Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 14:26, творческая работа

Краткое описание

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Вложенные файлы: 1 файл

осимдик.ppt

— 835.50 Кб (Скачать файл)

МЕББМ Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Фармация кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының ерекшеліктері. Дара жарнақты  және қосжарнақты өсімдіктердің өсінділер құрылысы. Өркенді жүйе.

 

                                   Орындаған Мұхтарбек Айкерім

                                   Тобы 101 Б

                                   Тексерген проф.Тегісбаев Е.Т.

 

 

 

Алматы 2015 жыл

Жоспар

 

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Дәрілік өсімдік морфологиясы
  • Дара жарнақты қосжарнақты өсімдіктердің құрылысы
  • Өркенді жүйе
  • Қорытынды
  • Пайданалған әдебиеттер

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

 

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Дара жарнақтылар , лилиопсидтер (Мonocotyledones немесе Lіlіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.).

Monocotyledons

Қазбалық ауқымы: Early Cretaceous - Recent

Hemerocallis flower, with three flower parts in each whorl

Hemerocallis flower, with three flower parts in each whorl

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:  Plantae

(unranked)  Monocots

 

 

Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады..

Қос Жарнақтылар, магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органик. затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі.

 

 Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

 

 

 

 Өркен дегеніміз — бет жағынан экзогендік жолмен жапырақтар пайда болған сабақ.

  Бүршік — жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.

  Өркеннің қызметі — фотосинтез  (жапырақтар арқылы)

  Сабақта орналасу ретіне қарай бүршіктер: төбе бүршік; қолтық бүршік және бұйыққан бүршік.

     Төбе бүршік — өсіп келе жатқан өркеннің дәл ұшына орналасқан бүршік.

     Қолтық бүршік — сабақ пен жапырақтың біріккен жеріндегі қойнауда орналасады.

   Бұйыққан бүршік — бірнеше жылдар өспей, өсу қасиетін де жоғалтпай, өздеріне қолайлы кезең келгенде өркендеуге бейім болып, сабаө тіндерінің ішкі бөліміне көмілген бүршік.

 

 

 

 

 

Өркеннің бұтақтануы. Өркеннің өстік бөлігі өсімдік сабағының өсуі барысында бұтақтанады. Бұтақтанудың нәтижесінде өсімдіктің аумағы ұлғаяды. Тұқымның ұрық бөлігінен өсіп шыққан негізгі өркеннің жанама бүршіктерінен жанама өркендер, яғни екінші ретті өс өсіп шығады. Екінші ретті жанама өркеннен үшінші ретті жанама өркен қалыптасады, осылайша рет саны арта береді.

Өркеннің бұтақтану типтері. А - дихотомиялы; Б - моноподийлі; В - симподийлі; Г – жалған дихотомиялы. 1,2,3,4-бірінші және одан кейінгі реттердегі өстер.

 

 

Бұтақтанудың тағы бір түрі түптену деп аталады. Түптену бұталарға, көп жылдық, сол сияқты бір жылдық шөптесін өсімдіктерге, оның ішінде астық тұқымдасына тән

 

. Астықтардың түптенуі: А – тығыз түпті бұтақтанған астықтар (аққараған), Б - борпылдақ түпті бұтақтанған (коңырбас, қара бидай); В – тамырсабақты (бидайық); 1 – дән; 2 – ұрық тамырлары; 3 - қосалқы тамырлар; 4 - түптену буыны; 5 - негізгі өркен бірінші ретті өсі; 62 63 64 65 - екінші және одан кейінгі реттердегі өркендер; 7 -тамырсабақ.

Әдебиеттер:

 

    Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен     морфологиясы.  Алматы, «Санат» 1998.

 

     2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2004.

 

     3. Мұсақұлов Т. Ботаника. – Алматы, 1975.

  

     4. Қазақ энциклопедиясы  

 

              

 

 

 

Назарларыңызға рахмет!!!!!!!!!!!


Информация о работе Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының ерекшеліктері