Кредиторская задолженность

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2014 в 18:27, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада банк - несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдарының және халықтық ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициалық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
1.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
1.2 Берілген аванстар есебі
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
1.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
1.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
1.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
Салық міндеттемесінің есебі
1.8Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

тилеу курсовой.docx

— 49.52 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

        КІРІСПЕ

1.  КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК  ЕСЕБІ

1.1  Алдағы кезең шығындарының  есебі

1.2  Берілген аванстар  есебі

1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің  алашақ (кредиторлық) қарыздарының  есебі

1.4 Алынған аванстар бойынша  есеп айырысу есебі

1.5 Жабдықтаушы және қызмет  көрсетушілермен есеп айырысу  есебі

1.6 Басқа да кредиторлық  қарыздар  мен есептелген төлемдер  есебі

    1. Салық міндеттемесінің есебі

1.8Банктер мен  банктен  тыс мекемелердің несиелерін  есепке алу

         ҚОРЫТЫНДЫ

            ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

        Нарықтық экономикада банк - несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың,  ұйымдарының және халықтық ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын  жұмылдырады

және  белсенді   түрде   жұмыс  жасайтын  капиталға  айналдырады, сондай-ақ  көптеген  түрлі  несиелік, сақтандыру,   делдалдық,  инвестициалық, сенім,  кеңес  беру  және  басқа  да  операцияларды  орындайды.   Өндіріске  қатысты  алғанда,  екінші  кезекте  саналатын  несие  жүйесі  оған  тұрақты  және  елеулі  ықпал  етеді.  Ол  бірнеше  дүркін  ақшалай  қорлардың  ауқымын  кеңейтіп,  өндіріс  тиімділігінің  өсуін  қолдай  отырып  ақшалай  қаражаттардың  бір  саладан  екіншісіне  қайта  құйылуын  қамтамасыз  етеді.   

      Несие   жүйесінің  ролі  мен  маңызы  келесідей  бір  қатар   көрсеткіштермен  сипатталады:  несиелік  жұмсалымдардың  жалпы   көлемі,  кәсіпорындар  мен   ұйымдардың  негізгі  және  айналым  капиталын  қалыптастыруға  банктегі  қарыздардың  үлесі,  жалпы  төлем  айналымы  және  т.б.

      Қазақстанда  несиелік  қатынастардың  даму  дәрежесі  бойынша, шаруашылық  өндірістік  және  өндірістік  емес  сферасын  банк  сферасының  қамту,  несиелік  мекемелердің  көп  түрлілігі  мен  көп   тараптылығы  жағынан, қаржы   капиталы  талаптарының  қуаттылығы  бойынша  әлемнің басқа   да  елдерін  артқа  қалдырады.  Қазақстандық  несие  жүйесінің   ауқымы  туралы  кейбір  мәліметтер  төмендегідей  көрсеткіштерді  беруі   мүмкін.  Несиелік  мекемелер   арқылы  қолма-қолсыз  ақша  жолымен   жүзеге  асырылатын  жылдық  төлем   айналымының  басым  бөлігі   80-жылдардың  басында  60-65  трлн  доллар  сомасында  бағаланған.

      Несие   жүйесінің  елдегі  ақша  айналымын   реттеудегі,  заңды  және  жеке  тұлғаларға  әр  түрлі  қызметтер   көрсету  барысындағы  қалыптасатын  эканомикалық  қатынастарды  да  несиелік  қатынастар  мазмұнына   жатқызуға  болады.

      Екі   жақты  қатынас:  шаруашылық  ұйымдары  мен  несие  жүйесі,  несиелік  мекемелері  арасында  болуы  мүмкін.

       Несие  құнның белгіленіп үлгерген қызметіне  байланысты болатын қатынастарды  білдіреді.  Несие   тек  өндірісте   ғана пайда   бола   алмайды,   өйткені  мұндай   өнім   әлі   жасалған   жоқ,   ал   оның   бөліктері   ұдайы   өндіріс   процесінің    сәйкес   қатынасушыларының   иелігіне   түскен  жоқ.   Сондықтан   несиеге   бастаманы   өндіріс   сатысы   емес   өнімнің   қозғалысының   келесі   сатылары   береді.   Осы   мағынада   несиелік   қатынастар   бұл   өндірістегі   қатынастар   емес,   оның   сыртындағы   қатынастар   болып   табылады.

     Осылайша,   өндіріс   сферасының   айқындаушы   мағынасы   оны  несиелік   қатынастардың   түпкі  мәнін   есептеуге   негіз   болмайды,   демек   соңғысының   мағынасын    толық   бере   алмайды.

       Өндірілген   өнім  мен   оның   бөліктері   индивидуумдардың   қолдары   тиместен   бұрын   айырбасты   бастауға   болмайды.   Сондықтан   айырбас    өндіріске   кіретін   акт,   өндірісте   тікелей   бар   болады   немесе   онымен   анықталады.

      Курстық  жұмыстың мақсаты : Шаруашылық  жүргізу субьектінің сырттан  тартылған капиталының есебіне  теориялық және практикалық тұрғыдан  талдау жасау.

       Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Банк несиесі және банктен тыс несиелерге сипаттама беру
  2. Салықтар, жабық және мерзімді есеп айырысуларға талдау жасау.
  3. Басқа да кредит берешектері соның ішінде еңбекақы, лауазым тұлға берешегіне тоқталу.

 

 

 

1.КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК  ЕСЕБІ

1.1 Алдағы  кезең шығындарының есебі

        1620 «Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:

  • Алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы,
  • Келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны,
  • Маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы да басқалар.

Осы айтылғандармен қатар  алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті  дайындау және меңгеруге  байланысты шғындар, кен өндіруші өнеркәсіпті  пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.

«Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі.

    • Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сомаға:

Дт: 1620 «Сақтандыру полисі»  шоты;

Кт: 1030«Есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

    • Сақтандыру полисін алу барысында  болған шығындар сомасын есеп беретін уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша  шығындар»;

7210 «Жалпы және әкімшілік  шығындары»;

8410 «Үстеме шығындар»  шоттарының тиістілері;

Кт: 3210 «сақтандыру полисі»  шоты.

«Жал төлемі» шот алдағы кезеңдер үшін төленегн жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. Аталмыш шотқа байланысты төмендегідей бухгалтерлік жазулар жазылады:

    • Алдағы кезеңдер үшін төлем төленген жағдайда:

Дт: 1620 «Жал төлемі» шоты;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы.

Ал есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемі есептен шығарылған уақытта:

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша  шығындар»;

7210 «Жалпы және әкімшілік  шығындары»;

8410 «Үстеме шығындар»  және тағы да басқа шоттардың  тиістілері;

Кт: 1620 «Жал төлемі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.

«Басқадай алдағы кезең шығындары» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.

Алдағы кезең шығындары  шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Тип

1

2

3

4

5

1

Сақтандыру полисін алу  үшін есеп айырысу шотынан төленген сома

1620

1030

 

2

Сақтандыру полисін алу  барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта тиісті шоттарға апарылды

7110, 7440, 8048

1620

 

3

Алдағы кезеңнің жал төлемі есеп айырысу шотынан аванс ретінде  алдын ала аударылды

1620

1030

 

4

Есеп беретін уақытта  жал төлемі есептен шығарылды

7110, 7440, 8047

1620

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Берілген  аванстар есебі

Берілген аванстардың  есебі келесі шоттарда есептелінеді:

    • «Тауарлық-материалдық қорлрады жеткізіп беру үшін берліген аванстар» шоты;
    • «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін  берілген аванстар» шоты.

Ал берілген аванстар 1610  дегеніміз ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет  көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, матриалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандай да бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.

Бұл жоғарыда аталған шоттарға байланысты бухгалтерлік есепте мынадай  корреспонденциялар жазылады:

    • «Тауарлық-матриалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» шоты.

Несие есебінен берілген аванс  сомасы:

Дт:  1610 «Тауарлық-материалдық  қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетліген қызметтер  үшін берілген аванстар» шотының  тиістісі;

Кт:  «Банктен тыс мекемелердің несиелері» шоты немесе «Басқадай несиелер»  шотының тиістісі.

Шетелдік ақша бірлігі, яғни валюта түрінде берілген аванстар бойынша  тиімді бағамдық айырмашылықтың пайда  болуына:

Дт: 1610 «Тауарлық-материалдық  қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер  үшін берілген аванстар» шотының  тиістісі;

Кт: 6250  «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты.

Бұрынырақта аванс ретінде  берілген соманың пайдаланғаннан қалғаны  қайтарылғанда:

Дт: 1030  «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» шоты;

Кт: 1610 «Тауарлық-материалдық  қорларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыс пен көрсетлетін қызет  үшін берілген аванстар» шотының  тиістісі.

Бұрынырақта берілген аванс  есебінен жабдықтаушыларға тиісті қарыз  соамлары өтелгенде:

Дт:  1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты;

Кт: 1610 «Тауарлық-материалдық  қорларды жеткізіп беру үшін берілген  аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер  үшін берілген аванстар» шотының  тиістісі.

Жалпылама аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлық-матреиалдық қорларды жеткізгені үшін алдын ала берілген аванстар сомасын сипаттайды. Осылайша аталып өткен шоттар мен олардың  сипаттамасы, дебиторлық борыштар мен  үшінші бөлімдегі басқадай активтер жайлы түсініктеме алуға мүмкіндік  береді.

 

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

2

3

4

5

1

Жабдықтаушыларға олардн алдағы уақытта алынатын тауарлар, материалдық құндылықтар үшін аударылған аванс сомасы

1610

1070, 1050, 1030

 

2

Мердігерлерге олардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары  мен көрсететін қызметтері үшін аударылған аванс сомасы

1610

1070, 1050, 1030

 

3

Бұрын төленген аванс соамыс есебінен қоюшы мердігерлерге қарыз  сома өтелді

3310

1610, 1610

 

4

Аванс ретінде жабдықтаушы-мердігерлерге  алдын ала аударылған  сомалардың пайдаланбаған бөлігі қайтарылды

1070, 1050, 1030

1610, 1610

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Еншілес  (тәуелді)  серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі

  Еншілес (тәуелді)  серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың  есебі «Еншілес серіктестіктердің  алашағы», «тәуелді серіктестіктердің  алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың алашағы» деп  аталатын синтетикалық шоттарда  жүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес  (тәуелді) серіктестіктерге сәйкес  корреспонденциялаушы шоттар бойынша  машинограммада немесе тізімдемеде  жұргізіледі. Ірі кәсіпорындардың  талдамалық шоттарында дебиторлармен  және кредиторлармен есеп айырысушылардың  талдамалық есебінің карточкалары  пайдаланады. 

Еншілес (тәуелді) кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына  мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

Информация о работе Кредиторская задолженность