Біз білімді ұрпақпыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 15:54, методичка

Краткое описание

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Вложенные файлы: 1 файл

Біз білімді ұрпақпыз.doc

— 1.77 Мб (Скачать файл)

Тақырыбы: Біз білімді ұрпақпыз.

 

Түрі: Сайыс сабақ.

 

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қағаздар.

 

Сабақтың барысы:

І. бөлім «Сен білесің бе?»

ІІ. бөлім «Өлеңді жалғастыр»

ІІІ. бөлім «Әзіл жұмбақтар»

IV.бөлім «Кім тапқыр»

V.бөлім «Анаграмма»

ҮІ. бөлім «Ойлан тап»

ҮІІ. бөлім Қорытындылау.

 

Жүргізуші.

Біреудің жүрегінің түгі бар,

Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.

Бәрінен де басты – барлығының,

Қатты істейтін миы бар.

Енді сайыскерлерімізді топ басшылары таныстырып өтсе.

 

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді.

Жеңістің мынау шыңына, – дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейік.

 

1 бөлім. «Сен білесің бе?» (топ басшыларына сұрақтар беріледі, әр сұраққа 5 ұпайдан)

1. Батырлар жырының әлемдік үлгісі, қырғыз халқының жыры («Манас» эпосы)

2. Қобыланды батырдың қарындасының есімі ( Қарлығаш )

3. Қобыланды батырдың атасының есімі (Тоқтарбай)

4. «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінің авторы ( Абай )

5. «Мен қазақ» өлеңінің авторы (С. Торайғыров)

6. Лирик, кең құлашты эпик ақын, прозаик, драматург, жазушы, қоғам қайраткері (С. Сейфуллин)

7. «Біржан сал Абай ауылында»  әңгімесіндегі (Бөкеншіден келген Сүгір баласы)  Әлімқожаның қарындасының есімі (Керімбала)

8. «Арқаның әңгімесін», «Тастың әңгімесін»  кім жазды? (Ғ. Мүсірепов)

9. «Капитан ұлы», «Матрос жыры», «Сен құрметте оны» өлеңдерін жазған ақын (Әбу Сәрсенбаев)

10. «Қанмен жазылған кітап» жинағын кім жазды? ( Б. Момышұлы)

11. Қазақ елінің әрідегі ескілігі жырлайтын көне эпостық жырларды ата («Құламерген», «Жоямерген», «Дотан батыр», «Құбығұл»)

12. Байбөрі байдың баласы (Алпамыс)

13. Алпамыс батырдың жары (Гүлбаршын)

14. Күлтегін батырдың анасы ( Ұмай ана )

15. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы (Дулат Бабатайұлы)

16. М.Әуезов «ХІХ ғ-дағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген ақын (Сүйінбай Аронұлы)

17. 6 сыныптың қазақ әдебиеті  кітабының авторларын ата. (К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал)

18. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы (Абай)

19. Бауыржан Момышұлы қанша жыл әскерде болды? (25жыл)

20. «Қазақ тілі» өлеңінің  авторы (Мағжан Жұмабаев)

 

2 бөлім. «Өлеңді жалғастыр» (берілген өлеңнің 2 тармағы оқылады, жалғасын оқушылар табады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан)

  1. «Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй…»

(Көңілге түрлі  ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.)

  1. «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан,»

(Сен де бір  кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!) (Абай Құнанбаев)

  1. «Шығамын тірі болсам, адам болып,

Жүрмеймін бұл өмірде жаман болып,»

(Жатқаным көрде  тыныш жақсы емес пе?

Жүргенше өмір сүріп, надан болып.)

  1. «Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.»

(Сүйгенім қазақ  өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?) (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

  1. «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…»

(Алтын Күннен  бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!)

  1. «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?»

(Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?) (Мағжан Жұмабаев).

 

3 бөлім: «Әзіл жұмбақтар» деп аталады.

(2 топқа бірдей қойылады да дұрыс жауап берген топқа 5 ұпай беріледі)

1. Кім барлық тілді  сөйлейді? (Жауабы: жаңғырық)

2. Тышқан аулағышты бес  әріппен қалай жазуға болады? (Жауабы: мысық)

3. Дүниедегі шапшаң нәрсе  не? (Жауабы: Ой – қиял)

4. Түнгі сағат 10-да түн болып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкінбе? (Мүмкін)

5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?

(Жауабы: Аспан суреті суға көрінген кезде.)

6. Қандай бөшкеге су  құюға болмайды? (Жауабы: Іші толы бөшкеге.)

7. Үш түйеқұс ұшып келе  жатты. Аңшы олардың бірін атып  алды. Олардың қаншасы қалды? (Жауап: түйеқұстар ұшпайды.)

8. Егер «М» бастасаң, Тағамның бір түрімін. «М» – ны алып тастасаң, Түнгі аспанның нұрымын. (Май – Ай)

9. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі  басқалар атайды? (Жауабы: сенің есімің.)

10. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).

11. Аппақ қарға бола  ма? (Қарға баласын «аппағым» дейді)

12. Адамның қай мүшесі  қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз - қорқақ, қол - батыр).

