Ақша қаражаттардың есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 01:53, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыздағы N 489 тіркелді.
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті
бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп
жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қаржы министрлігі 1987 жылғы 10 наурыздағы N 61 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы қол жойылған деп есептелсін.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ------------------------------------------7
1.1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері-------------------------------------------------------------------------------------7
1.2 Төлем карточкаларының есебі------------------------------------------------------9
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі---------------------------------------------12
1.4 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі-------16
1.5 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі------------------------17
ІІ. АҚША ҚАРЖАТТАРЫ, ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ-------22
2.1 Банктегі арнайы шоттардагы ақша қаражатын есепке алу-------------------22
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------27
ІІІ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫМЕН ВАЛЮТА ШОТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ----------------------------------------------------------------------------------------------------29
3.1 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі--------------------------29
3.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу------------31
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------35

Вложенные файлы: 1 файл

есеп айырысу.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

1050- "Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" шоты - валюта шотына өткізілген валюта сомасына.

 

 

 

    1.   Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

 

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық тәлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен екілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты (мұның үлгісі төменде келтіріліп отыр); клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген белгіленген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төменде келтірілген); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (ынта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың андырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартка сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардын есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі  есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тоскауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарлануының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын телегенін куатгайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен сод заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің кешірмесі болып табылады және ол бастапкы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі — бет есебі болып қалады.

Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмесі төменде келітіріліп отыр.

Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма-кол ақша" шоты кредитінен 1630 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040-шоттың дебеті және 3390- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъектосы жөнінде он күндік мерзім ішіңце шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.

Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде — шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қалдыруы керек.

Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

1040- "Есеп айырысу шотындағы  қолма-қол ақша" — шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

1010 - "Кассадағы ұлттың валюта  түріндегі қолма-қол ақша" шоты  — кассадан келіп түскен түсім  және депоненттелген еңбек ақы  сомасы;

1210- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты — сатылған өнім, жұмыс  пен қызмет төлемақысына;

3510- "Тауарлы-материалдық босалқылармен  жабдықтау үшін алынған аванстар", 3510 - "Орындалатын жұмыстар және  көрсетілетін қызметтер үшін  алынған аванстар" шоттары —  сатып алушылар мен тапсырыс  берушілерден алынған аванстарына.

1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма-кол ақша" шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

4110- "Жабдықтаушылармен және  мердігерлермен есеп айырысу" шоты — алынған өндірістік  қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген  қызметтер үшін жабдықтаушылар  мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;

1010 - "Кассадағы ұлттық валюта  түріндегі қолма-қол ақша" шоты  — еңбек ақыға, іс-сапарларға  және басқа да шығыстарға жұмсауға  арналған кассаға алынған сомасына;

2210- "Еншілес серіктестіктерге  салынған инвестициялар", 2210 - "Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар", 2210 -"Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар" — шоттары кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың сомасына;

2040- "Акциялар", 2020- "Облигациялар", 1150- "Басқа да қаржылық инвестициялар" шоттары — сатылып алынған акциялар (қайта сату үшін), облигациялар, банктердегі депозит шотгарына салынған салымдарына;

1610 - "Тауарлы-материалдық құндылықтар  мен жабдықтау үшін берілген  аванстар", 1610 - "Орындалатын жұмыстар  мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар" шоттары — жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына;

3010 - "Банктер несиелері", 3020 - "Банктен тыс мекемелерден  берілген несиелер" шоттары —  есеп айырысу - шотынан өтелген  банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;

4120 - "Еншілес серіктестіктерге  қарыздар", 4140 - "Тәуелді серіктестіктерге  қарыздар", 4130 "Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалрға қарыздар" шоттары  — еншілес және төуелді серіктестіктерге  есеп айырысу шотынан қарыздарды  өтеуге;

3110- "Қосылған құн салығы", 3140- "Бюджетпен басқа да есеп  айырысулар" шоттары - салықтар бойынша  бюджетке төлемдер төленгенде;

3410 - "Жеке және мүліктерін  сақтандыру бойынша есебі" —  жеке және мүліктерін сақтандыру  бойынша қарыз сомасын төлегенде  т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. АҚША ҚАРЖАТТАРЫ, ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ  ТҮГЕНДЕУ

2.1 Банктегі арнайы шоттардагы  ақша қаражатын есепке алу

 

Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 "Банктегі арнайы шоттардағы акша қаражаттары" деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді: 3

1070 "Аккредитивтегі ақша қаражаттары" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив — клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі). Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдыктаушыларға телем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивте кезделген кұжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына екілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

Жабылатын (депоненттелген ) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-шартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі мүмкін). Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орыңдаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

К,айтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмтенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады) Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

Дәлелденген  аккредитив   — бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитиві

Трансферабельдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтау шыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анық болуы керек, яғни қайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің пайдалану тәсілі де анық болғаны жен: ұсынған заматта төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуге болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау1 үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

Аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында кезделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша телемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.

Бенефициар банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдалдық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

Бенефициар банкісі (аткарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шарттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы бенефициардың қолы мен мерінің белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.

Егер аккредитивтің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-көлік құжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды.

Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот-тізбесінің) үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретіңде пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының қаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі.

Аккредитивті қолма-қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.

Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.

Аккредитив есебінен төлеу үшін, акцептелінген шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауарлы-көлік құжаттарында (накладнойында) өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.

Информация о работе Ақша қаражаттардың есебі және аудиті