Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұмыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................4
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер...................................................... 6

2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі.............................10
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі........................................................................................................................ 13
2.3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен
аударымдар.............................................................................................................15
3) Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті..............................................18
3.2 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау......................................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................28
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Қызметкерлер-мен-еңбек-ақы-бойынша-есеп-айырысудың-есебі-мен-аудиті2008.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Кесімді еңбек  бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген еңбек ақы  мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.

*Еңбекақы әдетте, уақыт бірлігі үшін ақшалай  бірлікте көрсетіледі (көбінесе, күн, апта немесе ай).

Бір жағынан, еңбекақы нарықтағы сұраныстың және ұсыныстың  қатынасы арқылы анықталады. Екінші жағынан, қызметкерлердің еңбекақысы еңбекті  жүзеге асыруға қатысты қызметкердің шығындарын көрсетуі керек.

Еңбекақы екіге бөлініп төленуі мүмкін: аванс және еңбекақының қалдығы.

Еңбекақыны  белгілеу кезінде келесі көрсеткіштерді есепке алу керек: АЕК - айлық есептік  көрсеткіш және ЕТЕ - ең төменгі еңбекақы.

2014 жылдың қаңтарынан бастап  АЕК – 1852 теңгені, ал ЕТЕ – 19966 теңгені құрайды.

*ДАМУ кітабы 131-132 бет

2. Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп

айырысудың    есебі.                                                                                                     2.1  Жұмыскерлердің       құрамы   мен   жұмыс            уақытының    eceбi.

Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің  өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын  арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. Кәсіпорындарда қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрылымдық  бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.

Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына  қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша  және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей  қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмысы жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.

Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорындағы  қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.

Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді  тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты маусымдық және уақытша қызметкерлерде енгізеді. Қызметкерлер тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.

Қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі жалақысы, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.

Есеп беретін кәсіпорынның жұмысшы  қызметкерлерін орташа саны сол алдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-31 күн аралығындағы)  мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды календерлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күннің мәліметіне сәйкес алынады.

Қызметкерлер мен жұмысшыларына  еңбек ақы әркімнің білім немесе мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар. Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.

Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін  еңбек ақыны 03 үлгідегі «Жұмыс уақытын  есептеу» табелі негізінде есептейді.  Қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері, санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу  бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі. Бұл табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табедьде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты белгіленеді.

Жалпы табельді кәсіпорында еңбек  өнімділігін анықтап жұмыс уақытын  пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында  кеңінен қолданылады. қызметкерлеріне істеген уақытына тұрақты жалақы төленеді. Мұндай жағдайда әр айдағы жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс күндері толық есептелінсе белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді. Егер жұмыс күндері толық есептелінбесе, белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол айдағы жұмыс күндерінің жалпы санына бөліп күндік орта табысы анықталады да оны сол айдағы істеген жұмыс күндеріне көбейту арқылы есептейді. Істеген уақытша мерзімі бойынша төленетін жағдайда әр қызметкердің істеген жұмыс күннің (жұмыс сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық тарифтік төлеу бағасына көбейту арқылы еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы төлеуді есептеуде бекітілген тарифтік ставкаларда  (жалақыны) өндіру нормаларын жұмыскерді әртүрлі категорияларына еңбек ақы төлеудің ережелерін басқа да басшылыққа немесе нұсқау материалдарды басшылыққа алу қажет.

Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес төленетін сый ақы немесе табыс.

Орташа жалақы дегеніміз  – қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-дағы еңбек туралы заңда орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін, пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегенннен кейін демалыс алуға құқылы демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялар бойынша ұжымдық шартқа және ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлік ескере отырып төленеді.

Демалыс уақыты дегеніміз- қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі. Қызметкерлердің уақытша жатамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақылары төленеді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 /2 2003 жылдың 23/2 2004 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу керек. 

12 айдың еңбек ақының  жиыны 519058 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың жиыны 1664 сағат

Орташа еңбек ақысы= 519058/1664 = 311,93 тг

Ол қызметкер  бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 311,93 = 2495

Орташа еңбек ақы – 2495

2495*3 күн = 7485тг

Қызметкердің уақытша жұмысқа  жарамсыздығына төленетін төлем (7485 теңге) «Республикалық бюджет» туралы белгіленген заңға сәйкес айлық  есептік көрсеткіштің 10 еселенген  мөлшерінен аспауы қажет 7485*10 = 74850 теңге.

Басшы қызметкерлерге мамандарға және басқа қызметкерлерге сыйлық бергенде, яғни бұл категорияларға сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Сыйлықтарды жазу үшін – басқару  аппаратының басшы қызметкерлеріне  бухгалтерлік және статистикалық есеп деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметекерлеріне бухгалтерлік есептердің жедел есептің және лабораториялық  бақылаудың деректер негіз болып табылады.

Қызметкердің  негізгі құқықтары мен міндеттеріне жұмыс беруші мен «Еңбек туралы» заңда белгіленген тәртіппен және жеке еңбек шартын жасауға, өзгертуге, тек еңбегі үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы алуға, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немес мүлкіне келтірілген зиянды кепілдіктер мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын талаптардың келісуімен немесе сол тәртібімен шешуге, жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамдардың өкілеттілігін растауды талап етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.

2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.

Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).

Жеке еңбек шарты – қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір мамандық біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді. Ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісіміне көзделген өзге де ақшалай төлемдері уақытында және толық көлемінде төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жеке еңбек шарты   жазбаша  нысанда жасалады. Кемінде екі  дана етіп жасалады және оған екі жақтың тараптары қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды жеке басының куәлігін (төл құжатын) әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті, зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігін білім немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Жұмысқа жаңадан қабылдандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ е-1 үлгі) құжаттайды. Кадрлар бөлімінің қызметкері мұны барлық қызметкерлерге толтыртады. Кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған  бұйрықтың жобасын қажетті жағдайларда, келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды, бұйрық жобасының сыртқы жағында жолданушы қандай разряд бойынша немесе қандай айлық жалақымен қандай жұмысқа қабылдануына болатындығы көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп бос тұрған қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақыны растау үшін кәсіпорынның тиісті қызметкері бұрыштама қояды. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгілейді, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.

Еңбек төлемі бойынша  есеп айырысуды әртүрлі кәсіпорындарда мынадай құжаттар жүргізеді. Есеп айырысу  төлеу тізімдемесінде оны саны мен  қатар жалақы беру үшін де пайдаланады: есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлеу тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларына (бөлек парақтарда) жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімдемелерінде.

Есеп айырысу төлеу тізімдемесі – жиынтық құжат онда есептеген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілген басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Онда еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасалады. Тізімдемеде қызметкерлердің тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номері мен қызмет органдары, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне құжаттардан кесімді мерзімнен тыс және т.б. төлемдер бойынша есептелген сомалар енгізіледі. «Ұсталынады және есепке алынады»  деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалар; кескеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар еңбек төлемінің есебіне кіретін аванстар және басқа да ұсталымдар есепке алынғандар мен берілімдер жазылады. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеде әрбір жұмысшыға берілуге тиісті соманы есептеп тізімдемені баланстайды.

Информация о работе Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті