Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 14:24, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Бухгалтерлік есеп стандарттары.doc

— 93.00 Кб (Скачать файл)

 

 Бухгалтерлік есеп стандарттары -   есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі,  олар қаржылық есеп беретін барлық  субьектілер үшін  нормативті құқықтық  құжаттар болып табылады.  Стандарттардың  негізінде  есептің жеке учаскелері,  сонымен қатар   шаурашылық  субьектілерінің   салалық ерекшеліктері   бойынша    бухгалтерлік    есепті  жүргізудің  базалық    тәртіптері  бекітіледі.    

 Стандарттар есептің  әр түрлі  аспектілерін суреттейді  және  қандай да бір  әдістері мен  амалдарын  дұрыс пайлануды талдаудың  әдістемелік  негізі, құралы болып қызмет атқарады.

1997  жылдың 1  қаңтарынан   бастап   Қазақстан   Республикасы  халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттарына    көшу негізінде қазіргі кезде   сандық түрде  қолдану   бойынша  әдістемелік  ұсыныстарды  дайындаумен     толықтырылып отыратын  20  стандарттарын   енгізді.  Халықаралық  тәжірибедегі  сияқты  Қазақстанда қызмет  етіп  отырған   есеп  стандарттарын  былай  бөлуге  болады:

v     Жалпы  әдістемелік ( № 4  « Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы   есеп  » және т.б. );

v     Әлеуметтік саясат  бойынша стандарттар  (№ 16  « Зейнетақылық   қамтамасыз ету шығындары есебі »  және  т.б.) ;

v      Мүліктер мен құралдардың жеке түрлері  бойынша  стандарттар  (№6  « Негізгі  құралдар  есебі »,  №7 « Тауарлы -  матералдық қорлар есебі », №8 « Қаржылық инвестициялар есебі ») және т.б.

2008  жылдың 1  қаңтарынан    Қазақстан Республикасы  « Бухгалтерлік есеп  және қаржылық есептілік »  заңының  2- бабына сәйкес  мемлекеттік мекемелерді,   ірі кәсіпкерлік  субьектілерін   және жария мүдделі  ұйымдарды  қоспағанда,  дара кәсіпкерлер  мен  ұйымдар  қаржылық  есептемелікті  ұлттық стандарттарға  сәйкес  құрастырады,  мынадай  санаттарға байланысты:

1)    Қазақстан  Республикасының  заңнамасына   сәйкес  шаруа немесе фермер   қожалықтары,  ауыл шарушылығы  өнімдерін  өндіретін  заңды тұлғалар  үшін  ,  сондай-ақ  оңайлатылған декларация  негізінде   арнайы салық  режимін  қолданатын   шағын  кәсіпкерлік  субьектілер  бухгалтерлік  есепті   « Қаржылық  есептемеліктің  № 1 Ұлттық  стандарттары  » бойынша жүргізеді;

2)    Бірінші тармақтардағы аталғандарды қоспағанда,  шағын кәсіпкерлік  субьектілеріне ,  сондай-ақ  коммерциялық  ұйымдарға,  шетелдік заңды  тұлғалардың  Қазақстан  Республикасының   заңнамасына сәйкес  Қазақстан  аумағында тіркелген   филиалдары мен  өкілдіктері мен  бухгалтерлік  есепті   « Қаржылық  есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары  » бойынша  жүргізеді;

3)      Орта кәсіпкерлік  субьектілері ,  сондай-ақ  оралымды  басқару  құқығына негізделген   мемлекеттік  кәсіпорындар  ( қазыналық кәсіпорындар ) бухгалтерлік есепті « Қаржылық  есептемеліктің  № 2 Ұлттық стандарттары » бойынша  жүргізеді.

Ірі кәсіпкерлік субьектілер мен жария мүдделі  ұйымдар қаржылық есептілікті    халықаралық  стандарттарға   сәйкес  жасауға міндетті.

1,2,3 – тармағында аталған  ұйымдар  есептілік  саясатын  бекіткен олардың  басшы органдарының шешімі  бойынша  қаржылық  есептілікті  халықаралық стандарттарға  сәйкес  жасауға құқылы.

 

 

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. 
  
 Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.  
       
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады. 
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.  
Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.  
Анықтамасы.  Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.  
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.  
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австралия, Германия, Голландия, Жапония, Ирлания, Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келесімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. 

