Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 18:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Бухгалтерлік есеп шаруашылығында қаржылық есеп берудің құрамы мен элементтері.
Анықталған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
- қаржылық есеп берудің маңызы;
- қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар;
- қаржылық есеп берудің мақсаттары;
- қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі;
- қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру;
- қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну;
- нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі;
- қаржылық салымдарының есебі;
- қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар.
2720 – «Гудвиллдің құнсыздануы», онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 – «Өзге материалдық емес активтер», онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:
тауарлық белгілер;титулдық және баспа құқықтары; компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру; лицензиялар мен франшизалар;
өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар; рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер; және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.
2740 – «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы», онда материалдық емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;
2750 – «Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар», онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.
“ Негізгі құралдар” бабы
бойынша қолданыстағы , консервациядағы
немесе запастағы негізгі
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:
жер; жер және ғимараттар; машина жабдығы; кемелер; ұшақтар;
автокөліктік құралдары; жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік; кеңсе жабдығы.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған.
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобына арналған.
Кірістер – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Есептік кезең соңында 5510 шотпен жабылады.
Жылдық жиынтық табыс – негізгі және негізгі емес қызметтерден есептік жыл ішіндегі жеке және заңды тұлғалардың жан жақтан алынған кірістері. Негізгі қызметтердің кірістері: дайын өнімді өткізгеннен түскен түсімдер, кіріске алынған тауарларды сатқаннан түскен түсімдер, салып тапсырған құрылыстар мен ғылыми зерттеу жұмыстар,
Және сыйақылармен пайыздар, дивидендтер, гонорарлар, роялти.
Негізгі емес қызметтердің кірістері: өткізілген материалдық емес активтер, негізгі құралдард мен құнды қағаздардың түсімі . Кірістер есебі № 18 «Кірістер» ХҚЕС-да қарастырылған.
Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер - кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатыпалушыға аударып тастаса;
- егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;
- егер кірістер сенімді бағаланса;
- егер жасалған делдалдықтан пайда алынуына сенімді болса;
- егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса.
Шығыстар (расходы)– есептік кезең ішінде кәсіпорынның жасаған шағыстарын есепке алу. Кәсіпорын табыс табу барысында қандайда болса шығыс жасауға мәжбұр болады. Шығындар ол өнім шығару, тауарлар өткізу барысында активтердің азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы. Есептік кезеңде кірістерді есепке алу қандайда бір шығындарды мойындатады. Шығындар ағымды (есепте)және кейінге қалдырылатын (баланста) болып бөлінеді. Өндірістік шығындар тікелей және үстеме шығындар болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімнің (жұмыстың) өзіндік құнын құрайды. Шығындар қай мерзімде жасалды сол мерзімде есептеледі. Өнімнің (жұмыстың) өзіндік құнына кірмейтін шығындар есептік кезең шығындарына жатады. Шығыстарды 7- бөлім шоттарында ескеріледі.
ІІ Бөлім. Қаржылық есеп беру
2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі
Шаруашылық субъектілері тоқсандқ және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне , мемлекеттік салық инспекциясына , мемлекеттік басқарудың басқа органдарына , несие беруші
банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде , ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.
Бюджеттік мекемелер айлық , тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені
Кәсіпорынның , ұйымның , мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар , сатып алушылар , жеткізушілер , инвесторлар , биржалар , банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады .
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар , банктер , сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде , журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп , оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс .
Қаржылық есеп беру мен
бухгалтерлік есепке
Қаржылық есептілікті дайындау және таныстыру концепциясында капитал мүшелерінің салымдарына қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңнің ішіндегі активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы түрінде туындаған табыс экономикалық пайданың ұлғаюы түрінде танылады. Табысқа ұйымның табысы да, басқа кірістер де кіреді. Ұйымның табысы - оның қызметінің әдеттегі түрлерінен келіп түсетін кіріс, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер түрінде болуы мүмкін. Осы стандарттың мақсаты белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын табыс есептеу тәртібін анықтау болып табылады.
Табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табыс ұйымның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады. Осы Стандарт аталмыш белгілерді қанағаттандыратын жағдайларды анықтайды және осылайша табыс танылады. Сонымен қоса, оның ішінде бұл белгілерді қолдану бойынша тәжірибелік нұсқаулар бар.
2.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру
Қаржы шаруашлық қызметтің
нәтижелері туралы есеп беру
Қазақстан Республикасындағы
- негізгі қызметтен ( өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді сатудан ) алынған табыс ;
- кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары , сату жөніндегі шығындар;
- негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
- салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
- табыс салығы ;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян – төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян ;
- таза кіріс немесе зиян (№1 – кесте ).
1-кесте – Қаржы – шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы есеп беру
Баптардың атауы |
Сомасы |
Кірістер |
|
Таза сату |
14000000 |
Процент түріндегі кіріс |
500000 |
Кірістердің жиыны |
14500000 |
Шығындар мен шығыстар : |
|
Сатудың өзіндік құны |
9000000 |
Тауарларды жеткізу жөніндегі көлік шығыстары |
250000 |
Ескірген ТМҚ бойынша шығындар |
500000 |
Өндірістік үстеме шығындар |
250000 |
Сатудың өзіндік құнының жиыны |
10000000 |
Жалпы кіріс |
4500000 |
Сату жөніндегі шығындар |
1000000 |
Жалпы және әкімшілік шығындар |
500000 |
Процент төлеу шығындары |
500000 |
Өзге шығындар |
0 |
Шығындардың жиыны |
2000000 |
Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың кірісі |
2500000 |
Табыс салығы бойынша шығындар |
750000 |
Төтенше табыс немесе зиян |
0 |
Таза кіріс |
1750000 |
Осы баптардың барлығның сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс .
Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .
Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек .
Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен алнған кіріс немесе зиян .
Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады .Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады :
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастыпылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған , маңыздылығы соншалық, тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Қаржылық есеп беруді жасамас
бұрын оның деректерінің
Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;