Коммерциялық банктердің операциялары. Активті және пассивті операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 22:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекете уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны әкономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық негізі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Коммерциялық банктердің операциялары актив және пассив.docx

— 24.91 Кб (Скачать файл)

      Депозиттік және  жинақ сертификаттары иемденуіне  қарай екі түрлі болып келеді:

  1. Атаулы сертификаттар;
  2. Мәлімдеуші сертификаттар.

     Атаулы депозиттік  және жинақ сертификаттары бұл  салым иелерінің атына толтырылып  беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда  салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді,  яғни оны кім иеленсе, сол  қаражаттың иесі болып саналады.

      Әлемдік тәжірибеде  депозиттік сертификаттардың мынадай  екі түрі бар:

  1. Аударылатын;
  2. Аударылмайтын.

     Аударылмайтын депозиттік  сертификаттар ссалым иелерінің  қолдарында болып, уақыты жеткен  соң банкке ұсынылады.

     Аударылатын депозиттік  сертификаттар басқа бір тұлғаларға  екінші нарықты сатып алу-сату  арқылы өтеді.

     Банкаралық несие  – бұл коммерциялық банктердің  бір-біріне беретін несиелері.  Банкаралық несие бұл басқа  ресурстармен салыстырғанда өте  қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің бір түріне  Ұлттық банктің коммерциялық  банктерге қысқа мерзімді өтімділігін  қолдап отыру мақсатында беріліп  отырған мынадай несиелерін жатқызуға  болады: овернайт бір түндік және  күндізгі заемдар.

     Овернайт – банктердің  Ұлттық банктегі корреспонденттік  шотында дебеттік қалдықтың пайда  болуына байланысты бір түнге  берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған  жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға  тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені  алу жұмыс аптасының соңғы  күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші  күні қайтарылуы тиіс.

     Күндізгі заем –  банктік жұмыс күні ішінде  банктердің Ұлттық банкте ашқан  корреспондентік шотында уақытша  қаражат жоқтығын немесе жетіспеуіне  байланысты ақшалай аударымдар  мен төлемдер жасау мақсатында  берілетін несие.

     Бұл аталған несиелер  несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық  банк екінші деңгейіндегі банктер  бүгінгі күні орта және ұзақ  мерзімде несиелерді бермейді.

      Осындай жағдайда  коммерциялық банктердің активтік  операцияларын қаржыландырудың  басты көзі ретінде пайдаланылатын  тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік  операцияларды ұлғайту талап  етіледі. Депозиттік операцияларды  ұйымдастыру барысында коммерциялық  банктер баланс өтімділігін сақтай  отырып, мынадай талаптарды ескеруі  тиіс:

  • депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым несиелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

2)  Банктердің активтік операциялары

     Активтік операциялар  – бұл банктердің табыс алу  және өзінің өтімділігін қамтамасыз  ету мақсатында, иелігінде бар  ресурстарды орналастыру жүзегеасыратын  операцияларды білдіреді.

      Бұл екі мақсаттың  бірегейлігі банкті коммерциялық  кәсіпорын ретінде тартылған  қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін  сипаттайды.

     Активтік банктік  операциялар өзінің формасына  және тағайындалуына қарай әр  түрлі болып келеді. Банктердің  активтік операцияларының ең  көп тараған түрлеріне мыналар  жатады:

  • ссудалық операциялар;
  • инвестициялық операциялар;
  • депозиттік операциялар;
  • қаржылық операциялар;
  • басқа да операциялар.

    Банк активтік операцияларының  маңызды бөлігін банктік несиелік  операциялары негізінде ссудалық  портфель құрылады. Банктік ссудалар  біршама табысты және жоғары  тәуекелді болып табылады. Бұл  активтер топтары банктің басты  пайда көзі ретінде қызмет  етеді.

      Банктің инвестициялық  операциялары – несиелік операциялардан  кейін банкке табыс әкелетін  операциялар. Банктің инвестициялық  операциялары негізінде бғалы  қағаздар портфелі қалыптастыруының  екі мақсаты болады: бірішісі  – банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетің бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  1. мемлекеттің бағалы қағаздары;
  2. корпоративтік бағалы.

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстығына  қарай үш түрге бөлінеді:

- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар  алғашқы нарықта инвесторларға 

   жеңілдікпен сатылып, номиналдық  құны бойынша өтіледі.

- Купондық, яғни номиналдық құнына  пайызбен бейнеленген табыс әкелетін 

   бағалы қағаздар. Купон мерзіміне  қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.

- Аралас, яғни купон және дисконт  түрінде қатар табыс әкелетін  бағалы қағаз. Бұл жағдайда  инвестор банктің табысы екі  көзден: дисконт түріндегі және  купон мөлшерлемесі түріндегітабыстардан  құралады.

    Сонымен қатар активтерінің  бір бөлігін өтімді корпоративтік  бағалы қағаздарға да орналастыруда.  Корпоративтік бағалы қағаздарға  мыналар жатады:

  • акциялар
  • облигациялар
  • депозиттік және жинақ сертификаттары
  • ипотекалық куәліктер
  • депозитаралық қолхаттар

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын  куәландыратын және басқару ісіне  қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы ұаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін  растайтын бағалы қағаз.

Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге  бөлінеді:

  1. купондық облигация-инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі
  2. дисконттық облигация-инвестор банктің облигацияны шығарудан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі. 

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдану және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде  дамиды. Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды  сипаттайды: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

       Лизинг – бұл  лизинг берушінің қзіне тиесілі  құрал – жабдықтарды, машиналарды,  ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске,  сауда-саттыққа және қоймаға арналған  құрылғыларды лизинг алушыға  лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға  беруін қарастыратын жалға беру  шартын білдіреді.

       Барлық лизингтік  операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

  1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін сипаттайды.
  2. Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтуімен байланысты сипатталады.

Коммерциялық банктердің ең көп  тараған делдалдық қызметінің бір  түрі – факторинг.

       Факторинг операциясы  – жабдықтаушының жабдықтаған  тауары мен көрсеткен қызметтері  үшін төленбеген төлем құжаттарын  банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық  операция.

      Факторинг операциясына  үш тарап қатысады:

  1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент – факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
  3. Кәсіпорын – тауарды сатып алушы фирма.

    Форфейтинг операциясы  – форфейтордың, яғни коммерциялық  банктің немесе арнайы компанияның  экспортерға төлеуге тиісті импортердің  берген төлем құжатын сатып  алуы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

 


Информация о работе Коммерциялық банктердің операциялары. Активті және пассивті операциялары