13. «К» - ден бастап оқысаң, Құс атауы, қарашы! «Е» – ден бастап оқысаң, Жалқау бала бағасы. (Кекілік – Екілік)

14. Бір сағат күніне он үш рет соқса нені көрсетеді? ( Бұзылғандығын)

15. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)

16. Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны? ( Үшінші үйрек өтірік айтқан)

17. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?

( Қызы.)

18.Менде үш қораз бар, әр қораздың үш қоразшығы бар. Сонымен менде неше тауық бар? (Тауығым бар деп айтқан жоқпынғой)

 

4 бөлім «Кім тапқыр» деп аталады. (Слайдта барлық әріптер шығып тұрады. Сайыскерлер өздері әріптерді таңдайды. Әріптер сөйлейді, әр сұраққа 5 ұпай беріледі.)

А - қазақтың ұлы ақыны. (А. Құнанбайұлы)

Ә - Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Балықшылар»  шығармасындағы Мөңкенің әйелінің есімі (Әлиза)

Б – Көлемі жағынан да, мазмұны-мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрнекті жанр түрі (Батырлар жыры)

В - ежелгі мемлекеттердің бірі. (Вавилон)

Г - Алпамыс батырдың жары (Гүлбаршын)

Ғ – Наурыз күні киіз үйде туылған жазушы (Ғабит Мүсірепов)

Д – Бейімбет Майлиннің шығармасындағы көк сиырын дау қылған кейіпкер (Дайрабай)

Е – Қобыланды батыр жырындағы Тоқтарбайдың жылқыдағы тоқсан құлының бастығы ( Естеміс)

Ж – Ш. Құдайбердіұлының өлеңі (Жолама қулар маңайға)

З - үлкен, дәу сөздерінің синонимі. (Зор)

И - тігінші құралы (Ине)

К - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі (Көкпар)

Қ - атақты күйші (Құрманғазы)

Л - Ақынның сезімін, көңіл – күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын сыр қып шертетін өлең (Лирика)

М – Әбу Сәрсенбаевтің өлеңі (Матрос жыры)

Н - ас атасы -… (Нан)

О – Ғабит Мүсіреповтің қаламынан туған туынды (Оянған өлке)

Ө – Белгілі бір өлшеммен, қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі (Өлең)

П - Бекет Өтетілеуов орыстың Лермонтов, Крыловтан басқа кімнің шығармаларын аударумен айналысты (Пушкин)

С – Сәкен Сейфуллиннің шын есімі (Сәдуақас)

Т - үш бидің бірі. (Төле би)

У - Бейімбет Майлин білім алған медресе (Уәзифа)

Ұ – Абай Құнанбаев кім? (Ұлы ақын)

Ү - кіші сөзінің Антонимі (Үлкен)

Ф - Ш. Құдайбердіұлы кім??(Философ)

Ш - тудың авторының есімі. (Шернияз Ниязбеков)

Ы – «Кел, балалар, оқылық» деп білімге шақырған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

І - қарға « қарқ» дегенде аузынан не түсіп кетті? (Ірімшік)

Э - «Айқындау» сөзінің аударма атауы (Эпитет)

 

5 бөлім. Анаграмма. (Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек. Әр тапқан бір сөзге 5 ұпайдан)

Кесіб - бесік

Арыбмод - домбыра

Анызақ - қазына

Сытай - айтыс

Елесірәу – әсірелеу

Уршесденті – шендестіру

Икарил – лирика

Азантие – анитеза

Лабалда – баллада

Ядаргица – градация.

 

6 бөлім: «Ойлан тап» (ребусты шешеді. 2 топқа бір – бір ребустан. Дұрыс жауабын тапқан топқа 5 ұпайдан)

 

«Б»ор’’ «А»й” «Л»ақ” “Ыд«Ы»с’

 «Қ»ыс”   «Ш»ана”’   “’Құм«Ы»ра”

 

«Л»ак”       ’қ«АР»

«БАЛЫҚШЫЛАР» Әбдіжамал Нұрпейісов.

 

“’Арқ«А»н’ «Б»есік”” «А»т’

 

 ‘А«Й»на”  «Ж»үзік”” «О»жау”’

 

«Л»имон”” ”’саб«Ы»н’.

 

«Абай жолы» Мухтар Әуезов

 

Осымен сайысымыздың жеті шарты да бітті. Әділқазылар алқасы екі топтың жинаған ұпайларды есептегенше, жұмбақтар жасырайық.

 

Бар жұмысы, ермегі,

Талай қанат қағады.

Еңбекті хош көрмейді,

Жат ыдысты бағады. (Шыбын)

 

Жабық астында жарты күлше. (Ай)

 

Жылқы тұмсық, ешкі құйрық.

Есек құлақ, қорқақ өзі, қыли көзі. (Қоян)

 

Тал басында, түнсіздік отау. (Құстың ұясы)

 

Күндіз жоқ, түнде бар. (Жарқанат)

 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділқазылар әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

 

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!


Информация о работе Біз білімді ұрпақпыз