Категория: рефераттар | Добавил: jasik


 

 

 

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары -  жоғары  кәсіби  ұйымдармен    дайындалған  және ұсынбалы  бухгалтерлік есеп  ережелері , әдістері ,  ұғымдары мен  процедуралары  жиыны.   Халықаралық  есеп тәжірибесінде әр түрлі  елдерде  есептізерттеумен, салыстырумен  және  жіктеумен , беру  унификациясы  бойынша дайындалымдар  және  ұсыныстармен  айналысатын  көптеген   ұйымдар  бар.  Олардың ішінен   атап  көрсетуге  болатындары:

  • Халықаралық  бухгалтерлік  стандарттар комитеті;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы;
  • Трансұлттық корпорациялар бойынша комиссия;
  • Есеп пен есеп берудің  халықаралық стандарттары бойынша эксперттердің үкіметаралық жұмыс тобы ( БҰҰ );
  • Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша  ұйым;
  • Еуропалық  Одақ  ( ЕО );

Есеп стандарттары  үрдісіне   ықпал  етуші  кәсіби  бухгалтерлердің   аймақтық ұйымдарына  мыналар  жатады:

  • Кәсіби бухгалтерлердің  Еуропалық федерациясы;
  • Америкааралық  бухгалтерлік ассоциация;
  • АСЕАН елі мүшелері  бухгалтерлерінің  федерациясы;
  • Азия және Тынық мұхит аймақтары  бухгалтерлерінің  конфедерациясы;
  • Бухгалтерлік есеп бойынша  Африкалық кеңес.

Америкалық ұйымдар:

  • Бағалы қағаздар  және  биржа бойынша комиссия;
  • Қаржылық есеп стандарттары  бойынша кеңес.

Қазіргі кезде  халықаралық  бухгалтерлік есеп  стандарттары  Қазақстан Республикасында да қолданылады. Олардың тізімі төменде берілген: 

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары 

Стандарттар   

  нөмірі

                   Стандарт атауы  

Енгізілген      жылы 

ХБЕС 1

Қаржылық есептілікті ұсыну

2004

ХБЕС 2

Қорлар

2004

ХБЕС 7

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

2003

ХБЕС 8

Есеп саясаты,есеп айырысуды бағалаудағы  өзгерістермен қателер

2004

ХБЕС 10

Есеп беретін мерзімнен кейінгі жағдайлар

2004

ХБЕС 11

Құрылысқа келісімшарттар

2003

ХБЕС 12

Пайдаға салықтар

2003

ХБЕС 14

Сегментті есептілік

2003

ХБЕС 16

Негізгі құралдар

2004

ХБЕС 17

Жал

2004

ХБЕС 18

Түсім

2003

ХБЕС 19

Қызметкерлерге ыйақылар

2003

ХБЕС 20

Мемлекеттік субсидияларының есебі мен  үкіметтік көмек туралы  ақпараттарды ашу

2003

ХБЕС 21

Валюталық бағамдар  өзгерістерінің әсері

2004

ХБЕС 23

Қарыздар бойынша қарыздар

2003

ХБЕС 24

Байланысушы тараптар туралы ақпараттарды ашу

2004

ХБЕС 26

Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп және есеп беру

2003

ХБЕС 27

Жеке және жинақ қаржылық есептемелік

2004

ХБЕС 28

Қауымдастырылған ұйымдарға инвестициялар

2004

ХБЕС 29

Гиперинфляция жағдайындағы  қаржылық  есептемелік

2003

ХБЕС 31

Бірлескен қызметтерге қатысу

2004

ХБЕС 32

Қаржылық инструменттер-ақпараттарды ашу және ұсыну

2004

ХБЕС 33

Акцияға пайда

2004

ХБЕС 34

Аралық қаржылық есептілік

2003

ХБЕС 36

Активтердің құнсыздануы

2004

ХБЕС 37

Бағалау міндеттемелер,шартты міндеттемелер  және шартты активтер

2003

ХБЕС 38

Материалдық емес активтер

2004

ХБЕС 39

Қаржылық инструменттер-мойындау және бағалау

2004

ХБЕС40

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

2004

ХБЕС 41

Ауыл шаруашылығы

2003


 

                                              Қорытынды

Нарықтық қатынастар жағдайында құжаттарға жазылған кейбір маңызды экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің пайдаланып кетпеуі үшін оны құпия сақтау керек. Маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы керек. 
Ұйымдардағы бухгалтерлік есепті компъютерлік технологиямен жүргізілуіне байланысты ақпараттар құпиясын сақтау мақсатында компъютерге басқалардың кірмеуі керек. Компъютерлік ақпараттарға бөлек адамдардың кірмеуі үшін арнайы кіліттер, парольдер (атқарушының дауыс ерекшелігі, саусағының таңбасы) қолданылуы керек. Ақпараттар құпиясын сақтау барысында шаруашылық операцияларын компъютерге енгізу алдында бұларды арнайы шифрлармен белгілеп, шығару кезінде шифрларды жою керек. 
Сонымен ұйымдарда жасалынатын құжаттардың коммерциялық құпиясын сақтау үшін компъютерлік арнайы бағдарлама құрылады. Мұндай бағдарлама ұйым экономикасының қауыпсіздігін қамтамасыз етеді. Коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету шараларына ақпараттар ағынын тексеру мен пайдаланушылардың тізімін арнайы категория мен уәкілдік етуші топтарға бөлу керек. Ұйым басшысы мен бас бухгалтері ақпараттар жүйесіне кірушілер мен уәкілдік етушілердің қыэметін тексеріп, қажет болған жағдайда шектеу шараларын белгілейді.


Информация о работе Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау