Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 18:15, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Аудит бізге осы уақытка дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда оның рөлі орасан зор.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................................3
I АУДИТТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ, МӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ....................................................5
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы......................................................8
1.2. Аудит мазмұны мен құрамы .......................................................................11
1.3. Аудиттің компоненттері мен негізгі принциптері ....................................13
II ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ....................................................16
2.1. Қазақстанда аудиттің дамуы .......................................................................18
2.2. Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері.19
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ......................................................................................................................................21
3.1. «Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС-ның даму жолы..............................................................................................................22
3.2. " Alliance Audit co " ЖШС құрылуы, көрсететін қызметі..........................24
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................................................................29
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................................30
Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұсынатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас бір деңгейлі байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай — ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл — аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол «тындап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық — жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» — «тындаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
2.1. Қазақстанда аудиттің дамуы.
Біздің елімізде аудит дамуы 1987жылы "Инаудит" акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты ары қарай дамытуға зор ықпал етті.
Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекетгік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды.
Бірегей құрылым
ретіңде "Инаудит" сақталмады, ол
бірнеше жеке аудиторлық фирмаларға
бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі
фирмада өз фирмаларын құруға және
басқаруға мүмкіндік туған
1989-1993 жылдары
КСРО-дағы аудиторлық қызмет
Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына "Қазақстан-аудиттың" сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайыңдаушысы және оның министрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.
1990 жылдан бастап
рынокта "Эрнест энд Янг
Сыртқы аудит" БК пайда болды.
Ол орналаскдн жері және
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 05.04.2001 жылғы №173 "Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту туралы" бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік рейтингті ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28-ақпанындағы №290 "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (үлттық компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес дәлелдеу мақсатында "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС, "КПМГ Жанат" ЖШС, "ЭрнстЭндЯнг" ЖШС, "ВДО Қазақстан-аудит" ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі №294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық ұйымдар тізімі бекітілген.
2.2. Қазақстандағы аудиттің
нарықтық қатынастардың
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.
Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Қазақстанда нарықтық қатынастар енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Аудиторлық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар жұмыстарының сапасына кәсіби бақылау жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ, бұл салада кәсіби мамандар даярлауға қосымша талаптар қойылуда.
Бухгалтерлік есепті реформалау жіне аудитті ұйымдасытрудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық Одақтың (ЕО) және британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісы негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституцция, Азаматтық Кодекс, Бюджет Кодексі, Салық Кодексі, «Банкрот туралы», «Ақша аударымы мен төлемде туралы» заңдардың және қосымша компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республкиасының басқа да нормативтік-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Аудит бізге осы уақытқа
дейін белгісіз болды деп айтуға
болмайды. Шет елдерде аудит ерте
заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп
жүргізуде, экономикалық талдау жасауда,
басшылық жүргізуден үлкен орын алған.
Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде,
шаруашылықта бақылау жасауда, оған
бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік
есеп және аудит қызметі екеніне
үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан
да, шет елдерде ерте кезден бастап
арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор
дайындау өте қажет жұмыс деп
табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар
аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын
функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл
аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен
мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға,
талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда
оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті
басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық
және экономикалық эффект берер еді"-деп
жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде
әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар
қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор,
Францияда-бухгалтер-сарапшы
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ.
2012 жылы сарапшылардың пайымдауынша, аудиторлық қызметтер нарығының ауқымы 15 пайызға артатын болады. Бұған алдағы уақытта жүзеге асқалы отырған Халықтық IPO бағдарламасы мен ықпалдасу процесстері әсер етеді. Себебі, еліміз КО-ына мүше атанды, енді ДСҰ-ымна кіретін кезіміз де келіп жетті. Бүгінде елде 120 аудиторлық компания тіркелгені белгілі болып отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, алдағы 3 жылда елде аудиторлық қызметтерге сұраныс артатын болады. Бұл өз кезегінде нарықтың дамуына әсер етеді. Жағымды факторлардың арасында – қаржылық саланың оңалуы, несие ұйымдарының ретке келуі мен несиелік ресурстарға сұраныстың артуы бар. Тағы бір салаға жағымды әсер ететін фактор – күзде өткізілетін Халықтық IPO бағдарламасы болып отыр. Аудиторлардың негізгі қызметі – тұтынушылардың қаржылық есептерін тексеру болып табылады. Оған баға беріп, заң қойған талаптарға жақын ету. Аудиторлық компаниялардың қызметтеріне - әріптес бизнес құрылымдары, банктер, мемлекеттік компаниялар мен ашық ақпарат алғысы келіп отырған ұйымдар жүгінеді.
Заң бойынша, аудиторлық компаниялардың
қызметі нақтыланып отыр. Негізгі
міндет – бұл қаржылық аудит. Және
оның жанындағы қызметтер –
Елде аудиторлық қызметтер мемлекетіміз тәуелсіздік алған кезде дами бастады. Сол кезде, нарыққа ірі шетелдік компаниялар келе бастады. Бизнестің құрылымын бағалап өту үшін ірі құрылымдар шетелдік компаниялардың қызметтеріне жүгініп келеді. Олардың арасында: KPMG, Price Waterhouse, Ernst&Young, Deloitte & Touch компанияларын атап өтсек болады.
Қазір Қазақстанда 120-дан астам аудиторлық компания еңбек етіп келеді. Ірі шетелдік 4-ттіктен бөлек, елде өзінің бизнесін BDO-Қазақстан, Бейкер Тили, Гранд Торнтонда дамытып келеді.
Алайда, сан жағынан кішігірім отандық компаниялар басым түсіп отыр. Дәл осы құрылымдар қазір Аудиторлар Палатасы мен Қазақстанның Аудиторлар Коллегиясына мүше атанды. Аудиторлардың қызметіне трансұлттық, жүйе құраушы компаниялар мен холдингтерден бөлек, заңға сай аудит жасап отырған кішігірім құрылымдар да жүгініп келеді. Елдің ірі корпорациялары көбіне ірі 4-тіктің қызметтеріне жүгініп келеді. Сала мамандары бұған жұмыстың ауырлығы және қаржылық шығындардың жоғары болып отырғандығы әсер етуде деп отыр.
Аудиторлық қызметтердің
құнына – аудитор оған қанша уақыт
бөлгені әсер етеді. Баға – компания
талап еткен ашықтық пен
Эксперт РА Қазақстан рейтингтік
агенттігі жүргізген зерттеу
жұмыстарына сүйенер болсақ, 2011 жылы
15 ірі аудиторлық компаниялардың кірісі
13,9 пайызға артқандығы белгілі болды.
2010 жылмен салыстырғанда төмендеу 5
пайызды құрады. Сала мамандары бұған
нарықтың игерілмегендігі мен
Сондай-ақ, компаниялар жаңа қызмет түрлерін ұсына бастады. Бұл салықтық кеңестен бастап, консалтинг пен ақпараттық технологиялар нарығындағы аудит болып шықты. Нарық дамуына әсер етіп отырған ең негізгі фактор – қызмет құны болып табылады. Ірі аудиторлық компаниялар тұтынушыларды ұстап қалу үшін беріп отырған жеңілдіктері әділетсіз бәсекенің дамуына әсер етті. Нарық ойыншылары бизнесмендерге компанияны таңдаған кезде мұқият болуға шақырады. Сала болашағын сөз еткен ойыншылар, оған сеніммен қарап отыр. Алдағы уақытта, нарықтың өсіміне Халықтық IPO бағдарламасы мен ықпалдасу процесстері әсер ететін болады. Қазақстан КО-ына мүше, алдағы уақытта ДСҰ-ымна кіретін болады.
3.1. «Центраудит-Қазақстан»
Тәуелсіз аудиторлық
Компания тарихы 1992 жылдан басталады: елімізде жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасу жағдайында Алматыда Владимир Константинович Радостовец құрып, Алматы «Нархозынан» тәжірибелі және қайратты мамандар мен ғалымдарды шақырған «Экономист» Ғылыми-өндірістік бірлестігі тіркелді. Шағын ұжым шаруашылық есептесуге көптеп өту кезеңінде қазақстандық кәсіпорындардың бухгалтерлері мен экономисттеріне салықтық және қаржылық есеп мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп, жалданбалы, ұжымдық, шағын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары үшін бухгалтерлік есеп бойынша әдістемелік ұсыныстар мен тәжірибелік көмекші құралдар әзірлейді (ал олар болса, мемлекет иелігінен шығару мен жекеменшікті қалыптастыру барысында бүкіл Одақ аумағында үнемі өсіп отырған сұранысқа ие болады), қазақстандық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп аудиті жөніндегі заңды әзірлеуге қатысады.