Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 14:23, курсовая работа

Краткое описание

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты мақсаты-пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі. Мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капиталы» деп таңдаған себебім- ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден - бір экономикалық категория ол - меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі - бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі ұйымның меншікті капиталы болып табылады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................................3

1. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама…....……5
1.2 Меншікті капиталдағы өзгерістер процесі....................................................................7

2. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1 АҚ «БТА» банктің қызмет ету жағдайы......................................................................10
2.2 АҚ «БТА» банктің ұйымдық құрылымы.....................................................................16
2.3 Банк активтері мен пассивтерін талдау………………................................................19
3. БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
3.1 Банктің пайдалылығын есепке алу арқылы өтімділікті талдау.................................39
3.2 Қызмет ету тиімділігі мен пайдасын анықтау.............................................................40
4. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
4.1 Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау................................................43
4.2 Мемлекттік мекеменің санитарлық нормалары..........................................................43
Қорытынды.........................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі………

Вложенные файлы: 1 файл

капитал.doc

— 233.50 Кб (Скачать файл)

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негізі;
  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Серіктестіктің меншікті капиталы

2.1.4-кесте

      




 


 


 


 

 

Акционерлік қоғамның меншікті капиталы

2.1.5-кесте


                      



 

 


 


 




 

 

Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

  Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың  50% құрауы мүмкін.

  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшерін  жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға  құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең  сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.

  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  қатысушылары  серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25% салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.

Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы  тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

  • кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді;
  • сот шешімі бойынша;
  • әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы  серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының  мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін:

  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;
  • жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
  • серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек;
  • бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе;
  • серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.

Серіктестіктің жарғылық капиталының  мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.

Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.

Акцияның номиналдық  құны - акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.

Акциялар қарапайым акция және артықшылықты акция болып бөлінеді:

Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде  заңмен бекітілген негізде  қоғамның  мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.

Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.

Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан  25%-дан аспауы керек.

Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:

  • акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады;
  • қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы  қоғамның жабылуы немесе қайта құрылуы бойынша  сұрақтарды шешуге қатысады;
  • артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Жарияланған капитал» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта  жүргізіледі.

Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады.

Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс.

Салынған пайда кооператив мүшесінің үлесі болып саналады.

Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады,  бөлінбейтін болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді.

Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады.

Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың субсидияларлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.

Коммерциялық емес ұйымдар - басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым.

Серіктестіктердегі капиталдың есебі. Серіктестіктердегі капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты  бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. «Әріптестер капиталы» баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету керек.

Салымдар есебі. Әр әріптес серіктестікке материалдық және материалдық емес активтерді құрылтай келісім-шартында көрсетілген тәртіпте сала алады. Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы бойынша бағалануы керек.

 

 

2.2 Ұйымның меншікті капитал  көздерінің есебі

 

Меншікті капиталдың көздері: жарғылық капитал, резервтік капитал, эмиссиялық кірістен тұрады. Енді олардың ішіндегі жарғылық капитал есебіне тоқталайық.

Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар.

Акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады.

Эмиссиялық кіріс дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі.

Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.

Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттар қалыптастыру үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» шоты тағайындалған. Осы шоттың дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған акциялар құны, айналымнан қайтарып алған немесе опциондар арқылы сатылған акциялардың құны көрсетіледі.

Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша меншікті акцияларды сатып алуды жүргізуге құқығы бар. Акцияларды сатып алу:

  • акционерлік қоғамның акциялары үшін қолайлы конъюнктураны ұстап тұру;
  • әрбір айналым жасаушы акциялардың кірісін көбейту;
  • өзге компанияларға сату үшін қолда акциялардың қажетті санына ие болу;
  • өзге заңды және жеке тұлғалардың акциялардың бақылау пакетін басып алуын жою;
  • опциондар арқылы жұмысшылармен қызметкерлерге таратып бөлу үшін қолда акциялардың болуы, яғни белгілі бір жеңілдік жағдайларында қызметкерлер (жұмыскерлер) арасында акциялар тарату туралы әкімшілік пен оның қызметкерлері (жұмыскерлері) арасындағы келісім үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар:

Информация о работе Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау