Әдіснама ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 08:38, реферат

Краткое описание

Әдіснама /методология/(грек. methodos — зерттеу жолы, теория және logos — іпім) —
ғылыми таным әдісі;
ғылымда қолданылатын негізгі принциптер.

Вложенные файлы: 1 файл

МӨЖ 1-4.docx

— 43.83 Кб (Скачать файл)

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері

Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:

  • педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама – қарсылықтары және себепті – салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
  • құбылыстарды даму барысында зерттеу;
  • бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
  • зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін – бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән – мағынасына сай келуі;
  • даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
  • сынақталушыға, білім – тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік – инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.

Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам – жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми – практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.

Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.

Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.

Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.

Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың  өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал – жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама – қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.

Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу дені (предмет) – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа – қасиеттері, қырлары мен сырлары.

Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.

Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.

Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.

Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.

 Зерттеулердің негізгі  кезеңдері (этаптары).

Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.

Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.

Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.

Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.

Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Безрукова В.С.Как написать  реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.

3. Загвязинский В.И.,Атаханова  Р.Методология и методы психолого  педагогического исследования. –  М.,2003.

4. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев  Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы  және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.

5. Скалкова Я.И др.Методология  и методика педагогического исследования. – М.,2000.

6. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық  инновацияның зерттелуі //Бастауыш  мектеп.-№3 1999ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МӨЖ №3

 

Тақырыбы: «Бақылау ғылыми танымдық әдістер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Султаева Н.Н. (магистрант,

МБЛ-409 Биология)

Тексерген: Сатиева К.Р. (б.ғ.к.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2015 жыл

Бақылап зерттеу – заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.

         Бақылаушының бастапқы мақсаты  нені бақылау керек және қандай  құбылыстарға көңіл бөлу керектігін  анықтайды.түйсік, сезім арқылы қабылдау  мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде  зерттеушінің ұтымды жақтары  да қатысады.Зерттеу барысында  бақылап-зерттеу түрлерінің әр  алуан жіктемесін ажыратуға болады:

  • тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
  • жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
  • жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
  • Үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыныcабатағы,ойындағы,сыныптан тыс,мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;
  • Дискретті бақылап-зерттеу обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады.Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл.бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
  • Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде қолданылады;
  • Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
  • Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан  зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.

               Педагогикалық құбылыстар мен  деректердің сандық және сапылық  суреттемесі мен өлшемінің тәртібі  бақылап-зерттеу негізін құрайды.Өлшем  – зерттеу обьектісін сипаттайтын  белгілі бір өлшем шамасының  бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі.Сандық бақылап-зерттеулер мен  өлшемдер оларды мтематикалық өңдеуге жолашып, теориялық болжамдардыңэксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2.Педагогикалық  эксперимент  танымның эмпирикалық деңгейіндегі  зерттеудің негізгі әдісі болып  табылады, ол құбылыстарды олардың  өту барысыныңтіркелгенжағдайларында  зерттеуше бағытталған.Эксперимент  жағдайларында құбылыстың күнделікті  жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын  қасиеттерін ашуға болады.Эксперимент  зерттеу құбылыстарын басқа шарттар  мен жағдайлардан бөліп алып, құбылстар мен деректерді «таза»  күйінде зерттеуге мүмкіндік  береді.

        Эксперимент  пен практикалық іс-әрекеттің  басқа формалары арасындағы шектеулер  әр түрлі, сондықтан да эксперимент  таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін  үйлестіру әдісі де бола алады.

          Педагогикада эксперименттің бірнеше  түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің  күнделікті жағдайларында жүзеге  асады.Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын  түрі бар, ол зерттеу обьектісінің  педагогикалық жүйесінің бастапқы  күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастыратын  түрі – зерттеу обьектісін  қайта құруға бағытталған.Ол тәжірибе  арқылы теориялық болжамдарды  тексеру, ол бұл болжамдарды растауы  немесе жоққа шығаруы мүмкін.Педагогикалық  эксперименттің ерекшелігі –  зерттеуші оқушылармен жұмыс  істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған  сәтсіз бағдарламасынан оқушылар  жапашегуімүмкін.Бұлқоғамның құқықтық  және адамгершілік қалпыларыныңбұзылуы.

           Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің  ойдағы эксперимент деген түрі  болады, алайда оны эксперимент  деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз  тәжірибе, практика.

   3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық  жағдайлардың элементтерінің обьективті  қасиеттерімен қоса өзара байланысты  «субъект – субъект» жүйесінің  қасиеттері танылып, есепке алынады.Эмпирикалық  зерттеу тәртіптерін құрастыру  кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің  жағдайын оның сол іс-әрекет  туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына  сүйену керек.

Информация о работе Әдіснама ұғымы