Селекциялық материалдарда бағалау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 17:26, реферат

Краткое описание

Өсу мерзімінің ұзақтығы – ол селекциялық үлгілердің маңызды шаруашылық–биологиялық сипаттамасы. Ал оның құрамы экологиялық икемділікті көрсетеді.
Бұл көрсеткіштерді фенологиялық байқаулармен анықтайды. Әр фенологиялық кезеңде морфологиялық өзгерістер болады. Сондықтан фенологиялық кезеңнің басталуы – 10-15% өсімдіктер, толық – 75% өсімдіктер өзгергенде.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім.
Селекциялық материалдарда бағалау әдістері
Қолайсыз топырақтың климаттық жағдайларына төзімділікті бағалау
Аурулар мен зиянкестерге төзімділікті бағалау
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат9.docx

— 20.28 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім.

  • Селекциялық материалдарда бағалау әдістері
  • Қолайсыз топырақтың климаттық жағдайларына төзімділікті бағалау
  • Аурулар мен зиянкестерге төзімділікті бағалау

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Өсу мерзімінің ұзақтығы – ол селекциялық үлгілердің маңызды шаруашылық–биологиялық сипаттамасы. Ал оның құрамы экологиялық икемділікті көрсетеді.

Бұл көрсеткіштерді фенологиялық байқаулармен анықтайды. Әр фенологиялық кезеңде морфологиялық өзгерістер болады. Сондықтан фенологиялық кезеңнің басталуы – 10-15% өсімдіктер, толық – 75% өсімдіктер өзгергенде.

Байқауды бір адам, бір уақытта жүргізу керек.

Механикаландырып өндіруге икемділікті бағалау

Бұл бағалау тобы өте маңызды, өйткені дақылдарды өсіріп,  өндіргенде, жинағанда машиналарды қолданудың мүмкіншілігі мен тиімділігін анықтайды. Көптеген дақылдардың үлгілерінің жатып қалуға (жапырылуға), төгілуге, тамырында және дестеде өнуіне төзімділігін бағалайды. Арпаның үлгілерін – иілуге, масағының сынуға, сабан буынаралығының сынғыштығына, картоп үлгілерін – түйнектерінің ықшам орналасуы, түптерінің шашыраңқы болмауы тәрізді тағы басқа.

Бағаны балмен көрсетеді. Сортсынауда бес балдық жүйе қолданылады.

Жатып қалуға төзімділік. Жатып қалған күні әлде келесі күні белгілейді. Мына көрсеткіштермен: 5 – жатып қалғаны жоқ; 4 - сәл  иілген; 3 - 450 иілген; 2 - 450 артық иілген; 1 - өсімдіктер жаппай жатып қалған.

Конкурстық сортсынауда бағалауды әр қайталауда жүргізеді. Міндетті түрде жатып қалған күні мен даму кезеңін белгілеу керек. Жатып қалу түрін (сабақтық, тамырлық, жалпы, іредік) деп атайды. 5-10 күннен кейін байқауды қайталайды. Селекциялық үрдістің басқа звеноларында да жатып қалуды байқайды.

Егер көшеттік үлкен болса, онда бағалауды егін жинардың алдында жүргізеді.

Төгіліп қалуға төзімділік. Бұл бақылауды да балдық жүйемен өткізеді. Бір айырмашылығы, оны вегетациялық кезеңде бір-ақ рет жүргізеді. Тиімді бағалау үшін егін оруды кешірек бастау керек. Селекциялық үрдістің бас кезінде ол жұмыстарды жүргізбейді. Төзімді әлде төзімсіздікті былай анықтауға болады: гүл қабыршағының дәнді шырмауымен және дәннің ұзынша (қабыршақ жақсы шырмайды) әлде дөңгелек болуымен.

Егін орылғаннан кейін 50х50 см рамка салып, оның ішіндегі дәндерді санайды. Конкурстық сортсынауда рамканы мөлдектің 4 жеріне салады. Есептеуді екі қайталауда жүргізеді.

Өсу мерзімін және құрамын бағалау

Қолайсыз топырақ-климаттық жағдайларға төзімділікті бағалау

Бұл бағалау тобы өте маңызды, өйткені қуаңшылық, аңызақ, төмен температуралар, т.б. өнім мен сапасына өте әсер етеді. Бағалауды бес балдық жүйемен жүргізеді.

Қуаңшылыққа төзімділікті бағалау. Қолайлы және қолайсыз жылдардың өнімдерін салыстырып бағалау өте жоғары көрсеткіштер береді. “Құрғақ аңызды” қолдан жасауға болады. Ол үшін мөлдектің бетін жабады. Бұл тәсілді сирек қолданады.

Сортсынауда бағалауды 5 балмен жүргізеді. Ерте звеноларда 3 балл қолданады. 5 – үлгілер зақымдалмаған; 4 - сәл зақымдалған (тургор жоғалған, жапырақтар сәл оратылған, жиектері күйген); 3 – зақымдалу орташа, жапырақтар сарғайған; 2 - жапырақтардың көбі сарғайып, қураған; 1 - барлық жапырақтар қураған.

Қысқа төзімділікті бағалау. Қысқа төзімділік – қысқы-көктемгі кезеңде болатын жағдайларға (өсімдіктің өсуі, егістің дүмпуі, борсуы, суда тұншығуы) төзімділік. Оны анықтау үшін егісті күзде, қыста, көктемде бақылаған және қолайсыз жағдайларды белгілеп отырған, конкурстық сынау кезеңінде жүргізген жөн.

Ең қолайлы тәсіл қыстағаннан кейін үлгілерді 5 балдық бағалау. Ол бағалауды көктемгі көктеуде жүргізеді, өйткені тірі және өлі өсімдіктер белгіленеді. 5 - мөлдектерде өсімдіктер өлмейді; 4 - 70-80 % өсімдіктер сақталған; 3 - өсімдіктердің жартысы сақталған; 2 - өсімдіктердің жартысынан көбі өлген; 1 - өсімдіктер өліп қалады.

Ауруларға төзімділікті бағалау

Өсімдіктер селекциясында ауруларға төзімділікті бағалауға көп көңіл бөледі, өйткені төзімді сорттарды шығару негізгі көрсеткіштердің біреуі. Ең толық баға селекциялық процестің аяғында – конкурстық сортсынауда беріледі. Оны мемлекеттік сортсынау әдістемесімен жүргізеді.

Селекциялық материалды табиғи зақымдану және инфекциялық фоны бар арнайы көшеттіктерде бағалайды. Аурудың жайылуын жүйелі дамығанда немесе өсімдіктің өте керек органы (мысалы, тамыр жүйесі) зақымдалғанда есептейді. Өсімдіктің бір бөлігінің зақымдалуымен аурудың қарқындылығын анықтайды. Мысалы, тат кеселі, ақ ұнтақ ауруы.

Зақымданудың жайылуы мен қарқындылығын екі негізгі тәсілдермен бағалайды: өсімдіктің зақымдану пайызын, немесе органның зақымдалған көлемінің пайызын немесе баллын. Жалпы өсімдіктер саны мен зақымдалған өсімдіктер санын есептеп пайызды анықтайды. Органның зақымдалған көлемін көзбен, әлде арнайы шкалалармен анықтайды.

Бидайдың татпен, ақ ұнтақпен және септориозбен зақымдануын есептеу.

Бидай таттың үш (сары, қоңыр, сабақ) түрімен зақымданады. Күздік бидайдың сары және қоңыр татымен зақымдануын бірінші рет күзде, қысқа кетер алдында анықтайды. 50х50 см бес анықтаушы мөлдекшелерде өсімдіктің жапырақтарын қарайды, рамканы әр жерге салады. Екі қайталауды жүргізеді. Жоғарғы және төменгі жапырақтарда бөлек анықтайды, сосын үлгіге орташа көрсеткіш шығарады.

Масақтанғаннан 10-12 күн кейін зақымданудың екінші байқауын (жаздық бидайдың – бірінші байқауы) жүргізеді. Оны 10 сабақтағы бірінші және екінші жапырақтарда анықтайды.

Ақ ұнтақ және септориозбен зақымдануын сол әдіспен жүргізеді, бірақ үш жоғарғы жапырақтарды да анықтайды. Ақ ұнтақпен зақымдануды масақтанғаннан 5-7 күн кейін жүргізеді.

Балауызданып піскен уақытында сабақ татын да сол әдіспен анықтайды. Жолдан 0,5м жердегі сабақтарды масақтан бірінші жапыраққа дейін қарайды.

Сары тат және септориоз масақтарда болуы мүмкін. Егер айқын көрінсе, онда бес жердегі екі қайталымда 20 масақты қарайды. Ауру масақтардың пайызын есептейді және үш балдық жүйемен зақымдану деңгейін белгілейді.

Тозаңды қаракүйемен зақымдануды толық масақтанғанда анықтайды. Төрт қайталымда мөлдектің бес жерінде 25 сабақты қарайды. Зақымдану пайызын есептейді.

Тамыр шірігімен зақымдануды масақтанғаннан 10-12 күн кейін есептейді. Екі қайталауда әр мөлдектің бес жерінде 20 өсімдіктен қарайды. Зақымдану пайызын есептейді. Екінші есептеуді баулық үлгі алғанда жүргізеді. Тамыр шірігімен зақымданған өсімдіктерді есептейді, оның жалпы өсімдіктерден пайызын шығарады.

А) аталық-аналық өсімдіктердің тұқымы оларды сұрыптау көшеттігіндегі ең жақсы өсімдіктерден алады;

Б) 1-жылғы ұрпақтарды сынау көшеттігінің тұқымдары (осы көшеттікте алады);

В) 2-жылғы ұрпақтарды сынау көшеттігінің тұқымдары (осы көшеттікте алады);

Г) 1,4-жылдардағы көбейту көшеттерінің тұқымдары (осы көшеттікте алады);

Д) суперэлита (алдыңғы көбейтулерден алады);

Е) элита (суперэлита егістігінен алады).

Мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес, сатуға арналған суперэлита, элита және 1-ші көбейтілген тұқымдар қапталады. Әр қап тігіліп, пломбыланады. Қаптардың ішіне келесі көрсеткіштері жазылған этикетка салынады: дақыл және сорт атауы, сорттық тазалығы және репродукция, егістік сапаларының класы, өнім алынған жылы, партиясының нөмірі, сорттық құжаттың атауы мен нөмірі, тұқымды өсірген шаруашылықтың атауы. Осы көрсеткіштер қаптың сыртында келтіріледі.

Егістікке арналған суперэлита және элита тұқымдары «Тұқымдарға аттестат», ал бірінші және басқа көбейтілген тұқымдар «Тұқымдарға куәлік» сияқты құжаттармен қамтамасыз етіледі.

Қорытынды

Өсу мерзімінің ұзақтығы – ол селекциялық үлгілердің маңызды шаруашылық–биологиялық сипаттамасы. Ал оның құрамы экологиялық икемділікті көрсетеді.Бұл көрсеткіштерді фенологиялық байқаулармен анықтайды. Әр фенологиялық кезеңде морфологиялық өзгерістер болады. Сондықтан фенологиялық кезеңнің басталуы – 10-15% өсімдіктер, толық – 75% өсімдіктер өзгергенде.Байқауды бір адам, бір уақытта жүргізу керек.

Бұл бағалау тобы өте маңызды, өйткені дақылдарды өсіріп,  өндіргенде, жинағанда машиналарды қолданудың мүмкіншілігі мен тиімділігін анықтайды. Көптеген дақылдардың үлгілерінің жатып қалуға (жапырылуға), төгілуге, тамырында және дестеде өнуіне төзімділігін бағалайды. Арпаның үлгілерін – иілуге, масағының сынуға, сабан буынаралығының сынғыштығына, картоп үлгілерін – түйнектерінің ықшам орналасуы, түптерінің шашыраңқы болмауы тәрізді тағы басқа.

Бағаны балмен көрсетеді. Сортсынауда бес балдық жүйе қолданылады.

Жатып қалуға төзімділік. Жатып қалған күні әлде келесі күні белгілейді. Мына көрсеткіштермен: 5 – жатып қалғаны жоқ; 4 - сәл  иілген; 3 - 450 иілген; 2 - 450 артық иілген; 1 - өсімдіктер жаппай жатып қалған.

Өсімдіктер селекциясында ауруларға төзімділікті бағалауға көп көңіл бөледі, өйткені төзімді сорттарды шығару негізгі көрсеткіштердің біреуі. Ең толық баға селекциялық процестің аяғында – конкурстық сортсынауда беріледі. Оны мемлекеттік сортсынау әдістемесімен жүргізеді.

Селекциялық материалды табиғи зақымдану және инфекциялық фоны бар арнайы көшеттіктерде бағалайды. Аурудың жайылуын жүйелі дамығанда немесе өсімдіктің өте керек органы (мысалы, тамыр жүйесі) зақымдалғанда есептейді. Өсімдіктің бір бөлігінің зақымдалуымен аурудың қарқындылығын анықтайды. Мысалы, тат кеселі, ақ ұнтақ ауруы.

Зақымданудың жайылуы мен қарқындылығын екі негізгі тәсілдермен бағалайды: өсімдіктің зақымдану пайызын, немесе органның зақымдалған көлемінің пайызын немесе баллын. Жалпы өсімдіктер саны мен зақымдалған өсімдіктер санын есептеп пайызды анықтайды. Органның зақымдалған көлемін көзбен, әлде арнайы шкалалармен анықтайды.

Әдебиеттер тізімі.

1 А.Қ. Апушев. Егістік дақылдар  селекциясы және тұқым шаруашылығы. Алматы, 2012 ж.

2 Т.Н. Нұрғасенов, Ә.Х. Қалиев. Генетика,  селекция және тұқым  шаруашылығы. Алматы, 2007ж.

3.Интернет желісі.

Информация о работе Селекциялық материалдарда бағалау әдістері