Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:52, реферат
Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.
Кіріспе:
1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау
2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы
Қорытынды
Қолданған көздердің тізімі
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.
Біріккен кәсіпорындардың қызметі мен құрылуын экономикалық қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте біріккен кәсіпорындарды қаржыландыру сұрақтарына тоқталамыз. Оған жататындар: қаржыландыру көздерін құру, жарғылық капиталдағы қатысушылар салымының арақатнасы, салық алу мәселелері және біріккен кәсіпорындардың тиімді қызмет ету көрсеткіштерінің есептері. Біріккен кәсіпорындарды қаржыландыру көздері болып жарғылық қорға салынған ақша салымдары, амортизациялық аударымдар, біріккен кәсіпорынның резервтік және басқа да қорлары, несиелер саналады.
Біріккен кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру көздері мен құрылымына талдауды келесі сызбадан көруге болады (3-сурет).
Негізгі және айнымалы капитал
құны бойынша жарғылық қорды құрайды.
Жарғылық қорға ақшалай салымдар
келесідей түрде салынуы
Біріккен кәсіпорынға қатысушылардың ақшалай қаражаттары. Біріккен кәсіпорын құрушылардың арасындағы келісім бойынша жарғылық қорға олардың салымының бағасы ұлттық және шетелдік валютада жүргізіледі.
3-сурет. Біріккен
Шетел қатысушылар жарғылық қорға салымдар машиналар мен жабдықтар, лицензиялар және т.б. түрде салады және ұлттық валютамен, сонымен қатар, біріккен кәсіпорынды құру туралы келісімге қол қойылған валютаның түнгі ресми курсы бойынша теңгемен шетел валютасын қайта есептеу арқылы бағаланады, Қазақстандық қатысушылар біріккен кәсіпорынның жарғылық қорына салымды жер, табиғи ресурстар, үйлер мен ғимараттар түрінде береді.
Біріккен кәсіпкерліктің даму тәжірибесі, бұл процестің күрделі және тұрақсыз болғандығын көрсетеді. Біріккен кәсіпкерліктің дамуы әркелкі болса да, әртүрлі белсенді дәрежесімен дүние жүзі елдерінің көбісін жанап өтті. Бұл процесс әсіресе соңғы 10-15 жыл ішінде күшті қарқынмен жүрді. Еуропалық экономикалық институттың (ИНСЕАД) берілгендері бойынша, 1986ж. Ортасында өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерлік жөнінен 839 келісім-шарт тіркелді.
Қазіргі кезде біріккен кәсіпкерлік дамуында 2 топты бөліп көрсетуге болады:
Жаңа индустриалды елдерде бірінші және екінші топ белгілері көрініс тапты.
Өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерлік дамуының келесідей ерекшеліктері бар: қызмет көрсету саласымен, ғылыми және капитал сыйымды салалармен өзара байланыстылықтың жоғарғы дәрежесі, өз территорияларында біріккен кәсіпорындарды құруға ұмтылуы.
Дамушы елдердегі біріккен кәсіпкерлік процесі дамуын қарастырсақ, келесідей өзгешеліктерді көрсетуге болады: қолданылатын технологиясы, шетелдегі нарықтық тәжірибе және бәсекелестік жағдай, сонымен қатар халықаралық кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуы.
Экономикасы өтпелі елдер өз экономикаларының құрылымдық өзгеруін қалайды. Экономикасы өтпелі елдер шетел серіктесі үшін қолайлы жағдайлар жасауы керек: салықтық жеңілдіктер енгізу, ұлттық кәсіпорын құру процедурасын жеңілдету. Бірақ, шетел серіктестерінің ойынша біріккен кәсіпкерлік процесінің дамуына мынадай факторлар кедергі жасайды: салық заңдылығының тұрақсыздығы, әртүрлі өнеркәсіп стандарттары, инфрақұрылымның дамымауы және басқалар.
