Ақша құралының айдиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 23:40, курсовая работа

Краткое описание

Аудит - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және акционерлік қоғмдардың қаржылық шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит негізінде кәсіпорын басшыларының не болмаса қатарлас және аралас кәсіпорындардың, контрагенттердің мемлекеттік басқару органдарының сұраныс бойынша жүргізледі. Оның негізі кәсіпорынның қаржы-қаражат жағдайын анықтау және оны жақсарту туралы менеджмен және салық ісі мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсетеді. Аудитор – акционерлік бірлестіктердің, фирмалар мен кәсіпорындардың қаражатын, шаруашылық

Содержание

Аудит даму кезеңі, жоспары және түрлері
Аудит даму кезеңі..........................................................................5
Аудиттің жалпы жоспары және түрлері....................................11
Ақша қаражатының аудиті
Банк операцияларының аудиті...................................................13
Кассалық операциялар аудиті.....................................................15
Ақша қозғалысының аудиті........................................................18
Қорытынды..............................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер..................................

Вложенные файлы: 1 файл

АудитКурс.doc

— 164.00 Кб (Скачать файл)

 

2.3. Ақша қозғалысының аудиті.

 

Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ақша мен оның қозғалысн тексеру  болып табылады.

Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклының функционалды аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:

  • Касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  • Касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшің есеп пе ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
  • Бұл жұмыс учаскасінің қызметкерлі кімге есеп беред;
  • Касса-банк және басқа ақшалай оерациялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді.
  • Кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
  • Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
  • Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?

Осыларға сүйене келіп  мына таблицаны көрсетуге болады.

 

 

 

 

Кесте 2 - Төлем мен ақша қозғалысының аудиті

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері

1

2

1. Ақшалай операцияларды атқаратын (кассир, бухгалтер және т.б.) қызметкерлер құрамын білу.

Кадр бөлімінің мәліметтері, білім  мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс  өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.

2. Ақша алу сақтау және қолдану  үшін әдістемелік, нормативті және материалдық базамен қаматамасыз етуді тексеру

Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының және т.б. бар-жоқтығы

3. операцияларды құжаттық рәсімдеу мен ақша басқару жағдайын алдын-ала шолудың дұрыстығын тексеру

Кірістік және шығыстық касслық  ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай  қаражаттың қозғалысы туралы есебі  кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.

4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру

Төлем тапсырмалары мен талаптары, журнал-ордерлер, тізімдемелер (ведомсть), сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.

5.Кассаны түгендеу мен кассалық  операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру

Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс  істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалды жауапкершілік  туралышарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2),кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер № 1, №1 тізімдеме (ведомсть), Бас кітап және т.б.

6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты  пайдалануын тексеру

7. касса-банк операцияларын атқару  мен есеп сақтау шарттарын  айқындау үшін тексеру, байқау  және тестілеу

8. Банк операцияларын, құжаттардың  түгелдігі мен анықтығын тексеру

9. Ақшаны есептен шығару, кассалық  және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру

10. Инкассо қолданудағы, есеп  айырысудың аккредитивтік және  чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің  ағымдағы басқа шоттарын ашудың  дұрыстығы мен заңдылығын тексеру

Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртектері,№ 1-3 журнал-ордерлері мен № 1-3 тізімдемелері, қолданыстағы заңнамаларға нормативті-анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі

11.Жол-жөнекей ақша сомасының шынайылылығы, өнімді және басқа іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру

№ 3 журнал-ордер, № 3 журнал-ордерге  № 1 тізімдеме,      шоты бойынша  Бас кітап, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүк құжаттары, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар

12. Баланс көрсеткіштерінің Бас  кітап мәліметтерінің сәйкестігін  тексеру

Баланс 

шоттар бойынша Бас кітап                                                                     

13. Ақша қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру

Бас кітап, № 1-3 журнал-ордерлер, № 1-3 журнал-ордерлердің тізімдемелері, касса  кітабы және ақша қозғалысы  туралы басқа құжаттар

14. Қысқа мерзімді инвестициялар  бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру 

Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәлімелер.


 

Ақшалай қаражатпен, әсіресе  оның жылдамдығы бөлігі – қолма-қол  ақшамен (еңбек ақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалану және т.б.) жасалатын операциялар – міндетті тұтастай тексеруді талап етеді.

Ақшаның есеп шот бойынша  қозғалысын төлеу циклін тексеру  үшін кәсіпорын банк көшірмелері  мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыру қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін (шот корреспонденциялары жазыла ма), құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғандығын тексеру қажет.

Кесте 3 - Алынған ақпараттың тәртібі

Банк көшірмесі

Растайтын құжат

Айқындалған (табылған) айырмашылықтар

№, ай-күні, ж.

мазмұны

сома

№, ай-күні, ж.

Мазмұны

сома

сома

   %

   1

     2

    3

   4

      5

      6

         7

      8


 

Сол уақытта қолма-қол  ақшалай қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды көрсетудің ұсынылған тәртібінен айырмашылықтарды айқындау қажет. Бұл мақсаттар үшін шығатын мәліметтерді мынадай пішінде көрсетуге ұсынылады:

Кесте 4 - Айырмашылықтарды айқындау

Операциялар мазмұны

Банк көшірмесі

Бухгалтерлердің мәліметтері бойынша

Аудитордың мәліметтері бойынша

Құжат  

   №      

Ай-күні, жыл

сома

Шоттың дебеті

Шоттың кредиті

Шоттың дебеті

Шоттың кредиті

1

2

3

4

5

6

7

8


 

Тағы бір өрескел  қате – ақшаны кәсіпорын кассасына  кіріске алмау. Тексеру кезінде  аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасы мен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек.

Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін мұқият зерттеп, бақылау  және оның әр түрлі қажеттіліктерге шығыс жағдайларын анықтау керек. Бұл мақсаттар үшін мәліметтер жинау мен өңдеуді мынадай кесте көмегімен іске асыруға болады:

Кесте 5 – Түсімдерді банкке тапсыруды  тесеру

Ай, күн, жыл

Ақша қозғалысы

түсу

Шығыс

Ай,күн, жыл

өнім үшін

Жұмыспен көрсетілген қызмет

Бас-қа-лары

Бар-лығы

Банкке тапсырылады

Кәсіпорынның қажеттілігіне

Жабдықтаушыларға

Бар-лығы

                 

 

Тексерудің жеке обьектісі  – нақты мақсаттарға, сонымен  бірге еңбекақы төлеуге, іссапар  шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктерге  және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша қозғалысы.

Тексеруде ақша алу мен  істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру  қажет. Мұндай ақпаратты мынандай кестеде  орналастыруға болады:

Кесте 6 - Ақша алу мен істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру

Есепті кезең

Еңбекті өтеу бойынша шығыстары

Іссапар шығыстары

Шаруашылық шығыстары

Банктен алынды

Кассадан берілді

Ауытқу

Банктен алынды

Кассадан берілді

Ауытқу

Банктен алынды

Кассадан берілді

Ауытқу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


 

Кәсіпорының кассадығы  ақшасы қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығын, мынандай кестені тіркеуді қолдана отырып, техникалық және мазмұнды қателерді табу үшін бухгалтерлік есепте операциялардың көрсетілуі дұрыстығын тексеру керек;

Кесте 7 - Кәсіпорының кассадығы ақшасы қозғалысы

Операция-лар мазмұ-ны

Кассалық ордер

Бухгалтерлік мәліметтері бойынша

Аудитордың мәліметтері бойынша

Ай-күні, жылы

сома

Шот дебеті

Шот кредиті

Шот дебеті

Шот кредиті

1

2

3

4

5

6

7

8


 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл күндері экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және санаға сиярлық тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналып отыр. Осындай мәселелерді қазіргі нарықтық   жағдайға  сай   кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің  басшылары  дұрыс  шешім  қабылдау  өте  күрделі  мәселелердің  бірі  болып  отыр. Өйткені, қазіргі  заманда  жемқорлықтың, коррупцияның  өсуі   осы  кәсіпорындардың,  ұйымдардың, мекемелердің  т.б.  бизнес  орталықтарының  жағдайына   айтарлықтай әсерін  тигізіп отыр. Болашақта мұндай   жағдайларды жою еліміздің алдына  қойған  ең  негізгі мақсаттардың  біріне  айналды. Осындай мәселелрдің бірден – бір өзінің   септігін  тигізіетін  аудиторлық  ұйымдар мен аудиторлар  және  ревизорлар екенін  өзімізде  біліп  отырмыз.

Аудитор – акционерлік  бірлестіктердің, фирмалар  мен  кәсіпорындародың  қаражатын, шаруашылық  іс-әрекетін  басшылармен  келісе  отырып, жасалған   шарт  арқылы  тексеретін  заңды  тұлға  немесе  фирма  болып  табылады. Олардың  осындай  үлкен  қызметтерді  тексеріп,  бақылап, қадағалап,  реттеп, ауытқуларын, себебін, заңға сәйкесітігн анықтауы  және оларға  жалпы қорытындысын  жасауы ұйым, мекеме, кәсіпорын  басшыларына  өз  септігін  тигізіп, елеміздің  дамуына  өз  үлесін  қосуда. Сондықтан,  бұл  курстық жұмыстың   аты « Ақша  қаражаттарының  аудиті »   болғандықтан,   бұл   мәселе   кең   мағынада   қамтылды. Ақша  операцияларының  жүргізілуін  тиімді  бақылап, қадағалау, тиімді  шешім  қабылдау, нарықтық  экономика  бейімделу, аз  шығын  шығарып  көп  пайда  табу  кез-келген  шаруашылық  субъектінің  алдына  қойған  ең  негізгі  мақсаты. Ал  осы мақсатқа  көрінген  жете  бермейді. Сондықтанда    шаруашылық  субъектілерінің басшылары осындай алдына  қойған   мақсаттарына  жету  үшін  жалданбалы  аудиторлардың  қызметіне  сүйенеді.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” деп аталатын 2007- жылдың 28-ақпанындағы №234-III Қазақстан Республикасының Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” 2006 жыл;
  3. «Аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi» - 2007 жыл 11 қаңтар
  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Астана,
  5. Ақорда, 2010 жыл
  6. “Аудит”, под редакцией доктора экономических наук, профессора     В.И.Подольского, М.,”Юнити”, 2000г. – 234 бет
  7. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. “Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері”, Алматы, ”Экономика”, 2006 ж. – 156 бет
  8. КеулімжаевҚ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А.    “Қаржылық есеп”, Алматы, ”Экономика”, 2001 ж. – 78 бет
  9. 8. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”. Алматы,   “Экономика”, 2001 ж. – 187 бет
  10. Төлегенов Э.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”.  Алматы, “Экономика”, 2001ж. – 289 бет
  11. Дюсембаев К.Ш. “Аудит и анализ в системе управления финансами”
  12. Алматы, “Экономика”, 2000 ж. – 40  бет 
  13. Абденов Д.О. «Аудит негізері» - Алматы, 2006 – 30 бет
  14. Әжібаева З.Н. «Аудит» - Алматы, 2006 – 274 бет
  15. 7. КеулімжаевҚ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А.    “Қаржылық есеп”, Алматы, ”Экономика”, 2001 ж. – 78 бет
  16. 8. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”. Алматы,   “Экономика”, 2001 ж. – 187 бет
  17. 9. Төлегенов Э.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”.  Алматы, “Экономика”, 2001ж. – 289 бет
  18. 10. Дюсембаев К.Ш. “Аудит и анализ в системе управления финансами”
  19.      Алматы, “Экономика”, 2000 ж. – 40  бет 
  20. 11. Абденов Д.О. «Аудит негізері» - Алматы, 2006 – 30 бет
  21. 12. Әжібаева З.Н. «Аудит» - Алматы, 2006 – 274 бет

 

 

 


Информация о работе Ақша құралының айдиті