Еңбек және еңбек ақы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:17, курсовая работа

Краткое описание

Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын.Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында еңбек және еңбек ақы есебін ұйымдастырудың ролі мен мәнін арттыру.
Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға , сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Енбек және еңбек ақы есебі................................................................3
1. Еңбекақы есебі және міндеттері.....................................................5
1.1Еңбекақының түрлері мен нысандары.............................................................5
1.2Еңбек пен еңбекақы есебінің міндеттері........................................................20
2.Еңбекақы есептеу.............................................................................23
2.1 Еңбекақы есептеу тәртібі................................................................................23
2.2 Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі.........................................................29
3 Еңбекақы жинағы............................................................................34
3.1Еңбекақы жинағы және оларды тарату..........................................................34
3.2 Қазақстандағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.....................36
Қорытынды..........................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................41

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_2074.doc

— 197.50 Кб (Скачать файл)

      Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына  және сырқаттанған жанұя  мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытша жәрдемақы төлеу.

      Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-қызметкерлерді  жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. «Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы» туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат  баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны  күтімге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10 (он) күнтізбелік (календарлық) күннен аспауы қажет. Егер  бала 10 күн аралығында сырқатынан айықпаса және  әрі қарай күтімді қажет  ететін болса, онда ата-анасының  біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. Баланы ауруханада емдеген уақытта  дәрігердің қорытындысы бойынша  күтім қажет деп есептеген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық  парақшасы ата-анасының  біреуіне немесе оны күтетін адамға беріледі. 3 (үш) жасқа толмаған ауырған баланың ата-анасының  біреуіне немесе  күтетін  адамға  еңбекке   уақытша жарамсыздық  парақшасы бойынша  баланың ауырған күндерінің бәріне  жәрдемақы тағайындалады. Сондай-ақ  жұмысшылар мен қызметкерлерге  ауырған жанұя мүшесін күтімге алған уақытына да дәрігердің  еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша заңда қаралған  мөлшерде жәрдемақы төленеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық  есепті көрсеткіштің он еселенген  мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс істейтін Ұлы отан соғысының  ардагерлеріне  және оларға теңестірілген жеке тұлғаларға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы бойынша жәрдемақы олардың айлық орташа еңбекақысының 100 пайызы мөлшерінде төленеді.

      Кезекті  демалыста немесе қосымша демалыста  болған уақытында  жұмысшылар  мен қызметкерлер ауырып қалса,  олардың ауырып қалған уақытына  жәрдемақы  төленбейді. Егер еңбекке   уақытша жарамсыздығы  еңбек демалысы күні  аяқталғаннан кейін де жалғасқан болса ол үшін берілетін жәрдемақы дәрігердің парақшасы бойынша жұмысшы немесе  қызметкердің жұмысқа қосылатын күнінен бастап онда көрсетілген мерзімге төленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің  он еселігі шамасынан аспауы қажет.

      Жұмыс  істейтін әйелдерге  жүктілігіне  және балалы болуына байланысты  еңбекке жарамсыздық парақшасы  (куәлігі( бойынша төленетін төлем  126 күнтізбелік (календарлық) күнге,  ал ядролық қарудың салдарынан  апат аймақ  болып есептелетін елді  мекендерде тұратын әйелдерге  170 (184 егер қандай да бір қиыншылық, ауыр хал болған жағдайда) күнтізбелік (календарлық) күнге бөлінеді. Бұл жағдайда берілетін жәрдемақы  ай сайын айлық есептік  көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен артық болмауы тиіс.

      Жұмысшылар  мен қызметкерлердің кәсіпорында  жұмыс істеу  немесе қызмет  атқару  барысында мертігуі, сондай-ақ  кәсіптік сырқат алуына байланысты  еңбекке уақытша жарамсыздығы  басталған күннен жұмысқа қайта  оралған, яғни сауыққан уақытына дейін төлейді немесе ондай жұмысшылар мен қызметкерлерге мүгедектік тобы белгіленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінен артық болмауы тиіс.

      Жалпы  ұйымдарда әлеуметтік қамсыздандыру   бойынша жұмыста мертіккен (жарақат алған)  жұмысшылар мен қызметкерлерге, жүкті немесе балалы болған әйелдерге  тағы да басқа заңда қаралған жағдайында жәрдемақы мөлшері үздіксіз еңбек стажының ұзақтығына қарамастан есептелп төленеді. Ал басқа жағдайларда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздыққа  жәрдемақы төлеу олардың  үздіксіз еңбек стажына сәйкес мынадай ереже бойынша есептеледі:

- үздіксіз еңбек стажы  5 жылға жетпейтін жұмысшы-қызметкерлерге: орташа еңбекақысының 60 пайызы  мөлшерінде;

- үздіксіз еңбек стажы  5 жылдан артық, ал бірақ 8 жылдан кем жұмысшы-қызметкерлерге: орташа еңбекақысының 80 пайызы мөлшерінде;

- үздіксіз еңбек стажы  8 жылдан артық жұмысшы-қызметкерлерге: орташа еңбек ақысының 100 пайызы  мөлшерінде.

      Барлық  кәсіпорындарда еңбекке уақытша  жарамсыздығы бойынша  жұмысқа келмеген жұмысшылар  мен қызметкерлер бұл белгіленген уақыт  аяқталғаннан кейін жұмысқы шыққан күні еңбекке  уақытша жарамсыздығы туралы дәрігерлік парақшасын ұйымның  тиісті бөліміне (әдетте бухгалтерияға) тапсыруы тиіс. Осыдан кейін бұл парақшаның тиісті жерлері толтырылып, ол жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы есептеледі.

      Кәсіпорында  еңбекке уақытша жарамсыздыққа  жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді:

- өзіне берілген және  басқа да міндетті атқарудан  бас тартып өз денсаулығына зиян келтірген, сондай-ақ өтірік ауырған жұмысшылар мен қызметкерлерге. Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленіп қойған болса онда сот шешімімен жәрдемақы қайтарылуы тиіс;

- еңбекке уақытша жарамсыздығы  жұмысшылар мен қызметкерлердің ішімдік ішіп мас болуы салдарынан болса;

- еңбекке  уақытша  жарамсыздығы қылмыс салдарынан  болған жағдайдағы  зақымданудан  болса;

- өз бетінше емделген  жұмысшы қызметкерлерге.

      Бұл  жоғарыда айтылған жәрдемақылардың  барлығы да жұмысшылар мен  қызметкерлердің еңбекақы қорының құрамына кіргізілмейді.

2.1Еңбекақы есептеу тәртібі.     

      Жұмысшылар  мен қызметкерлердің өндірген  өнімдері мен істеген жұмыстарына   толтырылған алғашқы құжаттар  мен жұмыс уақытының  табельдері  оларға  еңбекақы есептеу  және  оны төлеу үшін  ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген  мерзімде  бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы  есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен  табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың  қолдарынын қойылуы  мұқият тексеріледі.  Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының  дұрыс қойылуы олардың  жұмысшылар мен қызметкерлерге  еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу  қағидаларына сәйкес келуі  және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептелінеді.

Еңбекақыны  кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар  деп екі топқа бөледі.

Ал өнеркәсіп орындарында  қызмет істеушілер мынадай екі топқа  бөлінеді:

1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен кызметкерлері.

2. Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске  жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.

Атқаратын қызметіне  қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары  мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

Қызметкерлер тобы  басшылар, мамандар және тағы басқа да  топтарға бөлінеді.

Басшылар  қатарына – президент, ректор, директор, меңгеруші, тағы басқалар жатады.

Мамандар қатарына  - инженерлер, техникалық  қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.

Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер, тағы басқалары жатады.

Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің  саны мен олардың жұмыс істеген  уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын  адамдардың жалпы саны  олардың «тізімдегі саны» деп аталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  тізімдегі саны – кәсіпорындар мен  ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға  немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  құрамының есебі – кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттарды пайдаланады:

  • жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;
  • басқа  жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;
  • демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі Т-6;
  • жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-8

Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар  бөлімі еңбек кітапшасын  толтырады.

Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет  орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.

Жұмысқа алу жайлы  хат негізінде жұмысшылар мен  қызметкерлердің еңбек кітапшасына  төл құжатындағы тиісті жазулар  жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекен-жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.

Кәсіпорындардағы әрбір  қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік нөмір  беріледі. Бұл нөмір – еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі орташа сенын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сены қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің  (календардың) әрбір күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на дейін)  мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды сандық күнтізбенің (календарьлық) күніне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай-ақ басқа да жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің, әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі санына теңеліп алынады.

Толық ай жұмыс істемеген  ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің  ай бойы орташа  саны есеп беретін  айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік (календарьлық) күн санына бөлу арқылы алынады.

Мысалы: кәсірорын пайдалануға  беріліп 2002 жылы 23 қаңтардан бастап жұмыс істейтін болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны бұл ұйымда мына төмендегідей:

23 қантар күні  403 адам

24 қантар күні  сенбі (403 адам)

25 қантар күні  жексенбі (403 адам)

26 қантар күні  404 адам

27 қантар күні  403 адам

28 қантар күні  406 адам

29 қантар күні  401 адам

30 қантар күні  402 адам

31 қантар күні  сенбі (40 2 адам)

Сонымен қаңтар айында жұмыс  істеген қызметкерлердің жалпы  саны бұл кәсіпорын  бойынша 3627 адам. Осы айдың күнтізбесінде (календарьлық) күн саны 31 күн Осыдан кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа осы айдағы саны 3627/31=117 адам.

Тоқсан бойынша ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің  орташа саны қаңтар айында 117 адам, ақпан  айында 408 адам, наурыз айында 420 адам болды  делік. Осыдан бұл кәсіпорындағы  жұмысшылар мен қызметкерлердің  бір тоқсан бойынша саны 315 адамға тең болады, яғни

(117+408+420)/3=315

Ескерту: егер ұйым наурыз айынан бастап жұмыс істеген болса, онда ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан бойындағы орташа саны 140 адамға тең болады, яғни

420/3=140

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа саны осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс істемеген болса, онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны жұмыс істеген айлардағы олардың сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.

Ескерту: жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін «орташа еңбекақы» және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.

Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің  құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына (категорияларына) жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:

Информация о работе Еңбек және еңбек ақы есебі