Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 19:28, курсовая работа
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде ғана қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:
«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».
«Күмәнді дебиторлық берешектер».
«Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі».
«Басқадай дебиторлық берешек».
«Алдағы кезең шығындары».
«Берілген аванстар».
Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.
Кіріспе------------------------------------------------------------ 3
1. Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру -------------------------- 4
1.1. Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру------------------------ 4-6
1.2. Дебиторлық берешекті беру-сату ---------------------------------------- 6-9
2. Дебиторлық берешектер бөлімінің есебі -------------------------------- 10
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің
есебі --- ----------------------------------------------------------------------10-13
2.2. Күмәнді дебиторлық берешектер есебі--------------------------------13-15
2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің
есебі ---------------------------------------------------------------------------15-17
2.4. Басқадай дебиторлық берешектердің есебі---------------------------17-20
2.5. Алдағы кезең шығындарының есебі----------------------------------- 20-22
2.6. Берілген аванстар есебі--------------------------------------------------- 22-23
Қорытынды------------------------------------------ 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------ 25
\
Тақырыбы: |
Дебиторлық берешектің есебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жыл: |
2013 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Көлемі, бет: |
25 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Мазмұны (Жоспар): |
Кіріспе-----------------------
1. Дебиторлық
берешектер есебін ұйымдастыру ------------------ 1.1. Дебиторлық
берешектер есебін ұйымдастыру------------------- 1.2. Дебиторлық берешекті
беру-сату ------------------------------
2. Дебиторлық берешектер
2.1. Сатып
алушылар мен тапсырыс есебі --- ------------------------------ 2.2. Күмәнді дебиторлық
берешектер есебі-------------- 2.3. Еншілес (тәуелді)
серіктестіктердің дебиторлық есебі ------------------------------ 2.4. Басқадай дебиторлық
берешектердің есебі----------- 2.5. Алдағы кезең
шығындарының есебі------------------------- 2.6. Берілген аванстар
есебі-------------------------
Қорытынды---------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------ | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдебиеттер тізімі: |
Талмағанбетов Т.А. – Алматы: Дәуір, 1998,– 480 бет. Омаров А.Ш., Әлімбекова Б.А., Рабатов О.Ж., Байболтаева Н.Ә. 217 – 236 беттер қолданылды.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – Алматы : Қазақстан аудит орталығы, 2002, – 656 бет. 246 – 277 беттер қолданылды.
2001, – 330 бет. 108 – 129 беттер қолданылды.
4. Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату». Бухгалтер бюллетені – 2001 – № 46 – 9 -11 бетке дейін.
5. «Бухгалтерлік есеп туралы Заң» № 329-ІІ, 24.06.2002 жыл. 11.06.2004 жылы ҚР Президентінің .№ 562- ІІ Жарлығымен «Бухгалтерлік
есеп туралы Заңына» енгізілді.
6. Хегай И.В. «Күмәнді борыш бойынша резерв есебі». Бухгалтер бюллетені – 1998 – № 41 – 10 -12 бетке дейін.
7. «Вексель операцияларының бухгалтерлік есебі». Бухгалтер бюллетені – 2001 – №22 мамыр – 3 -7 бетке дейін.
8. Назаров В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов: Учебник / Под ред. Н.К. Мамырова – Изд. 2-е, перераб. и доп. - Алматы: Экономика, 2004. – 308 с. 83-91 стр.
9. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет и финансовый анализ для менеджеров: Учеб.пособие – М.: Дело 2003. – 304 с.
10. Нидлз Б. и др. Принципы бухгалтерского учета / Б. Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэлл: пер. С англ. / Под ред. Я.В.Соколова, - 2-е изд., стереотип. - М.: Финансы и статистика, 2002 – 496 с. 137-156 стр.
11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Изд. 3-е, доп. И перераб. – Алматы: Центразит. – Казахстан, 2002, 277-305 стр. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сипаттамасы: |
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы « дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік. Мен өзімнің
курстық жұмысымда осы «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі». «Күмәнді дебиторлық берешектер». «Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі». «Басқадай дебиторлық берешек». «Алдағы кезең шығындары». «Берілген аванстар». Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.
1.Дебиторлық берешектер
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер -Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі. Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар: - ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем; - тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер; - вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер; - негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер; - ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі; - басқадай дебиторлық берешектер. Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер (дебиторлық берешектер) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық берешек» дегеніміз, бұл – иелік ету хұқығын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік. Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін ұйымның күмәнді берешектерінің сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірбиеде баға жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады. Кейбір
жағдайларда сапасының Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық берешектер есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады: нөмірі 7 – Журнал-ордер – «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың берешегі» деп аталатын шотының кредиті бойынша; нөмірі 8 – Журнал-ордер – «Алынуға тиісті қосылған құн салығы», «Есептелінген пайыздар», «Басқадай дебиторлық берешектер» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша; нөмірі 9 – Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша: нөмірі 10 – Журнал-ордер – «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдғы кезең шығындары» шоттарының несие бойынша; нөмірі 11 – Журнал-ордер – «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің берешегі» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі» шотының кредиті бойынша жүргізіледі. Стып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық берешектердің есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық берешектер шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық берешегі есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғаны деп танылады. Дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады: «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі». «Күмәнді дебиторлық берешектер». «Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі». «Басқадай дебиторлық берешек». «Алдағы кезең шығындары». «Берілген аванстар». Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық берешек болып табылады.
1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату
Дебиторлық берешекті беру-сату мәміле жасау кезінде тараптардың қарым-қатынасы туындайтын міндеттемелерді орындауға бағытталған. Қызмет көрсету, тауарлар сату кезінде тараптардың бірі – дер кезінде ақы төленеді деп ойлайды. Егер мәміле бойынша ақы алдын – ала төленген болса, одан әрі қиындық туындамайды. Егер сатып алушы көзделген мерзімде есеп айырыспай, соның себебінен сатушыда дебиторлық борыш сомасының туындауына әкеп соқтырса, қиындықтар туындайды. Одан кейін сатушының сатып алушыдан борышты акцептсіз өндіріп алуы мүмкін болмайды, өйткені өзара есеп айырысудың негізгі нысаны акцепттік тәртіппен, яғни сатып алушының келісімі бойынша көзделген. Дебиторлық берешектің ауқымына байланысты кәсіпорында айналымнан қаржыларды оқшауландыру, ақшалай қаражат айналымдылығы мерзімдерінің баяулауы және дебиторлық борышты қайтару мерзімінің ұзақтығы пайда болады. Тауар
запастарымен салыстырғанда дебиторлық
берешек – бұл ақшалай
Берешектің нақтылығын және дебитордың бар екендігін растау жөніндегі іс- қимылдың бірі есепті күнге салыстырып тексеру актісін жасау болып табылады, бірақ бұл әрекет ақшалай қаражатты қайтаруға кепіл бола алмайды. Міндеттемелерді орындамау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты «Векселдік айналым туралы» ҚР заңдарында міндеттемедегі талаптан қайту ретіндегі шарт нысаны – цессия көзделген. Анағұрлым кең тараған нысан факторингілік компанияның дебиторлық берешегін сату болып табылады. Факторингілік компания – бұл белгілі бір сыйақыға кәсіпорынның дебиторлық берешекті сатып алатын, содан кейін тікелей тауар (жұмыстар, қызметтер) сатып алушылардың борыштарды жинайтын қаржы компаниялары немесе банктер. Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдерді сызба түрінде беруге болады:
несие
шартын
төлем
жасайды алдын-ала
қолма қол ақша төлейді 1–сызба Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдердің сызбасы Яғни факторинг – бұл төлемнің көп бөлігін, берешектің толық өтелу кепілдігін дереу алу, шоттарды жүргізу жөніндегі шығындарды кеміту мақсатымен тауар сатушы тауар мәмілелері бойынша қысқа мерзімді талаптарды қайта табыстайтын қаржыландыру жүйесі. Әлбетте, өз қызметтеріне факторингілік компаниялар несие мен комиссия үшін проценттер өндіріп алады. Бұл орайда дебиторлық борыш кері талап қою құқығымен не кері талап қою құқығынсыз сатылуы мүмкін. Кері талап қою (регресс) – бұл мынадай жағдайда дебиторлық берешекті жинау жөнінде құқық беретін тұлғадан төлемдерді алуға арналған дебиторлық берешекті жинау жөніндегі құқық ауысатын тұлғаның құқығы (факторингілік компанияның құқығы):
Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату» Бухгалтер бюллетені – 2001 – №46 – 9 -11 бетке дейін. 9 – бет. Тұлғаларды
өзгерту үшін ҚР Азаматтық кодексінің
339-бабының міндеттемесінде Дебиторлық борышты кері талап қою құқығынсыз сатқан кезде сатып алушы ақшалай қаражатты жинау жөніндегі тәуекелді өз мойнына алады және қарыз бойынша кез-келген зиянды қабылдайды. Бұл жағдайда алуға шоттар беру – бұл нысаны бойынша да, мазмұны бойынша да дебиторлық берешекті түпкілікті сату. Дебиторлық берешекті үшінші тарапқа қолма-қол ақшаға айырбастау арқылы беру әдістері:
Дебиторлық берешекті үшінші тарапқа қолма-қол ақшаға айырбастау арқылы беру әдістері Кері
талап қою құқығымен ●
дебитор берешекті өтемеген ● тараптардың әрқайсысы осы операция кезінде операция жасалғаннан кейін өзі бақылайтын активтер мен міндеттемелерді мойындайды және немесе өтелмеген активтер мен міндеттемелерді бұдан әрі мойындамайды; Витулаева
Т. «Дебиторлық борышты беру- Бухгалтер бюллетені – 2001 – №46 – 9 -11 бетке дейін. 10 – бет. ● таза түсімдер айқындалады – бұл, пайда болған міндеттемелерді қоспағанда, сату нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттар немесе басқа активтер; ● нәтижесінде сатудан болған зиян анықталады. Сатушыда
дебиторлақ берешек сомасын ● ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі; ● меншік құқығын қорғау; ● несиеге қол жеткізе алмау; ● заңды несиелік шектеулер; ● қарызды қамсыздандыру. Сатып алушыда дебиторлық берешекті сатып алу болашақта аударылған қаржыларды, сондай-ақ сатып алған кездегі айырманы қайтарып алуға үміттеніп, ақшаның жылыстауын білдіреді. Бірақ сатып алу кезінде активтердің пайда болуына әкеп тіремейді және дебиторлық берешекті талап ету құқығын тану ақшалай қаражаттың нақты жылысу сомасымен жүргізіледі. 2. Дебиторлық берешектер 2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің есебі Кәсіпорындар
мен ұйымдардың «сатып 301 «Алынуға тиісті шоттар»; 302 «Алынған вексельдер»; 303 «Сатып
алушылар мен тапсырыс Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде берешектің сомасы жазылса, ал кредитінде берешектің азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық берешектер шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді. «Алынуға
тиісті шоттар» деп аталатын
шотта тиеліп жіберілген Кейбір
жағдайларда жабдықтаушы сатып
алушыға тиеліп жіберілген Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді. Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Жасалу
үлгісі және қолданылуы Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттеменің сомасы, төленілетін мерзімі мен жері, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек. Аудармалы вексель – (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналынады. Яғни оның жәй вексельден ерекшелігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады. Вексельдерді сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге бөлуге болады. Пайыздық вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі. Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады. Вексельдер
өздерінің түрлері бойынша Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде рәсімделеді. Қазыналық вексельдер мемлекет Шоттар
бойынша жасалатын есептің Кейінгі
кездері дебиторлық қарызды Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді. Ондай
қаржылық агент болып 302 «Алынған вексель» шотында жөнелтілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін алынған вексельдердің есебі жүргізіледі. Дебиторлық қарызды жабу ретінде вексель ұстаушының алған векселі бухгалтерлік есепте 302 шотында және 301 шоттың кредитінде көрсетіледі. 302 шотта пайыздық та, пайыздық емес те есептелінеді. Пайыздық вексель бойынша 302 шотында, 1 «Вексель
бойынша алынатын пайызы» деп
аталатын субшоты ашылуы Пайыздық емес
вексель (марапаттау сомасы 2 «Вексельдің алынған сомасынан марапаттау сомасы шегерілген (дисконт)». 3 «Вексель бойынша марапаттау сомасы (дисконт)». Алынған
вексель бойынша марапаттау Кесте 1 Алынған вексель бойынша марапаттау сомасы
303 «Басқа да» шоты бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісі мынадай дебиторлық қарыздарды есепке алуы мүмкін, атап айтқанда: цессионардың алған дебиторлық қарызы, цессионардың цедентке қарызының пайда болуы және т.б. 301-шоты бойынша талдау есебі сатып алушыларға берілген шот-фактуралардың әр қайсысы бойынша жүргізіледі. Оның аналитикалық есебі сатып алушалардың төлеу мерзімі өтпеген берешегімен және мерзімінде төленбеген берешегі жөнінде; 302-шоты бойынша, төлеу мерзімі өтпеген вексельдермен, банкілерде есепке алынған вексельдермен, ақша қаражаты мерзімінде түспеген вексельдермен қамтамасыз етілген берешек жөнінде деректер алуды қамтамасыз етуге тиіс; 303 –шоты әрбір дебитор немесе келісім-шарт бойынша, яғни есеп айырысуды жүзеге асыруына қарап жүргізіледі. 2.2. Күмәнді дебиторлық берешектер есебі Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірбиеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ берешекті талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Әрбір
кәсіпорын тек төлеуге Сатып
алушылардың келісімшартқа Радостовец Р.К., Радостовец В.В., Ғабдулин Т.Ғ., Шмидт О.И.Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – Алматы : Қазақстан аудит орталығы, 2002, – 656 бет. 253 – бет.
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді берешектерді тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Сонымен, 5-БЕС-ке сәйкес күмәнді берешек бойынша резервті құру тәртібі бұрынғы мәмілелерге байланысы болған кірістер мен шығындар жағдайларынан шығып бір жолғы болып танылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебіне резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасында дебиторлық берешекке түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық кодекстің бірінші бөліміндегі 178 бабына сәйкес берешектің өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 жыл болып белгіленеді. Үш жыл аралығында өтелмеген берешек күмәнді қарыздарғы жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес
талап ету мерзімі өтіп кеткен
дебиторлық борыштар «үмітсіз
қарыз» – деп танылады. Ал үмітсіз
қарыздар сомасы құрылған Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірбиеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады: – несиге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пейыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде); – дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста). Бұндағы
бірінші аталған әдістің Жоғарыда
аталған несиеге сатудан Негізінен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісі бойынша әрдайым дебиторлық қарыздардың таза өзіндік құнын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшелінеді. Ескеретін жағдай, несиеге сатылған тауарларға қолданылатын пайыз мөлшері әрдайым жаңартылып отыруы тиіс. Күмәнді
қарыздарды бағалау үшін қолданылатын
дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі
бойынша есептеу әдісі – негізгі дебиторлық берешекке жасалған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме; – алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме. 2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің есебі Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің қарыздарын есепке алу үшін Бас шоттар тізбегінде 32 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары» бөлімшесі қарастырылған. Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді: 321 «Еншілес серіктестіктердің қарыздары»; 322 «Тәуелді серіктестіктердің қарыздары»; 323 «Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғалардың қарыздары». Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Соңғы жылдары көптеген еншілес кәсіпорындар пайда болды. Кәсіпорындардың мұндай нысандарының пайда болуы Бас кәсіпорындарға капиталды өте икемді пайдалануға, шаруашылық есеп бастамаларын шалафабрикаттармен, жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз етуге, кәсіпорын ұжымдарын ауыл шаруашылық өнімдерімен және тағы басқа жабдықтауға мүмкіндік береді. «Шаруашылық серіетестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдына жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды. Еншілес
кәсіпорын бас кәсіпорынға 321,322 және
323 шоттарда еншілес, тәуелді Бұл шоттар-негізгі,
активті, күрделі; әрбір еншілес, тәуелді
және бірлесіп-бақыланатын Бас кәсіпорын еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздары көрсетілген 321-323 шоттарынан басқа 64, «Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздар» бөлімшесінің шоттарында да (641-643 шоттар) есеп айырысу жүргізетінін ескеру керек. 641-643 шоттарда еншілес (тәуелді) серіктестіктерден алынған шикізат, дайын өнім, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет бойынша есеп айырысу көрсетіледі. Бас және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің арасында жасалған 641-643 және 321-323 шоттары бойынша есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінің негізінде дебиторлық және кредиторлық қарыздар жабылуы мүмкін: - 641-643-шоттар дебеті; - 321-323-шоттар кредиті - өтелген дебиторлық қарыздар сомасына. Есеп айырысу шоттары (321-323 және 641-643) арқылы бас кәсіпорынның және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің есеп айырысуы жүргізіліп қана қоймайды сонымен қатар бір еншілес (тәуелді) серіктестіктің екінші бір серіктестікпен есеп айырысуы жүргізіледі. 2.4. Басқадай дебиторлық берешектердің есебі Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық берешектер төмендегідей шоттарда есептеледі: 331 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»; 332 «Есептелген пайыздар (проценттер)»; 333 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың берешегі»; 334 «Өзге де дебиторлық берешектер». Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі. 331 «Алынуға
тиісті қосылған құн салығы» шо Кәсіпорындар
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепте қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 331 «Орны толтырылуға тиісті қосылған күн салығы» шоты қолданылады. 331-шот
дебеті бойынша 671 «Жабдықтаушылармен
және мердігерлермен есеп 331 шоттың
дебеті бойынша есепке алынған
ҚҚС сомасы қоймаларға 332 «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз (процент) түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі құралды жалға алу және т.б.). Алынуға тиісті проценттік үстеме төлем 332 «Есептелінген проценттер» шотының дебеті және 724 «Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар» шотының кредитінде көрсетіледі. 333 «Жұмысшылар
мен басқа тұлғалардың Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс. Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілетін сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген). Аванс
есептерін бухгалтерия Есеп
беруге тиісті адамдар Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға беру үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады. Өкілділік шығыстарының есебі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметтерінің барысында өкілділік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма-қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы қызмет көрсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін, акционерлер жиналысына келген директорлар үшін және т.б. шаралар үшін алынуы мүмкін. Өкілділік шығыстарының сомасы, заңда бекітілген нормасымен сәйкес келуі тиіс: Кесте 2 Өкілдік шығыстарының сомасы
Ресми кездесу кезінде шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың қатысушылары көп болмауы керек, яғни келген делегацияның саны аудармашылармен қоса есептегенде 5 адам болса, онда қабылдаушы жақтың да адамдары 5-тен аспағаны жөн. Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі (есептеуі). 333 шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің (ақша, тауарлы-материалдық құндылықтары т.б.) орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады. Кінәлі тұлғадан өндіріп алуға жататын сомасына 333 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі, яғни кем шыққан ақшаның немесе мүліктің нақты құнына; ал нақты құнымен нарықтық бағасының айырмасына 333 дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі. Ал мүліктің нарықтық құнынан ұсталатын ҚҚС сомасына 333 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредиттеледі. Келтірілген материалдық зияндар еңбеккерлердің жалақысынан ұсталуы мүмкін, ол кезде 681 дебеттеледі де, 333 шоты кредиттеледі; ал егер де олар өз кінәсін мойындап, нақты қолма-қол ақшамен төлейтін болса, онда 451 Радостовец Р.К., Радостовец В.В., Ғабдулин Т.Ғ., Шмидт О.И.Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – Алматы : Қазақстан аудит орталығы, 2002, – 656 бет. 263 – бет. шоты дебеттеледі де, 333 шоты кредиттеледі. 334 Басқадай дебиторлық қарыздар. Бұл шотта жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады. Шағым-талап (претензия) бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп – кредитордың өзінің мүліктік құқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздарды өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын-ала
тікелей қарызданушыға шағым- Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе комплектісі (жиыны) түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым-талаптар бір айдың ішінде қойылады, ал басқа себептер бойынша туындаған шағым-талаптар екі айдың ішінде қойылады. Ішкі шаруашылық есеп айырысуларды есепке алу. Ішкі шаруашылық – бұл кәсіпорындардың өз филиалдарымен, өз өкілдіктерімен, бөлімдермен және басқа да ерекшеленген бөлімшелерімен және жеке (дербес емес) балансқа шығарылғандармен (күрделі құрылыс, қосалқы ауыл шаруашылығы, ағаш дайындау) есеп айырысу. Есепке алу тәжірибесінде кәсіпорындар мен жеке балансқа шығарылған бөлімшелерінің арасында болатын ішкі баланстық есептерін атайды. 334-шоты бойынша аналитикалық (талдамалық) және жинақтық (синтетикалық) есептерін ұйымдастырудың тәртібі 32 «Еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық қарыздары» бөлімшесінің шоттары бойынша жүреді. 2.5. Алдағы кезең шығындарының есебі Шаруашылық қызметінің барысында кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды, яғни пайда болады. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылған кезде; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындары жатады. «Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Келешек кезең шығындарын есепке алу 34 «Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оларға мына шоттар кіреді: 341 «Сақтандыру полисі»; 342 «Жалгерлік төлемдері»; 343 «Болашақ
кезеңнің есебіне жататын Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындардың аналитикалық (талдамалық) есебі шығынның әр тобы бойынша келешек кезең шығындарын есепке алу тізімдемесінде немесе тиісті машинограммада жүргізіледі. Тізімдемеге жазбалар отыз төртінші бөлімшенің шоттарының дебеті бойынша өңдеу кестелерінен «Еңбек ақыны бөлу», «Негізгі құралдардың амортизациясы», «Қосалқы өндіріс пен шаруашылықтардың қызметін бөлу», және басқа да бастапқы құжаттар бойынша жазылады.Нәтижесінде тізімдемеде немесе машинограммада 34-бөлімшенің шоттарының дебеті бойынша түрлі шоттардың кредитінен айналым жинақталады. 34 «Алдағы
уақыттың есебіне жататын 341 «Сақтандыру
полисі» шоты бойынша. Бұл Сақтандыру төлемінің сомасы сақтандыру полистерінде айқындалған айлық төлемнің көлемінде 811,821,938,948,126 және тағы басқа шоттардың дебетінде есептен шығарылады. 342 «Жал
төлемі» шоты бойынша. Жал Алдын ала төленген жалгерлік ақысының сомалары 687 «Басқа да кредиторлық қарыздар» шотының дебетіне және 441,431,432,451 шоттарының кредитіне жазылады. Алдын ала төленген жал ақысы сомасын бір мезгілде 342 шоттың дебетіне 687 шоттың кредитіне жатқызады. Жал төлемі төленген кезеңдеріне қарай теңдей бөліктермен ай сайын 126,811,821,937 шотарының дебетіне 342 «Жал төлемі» шотының кредитіне есептен шығарылады. 343 «Болашақ
кезеңнің есебіне жататын Кәсіпорын әрбір жыл үшін есептен шығаруға жататын өндіріс немесе айналым шығындарына есеп айырысу немесе алдағы кезең шығындары сомасына негіздеме жасайды. Болашақ кезеңнің есебіне жататын шығындар жыл сайын түгелденуі қажет. Бұл түгелдеу осы шоттың келесі жылға ауысатын қалдықтарының айқындылығын және олардың жыл ішіндегі өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына жататындығын қамтамасыз етеді. 2.6. Берілген аванстар есебі Берілген
аванс бойынша есеп айырысудың есебі
35 «Берілген аванстар» 351 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар»; 352 «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар»; 353 «Өзгн де берілген аванстар»; Ал «берілген аванстар» дегеніміз – ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандайда бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады. 35 «Берілген
аванстар» бөлімшесінің Аванс
берілген жағдайда 35 бөлімшенің шоттары
дебеттеледі және 441 «Есеп айырысу
шотындағы нақты ақша», 431 «Ел
ішіндегі валюталық шоттағы нақты
ақша», және т.б. шоттары кредиттеледі.
