Қазақстандағы экологиялық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2014 в 17:54, реферат

Краткое описание

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандағы экологиялық жағдай.docx

— 18.89 Кб (Скачать файл)

                              Алматы медициналық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

                                                                    Орындаған: Қали Сабыржан

                                                                    Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

 Қазақстандағы экологиялық жағдай

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

2002 жылы Иоханнесбургте өткен Тұрақты даму жөнінідегі әлемдік саммиттесөз сөйлеген Елбасымыз Кеңес Одағы тоқырауға ұшырағаннан кейін, Қазақстанның түрлі экологиялық, саяси, экологиялық проблемалар ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын айта келе, бір ұрпақтың көз алдында «ғайып болған» Аралтеңізі мен есепсіз жасалған ядролық сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға әлем назарын аударды.

БҰҰ мемлекеттік хатшысы Кофи Аннен Қазақстанға келген кезінде Президент  Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қорға БҰҰ институтының мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады. Арал аймағындағы экологиялық проблемалардың біршама бөлігін шешу мәселелері бүгінгі Арал  жөніндегі халықаралық ұйымның араласуымен жасалған 2002-2010 жылдарға арналған Арал теңізі бассейніндегі экологиялық, әлеуметтік-экологиялық ахуалды  жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Бағдарламада тұрғындар денсаулығын жақсарту, олардың тұрмыс деңгейін көтеру, суға, жерге және басқа табиғи ресурстарға деген тиесілі үлестеріне қол жеткізуін, білім мен мәдениетті дамыту үмін несиемен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастырады.

Арал экологиялық апат аймағында тұратын халықтық  денсаулығы өте нашар. Жекелеген аудандарда, мысалы әйелдердің қаназдық ауруы 90 пайызды құрайды, ана мен бала өлімі көп. Осыларды ескеріп, біз Қызылорда қаласынан қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығы мониторингі орталығын аштық.

Ал Семей ядролық сынақ айлағына қатысты айтар болсақ, осы жылы бюджет қаражаты есебінен шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы радиоэкологиялық ахуалды бағалау жөніндегі жұмыстар аяқталады.

Біз үшін экологиялық проблемалардың жаңа нүктесіне айналып отырған  Каспий теңізіндегі техногендік апаттар мен ластанулар көмірсулы ресурстардың қомақты көлемде игерілуімен байланысты. Мұнай өндіру мен оны  тасымалдауда болатын апаттар шетелдік компаниялардың жүргізілген жұмыстарының  толық экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын еместігін көрсетеді. Осы және бұдан басқа да бірқатар мәселелердің алдағы уақытта шешімін табуы үшін біз Президент бекіткен 2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңізі қайраңының  қазақстандық бөлігінигеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгіздік.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Каспий экологиясы бойынша бірінші халықаралық конференция өткізілді. Каспий теңізінің экологиясын қорғау жөніндегі  шектеулі конференцияның жобасы жасалып,  оны барлық Каспий маңындағы мемлекеттермен келісу барысында алдын ала үлкен жұмыстар жүргізілді. Бес мемлекеттің  төртеуі: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран 14 қарашада Тегеран қаласында аталған коференцияға қол қойды.      Ал Түркменстан кейінірек қосылмақ. Шектеулі конференцияда тараптардың міндеттіліктері, Каспий теңізі  ресурстарын пайдалануда қоршаған ортаға зиян тигізбеу,  оны қорғау, сақтау жөніндегі қажетті шараларды дербес және бірлесіп қабылдау қарастырылады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінен мұнаы-газ кешендері, жылу электір станциялары, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері, сондай-ақ иесіз ұңғымалар, шахталар мен кен орындары, әскери сынақ полигондары, т.б. секілді тарихи ластанулар да өз алдына бөлек мәселе. Қазіргі уақытта елімізде20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы-радиоактивтік қалдықтар, 6,7 миллион – улы қалдықтар. Осы тарихи ластану ошақтарын жою республикалық бюджет есебінен қазіргі күннен-ақ қолға алынуда, болашақта бұл шара дұрыс жолға қойылады деген сенімдеміз.

Еліміздегі экологиялық ахуалға әскери сынақ айлақтары да зиянды зардаптарын тигізуге. Бұрын Қазақстан аумағында ірі-ірі 14 әскери сынақ айлағы жұмыс істесе, қазір соның төртеуі қалды. Сынақ жүргізу кезінде,  ракета ұшырылған уақытта,  сондай-ақ ракеталардың жерге құлаған түрлі бөліктерінен өте улы заттар ауаға таралатыны белгілі.

Үстіміздегі жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы территориясының ракета-космос қызметінен бүлінген учаскелерінің экологиялық ахуалының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады,  сондай-ақ «Капустин яр» әскери сынақ айлағының аумағын зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс орындары бар қалаларда ауа атмосферасының  ластануынан экологиялық қауіп деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді қалалар сол бұрынғы ластанған күйлерінде. Ал қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға айналып отырған ең ірі өндіріс бірлестіктері: «Балқаштүстіметалл комбинаты» , «Востокказмет» филиалының «Мыс-химия комбинаты» және «Қазақмыс» корпорациясы. Мұндай кәсіпорындарға министрлік тарапынан тиісті шаралар қолданылуда.

Еліміздегі экологиялық нүктелердің енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған су көздері. Бірінші кезекте Ертіс өзені мен Ертіс бассейнінің басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра,Сырдария, Шу өзендері мен  Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі проблемалар көп-ақ.

Осы ретте экономикасы, қоғамдық сананы және ұлттық заңдылықты айқындайды. Экономиканы экологияландыруда экономиканың барлық саласындағы экологиялық фактор интеграциясының экономикалық құрал-саймандарын енгізу ойластырылады. Бұл дегеніміз, өнеркәсіпті,ауыл шаруашылығының дамытудың кез келген бағдарламалары мен жобаларының, өндіріс күштерін орналастыру тәсімдерін қала құрылысы жобаларды әзірлеуде міндетті түрде олардың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау мәселелері қарастырылатындығын аңғартады.

Қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі нақты шаралар қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар аталған бағдарламада мүлде болмайтын.  Қоғамды экологияландыру, немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін мақсаты, бір жағынан , адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз — әр азаматтың құқықы мен міндеті.

 


Информация о работе Қазақстандағы экологиялық жағдай