Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіреді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
КІРІСПЕ
1 ЕҢБЕКАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Еңбекақы, оның түрлері, нысандары және жүйелері.........................................5
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Есеп саясаты......................10
1.3 Еңбек есебі және нормативтік реттеу................................................................13
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нің экономикалық сипаттамасы...............................16
2.2 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде еңбекақы есебінің ерекшеліктері және жұмыс уақытын пайдалану есебі..........................................................................................21
2.3 Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі..............................................................22
2.4 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар............................................................30
2.5 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.............................................................................................................................37
2.6 «Адитекс ЛТД» ЖШС – ндегі еңбекақы төлеу қорын талдау.......................43
3 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуда аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары.............................................................................................47
3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру.....................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................59
ҚОСЫМША. «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің бухгалтерлік балансы....................61
«Адитекс ЛТД» ЖШС –нің баланс валютасының динамикасының талдап, 2009 жылдың көрсеткіштерін 2008 жылдың көрсеткіштерімен салыстыру (Қосымша А).
Жарғылық қор кәсіпорынның жарғысында қарастырылады, яғни «Адитекс ЛТД» ЖШС-гінің жарғылық капиталының мөлшері 103 000,00 (жүз үш мың ) теңгені құрайды.
Баланс валютасы 236793 мың. теңгеден (2009ж.) 107857 мың. теңгені (2008ж.) алғанда 128936 мың. теңгеге ұлғайған. Баланс валютасының өзгеруіне қысқа мерзімді активтердің кемуі мен қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің өсуі әсер етті.
Баланс активінің құрылымында кәсіпорынның есепшотындағы ақша қаражаттардың және ТМҚ-дың ұлғаюына байланысты ағымдағы активтер 99,73 %, ал ұзақ мерзімді активтер 0,27 % құрады.
Ал қысқа мерзімді активтердің бөлімінде көп үлесін ақша қаражаттар 49,29 % , және дебиторлық берешек 26,05% үлесін құрайды.
Ұзақ мерзімді активтер бөлімінің 100% үлесін негізгі құралдар құрайды. Негізгі құралдар сомасының азаюы, олардың тозуымен түсіндіріледі.
Пассив бөлімінің құрылымында қысқа мерзімді міндеттемелер 79,85 %, ал меншікті капитал 20,09% құрайды.
Тартылған қаражаттарды талдау.
Кәсіпорынның қысқа
мерзімді міндеттемелері негізінен 92,55
% үлесін несиелік берешек құрайды,
оның банктен алған несие үлесі
0,80 %, қалғаны кәсіпорын директорының
қаржылық көмегі 0,20%.
Кәсіпорынның капиталының талда
«Адитекс ЛТД» ЖШС-нің капиталы негізінен таратылмаған пайдасынан құралады. Есепті кезеңнің соңына таратылмаған пайда сомасының ұлғаюы кәсіпорынның іскерлік белсенділігінң өсуін көрсетеді.
Бухгалтерлік баланстың дебиторлық және кредиторлық берешектерін сомаларын ашып қарасақ (кесте 4,5,6).
Кесте 4 – Дебиторлық борыштың құрамы
Дебиторлық берешек атауы |
01.01.09 ж. |
31.12.09 ж. | |||||
Сома, мың. теңге |
Құрал ған күні |
Не үшін |
Сома, мың. теңге |
Құрал ған күні |
Не үшін | ||
«Логистикс-ойл» |
104 993 |
03.10.08 |
Тауар |
28 773 |
04.08.09 |
Тауар | |
АҚ «ТНК Казхром» |
1 043 |
24.12.08 |
Тауар |
||||
АШ Абилов |
148 |
21.08.09 |
Тауар | ||||
АШ «Азамат-4» |
953 |
23.09.09 |
Тауар | ||||
«Арна» ЖШС |
31 630 |
30.09.09 |
Тауар | ||||
Барлығы |
106 036 |
61 504 |
|||||
01.01.09 ж. |
31.12.09 ж. | ||||||
Басқа да дебиторлық берешек |
Сома, мың. теңге |
Құрал ған күні |
Не үшін |
Сома, мың. теңге |
Құрал ған күні |
Не үшін | |
Банкнотная фабрика |
13 |
23.04.08 |
Тауар |
5 |
21.09.09 |
бланк | |
Міндетті сақтандыру |
5 |
04.07.08 |
11 |
07.08.09 |
|||
«Гелиос» ЖШС |
1 710 |
29.09.09 |
Тауар | ||||
АҚ ТҮ «ҚазМұнайГаз» |
7 093 |
30.09.09 |
Тауар | ||||
АҚ «ТургайПетролеум» |
725 |
14.09.09 |
Тауар | ||||
Жиын |
18 |
9 544 |
|||||
Барлығы |
106054 |
71048 |
Тауар үшін төлем максималды 30-60 күн аралығы, дебиторлық берешектің көп үлесі – жіберілген тауар. «Адитекс ЛТД» ЖШС-гі жоғарыдағы көрсетілген кәсіпорындармен ұзақ мерзімде жұмыс істейді, сондықтан да күмәнсіз қарым-қатынастарда қызмет етеді.
Кесте 5 – Қысқа мерзімді қаржылық берешектің құрамы
Қарыз берушінің атауы |
Пайда болу мерзімі |
Өтеу мерзімі |
Сома, мың. теңге |
АҚ «БТА Банк», Астана қ. (қарыз) |
Шілде 2009 |
Қараша 2009 |
140 000 |
Молдабаев А.А. |
Тамыз 2009 |
Желтоқсан 2009 |
35 000* |
Барлығы |
175 000 |
* қатысушының қаржылық көмегі.
«Адитекс ЛТД» ЖШС-гі өзінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Кесте 6 – Кредиторлық берешектің құрамы
мың.теңге
Кредиторлық берешек атауы |
01.01.09 ж. |
31.12.09ж. | ||||
Сома, мың. теңге |
Құрал Ған күні |
Не үшін |
Сома, мың. теңге |
Құрал ған күні |
Не үшін | |
«ТехноПолюс ПВ» ЖШС |
1 032 |
24.12.08 |
Тауар |
|||
АҚ «Астанателеком» |
2 |
31.12.08 |
Байл. қызмет |
7 |
30.09.09 |
Байл. қызмет |
АҚ «БТА Банк» |
7 |
31.12.08 |
Несие. сыйақы |
805 |
30.09.09 |
Несие. сыйақы |
ЖК Мусабаева |
889 |
30.09.09 |
Жалға алу | |||
«Агротехника-2030» ЖШС |
33 |
29.09.09 |
Тауар | |||
Барлығы |
1 041 |
1 734 |
Салыстыра келе 2008 жылға қарағанда 2009 жылы көрсетілген қызметтер сомасы өсті және кредиторлық берешектің басым үлесін алады.
Баланстың деректеріне сүйенсек, өткен жылғы таратылмаған пайда көлемі 14 879 мың. теңгені, ал биылғы жылдың пайдасы 32 584 мың. теңге, демек 17705 мың. теңгеге артып, жалпы сомасы 47 463 мың. теңгені құрады.
Кесте 7 – «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің қаржылық есебі
Көрсеткіштер атауы |
01.01.08 |
01.01.09 |
Орташа айлық көрсеткіш |
31.12.09 |
Орташа айлық көрсеткіш | |
Тауарды сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс |
1686793 |
2568385 |
214032 |
958275 |
79856 | |
Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны |
1601350 |
2375894 |
197991 |
870486 |
72540 | |
Жиынтық табыс |
85443 |
192491 |
16041 |
87789 |
7316 | |
Қаржыландырудан түскен табыс |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 | |
Өзге табыстар |
388 |
13028 |
1086 |
421 |
35 | |
7 кестенің жалғасы | ||||||
Өнімді өткізу мен қызмет көрсетудегі шығындар |
49160 |
125735 |
10478 |
39104 |
3259 | |
Әкімшілік шығындар |
23834 |
33855 |
2821 |
8317 |
693 | |
Қаржыландыруға кеткен шығын |
10109 |
24790 |
2066 |
8205 |
684 | |
Өзге шығындар |
2212 |
184 |
0 |
0 | ||
Ағымдағы қызметтің пайдасы (зияны) |
2728 |
18927 |
1577 |
32584 |
2715 | |
Тоқтатылған қызметтің пайдасы (зияны) |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 | |
Салық салуға дейінгі пайда (зиян) |
2728 |
18927 |
1577 |
32584 |
2715 | |
Корпоративтік табыс салығының шығындары |
939 |
5836 |
486 |
0 |
0 | |
Кезеңнің қорытынды пайдасы (зияны) |
1789 |
13091 |
1091 |
32584 |
2715 |
Кәсіпорынның табыстар құрылымында пайданың басты үлесі негізгі қызметтен алынған табыстан құралады, бұл кәсіпорынның қалыпты коммерциялық қызметін айқындайды (кесте 7). Ал кәсіпорынның өзге табыстары бұл – тауардың келіп түскен кездегі артықшылықтарын сатудан түскен табыс сомасы.
Түскен табыстың орташа айлық көрсеткіші 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 134176 мың. теңгеге азайды. 2009 жылда бұндай өзгеріс тауар сататын көптеген кәсіпорындарда байқалады. Тауарды сатуға кеткен және әкімшілік шығындардың орташа айлық көрсеткішінің төмендеуі шығындардың азаюына байланысты.
2.2 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде еңбекақы есебінің ерекшеліктері және жұмыс уақытын пайдалану есебі
«ҚР Еңбек туралы» Заңына сәйкес қызметкер жеке еңбек келісімшартындағы еңбек міндеттерін орындайтын уақыт жұмыс уақыты деп саналады. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек келісімшартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығын кеміту қарастырылуы мүмкін.
Жеке категориядағы қызметкерлер үшін заңда жұмыс уақытының ұзақтығын кеміту қарастырылған.
Барлық категориядағы
жұмыс істеушілердің жұмыс
Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі қолданылады. Бұл табельдің бланкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемелер арқылы жасалуы мүмкін. Мұндай деректемелерге мыналар жатады: кәсіпорын, қызметкердің аты-жөні, әкесінің аты, кәсібі, табель нөмірі және т.б. Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялық өңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.
Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уәкілетті тұлғаға бір данадан беріледі.
Табельді тиісінше ресімдегеннен кейін оны кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады.
Табельдік нөмір кәсіпорында тәртіпке келтірген сериялық жүйе бойынша тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі өздерінің нөмірлер сериясы таратылады. Табельде еңбекақыны төлеу формасына қарамастан барлық қызметкерлердің аты-жөні енгізіледі.
Табельде жұмыс уақытын пайдалану есебі қызметкердің жұмысқа келгенін, келмегенін тіркеп отыруы арқылы тіркеу әдісімен, не қызметкердің жұмыс уақытында жұмысқа келмегенін тіркеу жолымен жүргізіледі. Табельдік есепті жүргізу әдісі кәсіпорынынң ыңғайына қарай іріктеледі.
Табельге қызметкердің
жұмысқа келмеу себебін немесе жұмыс
уақытын толық істемеу себебін,
мезгілден тыс жұмыс істеу
туралы және қалыпты жұмыс уақытында жұмыст
Мезгілден тыс жұмысқа
кеткен уақыт есебі бұл жұмысты
орындаған тұдға тізімінде
Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге жазылады.
Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебінен бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжат негізінде енгізіледі.
Қызметкердің жұмысқа келмей қалуын және кешігуін табельде сотқа, әскери комиссариатқа шақырылғаны туралы анықтама, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы және басқа да бухгалтерияға тапсыратын құжаттар негізінде белгілейді.
2.3 Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі
Еңбекақы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.
Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде келесідей ұйымдастырылған.
Жалпы еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі деп бұл қызметкерге белгіленген еңбекақы бойынша жұмыс істелген уақыт үшін есептеледі. Ал қосымша, еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т.б. Еңбекақы құрамына жұмысшыларға дивидент жэне пайыз түрінде төленетін төлемдер кірмейді.
Негізгі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісімшартында белгіленген көлемінде еңбек уақытын есептеу тізімінің негізінде есептеледі.
«Адитекс ЛТД» ЖШС-нде қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы жай мерзімді және мерзімді сыйлықты екі түрі белгіленген, яғни қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына байланысты төленеді және штатта көрсетілген еңбекақысына қосымша істеген жұмыстың көлеміне, сапасына, тағы басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беріледі.
Қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжат есеп айырысу тізімдемесі қолданылады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу тізімдемесі әрбір қызметкер бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын жене одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдемеде қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмірі, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның қызметкерлерге немесе қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары керсетіледі. Қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды.