себептеріне жоғарыда біраз тоқталдық. Жұқпалы аурулардың нозологиялық түрінің ерекшеліктеріне қарай және әлеуметтік- табиғи жағдайдың әсеріне байланысты осы топтардағы сырқаттанушылықтың көрсеткіштері әртүрлі болады. Басты мақсат- осы ерекшеліктерді таба білу және оның ерекшеліктерін еске ала отырып қарсы шара қолдану.
- Қорыта келгенде, эпидемиялық процесс әртүрлі халықтарда, олардың тұрғылықты жеріне, яғни жергілікті жер климатына, салт- дәстүріне, жынысына, жас ұзақтығына байланысты әртүрлі көрініс береді.