Босатылған тауарлы-материалдық құндылықта Алынған
тауарлы-материалдық Жабдықтаушылар
мен мердігерлерге тиесілі Жабдықтаушының сатып алушыға тұтастай немесе жартылай пайдаланылмаған аванстар сомасын кері қайтаруы 431, 441 немесе 451 шоттардың дебеті және 351 немесе 352 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі. Талап ету мерзімі (3 жыл) өткеннен кейін алынбаған аванстарды есептен шығару 351 және 352 шоттардың кредиті бойынша және келесі шоттардың дебеті бойынша есептен шығарылады: 845 «Басқа да қосалқы қызмет бойынша шығындар» - алынбаған қарыздар есеп беру жылының табысының есебінен есептен шығарылған жағдайда; - қарыздарды
бұрын жасалған қорлардың Берілген аванстардың талдамалық есебі түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудың талдамалық есебі тізімдемесінде әр дебитор бойынша 351 және 352 шоттардың жекелеген түрінде немесе бухгалтерлік есеп компьютерленген жағдайда машинограммада жүргізіледі. Жалпылама аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлық-материалдық қорларды жеткізгені үшін алдын ала берілген аванстар сомасын сипаттайды. Осылайша аталып өткен шоттар мен олардың сипаттамасы, дебиторлық борыштар мен үшінші бөлімдегі басқадай активтер жайлы түсініктеме алуға мүмкіндік береді. Қорытынды Қорыта келгенде дебиторлық берешек тақырыбы мен үшін өте қызықты. Бұл тақырып қазіргі нарықтық экономика кезінде өте керекті болып табылады. Қарыз алушы кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді тікелей қолма-қол ақшаға емес, қарызға алады. Сондай кезде әрбір кәсіпорын мен ұйым дебиторлың берешек шотын ашады. Ондағы бөлімдерді аша алмауы мүмкін. Бірақ та кішігірім кәсіпорындар осы бөлімдегі күдікті қарыздар бойынша резервтер, еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы шоттарын ашпайды. Себебі қор құру үшін кәсіпорында қор құруға пайдадан ақша бөліну керек. Егер кәсіпорынның пайдасы өте үлкен болмаса, онда ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көп есептер болмайды. Және де үлкен кәсіпорындар мен ұйымдардың ғана серіктестіктері болады. Ал егер серіктестіктері болса онда ол міндетті түрде осы бөлімшені ашады. Жалпы бұл тақырыпты үлкен дамыған фирма немесе кәсіпорынның нысанында ғана қарастыруға болады. Біздің елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерінің мойнына үлкен жауапкершілік ілінеді. Жалпы бухгалтер, бухгалтерлік еаептің теориясын және практикасын үйлестіріп тиянақты жұмыс істеуі керек. Бухгалтерлік есептің барлық қағидаларын естен шығармағаны жөн. Сондықтан да кез келген елдің бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау, сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан толық дамуына кепілдік береді. Жалпы бухгалтерлік есеп өте қызықты да, өте қиын пән. Мұнда кішкентай қателіктің өзі артынан үлкен қайшылықтарға апарып соғады. Бухгалтер кәсіпорынның пайдасын, шығынын қарастырып, бағалап, талдай отыра кәсіпорын немесе фирманың болашағына болжамдар жасап, соларды бастықпен және де басқа жұмыскерлермен келісе отырып іске асырады. Бұл өте жауапты іс, себебі егер бухгалтер дұрыс болжамдар жасамаса ол кәсіпорынға үлкен жағымсыз жағдайлар туғызып, тіпті кейде кәсіпорынның банкротқа ұшырап жабылуына апарады. Мен, курстық жұмысымда осы бухгалтерлік есептің бір бөлімі дебиторлық борыш тақырыбын қарастырдым. Бұл өте қызықты тақырып, бұл тақырыпты толығымен талдап қарастыру үшін үлкен кәсіпорынды алу керек. Осы кәсіпорында бөлімнің барлық шоттары болса тіпті толық талдауға мүмкіндік болар еді. Мен өзімнің болашақ диссертациялық жұмысымды осы тақырыпта жазып, толық ашып қарастырғым келеді. Сонда толық қарастырып жазамын. |