Біріккен кәсіпкерлік дамуының шетел тәжірибесін жасалған салыстырмалы талдау, келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:
- біріншіден, біріккен
кәсіпкерлік туралы келісім-
- екіншіден, біріккен
кәсіпкерліктің дамуына
- үшіншіден, дамушы елдердің экономикасы өтпелі елдермен біріккен кәсіпкерлік қызметі екі жаққа да пайда келтіреді. Дамушы елдер үшін жаңа өткізу жолдарын ашуға, ал экономикасы өтпелі елдер үшін инвесторларды таратуға мүмкіндік туады. Осыған байланысты транзиттік экономикадағы елдер біріккен кәсіпкерлік қызметін өнеркәсібі дамыған елдермен ғана емес, сонымен қатар экономикасы өтпелі елдермен дамытуы керек.
- төртіншіден, әртүрлі
елдердегі біріккен
Валюталық өзін-өзі өтеуіне байланысты біріккен кәсіпорындарды келесідей жіктеуге болады:
Жоғарыда әрбір көрсетілген біріккен кәсіпорын стратегияларының даму мүмкіндігін болжасақ, 2-3 жыл ішінде ішкі экономикалық мәселелердің шешілмегендігіне байланысты жергілікті кәсіпорындар өндіретін өнім экспортының өсуін байқау екіталай. Қазақстан территориясында және ТМД тауарлар мен қызметтерді валютағарезиденттерге де резидент еместерге де сату құқығының кеңеюі айтарлықтай нәтижелі көрінеді.
Бұл сатыда валюталық өзін-өзі өтеу көздерінің келесідей жіктеуге болады: валютаға біріккен кәсіпорын өнімдерін Қазақстан және ТМД кәсіпорындарына сату, шетел туристеріне сервистік және қонақ үймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Шетел серіктегі өз еліндегі қалыптасқан тізбегін қолдана отырып, валютаға біріккен кәсіпорын өнімін жеткізіп беруді жүзеге асырады. Сонымен бірге, бұл елдерде бәсекелестік күрес жүргізбеу үшін Трансұлттық корпорация жеткізіліп беру ішкі-корпорациялық тәжірибені қолдануды ұсынады, яғни жартылай фабрикатты сатуды, немесе, батыста жинақтау мен өндеуді қажет ететін жекелеген бөліктерді сатуды қарастырады. Біріккен кәсіпорындардың дайын өнімдерін сатуға болады, бірақ ол елдерде ол тауар үлкен сұранс болуы тиіс. Мұндай жағдайда біріккен кәсіпорындар тауарды қабылдап алушы елдің шикізат және химиялық кешеніне салымды өсіреді, ал жүргізіліп отырған сыртқы экономикалық байланыс реформалары экспорттағы шикізат үлесін қысқартуды қарастырады.
Қазақстан Республикасында
біріккен кәсіпорындардың санының
және түрлерінің көбеюі мен дамуын
экономикада болып жатқан келесідей
өзгерістермен түсіндіруге
2. Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы
“Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде біріккен кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, біріккен кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және біріккен кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:
- жетілген салық жүйесі;
- оңайлатылған валюталық режим;
- бюджет жүйесі;
- кедендік режим;
- тиімді есеп беру мен есепке алу;
- жетілген банк жүйесі;
- шаруашылық басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі;
- әкімшілік басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі.
Әлемдік тәжірибеде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге біріккен кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:
Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.
Бұл заң Қазақстан
территориясында шетел
Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:
1995 жылы еліміздің салық жүйесін реформалау жылы болып табылады, яғни жаңа салық кодексінің және салықтық тәжірибелерді жүргізу болып есептеледі. Республикадағы жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу прнциптері қарастырылады.
Шетел қатысуы мен 100 % -ды шетел капиталы барлық заңды тұлғаларды тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.
Заңды түрде қорғаумен қоса, шетел инвесторларына қосымша кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.