Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:21, реферат
Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады.
Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді.
Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.
1-бухгалтерлік баланс
Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің
жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы
болып табылады.
Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық
субъектісінің ресурстары мен олардың
құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада
және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп
беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік
есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар
мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше
анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі
бухгалтерлік есептің классикалық:
Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік
капитал) теңдеуі болып табылады.
Активтер субъектісінің қолында не бар
екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік
және мүліктік емес жеке игілігімен құқын
көрсетеді.
Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие
берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл
жасау немесе одан бастарту міндеті, ал
несие беруші борышкерден өз міндетін
орындауды талап етуге қақылы.
Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік
иесінің активінен оның міндеттемелерін
ұстағаннан қалған капитал.
Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы
белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен
қоса баланстардың бірнеше түрлері болады,
олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен
ерекшеленеді.
Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект
қызметінің басталуына бағындырылған.
Субъектінің бағыныштылығына қарай баланс.
Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары
жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары
болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект
баланс қарапайым болып келеді, өйткені
мүліктердің көпшілігі негізінен тек
ақша қаражатынан тұрады.
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық
қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер
тізімін инвентатрь деп атайды және ол
тізімге алынатын инвентатрь түрінде
тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген.
Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының
жалпы ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар–40000
таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі
жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000–40000).
Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің
жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке
айналады. Ол бастапқы баланс активті
мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік
береді.
Инвентатрлық тізім.
Объектілер атауы |
сомма |
«Банк несиесі» |
165 00050 000 |
Бұл жерде теңестіруші ретіндегі қаржылық нәтиже (табыс пен шығын) көрсетілмейді, Өйткені субъект шаруашылық қызметін әлі жүзеге асырған жоқ.
Актив |
Сумма (теңге) |
Пассив |
Сумма |
Материалдар қоры
4. Дебиторлар |
165 000 50000 20 000 5000 |
|
200 000 14 000 10 000 |
Баланс |
240 000 |
Баланс |
240 000 |
Екінші жағдайда бастапқы ресурстар
тек қана ақша қаражаттарынан емес,
сондай–ақ қайыра құрылған субъектілер
баланысындағы басқа да құндылықтардан:
шикізаттар мен құрал жабдықтардан және
т.б. құрылады.
Мысалы: Айталық, ізбасар 400 000 теңгеге
негізгі құралдар (құрал–жабдықтар және
т.б.); банктен жұмысшылар мен қызметшілерге
жалақы төлеу үшін несие түрінде 60 000 теңге
алды делік; ал өнім берушілерден 140000 теңгеге
шикізаттар мен материалдыр алды. Осы
деректер негізінде мынадай формадағы
таблица жасалынуы мүмкін.
Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив
пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады.
Ол екі жақты таблица түріндегі
көлбеу бойынша немесе тік форма бойынша
құрылуы мүмкін. Шаруашылық субъектісі
өз балансының құрылу формасы өзі таңдап
ала алады.
Актвтегі немесе пассивтегі ресурстардың
әр бір элементі баланс статьялары («баптары»
деп аударылмайды!) деп аталады. Балансты
оқу немесе талдау үшін баланс активті
мен пассиві бөлімдерге біріккен жеке
статьяларға бөлінеді.
Баланс статьяларының орындары белгілі
бір принциптерге бағынады. Баланс статьяларының
топтасуын негізінен әралуан ресурстар
түрлерінің сипаты мен экономикалық талдау
мен аудит талаптары белгілейді.
Активтер өздерінің өтімділік дәрежесіне
қарай неғұрлым төмен өтімділікті неғұрлым
жоғарысына қарай орналасады. Пассивтер
міндеттемелердің жеделділіктен неғұрлым
жоғары жеделділікке қарай орналасады.
Сөйтіп, белгілі бір мезгілде қаржы ресурстарының
кез келген түрі қайсы бір құн ауқымы мен
саипатталады. Осындай барлық құн ауқымдарының
жиынтығы сол ресурстардың жағдайын көрсетеді,
оның ақпараттық моделі болып табылады.
Ақпараттық модель, (үлгі) қаржы ресурстарының
жағдайы бухгалтерлік баланс болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алудың заттары болып: кәсіпорынның шаруашылық құралдары, ол құралдардың көздері, шаруашылық операциялары барысындағы құралдар мен көздердің қозғалыстары жатады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мыналарды құрайды: негізгі құралдар — ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, кеңселік құрал-саймандар және басқа; олар шаруашылық қызметтерде өздерінің сыртқы түрлерін ұзақ уақыт өзгертпестен, жайлап ескіреді, бұның өзі кәсіпорынға олардың құнын белгіленген норма бойынша ескірулерін есепке алу арқылы (амортизация) олардың қалыпты қызмет мерзімдері барысында әрбірінің алды-алдына атқарған жұмыстарына, қызметтеріне, өнімдердің өзіндік құндарына қосуға мүмкіндік береді:
бейматериалды активтер — құндылық бағасы бар, ұзақ мерзімді қаражат жұмсалатын, бірақ заттай құнды болып саналмайтын нысандар (жерді, суды және басқа да табиғат ресурстарын пайдалану құқығы, патенттер, өнер табысы, сондай-ақ басқа да мүліктік құқықтар, оның ішінде өнеркәсіптік және интелектуалды меншік те бар). Бейматериалды активтер, негізгі құралдар секілді, өздерінің бастапқы құндарын белгіленген норма бойынша тозуын ескеру арқылы (амортизация) олардың қалыпты қызмет мерзімдері барысында өндіріс шығындарына көшіріледі.
Ақша қаражатының
козғалысы туралы есеп беру. ХҚЕС №7
талаптары бойынша жасалады. Есепте
негізгі (немесе операциондық), инвестициялык,
және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде
алынған ақшалай қаражат ағыны туралы
барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде
пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты,
ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің
таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы
ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері
көрсетіледі.
№7 халықаралық қаржылық есеп стандартына
сәйкес субъекттер жасаған "Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның
қаржылық жағдайыңдағы өзгерісті бағалауға
мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең
ішіндегі операциондық, инвестициялық
(ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу
мен сату) және қаржылық қызметі (жеке
капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері
және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып
табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан
алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы
туралы хабарламамен қамтамасыз етеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі
қаржылық есебінің құрамында беріледі.[48]
Ақша қаражаттарынның қозғалысы туралы
есеп беру- Бұл «Ақмай» АҚ-ның қаржылық
жағдайындағы өзгерістерді сипаттайды.
Бұл есеп беруді жасаудың қажеттілігі
белгілі бір есеп кезеңінде серіктестік
құралдарының көзін және бұл құралдардың
қалай қолданылып жатқандығын көрсету
қажеттілігімен туындады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұйымдар шаруашылық қызметпен айналысу үшін оларда белгілі бір мөлшерде мүліктері болуы керек. Осы мүліктердің ақшалай өлшемдегі жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылады. Ұйым құрылған кезде оның капиталы ҚР заңында қарастырылған мөлшерден кем болмауы керек және ол сол ұйымның құрылтайшыларының ақшалай, бағалы қағаздар, мүлік және мүліктік құқық, басқа да мүліктер түрінде, ұйымға қосқан үлестерден құралады. Ұйымның меншікті капиталы жұмыс істеу нәтижесінде алынған табыс есебінен және басқа да көздер есебінен өсіп отырады.
Ұйымның мүлкі, яғни меншікті капиталы айналымдағы және айналымнан тыс немесе негізгі активтер болып бөлінеді. Оның негізгі (айналымнан тыс) активтері негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Айналымнан тыс активтер ұйымның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады. Ал айналымдағы активтер ұйымның жұмысында пайда табуға негізделеді, оларға ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, дебиторлық борыштар, тауар-материалдық қорлар және т.б. активтер жатады.
Ұйымның мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымындағы қаржыларының құнынан құралады. Оның меншікті капиталының негізгі көздері: жарғылық капитал; төленбеген капитал; сатып алынған меншікті үлес құралдары; эмиссиялық кіріс; резервтер; бөлінбеген пайда болып саналады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңа құрылған кәсіпорынның қалыптастырған қаражаттарының сомасы. Ол акцияларды орналастырудың, сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, МЕА т.б. мұліктердіің және мүліктің құқықтардың есебінен құрылып, заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жарғылық капиталының мөлшері сол ұйымның жалпы жиналысында бекітіледі және тиісті мемлекеттік органда тіркеуден өтеді.
Ұйымның жарғылық капиталының есебі Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5 бөлімінде көрсетілген «Жарғылық капитал» бөлімшесіндегі а) артықшылықты акциялар, б) қарапайым акциялар және в) салымдар мен пайлар болып бөлінетін шоттарда жүргізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысынң шешімі бойынша АҚ жарғылық капиталдың оның жалпы санын қарастыру мақсатында ақцияның бір бөлігін сатып алу жолымен кемітуге құқылы, бірақ заң актілерінде қарастырылған ең аз мөлшерден кем болмауы керек. Акцияны сатып алу, қайта бөлу немесе күшін жою директорлар кеңесінің шешімі бойынша жарғыда қарастырылған басқа себептермен жүзеге асырылады.
АҚ кредит берушілердің барлығына акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуды немесе тоқтатуды, сондай-ақ өздеріне келтірілген залалды жабуды талап етуге құқылы.
Қайтарып алынған капиталдың яғни меншікті үлес құралдарын сатып алу нәтижесінде меншікті капиталдың өзгерісі есебін өрнектейтін 5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шоты қолданылады.
Резервтер қаржылық есептілік стандарттарының талаптары мен құрылтайшы құжаттарына сәйкес қалыптастырылады. АҚ резервтік капитал залалдарды жабуға, облигациясын жабуға, басқа ақша болмағанда акция сатып алуға жұмсалады. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану жарғы бойынша анықталады. Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.
Жалпы кез келген кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмсалмаған (төленбеген, бөлінбеген) таза пайдасы (яғни барлық міндетті есептеулерден кейін қалған) капитал болып есептеледі. Олардың меншікті капиталының жалпы сомасы (активтерінің қосындысынан – міндеттемелерінің қосындысын) жарғылық капитал сомасынан кем болмау керек. Егер кем болса сол ұйым жұмысының тиімділігінің төмен екенін көрсетеді, бұл жағдайда жарғылық қор мөлшерін қайта қарастырады.
Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушыларды банктің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды, қажетті және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:
- бухгалтерлік баланс (№1 нысанда);
- табыс және шығыс туралы есеп (№2 нысанда);
- ақша қозғалысы туралы есеп (№3 нысанда);
- капиталдағы өзгеріс туралы есеп (4 нысанда);
- түсіндірме жазбалар.