Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 10:05, реферат
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.
Бухгалтерлік есептің міндеттері келесілер болып табылады:
Бухгалтерлік есептің деректері ғылыми негізделген, нақтылы, өз уақытын да жинақталған болуы керек.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты- сыртқы пайдаланушылыр мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементтеріне жатады. Басқару дегеніміз шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар қажет. Ақпараттар деп шаруашылық өмірдегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың талабын қанағаттандырады, екіншіден кәсіпорындардағы бухгалтерлер мен басқарушылырдың талабын қанағаттандырады.Яғни, бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар есептің мақсатын, мұның өрісіндегі мәліметтер мен бастапқы құжаттарды ұйымдастырудың сипаттамасы мен сапасын, бухгалтерлік есепті толығымен аяқтаудың сатылары мен принциптерін, есеп жүргізудің техникалық әдістерін, шаруашылық операцияларының мазмұнын білгені жөн.
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестік тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапаым жолдармен аса бір сапалы және жоғары деңгейде орындалуы керек.
Сонымен бухгалтерлік есеп көп ақпараттардан тұрады. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға : шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік және т.б. талаптар қойылады. Шындық түсінігі жүргізілген эксперимент және санадан ауытқымайтын, логикаға жататын негізден қалыптасады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері нақтылы шындықты көрсетуі үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәліметтің барлығы да бастапқы құжаттар арқылы жүргізілуі керек.
Өз уақытында дер кезінде орындалатын талап. Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялар қажет.
Қажетті дәлдік талабының негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалану мен кәсіпорынның өз ішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған.Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолютті дәлдікті көрсетуі керек.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізу процесі келесідей нормативтік актілермен реттелген.
Заң күші бар Қазақстан Республикасы президентінің “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Жарлығында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің барлығы да бухгалтерлік есеп жүргізуге және осыған байланысты арнайы ережелер мен принциптерді сақтауға міндетті деп танылған. Заң күші бар Президенттің Жарлығы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мен реттеудің бірінші кезеңі болып табылады.
Екінші кезең- бекітілген “Бухгалтерлік есеп стандарттары” болып танылған.
Бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүргізудің ресми қабылданған ережесі және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорытындысы есебін жасау үшін ақпараттық жүйесін қалыптастырудың әдістерін белгілейтін құжат.
Бухгалтерлік
есеп стандарттары әрбір
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп жүргізудің үшінші кезеңі- нұсқаулар, ұсыныстар мен нормативтік құжаттар, басқадай салалық, әдістемелік материалдар, кәсіпорындардың жарғысы, бұлардың типі мен көлемі жөніндегі құжаттардан тұрады. Төртінші кезең- кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерде әр жылы жасалып, бекітілетін есеп саясаты жатады.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.
Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.
Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады.
Екі жақты жазу– бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі шотта жазылады.
Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.
Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.
Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.
Ақшалай, еңбек, табиғи өлшеуіштерде берілетін мұліктердің біртекті топтамасы, олардың счеттарда жазылуы және бағалануы бухгалтерлік есеп жүйесін құрайды.
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі есеп принциптеріне сай, объективті, дұрыс та нақты мәліметтерді қолдану арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық есеп стандарттарына жақын, еліміздегі ерекшеліктерді еске ала отырып ел нарығына икемделіп жасалған.
Қазіргі өркениетті нарық капиталдық, товардың жұмыс күшінің еркін қозғалысын қалайды. Елімізге шетел инвестицияларын тарту бухгалтерлік есеп ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкес болуын талап етеді.
2. Бухгалтерлік есеп туралы әдебиеттерде оның қағидалары туралы сөз болып жүр, Қағидалар - бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырған кезде қабылданған белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде бекітілген бухгалтерлік есептің төмендегідей негізгі қағидалары.
Үздіксіздік.. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.
Есептеу. Бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте ақша қаржылары түскенде немесе төленгенде емес, табыстар пайда болғанда, шығындар қажет болғанда танылып, бейнеленеді.
Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.
Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.
Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.
Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.
Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.
Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.
Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.
Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.
Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.
Уақыттылық. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.
Бухгаптерлік есеп концепциясы мынаны айқындайды:
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат тұтынушыларға пайдалы болуы керек.
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат мүдделі тұтынушыларға пайдалы болуы үшін, ол сенімді де салыстырмалы болуы керек. Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпараттың пайдалылығын анықтайтын талаптарды ұйымның басшылығы бекітеді.
Информация о работе Бухгалтерлік есептің әдістері мен қағидалары