Кәсіпорында қаржылык жұмысты ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 10:29, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................................3
І. КӘСІПОРЫНДА ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫСДАСТЫРУ
1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын ұйымдастыру..................................................................................................................................6
1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні.........................10
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер...............................................14
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері.............................16
2.2 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдар.........................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................23
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

кәсіпорында қаржы жұмысын ұйымдастыру. кожабаева.doc

— 151.50 Кб (Скачать файл)

Микроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы  және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу

болып табылады.

Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді.. Мұнда сұраныс - белгілі баға бойынша тұтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.

Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жұмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.

Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика кұрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы  өзара  қатынастарын  көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макроэкономикасы аралас экономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде ұйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән-мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін, әзірлеу процесін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет  бойынша республикадағы 372 мыңнан  астам шағын кәсіпкерлік субъектісі  тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс  істейтіндері — 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны — 1,4 млн. адамды құрайды.

Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы — 45,9 млрд. теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан  Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың 2001—2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»  бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

 

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айкындалған және олар мыналар:

    • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
    • қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
    • шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
    • шағын   кәсіпкерлікті   ақиқаттық   қамтамасыз   ету /жүйесін   жетілдіру   және   дамыту   арқылы   шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің  тұрақтьг  қызметі  үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты  маңыздылығы — бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын  кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге  жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бүгін қол жеткізуде    істерін   ұнататындьқтары   және   бұған   бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен,  жоғарыда  баяндалғандай  экономиканың  жаңа  жағдайындағы  рынокқа  өтуінде  шағын  кәсіпорындар «жанама»   өнім   ретінде   болмайды.   Олар   еліміздің  ажырамайтын  саяси-экономикалық жүйенің  бөлігі  болып  табылады.   Біріншіден,   нарықтық   қатынастардың   тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар   жүйесінде   тартылады;   екіншіден,   рыноктық жағдайда  олар  қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең  мамандандыруда   іске  асыруды   және  өндірісті   тармақтанған корпорацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық   тиімділігінің болуы   мүмкін  емес.  Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді   өсуіне   үлкен   ықпал   етеді;   үшіншіден,   шағын кәсіпорындар   рөлінің   өзгеруі   орта   және   ірі   кәсіпорындардың қызмет етуіне көмек болады.

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары

  Ұзақ мерзімді және экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған құжат – ол «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы». Ол Елбасының 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен бекітілген. Бұл стратегияны әзірлеумен алғашқыда Индустрия және сауда министрлігі шұғылданды, кейіннен оны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Индустрия және сауда, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлігімен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттік пен, Ұлттық Банкпен бірлесе отыра әзірледі. Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайды дайындау. Алға қойған міндеттердің кейбірін атап өтсек; олар, өңдеуші өнеркәсіпте жылдық орташа өсу қарқынын 8-8,4 пайыз көлемінде қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін 2015ж. 2000 ж-мен салыстырғанда кемінде 3 есеге өсіру және ІЖӨ -нің энергиялық қамтамдылығын екі есеге азайту.

        Стратегияны жүзеге асыру үшін инвестиция түріндегі шығынның көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде, мемлекеттік шығын жылына 260 млн. АҚШ доллары мөлшерінде болады деп болжамдалуда.

2015 ж. дейінгі Қазақстан экономикасының  Индустриалды – инновациялық  даму стратегиясының мақсаттары  мен міндеттеріне  сәйкес  экономиканың шикізаттық емес  секторындағы, әсіресе өндіру өнеркәсібіндегі жаңғырту жолында  туындайтын  бірінші және басты  қиындық – бұл негізгі  капиталдағы инвестициялардың тапшылығы.

        Қазақстан экономикасындағы  инвестициялық  ресурстар аз әрі көп, сондықтан капитал рыногындағы  жағдайды  қысқаша түрде «молшылық кезіндегі тапшылық» деп сипаттауға болады. Ішкі жалпы  көлемдегі қорлар кез келген  елдегі  инвестициялық  ресурстардың негізгі  көзі  болып табылатындығы белгілі. Қазақстанда олардың мөлшері  әзірше ІЖӨ 24 % артпайды,  бұл - әлемдік рыноктың қолайлы  конъюнктурасында. Оңтүстік Шығыс азия елдеріндегі экономиканың жедел  өсуі үшін бөлінген қорлардың мөлшері  ІЖӨ 32 – ден 47 % дейін жетеді. Егер теңгерімді  экономикада қорлардың  мөлшері  жинақтардың мөлшеріне тең болуы керек болса, бірқалыпты жеделдетілген қарқын болғанда да,  яғни 5 – 6 % болғанда, бұның экономика  өсуін қамтамасыз  ету үшін жеткіліксіз екендігі өзінен - өзі түсінікті де. Елде қорлардың мөлшері ІЖӨ 33 – 35 % шегіндегі болуы керек.

          Бірақ  шикізат секторының кірістеріне  әртүрлі  жеңілдіктер мен преференциялар  беру арқылы, трансфертті және  демпингті экспорт бағаларын  қолдана отырып, ҚҚС кері қайтару  есебімен роялти төлеумен, т.б. қатар салықтар салынады. Оның үстіне Қазақстан аз мөлшерде   жол берілмейтін ренталы төлемдерді  бюджетке алады. Мысалы, мұнай компанияларының үстеме  пайдасына  24 % ставкалы  салық салынады, ал  көптеген  елдерде 80 % дейін,  ал жекелеген  елдерді үстеме пайданың  тіпті 90% дейін мемлекеттік бюджеттің пайдасына алынады. Шынында, шикізат секторының кірістерінің бір бөлігі негізгі  капиталдың инвестицияларына, бірақ негізінен тура  сол шикізат секторын  дамытуға  түрлендіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы  ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары  басқарады.

Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы  қызметіне талдау жасайды, қаржыны  пайдалана отырып, оның тиімділігін  арттыруға: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналымға пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қарасты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды жасайды.

Министрліктер мен жоғарғы органдардың  қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансына бақылау жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру туралы жұмыстарды жузеге асырып отырады.

Фирмалардағы, компаниялардағы қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім болып табылатын қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін (қаржы-өтім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері).

Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.   .

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, фирмалардың қаржы бөлімдері кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестігінде қаржыны  басқаруды басқа функциялармен  қатар, жоғарғы органдар — олардың  қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қызметтерінің маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

  • табысты өсірудің жолдарын іздестіру жөне рентабелділікті арттыру;
  • өңдіріс, инвестициялар, жаңа техниканы өндіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғары тұрған ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
  • есеп айырысуларды ұйымдастыру.

 

 

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы».//Алматы, 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен
  2. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын  талдау» Алматы – 2001
  3. Ілиясов Қ. «Қаржы»,  Алматы - 2003
  4. Қазақстан Республикасының  Заңы «2005 жылға арналған республикалық  бюджет туралы»
  5. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
  6. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» Алматы – 2001
  7. Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік  қаржы  жүйесіндегі  бюджеттік  процедурасын  орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.
  8. Мауленова С.С. «Экономикалық теория»
  9. Мұханбетова Э.С. «Мемлекеттің  әлеуметтік  аяны  реттеудегі фискалдық саясаттың маңызы» //Хабаршы № 4, 2003 ж.
  10. Назарбаев Н.А.  Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы,  Алматы – 1998 ж.
  11. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж
  12. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Алматы/2002
  13. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы- Қаржы-қаражат, 2003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Косымша 1. Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы мен  көздері

                                                                                                                                                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Кәсіпорында қаржылык жұмысты ұйымдастыру