Қазақстанда ислам дінінің таралуы және оның қазақ қоғамындағы ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 21:52, реферат

Краткое описание

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады.

Содержание

I.Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
1.Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
2. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы
3.Ислам және Қазақстан
4. Ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

дінтану реферат Орынбай А..docx

— 31.17 Кб (Скачать файл)

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік                                                                            фармацевтика академиасы.  

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстанда ислам дінінің таралуы және оның қазақ қоғамындағы ролі.

                                                                   

                                                                      

 

                                                                       Орындаған:Орынбай А.

                                                                Тобы: 102 А МІК

                                                                Қабылдаған:Бейсембаев М.                                                                                     

                              2014 ж

                                                 Жоспары

 

I.Кіріспе

IІ. Негізгі бөлім

1.Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері

2. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы

3.Ислам және Қазақстан

4. Ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлі

 III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Кіріспе

 

         Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың  басында арабтардың Орта Азияны  бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,»— деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады…

 

 

 

 

 

 

 

         1. Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері

        Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714ж. ҮІІ ғ. басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан терреторриясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Мәжауиндік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады. Сол себепті де олар бұл тайпаларды «һаза хақ» – «һазақ» (бұл арабша сөздің мағынасы—«бұлар дұрыс, жолы дұрыс») деп атады. Содан барып, «қазақ» деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады. Оларға қарсы «ғазауат» соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез-келгендерінің бастарында да бар.Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері. Заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) уаызекі шығармашылық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақтытәрбиелейтін үлгі-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кеңес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т.б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды.

2. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы

      Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Ата-баба аруағына асы болғандарға олар әр түрлі ауруларды мал-жанына әкеледі, құрғақшылыққа душар етіп, бірде-бір тамшы жаңбыр жаудырмайды, қажет болса, әйелдерді бала табудан махрұм етіп, ұрпағын өсірмейді деп ойлайды. Сол себепті де қазақтар ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады. Өлімін күтіп, төрінен көрі жақын қалған қарттарды аса құрмет тұтып, ақсақал, отағасы деп сыйлайды. Оның себебін бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады. Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза шауып, ақыл-парасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде-ақ әулиеге, өлгеннен соң аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып, қабірін де құрметтеген. Қазақтарда ұлдардың үлкені мен кішілерінің қарым-қатынасы әке мен бала қарым-қатынасындай. Үлкенді сыйлау, оны тыңдау – қазақтардың мықты ұстанған жолы. Үлкенді құрметтеп, сыйлағандарды тәртіпті, көргенді санаған. Әрине, бұлар өздері ертең үлкен болып, қартайғанда соңғылары да өздеріне дәл осындай құрмет көрсететінін жақсы түсінген. «Әкеңе не жасасаң, алдыңа сол келеді» деп халық текке айтпаған.Алайда қазақтар балаларына аса мейірімді, оларды ешқашан ұрып-соқпаған. Жалпы бұл әдет Шығыс халықтарына жақын, етене мінез-құлық. Ағылшын зерттеушісі Э. У. Лэйн көптеген жылдар бойы Египетте тұрып, мұнан 150 жыл алдын өзі көріп, әбден біліп жазған сөзін айтсақ дұрыс болар деп ойлаймын. Ол: «Египеттіктер балаларын қаншама еркелетіп, еркімен жіберсе де, олар өз әке-шешесіне шектен тыс, ізетпен қарап, құрметтейді. Мұсылмандар әке-шешесіне бағынбаған балаларды пұтқа табынушылар, адам өлтірушілер, біреуге ойнастық етті деп жалған куә болушылар, әйел қаза болғанына қарамай сол секілді жетім-жесірдің мал-мүлкін талан-таражға салушылар, сүтқорлықшылар және дінсіздермен күрес жүргізуден бас тартушылар іспетті санап, өте ауыр қылмыс санаған»,— деп жазады.Қазақтар басқа халықтарға, олардың дініне қарамай сиректе болса үйленген. Мұндай жәйттер қалмақтармен екі арадағы жаугершілік кезінде жиі ұшырасты. Кейін шариғат заңы әсерінен қазақтар қыздарын діні басқаға тұрмысқа беруге тиым салған. Рас, шариғат заңында мұсылман адам христиан, еврей, зороастрийлерге үйленуге рұқсат етіп, тек мәжуасилік діндегілерге (анимисткаларға) үйленуге рұқсат етпейді. Мұсылманға тұрмысқа шыққан мұсылман емес әйелдер өз дінінде қала беруге еркі бар, бірақ онан туғанбалалар мұсылман болып есептелген. Ал мұсылман әйелдердің кәпірлерге тұрмысқа шығуына рұқсат жоқ. Қазақтар да осы жолды ұстанған. Егер тұрмысқа шықса, онда өлім жазасына кесілгенін біз қазақтардың әдет-ғұрып заңдарынан жақсы білеміз.Жаңа туылған балаға ат қою да көбіне ақылдасып шешілген. Дегенмен ұл балаға әкесі, қыз балаға шешесі не әпкелері ат қойған. Азан шақырып ат қою рәсімі де қызық. Исламға дейінгі бала есімдерін, исламнан кейін оның әсерінен қойылған есімдерден оңай ажыратуға болады. Арабша мәнді аттардың бәрі ислам әсерінен енген.Баланы сүндетке отырғызу мұнан 6 мың жыл алдын Африка халықтарында болған. Баланы сүндетке отырғызу жайлы Құранда да ештеңе айтылмаған. Бұл дәстүр мұсылмандардың дәстүрі болып саналмайды. Кейін бұл дәстүрді ислам қабылдап, өз жорасына айналдырған. Сүндетке отырғызу тойы біздің қазақтарда көп адамдар қатысуымен атқарылып, оған көп қаржы жұмсалады. Оның үстіне көбіне сүндетке отырғызу ауыл шаруашылық науқаны нағыз қызған күз айларында өткізіледі

4. Ислам дінінің  қазақ қоғамындағы рөлі

     Біздің қазақ халқы –мұсылман, діні – ислам екендігі үнемі Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.Өкінішке орай, кешегі «қызыл империя» ата-бабаларымыз қасиеттеген, түпкі табиғи болмысына айналдырған ислам дінін мансұқтап, ұрпақтарына құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете жаздады. Құдайға шүкір, қазір тәуелсіздігіміз өз қолымызда, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда.Қазіргі жаһандану дәуірінде «бәле қайда? Бассаң аяқ астында» дегендей, бізді сақтануға шақыратын мәселелер жетерлік. Еліміздіегі экономикалық қиындық көптеген келеңсіз жайттердің бой көтеруіне жол ашып берді. Бір формациядан екінші формацияға өту, әрине, көптеген қиындықтарды қоса әкеледі. Бұл қиындықтардан рухани біртұтастық қиналдырмай алып шығаруы хақ. Ал, рухани күйзеліске ұшырау, әртүрлі жіктерге бөлініп, дағдарысқа ұшыратады. Қазіргі Қазақстан халқы рухани дағдарыстарды басынан кешіруде. Алпауыт империялар ең алдымен жаһандану дәуірінде кез келген елдің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді тектен текке көздемейді. Рухани тұтастығынан айырылған елді өнбіс етіп алу ежелден келе жатқан дәстүр. Әсіресе, ұйқыдан енді оянған нәрестедей қазақ халқын азғыру, соңына ерту оңайдың оңайы. Тәуелсіздігімізден бергі он жыл ішінде жарты миллиондай қара көздеріміз басқа діннің шылауында кетуі осыны айғақтайды. Дәл осылайша үнсіз кете беретін болсақ, алдағы 15-20 жыл ішінде қазақтың тең жартысы өзге діндерге өтуі ғажап емес./14/

 

Сондықтан да, әлі де кеш емес, мемлекеттік тұрғыдан маңыз беріп, дін саясатына ерекше көңіл бөлу, мемлекеттің басым көпшілігі мұсылмандардың (Қазақстан Республикасында қазір мұсылмандар ресми дерек бойынша 70%) мүддесін, ауыз бірлігін сақтайтын заңдар қабылдау, исламдық этикалы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқыту, миссионерлік іс-әрекеттерге тыйым салу қажет. «Иегово куәлері» үстіміздегі жылы Украинада конференция өткізіп, оған Қазақстаннан барған 500 делегаттың 350-і өзіміздің қара көздер екені көп нәрсені білдірсе керек. Қаншама қара көздеріміз «кришна» дініне еніп, мінез-құлықтары адамдық сипаттан алшақтап кеткенін де жақсы білеміз. Ислам дінін үгіт-насихат етушілерден гөрі өзге, дінімізге жат діндерді насихаттаушылар көп. Олар қалалардағы көше-көшелерді, тіпті ауыл-ауылдарды аралап, тегін діни кітаптарын таратып, жұртты азғыртып жүр. Қайта, міне осы миссионерлердің өздері адам құқығын бұзып, отбастарымызға ылаң салуда. Қазір Республикамызда үш жүз елуден астам діни секталар мен ағымдар білгенін істепм жатыр. Олардың қатарында исламдық ағымдар мен «Ахмади» секілді теріс жолдағы ағымдар да бар.Біздің қазақ сан ғасырлар бойы ислам дінінің «Имам Ағзам» деп аталатын Ханифилік жолды ғана ұстанып келген. Бұл жол нағыз демократиялық, суниттік жол. Ханифилер өзінің көнімпаздығымен, ізгілікті сипаттарымен ерекшеленеді. Мұны жақсы біле білген ата-бабаларымыз осы ағымды ҮІІІ ғасырдан бері нық ұстап, арасына жік түсірмей келген еді.Ислам дінінің берік орныға қоймау себебін біз республикамыздағы жалпақшешейлік діни саясаттан көреміз. Көпұлтты Ресейде зайырлы мемлекет бола тұра, заңдарында ежелден келе жатқан христиан дінін құрметтеп, оған басымдылық беретінін айдан анық жазып көрсетеді. Ал, біздерде әлемдегі барша дін, ағым, секталарға есік ашық.Ағамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен имандылықты бойына сіңіру, мектепте де жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл көкейкесті мәселелерді шешуге мемлекетіміз де, діни басқармамыз да, бүкіл мұсылмандар да атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек. Қазақстанды мекендейтін мұсылмандар 70% астам. Әрине, бұл үлкен күш. Бәріміз осы күшті бірітірсек, адамгершілік, әділеттілік, имандық жолын тез қалпына келтірер едік. Мемлекетімізде халықтар татулығы нығайып, нағыз азаматтық қоғам құру жеңілдер еді. Өйткені, құқықтық-демократиялық мемлекеттің қайнар көзі де осы исламда, ата-баба қағида-ережелерінде жатыр. Парламентіміз заңдарды құрастырып, бекітіп, қабылдап отырғанда бұларды көзінен таса қалдырмаулары тиіс. Барша өркениетті елдер өздерінің түп-тамырларына, өткеніне сүйенеді. Жапония да, АҚШ та, Қытай да, Ағылшындар да, Немістер де, Үнділер де дәл солай, қазіргі заңдары өткенінен нәр алған. Ал, біздердің заңымыз сырттан әкелінгендіктен, қаншама сұлу, әдемі көрінгенімен дінімізге, руханиятымызға сіңбейді. Сол үшін де заңдарымыз көпшілік көңілінен шықпай жүр. Оған бірер мысалдар келтіре кетейін:

— біріншіден, ата-бабаларымыз кез келген іс-әрекет, ой-ниетті адал-арамға, жақсы-жаманға, обал-сауапқа, дұрыс-бұрысқа бөлген. Бірін—жақсы, екіншісін—күнә дейді. Күнә нәрселер адам баласына зиян келтіреді. Сондықтан да ондай іс-әрекеттер қылмыс, жөнсіз жасалып, кез келген қоғам мүшесі ондай әрекеттерден аулақ жүрген;

—   екіншіден, күнә жасаушылар болмауын қоғамның өзі қадағалап, бола қалған жағдайда оның шығу себебін анықтап, оның жайылып кетпеу жағы қарастырылады;

—   үшіншіден, күнә жасаушы міндетті түрде жазасын тартуы, жасаған күнәсіна өкініш білдіруі, екінші рет істемеуге шешім қабылдауы және қылмыс пен күнәнің кешірілуі көзде тұтылады;

—   төртіншіден, мұны жүзеге асырушы билер, ақсақалдар және билік басындағылар жақсы біліп қана қоймай, оларды жаман жолдан қайтарып, имандылыққа жетелеген;

—   бесіншіден, кез келген қылмысты іс, дау-дамай жариялы түрде, халық алдында өткен. Сөйтіп, жазаның әділдігі өзгелер алдында анықталып, оның үстіне өзгелерге сабақ, үлгі (сот шешімдері) болған./15/ Өкінішке орай, осындайнағыз демократиялық принциптер құқық қорғау органдары қызметкерлерінде жеткіліксіз. Ал осы принциптерді мықты ұстанған мұсылман елдерінде түрмелер бос, қаңырап тұр. Айтылған кінараттар нәтижесінде республикамызда түрмелердің толы болуы, біздерде  салауаттық пен имандылықтың жоқтығын көрсетеді. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар нәтижелі болуы—имандылық пен әділеттілкте жатыр. Ал, имандылық пен әділеттілік тек ислам діні мен ата-бабаларымыздың біздерге қасиеттеп қалдырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде жатыр. Мұны мықтап қолға алмасақ, бармақ тістеуге де шамамыз келмей қалары анық.

 

 

 

                                                 Қорытынды

        Қорыта келгенде Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран Кәрім» өткен мен қазіргі уақыт сабақтастығын жүзеге асырды, онда көптеген халықтардың тарихы мен тағдыры тоғысты, терең тарихи тамырлары, уақыт пен кеңістік аясындағы әр түрлі халықтар тұрмысындағы ұқсастықтары ашылып, адам қоғамның пайда болуының алыс-жақын түп-тамырлары зерттелді: Құранның уақыт өтсе де, маңызы кемімейтін қасиеті де осында. Ислам діні көптеген халықтардың рухани табиғатына сай келді. 1500 жылғы ислам тарихы, Мұхаммед пайғамбардың өмірі, оған дейінгі пайғамбарлар тарихы осыған дәлел. Исламның терең тарихы бар Көне Қазақстан жеріне келуі мәдениеттің дамуына, қоғамымыздың өзіндік санасы мен руханилығы игі ықпал еткені баршаға аян.Мұсылман мәдениетінің артықшылығы тең рухани салада ғана көрініс тапқан жоқ. Дін—наным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салт-дәстүрімен байланысуы, қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығының молдығын барынша ашып көрсеттім деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Орынбеков М.С. Протоқазақтардың дүниетанымы. –Алматы 2012ж.

2.Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2011ж. 103-б.

3.Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 2013ж. 135-б.

4.Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2010ж. 120-б.


Информация о работе Қазақстанда ислам дінінің таралуы және оның қазақ қоғамындағы ролі