Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 11:54, реферат
Емен (лат. Quercus, орыс тілінде Дуб ) – шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар.
Емен
Емен (лат. Quercus, орыс тілінде Дуб ) – шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.
Ағаш туралы
Емен – діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі – 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) – 2 метрге дейін жетеді. Емен ағашын таулы аймақтардан, Тобыл өзенінің жағалауынан табиғи түрін көруге болады. Еменнен ғана құралған ормандар ТМД елдерінде ғана бар. Ал, қала көгалдандыруда оны қала көшелерінен кездестіруге болады. Емен гүлдеп жеміс салады. Жаңғақтан өсіп шыққан емен ашық жерде өссе 20 жылдан кейін, ал орманды жерде өссе 50 жылдан кейін гүлдейді. Қызғылттау келген гүлі көктемде жапырағымен бірге шығады. Бұтақтары кең жайылып өседі. Сондықтан жас көшетін бірден кең орынға егу керек. Еменнің жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Жапырағының жиегі ирек, кесік және түзу түрлері де бар. Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі. Емен алғашқы уақытта жай өседі, 10 жылдан соң жылдық өсімі 0,6-1 метрге жетеді. Емен биіктігімен қатар жайылып өскенді ұнатады. Кейде бір жыл ішінде жанынан шыққан бұтақтар 2 метрге дейін өседі. Осыған орай, халық арасында «Емен тон киіп өседі» деген сөз бар. Сондықтан оны өзге өсімдіктерге жақын екпеу керек. Емен 800-1000 жылға дейін өмір сүреді.
Қолданылуы
Көгалдандыру мақсатында қала жағдайында өсірілген емендерден гөрі табиғи жағдайда өсетін емендер көп жасайды. Қабығы мен жаңғағы емдік мақсатта қолданылады. Ал, жас жапырақты бұтақтарынан сыпыртқы жасап, моншада пайдаланады. Діңі мықты болғандықтан, әдемі де қымбат есіктер мен едендер осы емен ағашынан жасалынады. Емен өте мықты ағаш болғандықтан, құрылыста жиі пайдаланылады. Өскенде кеңге жайылып, көлемді орын алатындықтан, оны жеке аулаларға, тарлау жерлерге отырғызған тиімсіз. Көбінесе үлкен саябақтарға, көше, жол жиектеріне егіледі.
Күтімі
Емен ерекше күтімді қажет етпейді. Топырағының құнарлы болғаны дұрыс. Бастапқыдағы қақаған аяз бен ызғарлы суыққа төзімді болуы үшін емен көшеттерінің тамырын терең егу қажет.
Көбейтілуі
Емен ағашы жаңғағы арқылы көбейеді. Сопақтау келген жаңғағының сыртында қоңыр түсті, қатты, жылтыр қабығы болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: