Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 05:47, курсовая работа
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады, ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады.
Негізгі құралдар - бұл материалдық өндіріс және өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойында (бір жылдан артық) қызмет ететін материалдық активтер. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
- басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
сол сәтінде берілген,
басқа өтелген әділ бағаның
немесе төленген ақшалай
Негізгі құралдар есебі қаржылық есеп берудің 16-шы халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі. ҚЕБХС 16 негізгі құралдарға есептік тәсіл үшін арналған. Берілген стандарт келесілерге қолданылмайды:
- ормандарға және ұқсас табиғи ресурстарға;
- минералды қазбаларға құқықтарға, минералды қазбаларды, мұнайды, табиғи газды және ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстарды іздеу мен қазуға.
16 ҚЕБХС келесі терминдерді қолданады:
1) негізгі құралдар – бұл материалдық активтер:
- компания тауарларды
және қызметтерді өндіру
- бір жылдан аса кезеңде қолданылады;
2) амортизация – бұл активтің пайдалы қызмет ету мерзімінде амортизацияланатын құнның жүйелі азаюы;
3) амортизацияланатын құн – активті сатып алуға нақты шығындар немесе қалдық құн алынған нақты шығындардың орнына қаржылық есеп беруде көрсетілген басқа шама;
4) пайдалы қызмет ету мерзімі:
- компаниямен
- активті қолданумен өндіру болжанатын бұйым саны;
5) нақты шығындар – бұл төленген ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің сомасы немесе активті сатып алу үшін берілген басқа да өтеулердің адал құны;
6) қалдық құны – бұл актив үшін оның қызмет ету мерзімінің соңында шығу бойынша күтілетін шығындар шегеріле отырып алуды күтетін таза сома;
7) адал құн – бір бірінен тәуелсіз, мәмілені жасауға ынтасы бар жақсы хабардар тараптар арасындағы мәмілені жасағанда активтерді сатып алу немесе міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті ақша қаражаттарының сомасы;
8) құнсызданудан зиян – активтің баланстық құнынан оның орны толтырылатын құнының асу сомасы;
9) баланстық құн - жинақталған амортизация және жинақталған құнсызданудан зиян сомалар шегерілген активтің баланста танылатын сомасы.
Сонымен, негізгі құралдар дегеніміз материалдық және материалдық емес салада ұзақ уақыт мерзімінде (1 жылдан аса) қызмет ететін активтер.
Мерзім сайын бухгалтерия негізгі құралдарды қайта бағалап отырады, олардың нақты бағасын және тозу дәрежесін анықтау үшін, бірақ ҚЕХС (IAS) 16 бойынша екі тәсіл ұсынылады: нормативті және альтернативті. Нормативті тәсіл бойынша кәсіпорын қайта бағалауды өткізбейді, барлық негізгі құралдар бастапқы тарихи құны бойынша есепке алынады. Альтернативті тәсілде ұзақмерзімді активтерді мезгіл сайын қайта бағалау қажет, егер негізгі құрал нысандарының баланстық құны осы мезгілге нақты нарықтық құннан айырмашылығы болса.
Құнсыздану жағдайында
негізгі құралдарды қайта
Сонымен ұзақ мерзімді
активтердің қысқа мерзімді
1.2 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сай мүлікті жалға алу туралы ақпаратты ашу
Қазақстанның экономикалық жағдайы және нарықтық жағдайдағы экономикалық қатынастардың дамуы қаржылық есеп беруді құрастырудың және ұсынудың жаңа тәсілдерді талап етеді. Бұл Қазақстанда халықаралық бизнестің тілін енгізуге, әлемдік бірлестіктерде республикамыздың мәртебесін жоғарлатуга мүмкіндік береді. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшу, Қазақстанды дамыған нарықтық мемлекет ретінде тануда мемлекеттің стратегияның бөлшегі. Қазақстан президентінің жолдауында барлық мекемелер Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына тезірек көшу керектігі ерекше белгіленген.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары әлемдік деңгейде бухгалтерлік есептің әдістемесін мақұлдау немесе гармонизациялау мәселесін шешеді.
Стандарттарды қолдану жаңа тәсілдерді, мекеме қызметінің оқиғалары мен операцияларының ашылуына, танылуына, шағылтуға жаңа көз қарас талап етеді. Көбісіне көшу тек бухгалтерлік есепке қатысты болып көрінеді. Бірақ ол экономика, статистика, бюджеттік жоспарлау, салық салу салаларына да әсет етеді. Көп жағдайларда азаматтық заңнама ережелерімен ҚЕХС тәсңлдерінің арасындағы әртүрлі тауарлы - қаржылық, салық салу байланыстарының үйлесімнің болмауы. Кешенді түрде бұл көп жылдар бойы шешіледі. Басқа елдерде ҚЕХС енгізу тәжіребесі осы және басқада мәселелердің болуына куә. Бұл қиындықтарды түсінудің бірінші қадамы болып ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» жаңа заңының нормасы, халықаралық стандарттарға негізделген ұлттық стандарттар арқылы біртіндеп ҚЕХС көшу.
Шаруашылықтың замануи шарттарында жалдық қатынастар өте кең дамыды. Уақытша қолданылмайтын ғимараттар мен құрылыс жайлар, сауда, қоймалық және басқада ғимараттар, жабдықтар және көлік құралдарын мекеме басқа ұйымдарға, істегі жалдық төлем ақы бойынша жалға беруге құқығы бар. Бағалаудың тәртібі және мүліктік жал операцияларын ашу ережелері бойынша ҚЕХС (IAS) 17 «Жалдау» да реттелген [7]. Бұл стандартқа сәйкес заңды мазмұнына тәуелсіз екі түрлі жал айқындалады: қаржылық және опеациялық.
Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тəуекелдіктер мен пайданы меңзейтін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі.
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мəртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.
Жеке немесе бірге алынған жағдайлардың əдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын:
- жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалға алушыға көшеді;
- жалға алушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні əділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
- егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
- жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық əділ құнының елеулі үлесін құрайды; жəне жалға алынған активтердің тек жалға алушы ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар.
ҚЕХС сәйкес жалдаудың жіктелуі шартт түріне емес операциялар мазұнына байланысты болады. Сондықтан жалға алыған активтің меншіктік құқығы жалға алушыға өтпеседе, бірақ жалдау мәні оны қаржылық жалдау ретінде жіктеуге мүмкіндік берсе, онда ол қаржылық есепте қаржылық жалдау ретінде көрсетіледі.
Жалдауды жіктеу жалдауды қабылдаған кезде жасалады. Егер жалға алушы жəне жалға беруші уақытқа тəуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, жалдауды басқа жіктеуге əкеліп соқтыратындай түрде жалдау шартын өзгертуге келіссе жəне өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе, онда қайта қаралған шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ретінде қаралады. Алайда бағалаудағы өзгерістер немесе жағдайдың өзгеруі есепке алу мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге əкеліп соқтырмайды.
Қаржылық және операциялық жалдаудың жалға берушімен жалға алушының қаржылық есептіліктерін ашқанда нақтылы ерекшеліктері және айырмашылықтары бар.
Жалға алушының қаржылық есептілігіндегі қаржылық жалдауы.
Заң жүзінде жалға алынған мүлік жалдаушының меншікті мүлігі емес. Бірақ, жалдаушы пайдалы қызмет ету мерзімінде немесе қызмет ету мерзімінің көп уақытында экономикалық пайда көретінін ескерсек және жалға берушіге әділ құнын және оны қолданған үшін төлеу міндеттемесін орындаса, онда жалдаушы жалданған активты пайдаланған үшін экономикалық пайда алады деп есептеледі. Осыдан келе, ҚЕХС қаржылық жалдауды жалдаушының қаржылық есебінде актив және міндеттеме ретінде көрсетуді талап етеді.
Операциялар және басқада оқиғалар, тек заңды үлгіде ғана емес, есепке алынуға және олардың мазмұнымен қаржылық нақты болмысына сай, ұсынылу тиіс. Жалдаушы жал мәмілесі бойынша жалдау активіне заңды меншіктік құқығына ие болмаса да, бірақ мәміленің мазмұны мен қаржылық нақты болмысы бойынша, бұл жал қаржылық жалдау болады, сондықтан, ҚЕХС берілген анықтамаларға сәйкес болады, ал қаржылық есептілікте мұндай жалдау қаржылық жалдау ретінде ашылады. Кері жағдайда компанияның экономикалық ресурстар және міндеттемелер деңгейі, қаржылық қатынасты бұза отырып, төмендетіледі.
Жалға берушінің қаржылық есебіндегі қаржылық жалдау.
Жалға беруші үшін активті қаржылық жалдауға өткізу жалдаушыға экономикалық пайда мен тәуекелдерді өткізуді білдіреді. Осымен байланыстыжалдауға таза инвестицяға сәйкес, жалға берушінің балансында жал төлемдері бойынша дебиторлық қарыз көрсетіледі. ҚЕХС ға сәйкес жалдауға таза инвестициялар бұл жалдауға жалпы инвестициялардан қаржылық табысты шегергенді көрсетеді.
Жалдаушының қаржылық есептілігіндегі операциялық жалдау.
Операциялық жалдау кезінде жалдау мүліктері жалға берушінің балансында есепке алынады. Жалға алушы баланста жал төлемдері бойынша ағымдағы міндеттемелер немесе жалды алдын ала төлеу нәтижесінен пайда болған дебиторлық қарызды көрсетеді. Жалдаушы жал төлемдерін, жалдау мерзіміне бір келкі бөлінген, тек жалдау төлемдері біркелкі түспеген жағдайлардан басқа, кірістер мен шығындар есебінде мойындайды.
Жалға берушінің қаржылық есебіндегі операциялық жалдау.
Операциялық жалдауға берілген мүлік жалға берушінің балансында есепке алынуы тиіс.
Операциялық жалдаудан түскен табыс, біркелкі негізінде жалдау мерзімі аралығында табыс құрамында көрсетілуі қажет, егерде басқада жүйелі әдіс уақыттық кестені, жалға берілген құралдардан пайда көруі азаюы бойынша, жақсырақ есепке алуды қамтамасыз етпесе.
Жалға алушыдан келетін басқада түсімдер, оның ішінде сақтандыру бойынша шығындардың орнын басу, жалдауға алынған мүлікті күту бойынша төлемдер т.б., олар пайда болған мезгілде табыстарға қосылады.
Операциялық жалдауға өткізілген активтердің амортизациясын жалғаберуші есептейді.
Ақпаратты қолданушылардың қабылдайтын экономикалық шешімдері, өздерінің ақша қаражаттарын және олардың эквиваленттерін өз уақытылы жіне тиімді түрлендіруді ұйымдастыру мүмкіншіліктерін бағалауды талап етеді.
Бағалау – бұл ақшалық соммаларды анықтау үрдісі, сол бойынша қаржылық есептілік элементтері, бухгалтерлік баланс және пайдалар және шығындар есебінде танылуы және тіркелуі тиіс.
Қаржылық есептілікте әр түрлі деңгейде және әр түрлі әрекеттерде бағалаудың әр түрлі әдістер қатары қолданылады. Оларға келесі әдістер жатады:
Информация о работе Жалға алынған негізгі құралдардың экономикалық маңызы мен мәні